shkolakz.ru 1
Ақбұлақ бағдарламасының орындалуы туралы



2011 жылдың 24 мамырындағы №570 санды Үкімет қаулысымен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - сапалы ауыз суды тікелей тұтынушыға дейін жеткізу және су жүйелерін барлық қажетті техникалары бар коммуналдық кәсіпорынға беріп, сол жобаға жұмсалған қаржының тиімділігін арттыру.

Облысымыздағы ашық су көздері және тасымал ауыз су пайдаланып отырған елді мекендер Арал ауданында орналасқандықтан 2008 жылы Арал ауданының 8 елді мекенін (Райым, Ескіұра, Қызылжар, Құмбазар, Ақшатау, Шөмішкөл, Үкілісай, Бекбауыл) Арал Сарбұлақ топтық су құбырына қосуға құны 1,9 млрд. теңге болатын жоба жасалды. Бұл жобаға тікелей Су ресурстары комитеті тапсырысшы болып 2010 жылдан бастап құрылысы басталды.

Сонымен қатар Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне 2011-2013 жылдарға барлығы 65 елді мекеннің жер асты су қорын анықтау ұсынылды.

2012 жылға Республикалық бюджеттен ауыз су жүйелерін дамытуға Қызылорда облысына барлығы – 6,4 млрд.теңге бөлініп 20 нысан бойынша жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бұның ішінде облысқа трансферт есебінде беріліп отырған қаржы 4,1 млрд.теңге.

2012 жылы Қармақшы ауданы Ақжар, Ақтөбе ауылдары, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Сырдария ауданы Тоқмағамбетов ауылы, Шиелі ауданы Еңбекші, Ақмая, Бекежанов, Бестам және 21 бекет, Жансейіт, Ортақшыл, Қодаманов ауылдарының ішкі жүйелері мен сервистік жүйелерінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.