shkolakz.ru 1 2 3 4 5
Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасындағы ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы карым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.


Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап, алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп үғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.

Баяншыға да, қабылдаушыға да — бәріне ортақ әрекет — байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс — тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.

Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың
барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапйым
кунделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық

терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің өзі тіл ғылымына біркелкі емес.

Мәселен, Э.П.Шубин тілдік қарым-қатынастағы
хабарлауды, яғни хабар беруді-трансмиссия, ал қабылдауды -
рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні
трансмиссор, хабар қабылданушыны — реципиент дейді.
Сонымен қоса, алғашқы - хабарлауға қатысты қүбылыстарды -
трансмиссивті /трансмиссивные /немесе

продуктивті/продуктивные/; ал кабылдаута қатысты қүбылстарды - рецептивті /рецептивные/ деп көрсетеді. Э.П.Шубиннің айтуынша, хабар /Р/ трансмиссордан /Т/ шығады да, реципиентке /R\ жетеді.

Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан /Б/ шыққан Хабар /X/ Тұлғалар /Т/ арқылы

Қабылдаушыға /Қ/ келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жүмасалады.

Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан /Б/ шыққан хабар /X/ қатысымдық тұлғалар /Т/ арқылы қабылдаушыға /Қ/ дұрыс жету керек. Ал ол ауызша болсын, жазбаша болсын бәрібір жүзеге аса береді: тек жазбаша түрде болса, онда арада көп уақыт өтуі мүмкін. Өйткені әр түрлі жағдайларға байланысты хабардың бірден жеткізілмеуі, немесе тоқтап түруы, немесе бірнеше үздікпен берілуі мүмкін т.б.


Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас қүбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:


  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мүнда синтаксистік
    заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
    дыбысталуы ерекше көзге түседі.

  2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
    ой мен айтылған тілдік қүралдың тепе-тьеңдігі. Мүнда
    семантикалық заңдылықтар басым роль атқарады.

3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс
кабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік
кдтынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы-үшінші
кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске асырмайды,
бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші
кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді.

Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға, санаға қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы объективтік шындықты қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша

тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың эмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі, болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді, ал дыбысталуы /немесе айтылуы/ арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.

Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы /естілуі/ арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас - өте ертеден пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан қүбылыс.

Ауызша қатынас — ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.


Ауызша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - адамның сөйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері /ерін, тіл, тіс, мүрын, дауыс шымылдығы т.б./ жиі қозғалып, еркін жұмыс істеу арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып, естілуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл — сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Ауызша ТҚ адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін /эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б./ іске асырады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше. Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық

қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуын аса қажет етпейді. Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі басым болады. Мүндай қарым-қатынас таңбаларының түрақты жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды.

Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі. Жазбаша тілдік қатынас /ТҚ/ -ауызша тілдік қарым-қатынастан /ТҚ/ кейін пайда болған қүбылыс.

Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын қадағалай отырып, оларды дыбыстық ТҚ /дыбысталу нәтижесінде болатын/ және таңбалық ТҚ /әріптермен таңбаланудан болатын/ деп те атауға болады.

Дыбыстық ТҚ естілуімен ерешкеленеді, ал таңбалық ТҚ жазылады және әріптер арқылы көзге көрінеді.

Сонымен, ауызша қатынас дыбыстала келіп, сөйлеу арқылы іске асады және тыңдалады. Жазбаша қатынас таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады. Және оқылады.

Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастардың әрқайсысы жеке қүбылыс ретінде өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланысты бола келіп, біреуі екіншісіне үласады.

Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті, осы ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Оны ғалымдар айтып та жүр. Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол — бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу - бір-бірінен ажырамас жүйелі қүбылыстар.


Тілдік қатынас сөз жоқ ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл-ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы , яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі -тіл.

Сондықтан олардың бірлігі өте берік, олар бірінсіз бірі өз қызметтерін атқара алмайды. Яғни, ойлау мен сөйлеу тіл арқылы қарым-қатынаста маңызды роль атқарады. Рас, белгілі бір тілді оқытуда бұл бірлік табиғаттың болмысымен бірге қалыптасып дамыса, уақыт өткен сайын ол күрделене түседі және ана тілінен бөтен генеологиялық жағынан туыстас емес тілдерді үйренудің өзіндік қиындықтары мен кедергілері болуы мүмкін.

