shkolakz.ru 1 2 3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы 1998 жылғы 21 қараша № 242

Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 наурызда N 711 тіркелді.


(28.11.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.99 ж. N 266; 16.05.00 ж. N 216 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.

3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттейтін болсын.


4. Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 29 тамыздағы N 200 қаулысымен бекітілген Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының ірі төлем жүйелерінде есеп айырысу ережесінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

Ұлттық Банк Қ.Дамитов

Төрағасы


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

1998 жылғы 21 қарашадағы

N 242 қаулысымен бекітілген

Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі

ақша аударымы ережесі


Енгізілген өзгерістер:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.99 ж. N 266 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.05.00 ж. N 216 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.04.01 ж. N 106 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.09.02 ж. N 362 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.03 ж. N 158 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 15.05.04 ж. N 74 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.11. 05 № 147 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.08 № 96 қаулысымен





1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 ; 2005.17.11. № 147 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы Ереже ақша аударымының банкаралық жүйесін (бұдан әрі - жүйе) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

Жүйені пайдаланушыларға ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны аударым арқылы аудару бойынша (бұдан әрі - ақша аударымы) қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады. Жүйені пайдаланушылардың ақша аударымы электронды төлем құжаттарын (бұдан әрі - төлем құжаттары) жіберу жолымен жүзеге асырылады және Орталық осы төлем құжаттарының түсуіне қарай оларды біртіндеп өңдейтін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.

2. Жүйе пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шоттары көрсетілген электронды ақша аударымының, бір операциялық күн ішінде пайдаланушылардың ақшасының аударылған жиынтық сомасының орындалуына арналған.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Осы ережеде пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны білдіреді:

1) жүйені пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - Орталықпен жүйе қызметін пайдалануға шарт (бұдан әрі - шарт) жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі банк);

2) пайдаланушы-алушы - ақша аударымы туралы төлем құжаты және соның пайдасына ақша аударылғаны жөнінде хабарлама жіберілетін пайдаланушы;


3) пайдаланушы-жіберуші - жүйе арқылы ақша аударуға байланысты төлем құжатын жіберетін пайдаланушы;

4) пайдаланушы-төлемші - жүйе арқылы есебіне ақша аударылатын пайдаланушы;

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) Ұлттық Банктегі жүйе шоты - пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде ашылған, жүйені пайдаланушы-банктер жүйеге ақша аудару үшін және жүйедегі аударым бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға пайдаланылатын ақшаның есебін жүргізуге арналған Ұлттық Банктің шоты;

6) Орталықтағы жүйенің позициясы - Орталық өңдейтін және жүйедегі пайдаланушылардың ақша аударымын бақылауға арналған позиция;

7) жүйедегі пайдаланушының позициясы (бұдан әрі - пайдаланушының позициясы) - пайдаланушының Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударылған ақша сомасының есебін жүргізуге, жүйе арқылы ақша аударымын жүзеге асыруға арналған позиция;

8) жүйедегі электронды ақша аударымы (бұдан әрі - ақша аударымы) пайдаланушының электронды тәсілмен берілген ақша аударымы жөніндегі нұсқауын Орталықтың сөзсіз және қайтарусыз орындауы;

9) жүйедегі ақша аударымына қатысушылар - төлем құжатын орындауға қатысатын пайдаланушылар мен Орталық;

10) жүйедегі түпкілікті төлем - қатысушылардың жүйе арқылы ақша аудару жөніндегі міндеттемелері соның нәтижесінде орындалатын іс-қимыл;

11) электронды төлем құжаты (бұдан әрі - төлем құжаты) - пайдаланушы белгіленген электронды форматта жасаған және берген, аутентификациядан өткеннен кейін алғашқы құжат болып саналатын төлем құжаты;

12) кредиттік ақша аударымы - төлем құжатын пайдаланушы-төлемші жіберген кездегі ақша аударымы;


13) дебеттік ақша аударымы - пайдаланушы-жіберуші пайдаланушы-төлемшіге ақша талап ету құқығы бар төлем құжатын жіберген кездегі ақша аударымы;

14) төлем құжатының акцепті - төлем құжатының шарттары негізінде ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесіне байланысты Орталықтың келісімі;

15) аутентификация - төлем құжаттарының түпнұсқа екендігі және дұрыс жасалғандығын растайтын, сондай-ақ төлем құжатын жіберуші- пайдаланушы ретінде көрсетілген пайдаланушының тікелей өзі бергендегі жөніндегі фактіні анықтайтын Орталық белгілеген және пайдаланушыларға жіберілген процедуралар мен шаралар кешені;

16) кредит тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындамауы ықтимал екендігіне байланысты пайдаланушы-алушының тәуекелі;

17) өтімділік тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің ақша аударымы бойынша өз міндеттемелерін орындамауы ықтимал екендігіне байланысты тәуекелі;

18) жүйедегі қауіп - бір немесе бірнеше пайдаланушылардың міндеттемелерін орындамауынан туындаған бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушылардың өз міндеттемелерін орындамау қаупі;

19) алаяқтық қаупі - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде жүйені рұқсатсыз, заңсыз пайдалануы ықтимал екендігіне байланысты қауіп;

20) операциялық тәуекел - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел;

