shkolakz.ru   1 ... 8 9 10 11 12


Сұрыптық прокат экспорты негізінен 2001 ж. Иран (17 %), Қазақстан (18 %), Қытай (8 %), Беларусь (7 %), Украина (7 %) және АҚШ-на (7 %) бағытталды. Беттік прокат экспорты негізінен 2001 ж. Малайзия (14 %), Қытай (10 %), Түркия (7 %), АҚШ (7 %), Италия (6 %), Корея республикасы (6 %), Иран (5 %) және Беларуське (5 %) бағытталды. Прокаттың аса ірі экспортерлары елдегі Новолипецк металлургия комбинаты мен Батыс – Сібір металлургия комбинаты. Нарықтық экономикаға өту (1992 ж) кезеңіне қарай бұл кәсіпорындардағы прокат өндірісінде экспорт үлесі аса жоғары болмады. 1992-1996 жж. кезеңінде екі кәсіпорында да прокат экспортының көлемі 5-6 есе ұлғайды. Сонымен қатар оның жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы күрт өсті. Кейіннен (1997-1998 жж.) ресейлік металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі салдарынан экспорт көлемі біршама кеміді. 1999-2001 ж. отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылап экспорт көлемі ұлғайды. Тек екі ғана кәсіпорын-комбинаттарда (Магнитогорск және “Северсталь”) беттік және сұрыптық прокаттың үлесі 2001 ж. бүкіл прокат экспортының көлемінде 77-84 % құрады. Беттік прокат экспортының 95 %-ы шамасында отандық үш ірі кәсіпорындар үлесіне келді. Сұрыптық прокаттың аса ірі экспортеры (бүкіл экспорт көлемінің 25 %) 2001 ж. Батыс-Сібір комбинаты болды. Болат құбырларының экспорты жөніндегі мәліметтер 17-кестеде келтірілген. Трубалардың жалпы өндірісінде экспорттың үлес салмағы отандық ірі кәсіпорындарда онша үлкен емес (Северстальдан өзгелері), алайда олардың өсу тенденциясын байқауға болады. 2001 ж. трубалардың негізгі импортерлары Қазақстан (25 %), Беларусь (13 %), Германия (9 %) және Италия (6 %) болды.

Трубалардың ірі экспортерлары қатарына, сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан кіреді. Бұл елдердің әрқайсысына экспорт көлемінің шамамен 5 %-ы келген /26/.

Жалпы талдау нәтижесі 1999-2002 жж. кезеңінде ТМД елдерінде қара металлургия өнімдерінің өндіріс көлемінің өскенін көрсетеді. Осылайша, болат құбырлар, дайын прокат, болаттың өндіріс көлемдері 52; 40 және 37 %-ға өскен. Алайда бұл аралықты 2 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде (1999-2000 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы жалпы дүниежүзілікке қарағанда жоғары болған (3 еседен астам). Екінші кезеңде (2001-2002 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы жалпы дүниежүзілікке қарағанда төмен болды (2 еседей). ТМД елдеріндегі қара металлургияның өсім қарқындылығының баяулауы Ресей мен жалпы ТМД-ғы өнеркәсіптік өндіріс қарқындылығының төмендеуінен болды.


Кесте 17

Ресейден болат трубаларының экспорты.



Экспортер-кәсіпорындар

Ж ы л д а р


2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

Челябинск ТПЗ

Волга құбыр

Таганрог металлургия зауыты

Синар құбыр

Первоуральск НТЗ

“Северсталь”

Выксунск металлургия зауыты

Северск құбыр

88

79

66

33

54

80

29

22

14,0

19,3

14,3

7,0

8,7

47,9

3,8

4,5

105

89

83

79

67

65

32

21

15,3

17,3

16,5

14,7

10,6

38,9

3,9

4,3



Ресей мен Украинаның металлургиялық кәсіпорындарында өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде. Алайда инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан оның жүзеге асу қарқындылығы аса жоғары болмай отыр.

Дүниежүзілік болат рыногында ТМД-ның, соның ішінде Ресейдің металлургиялық кәсіпорындары түрлі тарифтік және тарифтік емес шектеулерге ұшырауда. Бұл жағдай және сонымен бірге көптеген жағдайда өнімнің аса жоғары сапалы болмауы, экспорт құрылымының қанағаттанарлықсыз болуына әкеліп соқты.


