shkolakz.ru 1 ... 2 3 4

Қорытынды



«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбын зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.

Ойлау процесін, басқа таным процестеріндей, арнайы жаттығулар көмегімен дамытуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті олардың тіл байлығымен, сөйлеу ерекшеліктерімен, ұғымдық қорының қалыптасқаны мен бағаланды. Оқушының ойлау қабілеті мектепке келгенде нақты пайымдау, сөздік-бейнелі деңгейде болса. Төрт жылдық ішінде сөздік - логикалық деқгейде қалыптасып, одан әрі ұғымдық-логикалық ойлауға аяқ алуы қажет.

Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Табиғат ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне байланысты құбылыстарды салыстырмалы түрде меңгеру арқылы талдау, жалпылау операцияларын меңгерді.

Ойлау қабілетті дамытуға шығармашылық тапсырмалардық қосатын үлесі өте үлкен. Олар геометриялық фигуралармен түрлі операциялар жасау, қиып жапсыру, суреттегі жетіспейтін детальдарды анықтау тағы сол сияқты тапсырмалар арқылы баланың геометриялық фигуралардың формаларын, түрін-түсін, кеңістікте орналасқан талдау арқылы олардың ортақ қасиеттерін тауып, жалпылайды. Осы ойлау операциялары арқылы баланың танымдық қабілеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Шығармашылық тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, тақырыптан тақырыпқа түрлері мен мазмұнын тереңдету және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты-бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай жетелеуге мүмкіндік туады.


Сондықтан ойлау процессін дамытуға әсерін тигізетін дидактикалық материалдарды жүйеге келтіріп, сыныптардағы оқитын пәндердің мазмұнына байланысты топтастырып жинаса оны келесі қолданғанда біраз жаңалықтар ендіріп, жаңа вариантта қолдануға болады. Бастауыш сынып, оқушыларының барлық қасиеттерін тәрбиелеуге көнгіш, тез дамиды. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.

  2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.

  3. Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.

  4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп». 1999, 6.

  5. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.

  6. Базыкеева Г. 10 санның құрылымын оқыту. «Бастауыш мектеп», 1999, 6.

  7. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.

  8. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.

  9. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.

  10. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.

  11. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.

  12. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.

  13. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.

  14. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.

  15. Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.

  16. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп», 1999, 2.

  17. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.

  18. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану. «Бастауыш мектеп», 1997, 3.

  19. Психологические тесты . М., 2002.

  20. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
  21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образолвании. М., 1995.

  22. Сәрсенғалиева Т., Дүтбаева Қ. Табиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.

  23. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.


<< предыдущая страница