Сондықтан да шет тілін, екінші тілді оқыту әдістемесін зерттеуші ғалымдар қатыстым /коммуникативтік/ әдісіне қазір ерекше назар аударып жүр. Тілді оқыту қазір тілдің түрлі зандылықтарының теориясын үйретуте емес, тілдің адамдар арасындағы қатынастық қызметін меңгертуге, екінші тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынас жасай алатын болуына бағытталып отыр.

Екінші тілді оқытуда қатысым әдісінің қолданылуы кешірек басталғандықтан, әлі оның теориялық негізі толық қалыптасып үлгерген жоқ.

Ғалым-тілшілердің қатысымдық /коммуникативтік/

теорияны әлі бір жүйеге келтірмеуі оның анықталуына уақытты сарапшы санауға әкеліп отыр. Бұл мәселенің шешілуінің қиын да, күрделі екенін аңғартса керек.

Бүгінгі күн талабына сай барлық жерлерде екінші тілді, шет тілдерін үйрету, оқыту кеңінен іске асырылып жатқан кезде, қазақ тіл білімінде де тілдік қарым-қатынастың аясы кеңіп, тілдік қатынас өз-өзінен жүріп жатыр. Оны тілшілер ғана емес, барша қауым болып жүзеге асырып отыр. Сондықтан қазақ тілінің қатысымдық жүйесін бір ізге салып, оның теориялық негізін жасауға ат салысу — бүгінгі зерттеушілердің алдында түрған міндет.

Рас, қандай болсын ереже бірден сәтті болмауы мүмкін, өйткені ол үзақ тәжірибелердің жиынтығынан, бірнеше коллективтік еңбектің нәтижесінен түжырымдалады. Дегснмен, бүгінгі күн талабын қазірден бастап қолға алып, тіл заңдылықтарын зерттеуді тереңдете түссек, сол азды-көпті айтылған пікірлерден дұрыс түжырым жасауға мүмкіндік туады.


Сонымен, тілдік қатынас — адамдарға тән ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.

Тілдік қатынастың басты ерешкелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас қүралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.

Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі
байланысшы қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі
қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазып,

жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де сөйлесім әрекеті арқылы болады есту мүшесінің актви қызметі арқылы жүзеге асады көзбен көру арқылы қабылданады.

Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас қүралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, бір адамға ғана емес, жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни, ол - қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі қүбылыс.

Үшіншіден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей өз басына емес, жалпы оның қоғамдағы орнына байланысты болады. Ол қоғамдық қарым-қатынастың негізін сала келіп, адамның әлеуметтік пікірлсеудің, үғынысудың дамуына жол ашады. Сөйтіп, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуының шарты болып табылады. Адам мен адам тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы дербес, жеке өмір сүруден қалады, олар табиғатпен, жаратылыспен біріге отырып, күрделі әлеуметтік, қоғамдық ортаға түседі.

Төртіншіден, тілдік қарым-қатынас адамды қоғамдық күрделі үрдістермен қатар қойып, оны жаратылысқа, қоғамға тәуелді етеді. Себебі, адам тілді тікелей өзі өзгерте алмайды, өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік заңдылықтарды зерттей алады.

Бесіншіден, тіл — бүкіл қоғамдық-әлеуметтік

қүбылыстардың ең күрделісі, ол - кішіден бастап үлкенге дейінгі, үсақтан бастап іріге дейінгі әрекеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін жетекші қүрал. Осы қоғамдық қатынастарды тіл жүзеге асырып қана қоймайды, оған бағыт сілтейді, жол ашады. Сондықтан да ол барлық қоғамдық үрдістердің іске асу көзі болып табылады.


Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың байланыстырушы қүралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік қүбылысқа жатады.

Қорыта келгенде, тілдік қатынас /ТҚ/ - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, катысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтар арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Тілдік қатынас ең кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылды. Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі атап өтеді. Ол - тілдік қатынастың жеңіл түрі.