21) техникалық тәуекел - ақпараттық-бағдарлама құралдары мен телекоммуникациялардың бұзылуы және қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел;

22) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі - операциялық күн) - төлем құжаттарын қабылдау, өңдеу және жіберу үшін және ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі;

23) кезек - жүйеде пайдаланушы-төлемшінің ақша сомасы болмай не жеткілікті болмай, Орталықты оның төлем құжаттарының акцепті және одан әрі орындау кешіктірілгенде, операциялық күн ішінде ақша аударымы жүзеге асырылатын кезді күту тәуекелдерін басқару механизмі;


24) аудиторлық із - төлем құжаттарының жылжуын бақылау үшін Орталық пен пайдаланушылар сақтайтын ақпарат;

25) электронды тізбе - пайдаланушылардың Ұлттық Банк бөлімшелері арасындағы ақша туралы мәліметтермен алмасуды растауға арналған құжат, онда банктердің корреспонденттік шоттары және Орталық жүргізетін шоттары болады, сондай-ақ пайдаланушылар позициясы бойынша қалдықтар, дебет бойынша айналымдардың жалпы сомасы және жүйедегі пайдаланушылар позициясының сальдосы кіретін пайдаланушылардың банктік бірыңғай коды болады.

2-тарау. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс

істеуінің құқықтық негіздері

4. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің құқықтық негіздері пайдаланушылар мен Ұлттық Банк, Ұлттық Банк пен Орталық, пайдаланушылар мен Орталық арасында жасалған шарттар арқылы және осы Ережемен қамтамасыз етілетін болады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.17.11. № 147 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалатын шарттарда мынадай талаптар міндетті түрде болуы керек:

1) пайдаланушы мен Орталықтың құқықтары мен міндеттері;

2) ақпарат қауіпсіздігі тәртібін сақтау мен банк құпиясын сақтау;

3) түпкілікті төлем жасаудың тәртібі мен талаптары;

4) шарттың талаптарын орындамағаны үшін пайдаланушы мен Орталықтың жауапкершілігі;

5) шартты бұзу тәртібі;

6) шарттың талаптарын өзгерту тәртібі.

Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.


6. Орталық өзіне Ұлттық Банк берген өкілеттіктер және шартта белгіленген талаптар негізінде пайдаланушыларға ақша аудару бойынша қызмет көрсетеді. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуіне бақылау жасайды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді

7. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалған шарт негізінде олардың жүйе арқылы ақша аударымы жөніндегі міндеттері мен құқықтары тек қана Орталық төлем құжатының акцептін жасаған кезден басталады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді

8. Орталықтың төлем құжатының акцептін жасау талаптарына:

1) аутентификациядан өту;

2) ақша аударымының бастамашысында және пайдаланушы-алушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы;

3) пайдаланушының позициясынан төлем құжатында көрсетілген соманы шығару мүмкіндігі жатады.

Мұнан басқа, дебет аударымы бойынша төлем құжатына акцепт жасау талаптарының біріне пайдаланушы-төлемшінің алдын ала берген келісімі жатады.

Осы тармақтың 1) немесе 2)-тармақшаларындағы талаптар орындалмаған жағдайда, төлем құжатын жіберушіге себебін көрсете отырып, оның төлем құжатын өңдеуден бас тартатыны туралы электронды хабарлама жіберіледі.

Осы тармақтың 3)-тармақшасының талаптары орындалмаса, бірақ 1) және 2)-тармақшасындағы талаптар сақталса, төлем құжаты пайдаланушы-төлемшінің кезегіне жіберілетін болады.

Ақша аударымы орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін жүзеге асырылады.

Төлем құжатына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, Орталық пайдаланушы-төлемшіге төлем құжатын орындаудан бас тарту себебі көрсетілген электронды хабарлама жібереді.

Орталық пайдаланушы-төлемшіге оның позициясының дебеттелгені туралы хабарлама жіберсе, Орталық төлем құжатын акцепттеген деп саналады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді

9. Орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін оны қайтарып алуға болмайды және ақша аударымын оны жүзеге асырушы тараптардың (сонымен бірге Ұлттық Банктің) бастамасымен өзгертуге болмайды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді

10. Орталық пайдаланушы-алушының позициясы бойынша ақша сомасын да және оның позициясының кредиттелгені туралы растаудың түскенін де бір уақытта көрсетуді қамтамасыз ететін болады. Пайдаланушы-алушы төлем құжатын және өз позициясының кредиттелгені туралы растауды алған кезде ақша сомасын мақсат бойынша тиісті шотқа қабылдауға (есептеуге) міндетті. Ақша сомасын тиісті шотқа көрсетіп жазуға (есептеуге) мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы-алушы мұндай ақша сомасын пайдаланушы-төлемшіге келесі операциялық күннен кешіктірмей қайтаруға міндетті, ал пайдаланушы-төлемші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұл ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Ақша сомасын қайтару пайдаланушы-алушы пайдаланушы-төлемшінің пайдасына төлем құжатын жасау жолымен жүзеге асырылады, сонымен бірге төлем құжатында ақшаның қайтарылу себебі көрсетілетін болады.

3-тарау. Жүйені пайдаланушылар



следующая страница >>