shkolakz.ru 1
Аудандық (қалалық) әдiстемелiк кабинеттер (орталықтар) туралы


ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

  1. Аудандық (қалалық) әдiстемелiк кабинет (орталық) аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмiнiң (басқармасының) бөлiмшесi болып табылады.

  2. Әдiстемелiк кабинеттiң (орталықтың) Өкiлеттi мекемесi – аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмi. Әдiстемелiк кабинет (орталық) өз жұмысын Өкiлеттi мекеменiң тiкелей басшылығымен және бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеретiн және оларды қайта даярлайтын облыстық институттармен келiсе отырып iске асырады.

  3. Әдiстемелiк кабинет (орталық) Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 7 маусым 1999 жылғы “Бiлiм туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Өкiметi мен Президентiнiң нормативтi, құқықтық актiлерiне, Өкiлеттi мекеменiң бұйрықтары мен әкiмдерiне сәйкес қызмет iстейдi.

  4. Әдiстемелiк кабинет (орталық) педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеретiн және оларды қайта даярлайтын облыстық институтпен бiрге және бiлiм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудегi ұйымдардың қажеттiлiгiн анықтайды, сөйтiп аудан (қала) көлемiнде мониторингтi iске асырады.

  5. Әдiстемелiк кабинет (орталық) бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң сипаты мен ерекшелiгiне қарай аудандардағы (қалалардағы) әдiстемелiк бiрлестiктердiң саны мен бағытын анықтайды, педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн үздiксiз көтеретiн және оларды қайта даярлайтын жүйеде бiлiм сатысы оқуы аралығындағы жұмыстарды жүзеге асырады.




  1. АУДАНДЫҚ (ҚАЛАЛЫҚ) ӘДIСТЕМЕЛIК КАБИНЕТ (ОРТАЛЫҚ) ҚЫЗМЕТIНIҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

Кабинет жұмысының негiзгi бағыттары:

  1. Аудандағы (қаладағы) жалпы және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының әдiстемелiк жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру.

  2. Бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартын енгiзуге және ұйымдастыруға қажеттi жағдайлар туғызу.
  3. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу үдерiсiнiң мониторингi.


  4. Бiлiм беру технологияларын игеруде, оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануда педагогикалық ұжымдарға және мұғалiмдерге әдiстемелiк көмек көрсету.

  5. Басқарудың және педагогикалық қызметтiң озық тәжiрибесiн анықтау, оқып-үйрену, қорыту, тарату және ендiру, мәлiметтердi жинау, өңдеу және сақтау.

  6. Бiлiктiлiгiн көтерген басшылар мен педагогтар жұмысын оқып-үйрену.

  7. Жекеменшiктiң барлық түрлерiндегi бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау, аккредитациялау және лицензия беруге қатысу. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң аттестациясын ұйымдастыру және өткiзу.




  1. АУДАНДЫҚ (ҚАЛАЛЫҚ) ӘДIСТЕМЕЛIК КАБИНЕТ (ОРТАЛЫҚ) ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГIЗГI МАЗМҰНЫ

Кабинет (орталық) жалпы және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық және басшы кадрларының қызметiне:

    1. пәндер және 2, не одан да көп пәндердi оқытатын мұғалiмдер бойынша;

    2. кәсiби дәрежесiнiң деңгейi бойынша;

    3. жас педагогтарға;

    4. сынақтан өткiзушi және авторлық бағдарламалармен, оқулықтармен жұмыс жүргiзушiлерге;

    5. оқытудың жаңа немесе дәстүрден тыс әдiстерi мен технологияларын меңгеруге байланысты инновациялық немесе тәжiрибелiк күн тәртiбiнде жұмыс жүргiзушiлерге;

    6. бiлiм сатысы оқуларында бiлiктiлiгiн көтергендер мен даярлықтан және қайта даярлықтан өткендерге;

    7. барлық деңгейлердегi (халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектепiшiлiк) семинарларға, мәжiлiстерге қатысушыларға талдау жасайды және есеп жүргiзедi.

    8. Мемлекеттiк, базистiк жоспардың негiзгi және қосымша түрлерiнiң жүзеге асырылуына және аудан көлемiндегi педагогикалық үдерiстiң тиiмдiлiгiн көтеруге жағдай туғызу.
    9. Ұжымдық, топтық, жеке әдiстемелiк жұмыстарды жоспарлайды, ұйымдастырады, жүзеге асырады. Әдiстемелiк бiрлестiктердi, тiрек мектептердi немесе озат мұғалiмдердiң, басшылардың шығармашылық зертханасын анықтайды, оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануға нұсқаулар бередi.


    10. Педагогикалық инновациялық ақпарат орталығын құрады. Кабинеттердiң (орталықтың) ұсынуымен жаңашыл бiлiм беру үдерiсiн насихаттайтын жарнама-ақпараттық анықтамалық жинақ (анықтағыш) шығарады.

