shkolakz.ru 1
Тірі табиғат дүниесі


А- деңгейі


  1. Ағзалық әлем деген не? Ағзаны құрайтын заттар қалай аталады?

  2. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?

  3. Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдеуге болады?



Б- деңгейі

  1. Жануарлар өсімдіктерге қандай қасиеттерімен ұқсас және олардың өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Тірі табиғаттағы ағзалық заттар қандай дүниелерге жіктеледі?



С – деңгейі

  1. Вирустар, бтаытыранықтар және саңырауқұлақтар дүниесі неліктен өсімдіктер дүниесінен бөлек қарастырылған?

  2. Жануарлардың табиғатта сан алуан түрі бар екеніне қандай мысал келтіре аласыңдар?



Вирустар дүниесі

А- деңгейі

  1. Вирустар кім ашты?

  2. Вирустардың құрылысы мен пішіні қандай?



Б- деңгейі

  1. Вирустар қалай көбейеді?

  2. Фаг немесе бактериофаг дегеніміз не?

  3. Вирус неге паразит деп есептеледі?

С – деңгейі

  1. Вирустар қандай ауру тудырады?

  2. ИТИС вирусы туралы не білесіңдер?

  3. Иммунитет дегеніміз не?



Бытыранықтар дүниесі

А- деңгей

  1. Бактериялар қандай зиян келтіреді?

  2. Зиянды бактериялардан қалай сақтануға болады?

Б- деңгейі

  1. Бактериялар қандай ауру туғызады?

  2. Ауру туғызатын бактериялармен күресу шаралары қандай?

С – деңгейі

  1. Жұқпалы ауруларды болдырмаудың қандай шаралары бар?

  2. Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян келтіреді?



Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы және көк-жасыл балдырлар бөлімі

А- деңгей
  1. Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?


  2. Бактериялардан өндірісте қандай заттар бөлініп алынады?

  3. Цианобактериялардың қандай топтарын білесіңдер?

  4. Ционабактериялардың бір түрі неліктен осциллятория деп аталған?

Б- деңгейі

  1. Бактериялардан қандай дәрілік антибиотиктер өндіріледі?

  2. Пішен таяқшасы қалай дайындалады?

  3. Тұнба қалай жасалды?

С – деңгейі

  1. Спирулина цианобактериясын не үшін егеді?

  2. Бактериялардың тұрмыстағы зияны неде?

3.Ционабактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?


Саңырауқұлақтар дүниесі

А- деңгей

  1. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге, сондай- ақ жануарларға тән қандай белгілері бар?

  2. Саңырауқұлақтар қалай көбейеді?

Б- деңгейі

  1. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның құрылысы қандай?

  2. Ол қалай көбейеді?

  3. Конидийсидам деген не?

С – деңгейі

  1. Қамырды қалай ашытады?

  2. Ашытқы саңырауқұлағын шаруашылықта қалай пайдаланады?

  3. Спорангий мен конидийдің айырмашылығы қандай?



Зең саңырауқұлақтары

А- деңгей

  1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?

  2. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен- бірінің айырмашылығы неде?



Б- деңгейі

  1. Мукордың пенициллиннен айырмашылығы қандай?

  2. Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?



С – деңгейі

  1. Зең саңырауқұлақтарынан қалай сақтануға болады?



Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар


А- деңгей

  1. Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?
  2. Симбиоз деген не?




Б- деңгейі

  1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалай көбейеді?

  2. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар? Ол неге негізделген?

С – деңгейі

  1. Микориза деген не? Мысал келтіріп түсіндіріңдер.



Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

А- деңгей

1.Өздерің тұрған жерде жеуге жарамды саңырауқұлақтардың қандай түрі бар?

2. Саңырауқұлақтарды неліктен тағамға пайдаланамыз?

Б- деңгейі

  1. Қандай улы саңырауқұлақтарды білесіңдер?

  2. Улы саңырауқұлақтарды қалай ажыратуға болады?

С – деңгейі

  1. Орманда кездесетін, жеуге жарамайтын саңырауқұлақтардың қандай түрлері бар?

  2. Саңырауқұлақпен уланып қалмау үшін не істеу керек?



Паразит саңырауқұлақтар

А- деңгей

  1. Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?

  2. Тат саңырауқұлағы деп неге аталады?

Б- деңгейі

  1. Ақұнтақ пен қастауыш саңырауқұлақтарының бірінен – бірінің қандай айырмашылығы бар?

  2. Қаракүйе саңырауқұлағы туралы не айтуға болады?