2000-2002 жж. Ресейден ТМД елдеріне бағытталған қара металлургия өнімдерінің экспорт үлесі ұлғайды.


2.3 Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденциялары.


Көптеген жылдар бойы авторлар Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын қарастырды. Бұл зерттеулердің негізгі мазмұны төмендегідей болды:

1. Жекелеген факторлардың жағымсыз әсерін жою немесе орнын толтыру шараларын құру мақсатында қара металлургияның техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын зерттеу мен факторлық талдау;

2. Саланың реструктуризациясы бағдарламасына ұсыныстар құру мақсатында, атап айтқанда, шектен тыс және тиімсіз өндірістік қуаттылықтарды жою мақсатында, металлургиялық кәсіпорындардың түрлі топтарының техникалық – экономикалық денгейін бағалау;

3. Отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін бастапқы мәліметтерді анықтау.

Төменде Седых А.М., Юзов О.В., Афонин С.З. сияқты авторлардың зерттеулерінің негізгі нәтижелері келтірілген.

Өнім өндірісінің көлеміндегі өзгеріс сипаты турғысынан Ресейдің қара металлургиясының бүкіл постсоветтік даму кезеңін ірі үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1992-1998 ж ж.) ішкі металл қолданудың күрт төмендеуімен (4 есе) сипатталады. Осы уақытта металл прокатының сыртқы саудасында айтарлықтай жақсару байқалды. Осылайша, егер 1991 ж. сыртқы сауданың теріс сальдосы 1,6 млн.т. құраса, 1998 ж.сыртқы сауданың оң сольдосы 20 млн.т. асқан. Осыған байланысты бірінші кезеңде дайын прокат өндірісіндегі көлемнің төмендеуі 38 % қана құрады /кесте 18/.

Айта кететін жағдай, бұрынгы КСРО – да болат өндірісінің максималды көлемі (163 млн.т) 1988ж. Тіркелген болатын. 1989 жылдан бастап өндіріс көлемінің кемуі орын алды – үш жыл ішінде (1989-1991ж) ол 30,2 млн.т немесе 18,5% - ға кеміген. Сала көлемінің кемуі ары қарай экстенсивті даму мүмкіндігінің жоқтығына негізделді. 90- шы жылдардың басындағы отандық қара металлургия еңбектің төмен өнімділігі, өндірістің материал мен энергияны көп қажет етуімен, тиімсіз технологиялық және өндірістік құрылыммен сипатталады.


Нарықтық реформалардың басталуынан кейін (1992) ТМД елдері, соның ішінде Ресейдің халық шаруашылығында, атап айтқанда қара металлургиясында жинақталған келіспеушіліктер мен қарама – қайшылықтар аса айқын белгі бере бастады. Осы жағдайлар және бұрын қалыптасқан шаруашылық байланыстардың жойылуы өндіріс көлемінің қулдырау қарқындылығының жылдамдауына әкеліп соқты.

Екінші кезеңде (1999-2000 жж.) параллелді түрде екі процесс дамыды: 1) шамамен 1,5 есе ішкі металл тутынудың күрт жоғарылауы (импортты алмастыруды іске асыруға байланысты); 2) прокаттың сыртқы саудасында оң сальдоның шамамен 25%-ға жоғарылауы. Осыған байланысты аталған екі жылда дайын прокат өндірісінің көлемі шамамен 37%-ға өсті.

Үшінші кезеңде (2001-2002ж.ж.) жағдай біршама өзгерді. Рубль девальвациясы эффектінің біртіндеп кемуі мен дүниежүзілік рыноктың жағымсыз конъюктурасына байланысты прокат экспорты көлемінің өсуі мен прокаттың сыртқы саудасыедағы оң сальдоның өсім қарқындылығы айтарлықтай төмендеді. Сонымен бірге бір үақытта ішкі металл тутыну өсімінің қарқындылығы айтарлықтай (3 еседен астам) баяулады /кесте18/ Осыған байланысты 2001 – 2002 жж. дайын прокат өндірісінің көлеміндегі орташа жылдық өсім қарқындылығы шамамен жылына 2,0% ға кеміді.

Кесте 18


Ресейдегі дайын прокат тұтынушы мен өндірісінің балансы.