  1. АУДАНДЫҚ (ҚАЛАЛЫҚ) ӘДIСТЕМЕЛIК КАБИНЕТ (ОРТАЛЫҚ) БАСШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

11. Әдiстемелiк кабинеттi (орталықты) бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын облыстық институттың келiсiмi бойынша аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмi (басқармасы) тағайындаған меңгерушi басқарады.

12. Әдiстемелiк кабинеттiң (орталықтың) қызметкерлерiн жұмысқа алу және босату меңгерушiнiң келiсiмi бойынша бiлiм берудiң аудандық (қалалық) бөлiмi (басқармасы) бұйрығымен жүзеге асады.

13. Аудандық (қалалық) әдiстемелiк кабинеттiң (орталықтың) құрылымы аудандық (қалалық) бiлiм беру кеңiстiгiнiң ерекшелiгiне байланысты қызметкерлер саны мен мiндеттерi жөнiнен әр түрлi болуы мүмкiн.

Аудандық (қалалық) әдiстемелiк кабинеттiң (орталықтың) құрылымы:

Меңгерушi

Оқу нәтижелерiнiң диагностикасы және мониторингi бөлiмi. Рейтингтiк бақылау

Педагогикалық үдерiстi ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету бөлiмi

Эксперттiк кеңес

Кабинет кеңесi (төрағасы)

Педагогикалық инновациялар жөнiндегi маман

Психологиялық қызмет

Әлеуметтiк қызмет

Баспа қызметi

Кiтапхана

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА ЖӘНЕ ҚАРАЖАТ

Кабинет (орталық) қызметi бюджеттен (өзi қарауына енетiн бiлiм бөлiмi (басқармасы) бекiткен шығындар сметасына сәйкес) және өз қаражатынан, соның iшiнде бiлiмдiк қызмет етуден: ғылыми-әдiстемелiк өнiмдердi iске асыру, тұрғындарға қызмет ету, кәсiпорындар мен ұйымдардың, жекелеген адамдардың өз еркiмен жарна төлеуiнен жинақтаған және де басқадай табыс көздерiнен қаржыландырылады.

Қаражат:

    1. семинарлар, мәжiлiстер, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыруға және өткiзуге;


    2. жұмыс жоспарлары бойынша ғалымдарды, тәжiрибесi мол ұстаздарды, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердi келiсiм-шарт негiзiнде жұмысқа пайдалануға;

    3. кiтапхананы педагогикалық және ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттермен, күнделiктi басылымдармен, бейнедыбыстық құралдармен және техникамен үнемi қамтамасыз етудi жүзеге асыруға жұмсалады.

Кабинет (орталық) қызметкерлердiң жайлы қызмет етуiне, көрмелер ұйымдастыру үшiн кiтапхананы, байқаулар, конкурстар, семинарлар, кеңестер өткiзуге қажеттi мүлiктердi бiлiм беру бөлiмiмен (басқармасымен) ортақ, не жеке пайдаланады.


Қазақстан Республикасы жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiмен жүргiзiлетiн әдiстемелiк жұмыс туралы ЕРЕЖЕ


Әдiстемелiк жұмыс – бұл әрбiр мұғалiмнiң, тәрбиешiнiң, мектеп басшысының, бiлiм беру жүйесiнiң басқа да қызметкерлерiнiң кәсiптiк шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн жан-жақты арттыруға, жалпы алғанда, педагогикалық ұжымның iлiмдiк потенциалын арттыру мен дамытуға, сайып келгенде, оқу-тәрбие үдерiсiн жетiлдiруге, нақты оқушылардың бiлiмiн, тәрбиесiн және дамуын тиiмдi дәрежеге жеткiзуге бағытталған өзара байланысты шаралар, iс-қимылдар және iс-шаралардың (педагогтардың өз бетiмен кәсiптiк бiлiм алуын, өзiн-өзi тәрбиелеуiн, жетiлдiруiн басқару шараларын қоса) ғылым мен озық педагогикалық тәжiрибе жетiстiктерiне. Оқу-тәрбие үдерiсiнiң нақты талдауына негiзделген бiртұтас жүйесi.

Әдiстемелiк жұмыс – бұл педагог кадрлардың идеялық, ғылыми-iлiмдiк, кәсiптiк, әдiстемелiк, мәдени деңгейiн арттыру жөнiндегi жүйелi ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардан тұратын кешендi және шығармашыл үдерiс. Ол оқу-тәрбие үдерiсiн басқарудың; мұғалiмдердi жоғары әдiстемелiк мәдениеттi, өз жұмысының сапасы мен нәтижесiне талап қойғыш етiп тәрбиелеудiң маңызды құралдарының бiрi болуы тиiс. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – оқушылардың, тыңдаушылардың танымдық, ойлаушылық қызметiн жандандыратын, терең және берiк бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыратын оқытудың рационалды және нәтижелi әдiстерiн тәжiрибе жүзiнде шығармашылықпен игеру.


Әдiстемелiк жұмыс – үздiксiз бiлiм беру мен аралық оқытудың ажырамас құрамды бөлiгi, бiлiм сатысы оқуы аралығындағы жұмыстар.


ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫСТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ


  1. Мектептегi, аудандағы (қаладағы), облыстағы әдiстемелiк жұмыстың негiзгi бағыттары оқу-тәрбие жұмысының талдау жүйесi, диагностикасы негiзiнде анықталады және ғылым, техника, технология жетiстiктерiн және жұмыстың жергiлiктi жағдайларын есепке ала отырып, мектепке бiлiм беру бөлiмiне (басқармасына) қойылатын қазiргi заман талаптарына бағытталған.

  2. Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгiленген мақсаттар және мiндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативтi құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдiстемелiк нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектептен тыс пәндiк және тәрбиелiк жұмыстың қазiргi технологиялары мен әдiстерiн оқып-үйренуден; жаңашыл және озық тәжiрибемен, ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана бiлумен , менеджменттiң мiндеттерi және ойларымен, жаңғыртумен, инновациямен танысудан тұрады.

Әдiстемелiк жұмыста оқу-тәрбие үдерiсiн жетiлдiруге және мұғалiмге, бiлiм беру ұйымына тәжiрибелiк көмек көрсетуге бағытталған алуан түрлi әдiстемелiк жұмысты дайындап, өткiзу және аудан көлемiндегi бiлiм беру үдерiсiнiң мониторингi маңызды орын алады.


ЖҰМЫС ТҮРЛЕРI


  1. Ұжымдық: пәндiк, циклдiк, проблемалық, әдiстемелiк бiрлестiктерi, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық лабораториялар және т.б.

  2. Топтық: шығармашыл, зерттеу, сынақтан өткiзу т.б.

  3. Жеке өзiндiк: ұстаздық ету, кеңестер беру, кәсiби жағынан машықтандыру, өз бетiмен бiлiм алу.


ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Мектепте: қазiргi заман талаптары мен жолдарына сай оқу-тәрбие үдерiсiн жетiлдiру мақсатында мұғалiмдер мен барлық педагогикалық ұжымдар оқыту қызметiнiң мониторингi негiзiнде мектеп Жарғысымен белгiленедi.


  2. Ауданда (қалада): бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және оларды қайта даярлау оқу орындары туралы Үлгi ережемен, осы ережемен анықталады.



ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ТҮРЛЕРI


  1. Мектептегi және мектепаралық әдiстемелiк бiрлестiктер(кафедралар) пән мұғалiмдерiне, 1-4 сынып мұғалiмдерiне, сынып жетекшiлерiне, мектепке дейiнгi мекеме мен мектеп-интернат тәрбиешiлерiне арналып құрылады. Бiрлестiк отырыстары әр тоқсанда бiр рет немесе қажет жағдайда өткiзiледi.

  2. Мектептегi әдiстемелiк бiрлестiктер сол мектепте бiр пән бойынша 3 мұғалiмнен аз болмаған жағдайда құрылады. Басқа жағдайларда пәнаралық, мектепаралық бiрлестiктер құрылады.

  3. Аудандық әдiстемелiк бiрлестiктер пән мұғалiмдерiне, бастауыш сынып мұғалiмдерiне, мектепке дейiнгi мекеме мен мектеп-интернат тәрбиешiлерiне, мектеп кiтапханашыларына арнап құрылады. Бiрлестiк отырыстары жылына екi-үш рет өткiзiледi.

  4. Ауданда бiрiктiрiлген сыныптардан тұратын шағын комплектiлi мектептер болған жағдайда бiрiктiрiлген класс-комплектiлердiң мұғалiмдерiнiң әдiстемелiк бiрлестiгi құрылады.

  5. Бiршама пәндердi шет тiлдерде оқытатын шет тiлдерi мұғалiмдерi үшiн мектепте әдiстемелiк бiрлестiк (кафедра) құрылады, оның жұмысын бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын институттардың ғылыми-әдiстемелiк орталықтары басқарады.


ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ

Әдiстемелiк бiрлестiктiң жоспары диагностика, талдау, бақылау жүйесiнiң негiздерi және мұғалiмдердiң, тәрбиешiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстарын саралау және даралау мiндеттерi негiзiнде бiр жылға құрылады, оны директор бекiтедi. Мектептен тыс әдiстемелiк бiрлестiктер жоспарын аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмi (басқармасы) бекiтедi.

ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ
  1. Мектептегi әдiстемелiк бiрлестiктi тәжiрибесi мол, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн педагогтар iшiнен 1 жылға сайланған (тағайындалған) жетекшi басқарады.


  2. Есеп берудiң немесе басқаша ақпарат берудiң мерзiмi мен түрлерiн құрылымды бөлiмше басшылары белгiлейдi.

  3. Әдiстемелiк жұмысты директор басқарады, ал бұл жұмыстың бағытталуы мен бақылауы – директордың орынбасарларының мiндетiнде. Әдiстемелiк бiрлестiк жұмысына жетекшiлiк ету және үйлестiру үшiн мазмұны бойынша педагогикалық кеңес жұмысын қайталамайтын әдiстемелiк кеңестер құрылуы мүмкiн.