Бірақ бір ескеретін мәселе тілдік қарым-қатынас, пікірлесу екі адамның арасында ғана емес, екі топтың арасында да немесе бір адам мен үжымның, яғни көпшіліктің арасында да бола береді. Бұл — тілдік қатынастың жеке хабаршы мен жеке қабылдаушымен ғана атқарылмайтынын, хабаршы мен қабылдаушының сан жағынан түрліше болып келетінін көрсетеді.

Қатысатын адамдар санына қарай тілдік қатынас қарапайым ТҚ не күрделі ТҚ болып келуі мүмкін. Егер тілдік қарым-қатынас екі адамның арасында жүргізілсе, ол қарапайым /не жеңіл/ ТҚ болады. Ал бірнеше топтың, не үлкен ұжымдардың бір-бірімен қарым-қатынасын іске асыратын тілдік қатынас күрделі ТҚ жатады.

Тілдік қатынастың барлығы жоғарыда айтылған ауызша және жазбаша түрде іске асады.

II. Тілдік қатынастың қүрамы мен тұлғалары.

Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажыратып алған соң, оның қүрамдық бөліктерін саралаған жөн.

Біздің ойымызша, тілдік қатынастың негізгі қүрамы төмендегідей болып жіктеледі:


  1. Тілдік қатынасты іс жүзіне асыруышылар.

  2. Тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі.


  3. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.

  4. Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.

Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына

Баяншы /Б/, Тұлғалар /Т/ және Қабылдаушылар /Қ/ жатады. Олардың әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет жоғарыда берілді.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі -қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.

Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады.

Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынаста жүзеге асырушылардың бір-бірімен тығыз байланысынан көрінеді. Мүнда негізгі қызмет атқаратын - хабарды жеткізетін тұлғалар. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Экспрессивтік қызмет тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің берілген хабарды түсініп қана қоймай, оның айырықша мәнін, күшейту реңкін толық білуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып қана қоймайды, ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл-күй, сезімдерін, көзқарастарын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушы осыны дәл танып, жете түсінуі қажет болады.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-қозғалысынан және сол қимыл -әрекеттің тілдік тұлғаларды айтуға қатысты бүтіндігінен байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, онда дыбыс та анық айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да жеткізілмейді. Сондықтан тілдік қатынас үшін, сөйлеу

мүшелерінің бірлескен, дұрыс қимыл-қозғалысы аса маңызды орын алады.

Сөйлеу мүшелерінің қимыл-әрекетімен тілдік қатынасқа қажет тұлғалардың мән-мағынасы пайда болады. Жалпы тілдік қатынастың негізгі қүрамын көрсететін ең басты көрсеткіш, ол - тілдік қарым-қатынасты тікелей жүзеге асыратын қатысымдық тұлғалар.


Тіл білімнің қай саласында болсын тілдік тұлғалар труалы мәселе мен осығна қатысты терминдер бүрыннан сөз болып келеді. Бірақ бұл мәселелер әлі толық өз шешімін тапқан жоқ.

Терминдердің қолданылу ерекшелігіне мән берсек, олар тек тілдік единицалар ғана емес, қатынастық единицалар деп те атала бастады.

Байыптап қарасақ, мүнда негізгі мәселе олардың тілдік тұлға /лексикалық, грамматикалық, синтаксистік/ немесе қатысымдық тұлғалардың аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не жатады, оның қатысымдық тұлғалардан айырмашылығы бар ма, әлде тілдік тұлға мен қатысым тұлғалары бірдей ме деген сұрақтардың басын ашып алуға келіп тіреледі.

Тілдік және қатысым тұлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз «единициа» терминнің баламсы етіп көбінесе «тұлға» сөзін пайдаланамыз.

Лингвистикада тілдік тұлға қатысым тұлғасы деп айтылғанда, тілдік немесе қатысымдық қүбылыстың ішкі күрамы /қүроылысы/ деген мағынаны қамтуы қажет. Тілдік немесе қатысымды тұлға кіші бөлшек те /сөз/ бола беруі мүмкін.