Көрсеткіштер

Жылдар

1991

1998

1999

2000

2001

2002

Тұтыну

56,7

15,0


15,6

21,5

24,2

22,4

Экспорт

12,4

21,8

26,6

27,0

24,9

27,6

Сыртқы сауда сальдосы

14,0

1,6

1,3

1,8

2,0

1,3

(+; -)

-1,6

+20,2

+25,3

+25,2

+22,9

+26,3

өндіріс

55,1

35,2

40,9

46,7

47,1

48,7

Өндірістегі экспорт үлесі,%

22,5

61,9

64,9

57,8

52,9

56,7

Тұтынудағы импорт үлесі,%

24,7

10,7

8,2

8,4

8,3

5,8


Ерекше көзге түсетін жағдай екінші кезеңде отандық металлургияда өндіріс көлемінің өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіпке қарағанда 1,8 есе жоғары болған, ал дүниежүзілік қара металлургияға қарағанда 3,5 есе жоғары болған. Ал үшінші кезеңде жағдай түбегейлі өзгерді - отандық қара металлургияның өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіп пен дүниежүзілік қара металлургиядан төмен.


Бірінші кезеңде нарықтық қатынастарға өтуден кейін қара металлургияда өнім рентабельділігі (1992 – 1993ж.ж) мен кірістің (1995 ж. дейін) күрт өсімі байқалған. Алайда 1998 жылға қарай өнімнің орташа рентабельділігі минимумға дейін кеміп (I-ші жарты жылдықта – 3%), 1998 жылы шығынды болды (9 млрд руб).

Екінші кезеңде рубльдің девальвациясы нәтижесінде өнім рентабельділігі мен кірістің айтарлықтай өсімі байқалды.

2001-2002 жж. металл өнімдері өндірісінің көлеміндегі өсім қарқындылығының күрт баяулауы жағдайында металлургиялық кәсіпорындар қызметінің экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы орын алды.

Жалпы 1991-2002 ж.ж. кезеңде елдегі дайын прокат тұтыну 2,5 есе кеміді. Алайда өнімнің бұл түрінің өндіріс көлемі тек 12% ғана кеміді /кесте 18/. Бұл көрсеткіштердің мұндай ара-қатынасы сыртқы сауда сальдосының күрт өзгеруімен негізделген. Алайда ішкі металл тұтынудың кемуін металл өнімдері экспортының ұлғайуы есебінен орнын толтыру мүмкіндіктері іс жүзінде сарқылған-дығын анализ көрсетіп отыр. Сондықтан қара металлургия дамуының аса маңызды стратегияларына ішкі рынокта отандық метал өнімдеріне сұранысты дамыту мен дүниежүзілік рынокта ресейлік метал өндірушілердің позицияларын сақтау. Жоғарыда айтылған қара металлургия дамуының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін өнім өндірісіне кететін шығынды кемітумен соның негізінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды болып табылады /27/.

Айта кететін жай 1992 жыл сала кәсіпорындарының еркін баға бекіту жағдайында жұмыс жасап, өткізушілер мен тұтынушыларды өз бетінше іздеу, дүниежүзілік рынокта бәсекелестікке белсенді қатысуының алғашқы жылы болды. Алғашқы кезеңде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысуы аса қолайлы жағдайларда жүзеге асты – 1992ж басында металл өнімдеріне ішкі рыноктағы бағалар дүниежүзілік бағалардың 20% дан кем құрады. Алайда, бәрімізге белгілі, бәсекелестік ( әсіресе дүниежүзілік рынокта) мол қаржы салымдары мен өндірістік аппараттың жаңаруы мен жетілдірілуін талап етеді. Ресейлік қара металлургияда мүлдем өзгеше жағдай қалыптасты- РФ ӨнеркҒылМин-ң және Экономика Институтының мәліметтері бойынша инвестицияның орташа жылдық көлемі келесі мәліметтермен сипатталады (%): 1991-100; 1992-88; 1993-67; 1994-45; 1995-48; 1996-35; 1997-34; 1998-34; 1999-38; 2000-58; 2001-65; 2002-56.


Жалпы қарастырылып отырған кезеңде отандық қара металлургия дамуы аса қарама-қайшылықтармен сипатталады.

Бір жағынан, орталытандырылған-жоспарлы экономика қызметінің кезеңінен қалған сала дамуының жетіспеушіліктерін жою саласында айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді. Екінші жағынан сала дамуының кейбір ескіден қалған кемшіліктері барынша қиындады.