  3. Қаракүйе астық дақылдарының қай түрлерін зақымдайды?

С – деңгейі

  1. Діңқұлақ саңырауқұлағы деп неге аталған? Оның қандай зияны бар?

  2. Паразит саңырауқұлақтармен күресу шараларын қалай жүзеге асырады?

Қыналар

А- деңгей

  1. Қыналар қайда өседі?

  2. Қыналардың құрылысы қандай?

  3. Қыналардың сыртқы пішіндері қандай болады?

Б- деңгейі

  1. Қына қалай қоректенеді?

  2. Қыналар қалай көбейеді?

  3. Қыналардың табиғаттағы,шаруашылықтағы маңызы қандай?

С – деңгейі
  1. Қыналар неліктен «табиғи индикатор» деп аталған?




Өсімдіктер дүниесі

А – деңгейі

1.Өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілер бар?

  1. Жыныссыз көбею дегеніміз не?

  2. Жынысты көбею қалай жүзеге асады?

Б- деңгейі

  1. Жынысты көбеюдің басқа көбею түрлерінен артықшылығы неде?

  2. Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?

  3. Түр дегеніміз не?

С – деңгейі

  1. Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?

  2. Өсімдіктер қалай жүйеленеді?



Балдырлар

А – деңгейі

  1. Балдырлар қайда тіршілік етеді?

  2. Таллом деп нені айтады?

  3. Хромотофор дегеніміз не?



Б- деңгейі

  1. Балдырлар қалай көбейеді?

  2. Хлорелла балдырының хламидомонада балдырларынан айырмашылығы қандай?

  3. Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан –жақты зерттеуде?



С – деңгейі

  1. Хламидомонада балдырларының хлорококк балдырларынан айырмашылығы қандай?

  2. Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

  3. Суда тіршілік ететін біржасушалы жасыл балдырлардың маңызы қандай?



Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

А – деңгейі

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

  2. Мүктер негізінен қандай жерлерде өседі?

  3. Дүние жүзінде неше түрі бар?

В – деңгейі

1.Мүктің құрылысын сипаттандар, оның қандай мүшелері бар?

2.Ризоид дегеніміз не?

3.Оның тамырдан қандай айырмашылығы қандай?

С – деңгейі

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

  2. Көкек мүгін неліктен екіүйлі өсімдік дейді?

  3. Мүктер қалай қоректенеді?



Шымтезек мүгі


А – деңгейі


  1. «Шымтезек мүгі» деп неліктен аталған?

  2. Ақ мүк деп неге атайды?

  3. Хлорофилі бар жапырағы қандай қызмет атқарады?



В – деңгейі

  1. Жапырағындағы өлі жасушалардың атқаратын қызметі қандай?

  2. Ризоиды болмаса, топыраққа қалай бекінеді?

С – деңгейі

  1. Шымтезек қалай түзіледі?

  2. Шымтезектің қандай пайдасы бар?



Плаун

А – деңгейі

  1. Плаун қандай жерлерде өседі?

  2. Плаунның құрылысы қандай?



В – деңгейі

  1. Плаундар қандай жолдармен көбейеді?

  2. Плаунның спора жетілетін сабағы қандай өркенде жетіледі?

С – деңгейі

  1. Плаундардың спораларынан не пайда болады?

  2. Сабағының ортаңғы бөлігінде орналасқан шеңберлі шоқ қай ұлпаға жатады?



Қырықбуын

А – деңгейі

  1. Қырықбуынның құрылысы қандай?

  2. Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде жетіледі?

В – деңгейі

  1. Қырықбуынның көктемгі өркені мен жаздық өркендерінде қандай айырмашылықтары бар?

  2. Қырықбуын қалай көбейеді?

  3. Өсімдік неге «қырықбуын» деп аталған?

С – деңгейі

  1. Қырықбуын медицинада қандай мақсатта қолданылады?

  2. Қуыс қалай пайда болады?



Қырықжапырақ

А – деңгейі

  1. Қырықжапырақтәріздестердің құрылысы қандай?

  2. Қырықжапырақ қайда өседі?

  3. Усасыр қырықжапырағындаи неге түрлі жапырақ болады?

В – деңгейі

  1. Қырықжапырақ споралары қайда жетіледі?

  2. Қырықжапырақтар қалай көбейеді?


  3. Қазақстанда қырықжапырақтың қай түрлері қорғалады?

С – деңгейі

  1. Қырықжапырақтардың қандай маңызы бар?