Лингвистикада тілдік «единициа» деген көп айтылып жүрген термин. Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас құралының, яғни тілдің қүрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы тұрғыдан морфема, сөз тіркесі, түрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік тұлға немесе жалпы тұлға деп айтылып жүр. Кейде дыбыс пен фонеманы фонетикалық тұлға, сөзді -лексикалық тұлға, сөйлемді — синтаксистік тұлға деп нақтылы түрде атап айту да жиі кезедеседі.

Кейбір әдебиеттерде тіптен буын, негіз, абзац /жаңа жол/, контекст, дауыс ырғағы да тілдік тұлғалар деп саналады.

Әр автор әр түрлі белгіге сүйенеді және мәселені нақтылы шешуден гөрі түсініксіздік басым.

Осындай қарама-қайшылықтар болғанымен, көптеген тілшілер тілдік тұлғаларғафонеманы, морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді жатқызатындығын ашып айту керек. Тілдік тұлға жөніндегі нақтылы ойларды мына авторлдардан оқып білуге болады: Қ.Аханов, Т:Қордабаев, С.Исаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мүсабаев, А.И.Смирницкий, В.М.Солнцев, Э.Бенвенист, А.И.Моисеев, А.Реформатский, Р.А.Будагов, М.М.Копыленко, т.б.


Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің қүрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында түрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның өзіндік маңызы бар. Мөселе осы тұлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге қатысты қасиеттердің көпшілігі тән.

Бірақ сөз жеке түрып тіл бола алмайды және адам ойын жеткізе алмайды. Әсерсе қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде сөз жеке түрып түсінісу қүралы бола алмайды. Ол басқа сөздермен морфемалық байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің қүрамында белгілі бір ойды білдіреді:

Мысалы: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің» /Абай/.

Осы сөйлем қүрамындағы бір ғана «тілеу» сөзін алып қарастырсақ, ол әр түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды білідреді және сөйлем қүрамында қолданылады.

Ю.В.Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа тұлғалар /мысалы, дыбыс, фонема, морфема/ да әсер етеді. Мәселен: «Өнерпаз болсаң арқалан» деген сөйлемді алсақ, осындағы «өнерпаз» сөзі «паз» қосымша морфемасының қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасауға себепкер болып түр.

Сол сияқты «арқалан» сөзінің жасалуына түбір морфема мен аффикстік морфемалардың қүрамы негіз болып түр.

Осы сөйлем қүрамындағы фонеманы да, морфеманы да тіптен сөздерді де жеке-жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара тұлғалары болғанымен, қарым-қатынас тілі бола алмайды.

Бірақ фонемаға, дыбысқа т.б. қарағанда сөз ұғымды, мағынаны білдіру арқылы тілдің ең басты көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да сөз - тек лексикологияның объектісі ғана емес, тіл білімінің сөйлеу процесіне қатысты барлық салаларының объектісі. Бұл жөнінде ғалым-тілші С.Исаев нақтылы дәлелдеп, ашып айтқан. Тілдік қатынастың да негізгі ерекшелігі осында: басқа да тірі организмдер, жәндіктер, жануарлар т.б. дыбыстық қасиетке ие болуы мүмкін, бірақ Сөз, сөйлеу — тек адамзатқа ғана тән. Әрине, тілдік дыбыс пен физиологиялық немесе табиғаттағы дыбыстардың да айырмашылықтары жер мен көктей.


Табиғат қүбылстарының ең күрделісі болып табылатын адамзаттың сөйлеу мүшелері /сөйлеу аппараты/ тілдік дыбыстардың, фонемалардың жасалуына қандай ықпал етсе, тілдік тұлғаның ең негізгісі - сөздің де пайда болуына соншама әсер етеді.

Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары жаңадан қалыптасқан қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.

Тілдік қатынасқа қатысты тұлғалар ғылыми түрде сөз болмағанымен, қазақ тілін оқыту, үйрету процесінде қолданылып, барлық сабақ жүйелерінде, кітаптарда кездесіп отырады.

Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер

қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады. /Кандинский Б., Кухаренко В., Наер В./.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет.

Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты

болғанымен, онымен бірдей емес. Ол тілдің жеке бөлшектерден гөрі, сол тілдің түтас қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақты жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. — сол сияқтыларды қамтиды. Демек, коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз белгілі мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің қүрамына енеді. Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сөйлем қүралады. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуте жол ашылады.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде өзгеше. В.Л.Наер бірде-бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек қүбылыстар дейді: «коммникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосвязанные».


Бұл автор жоғарыдағы тұлғалардың негізгі

айырмашылығын олардың атаулық және қатысымдық және деректі ерекшеліктеріне байланысты деп тани келіп:

«...нередко отождествляются понятия информации и
коммуникации и особенно информативности и

коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг-другом как явления и свойство, и таким образом, являются понятиями различными, разноплановыми» - дейді.

В.Л.Наердың тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат /информация/ тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айту да біржақты.

Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да ие болады. Онда ол адам санасынан тыс /В.Л.Наер атап өткендей/ бір мағынаны ғана емес, керісінше саналы түрде хабарлауды, баяндауды, ойды білдіреді. Мүндай жағдайда информация коммуникацияға айналады.

Сөйте түра, бұл автор «Өрт!» деген сөз қатты айтылса, ол болған жағдайды хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп өзіне-өзі қайшы келеді. / «Так единица языка действительно обретает статус коммуникативной, но само по себе она таковой не является».

Бірақ бәрібір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана тұлға - Сөз арқылы болып түрғанын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық мағынаға ие болып, ал контексте қатынастық роль атқарады.

Осы ретте қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді алсақ, жеке сөз атаулық мағынаны емес, белгілі бір ойды білдіреді.

Сонымен, бұл автордың пікірінше, қатысымдық тұлғаға жататын — адамның ойын толық, түтас жеткізетін — мәтін /текст/.

Бірақ соған қарамастан, автор тағы мынадай түжырымды айта кетеді: «Но как бы то не было исследователи придерживаются того мнения, что языковые единицы представляют собой единицы коммуникации».

Біздің ойымызша, тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаның ең басты айырмашылығы олардың атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты.


Тілдік тұлғалар - адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қызмет ететін, сөйлеу мүшелеріне /дыбыстау мүшелеріне/ тікелей тәуелді, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық қасиеттерге ие болатын, таңбалық сипаты бар тілдің қүрылымдық бірліктері.

Қатысымдық тұлғалар - тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.

Тілдік тұлғалар жеке, дербес жүмсалса, қатысымдық тұлғалар бір-бірімен байланыста қолданылады.

Тілдік тқүлағалар атаулық мағынаны білдірсе, қатысым тұлғалар түтас ойды білдіреді.

Тілдік тұлғалар көпмағыналы бола келіп, жалпылама ұғымды көрсетсе, қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақтылы ұғымды, ойды жеткізеді.

Тілдік тұлғалар дербес мағынада түрса, қатысымдық тұлғалар бір бүтін, түтас мазмұндық қасиетке ие болады.

Тілдік түлағалар бір ғана субъектіге қатысты болса, қатысымдық тұлғалар жалпы қарым-қатынас үрдісіне, оның ішінде тілдесімге, сөйлесім әрекетіне тән.

Тілдік тұлғалар адамның миы мен сөйлеу аппаратының,
дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысына қатысты,

қатысымдық тұлғалар онымен қоса ойлау жүйесіне, пайымдауына санасында туған хабарды жеткізуге әрі қабылдауға қатысты.

Тілге және сөйлеуге қатысты тұлғаларды салыстыра отырып, олардың әрқайсысна тән ерекшеліктерді қарастыра келіп, біз қатысымдық тұлғалар мынадай қасиеттерге ие болу керек деп есептейміз.


  1. Сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы.

  2. Баяндау ғана емес, хабарлау, жеткізу қасиетіне ие болуы.

  3. Ми жүйесі арқылы қабылдануы.

  4. Белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалуы.

Тіл мен сөйлесімге байланысты қарым-қатынаста қызмет атқаруы.

Жоғарыдағы ерекшеліктерін саралап алғаннан кейін, енді қатысымдық тұлғаларға қандай единицалар жататынын айтуға болады.

Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар:

<< предыдущая страница   следующая страница >>