Оң нәтижелерге келетін болсақ, жекелеген кәсіпорындар мен жалпы саланың технологиялық құрылымының айтарлықтай жақсаруын атап өту қажет. 1990 ж. салада екі ғана ірі комбинат ( Новолипец металлургиялық және Оскольск электрометаллургиялық ) әлемдік стандарт бойынша бүгінгі таңға сай технологиялық құрылыммен сипатталған болатын. 2002 жылы мұндай статусқа үшінші конвертерді іске қосып, үздіксіз құю машинасының модернизациясын аяқтағаннан кейін Магнитогорск комбинаты және мартендік пештерде болат балқыту 5 еседен астам кеміген « Северсталь » жақындады. Технологиялық құрылымның жақсаруы өзге де ірі комбинаттарда байқалды – Нижнетагильск және Челябинск комбинаттары. Нижнетагильск комбинатында конвертерлік цехта үздіксіз болат құюға өту процесі аяқталып, мартендік болат құю үлесі төмендеуде. Челябинск комбинатында мартендік цехтар эксплуатациядан шығарылып, электро балқыту цехында үздіксіз болат құюдың екі машинасы іске қосылған. Алайда Кузнецк және Орск-Халиловск комбинаттарында технологиялық құрылымның ешқандай жақсарту өзгерістері байқалмады; тек 2002 ж. Батыс – Сібір комбинатында үздіксіз болат құюды ендіру жөніндегі жұмыстар қолға алынды /25/.

Жалпы алғанда, тек Магнитогорск, «Северсталь», Нижнетагильск және жартылай Челябинск комбинаттарында технологиялық құрылымның жетілдірілуі жаңа құрал- жабдықтарды іске қосумен байланысты болды. Өзге кәсіпорындардың барлығында технологиялық құрылым мүлдем өзгермеді, немесе жалпы өндіріс көлемінің кемуі мен моральды және физикалық ескірген агрегаттарды істен шығару есебінен жақсартылды /24/.

Сала дамуындағы жағымсыз құбылыстарды қарастыра отырып, айта кететін жағдай, негізінен ескірген құрал-жабдықты істен шығару есебінен қол жеткізілген орташа техникалық деңгейді жоғарылату, инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан жұмыс істеп тұрған цехтар мен агрегаттарды жаңарту мен техникалық қайта жабдықталу мен қатар жүрмеді. Жалпы сала бойынша негізгі фондтардың жаңару коэффициенті 1991ж. 3,6% көрсеткішінен 2001ж. 0,8%-ға төмендеп кетті. Соның салдарынан саланың негізгі фондының тозуы 1991ж. 46%-дан 2001ж. 55%-ға дейін жетті (қордың белсенді бөлігі бойынша 70% дейін). Саланың өндірістік және біршама сортаменттік құрылымы нашарлады.


Саланың қиыншылықтары мен жағымсыз жағдайларға қарамастан, 1992 – 1994 жж. кезеңді рынокқа бейімделу кезеңі деп атауға болады. Әсіресе көзге түсетіндер өндірілетін металл өнімдерінің 2/3-ін экспортқа шығаратын бүгінгі таңға сай эффективті жұмыс істеп отырған Новолипецк, Череповецк, Магнитогорск және Оскольск комбинаттары. Егер жалпы сала бойынша болат өндірісінің көлемі 1994–1998 жж. кезеңде 1,1 есе кемісе, Новолипецк және Череповецк комбинаттарында ол 1,2 есе жоғарылады, Магнитогорск комбинатында –1,1 есе. 1999-2000 жж. бұл комбинаттардағы өндіріс көлемі өсімін жалғастырды. Оскольск электрометаллургиялық комбинаты – саланың 1990-2002 жж. кезеңде өнім өндірісінің көлеміндегі өсімді қамтамасыз еткен жалғыз кәсіпорын (35%-ға).

1990-1996жж. Ресейлік металлургияда өндіріс көлемінің төмендеуінен негізгі отын – энергетикалық ресурстардың үлестік шығынының шамамен 25%-ға ұлғаюы орын алды.

Өнеркәсіптік - өндірістік персонал саны шамамен 10%-ға кемігенімен, ірі кәсіпорындарда персонал саны өсті. Жалпы персонал санының қысқаруы, өндіріс көлемінің қысқаруынан баяу жүрді, соның салдарынан 1990-1996жж. еңбектің орташа салалық өнімділігі 36%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі Череповецк, Новолипецк, Магнитогорск комбинаттарында байқалады. Бірақ бұл кәсіпорындарда да еңбек өнімділігі 1,5 еседен астам кеміді.

Кесте 19

Еңбек етушілер саны мен еңбек өнімділігі*

Кәсіпорын-

дар

(комбинаттар)

Ж Ы Л Д А Р

1990

1995

1996


1998

2000

2001

2002

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

Жалпы сала бойынша

733,5

111

660,4

74

659,0

71

673,0

65

711,0

83

788,0

75

739,0

81

Магни-

Тогорск

46,1

346

48,6

156

45,8

146

27,9

277

33,6

298

33,9

305

34,3

322

Череповецк

(Северсталь)

37,2


323

38,0

215

38,0

233

46,9

181

44,3

215

44,7

208

39,6

244

Новолипецк

33,2

296

35,0

203

36,2

193

46,4

142

46,6

175

49,0

161

46,3

185

Батыс Сібір

25,3

297

28,8

166

30,3

131

35,5

97

36,5

149

35,2

158

29,9

191

Нижнета-гильск

30,4

245

25,6

200

25,0

208

24,2

116

29,1


167

31,1

168

31,1

170

Кузнецк

25,9

169

25,0

143

29,4

121

32,7

58

33,0

109

31,9

108

20,3

120

Орск-Хали

Ловск

(«Носта»)

19,9

211

20,2

142

21,6

115

23,7

110

24,2

128

23,5

110

21,3

137

Челябинск

(«Мечел»)

29,5

212

29,2

85

29,4

102

29,7

90

26,8

138

26,9

140

25,6

151

Оскольск


9,0

173

11,8

138

12,9

113

17,5

89

15,1

136

16,0

132

12,9

170


*I –бағанада өнеркәсіптік - өндірістік персонал саны келтірілген ( мың адам ),

II –бағанасында бір жұмысшыға келетін болат балқыту көрсеткіші (т/ад).

Талдау барысында сала кәсіпорындарына қатысты факторларды ішкі және сыртқы деп бөлген жөн.

Ішкі факторларға өндіріс көлемінің, материалды ресурстар шығынының нормаларының, еңбек өнімділігінің, еңбек төлемі деңгейінің өзгеруін, негізгі қордың қайта бағалануын жатқызуға болады. Өзге факторлар – қосымша шығын, баға, тарифтер денгейінің өзгерістері – сыртқы болып саналады.

1992-1995 жж. ішкі факторлар әсері есебінен қара металлургияның тауарлы өнімінің жалпы өсімінің 9,5 – 13,0%-н түсіндіруге болатын. 1996 ж. ішкі факторлар әсерінің үлесі 32,5%-ға жетті.

1997 ж. саланың тауарлы өнімнің орташа жылдық өзіндік құны 1996ж. салыстырғанда 7,4%-ға өсті. 1998 ж. саланың тауарлы өнімінің орташа жылдық өзіндік құны іс жүзінде өзгерген жоқ. Қара металлургия өнімдерін өндіру мен өткізуге кететін шығын құрылымының аса маңызды өзгерістеріне отын, энергия шығыны үлесінің күрт өсуі және өзге де шығындар жатады. Көмірге кеткен шығын барлық кәсіпорындарда шикізат пен материал шығынының құрамында ескеріледі. Егер осы шығындарды отынға кететін шығын құрамында есептесек, 1991 – 1998 жж. отын мен энергия шығыны үлесінің 2 есе ұлғайғанын көруге болады.

Қара металлургия өнімдерінің рентабельділік денгейі 1991ж. 28,1% - дан 1992 ж. 51,4% - дейін жоғарылап, 1998 ж. 9,7%-ға кеміді.


1992-1998жж. кезең бойында жекелеген кәсіпорындарда өнімнің рентабельділік денгейі кең көлемде айырмашылықта болды. 1995ж. дейін барлық қарастырылып отырған кәсіпорындарда тауарлы өнім өндірісі табысты болды. 1996 – 1998жж. Батыс Сібір, Кузнецк, Нижнетагильск, Орск-Халиловск және Челябинск комбинаттарында өнімнің рентабельділік деңгейі төмендеді. Ал 1998ж. Кузнецк, Нижнетагильск, Челябинск комбинаттарында тауарлы өнім өндірісі шығынды болды.

Өнім рентабельділігінің аса жоғары деңгейі 1998 ж. Череповецк, Новолипецк, Магнитогорск және Оскольск комбинаттарында байқалды. Осылайша, өндірістің техникалық деңгейі ( технологиялық құрылым ) мен эффективтілік арасындағы тығыз байланысты талдау көрсетіп отыр.

Кесте 20


Өнім өндірісі мен өткізу шығының құрылымы, %


Шығын құрылымы

Ж Ы Л Д А Р

1990

1991

1995

1998

2000

2001

өндіріс пен өткізу шығыны

  1. Материалды шығындар:

  • шикізат пен материал

  • отын

  • энергия

  1. Еңбек жалақысы мен әлеуметтік қажеттілікке аударылатын шығындар

  2. Негізгі фонд амортизациясы

  3. Өзге шығындар



100,0

73,8

-

-

-


11,8


12,5

1,9



100,0

70,9

53,0

5,3


4,6


17,3


3,3

8,5




100,0

72,7

47,7

10,1

8,2


9,4


3,8

14,1



100,0

74,1

47,0

8,9

9,3


14,6


4,7

9,6



100,0

74,2

53,8

8,6

6,2


13,9


2,1

9,8



100,0

73,7

53,3

8,0

6,7


15,4


2,4

8,5



1999 ж. ресейлік қара металлургияның даму сипаты өзгерді – тауарлы өнімнің өндіріс көлемі сәйкестендіру бағасында 1998 ж. салыстырғанда 14,4% -ға өсті.

Екінші кезеңдегі қара металдар өндірісінің көлеміндегі өсім ( 1999 – 2000жж ) ішкі металл тұтыну мен металл өнімдері экспортының ұлғаюымен негізделген болатын. 1999ж. дайын прокаттың өндіріс көлемінің ұлғаюы 89% -ға прокаттың сыртқы саудасының оң сальдосының өсімімен және 11% -ға оның ішкі тұтыну өсімімен негізделген болатын. 2000ж. жағдай өзгерді – дайын прокаттың өндіріс көлемінің ұлғаюы толығымен ішкі тұтыну өсіміне негізделді. Соңғысы 1999ж. салытырғанда 38% -ға өсті.

2001ж. дайын прокаттың өндіріс көлемінің өсім қарқындылығы күрт баяулады. Бұл бір уақытта үш фактордың әсер ету салдарынан болды – дайын прокатты ішкі тұтынудың өсім қарқындылығының айтарлықтай төмендеуі ( 2000ж. салыстырғанда 13% ), прокат экспорты көлемінің өсуі ( шамамен 8% -ға ), прокаттың импорт көлемінің өсуі (шамамен 11% -ға ). 2002ж. прокат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы біршама жоғарылады. Оның негізгі себебі дайын прокаттың сыртқы саудасындағы оң сальдоның ұлғаюы болып табылады.

1998 ж. тамызынан кейін қара металлургия кәсіпорындары жұмысының экономикалық және қаржы көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы байқалды. Сала өнімінің рентабельділігі 1999 және 2000 жж. 28,2 және 25,6% құрады, ал сальдолық қаржы нәтижесі 37,7 және 66,3% құраған. Түсімі жоқ шығынды кәсіпорындар мен ұйымдар үлесі 1998ж. 45% -дан 1999 – 2000 жж. 28% -ға дейін төмендеді. Еңбек өнімділігі 2000 ж. 1998 жылмен салыстырғанда 24% -ға өсті.


Сала кәсіпорындарының үшінші кезеңдегі ( 2001 – 2002 жж ) жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы 21–кестеде көрсетілген. 2001 ж. кезеңінде I-жарты жылдықта кәсіпорындар жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы байқалды. Ол негізінен екі жағдаймен негізделген болатын: ішкі бағаның өзгермеуі жағдайында өнімнің өзіндік құнының өсуі және прокаттың орташа экспорттық бағаларының шамамен 10% -ға кемуі.

2002 ж. тауарлық өнімнің орташа өзіндік құны 2000 жылдың орташа жылдық көрсеткіштерімен салыстырғанда шамамен 29 %-ға өсті. Бұл сыртқы (монополист салалар қызметінің баға мен тарифтеріндегі өзгерістер) және ішкі факторлардың (материалды ресурстардың шығын нормасының, өнімнің төлемдері көп қажет етуінің т.б. өзгеруі) әсерінен болды.



<< предыдущая страница   следующая страница >>