shkolakz.ru 1 ... 2 3 4 5

50

Лингвистикада сөйлесім мен тілді біріктіріп, қос процесс деп санаған көзқарастар да бар. Олардың айтуынша, сөйлесім мен тіл екеуі екі бөлек қүбылыс емес, олар бір процестің екі жағы. Кейде оны тілші ғалымдар «уровень языка», «уровень речи» деп те атайды.

Бұл көзқарас бойынша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен теңдес әлеу-меттік-жекелік қүбылыс болып саналады. Мүндай пікірді айтушы адамдардың сүйенетін негізі - қатысымдық ерекшеліктер. Бұл пікірді жақтаушылар сөйлесім деген -қатысым қүбылысының өзі, ал тіл сол қатысымды іс жүзіне асыру үшін керек дейді.

Бұл көқарасқа қарсы пікір айтушылар да бар. Олар А.С.Чикобава, Г.В.Колшанский, Т.С.Шарадзенидзе, А.Г.Волков, А.Г.Спиркин, Г.Шухарт т.б.

Жалпы тіл мен сөйлесімге қатысты көзқарастар орыс тілінің энциклопедиясындағы осы ұғымдарға берілген анықтамалармен байланысты. Энциклопедияда тіл қарым-қатынасты жүзеге асыратын, осы мақсат үшін қызмет ететін дыбыстық таңбалардың жүйесі, ал сөйлесім қатысымдық қүбылыстың өзі, яғни тілдің негізінде жасалған, тіл арқылы жүзеге асатын коммуникативтік қүбылыс деп баяндалады: «Язык — это стихийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных /члено-раздельных/ звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире», «речь — это конкретное говорение, происходящее в звуковой /включая внутреннее проговаривание/ или письменной форме. Под Р. Принято понимать как сам процесс говорения, так и результат этого процесса, т.е. и рчечвую деятельность и речевые произведения, фиксипуемые памятью или письмом».

51

Қазақ совет энциклопедиясында сөйлеуге төмендегідей түсініктеме беріледі:

(«Сөйлеу — адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір,
ой білдіру әрекеті. Сөйле — анатомиялық мүшелердің

қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.


Тілдік амалдар — сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшіліьске ортақ, объективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жүрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас қүралы ретінде қызмет етеді.

Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Мүнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне гана тән /индивидуальдық/ сөз жүмсауы, сөз тіркесін, сөйлем қүрау ерекшеліктері болады».

Қазақ энциклопедиясындағы тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан-жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі қүыбылсқа тән басты белгілерін жақсы атап өтеді;

«Тіл — адам қоғамның ең негізгі қатынас қүралы. Дыбысты Тіл - адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық қүбылыс. Тіл - өте күрделі, сан-салалы қүбылыс.

Егер Тілді функционалдық жағынан анықтағымыз келсе, оның қатынас қүралы, адамдардың бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісуінің қүралы дейміз.

Егер Тілді ой мен санаға қатынасты жағынан анықтамақ болсақ, онда Тілді ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын қүрал, ойлау қүралы дейміз.

Тілді қүрылымы жағынан анықтамақ болсақ, Тіл - қатынас жасауға қажетті материалдардың жиынтығы деп қараймыз.

52

Тілді таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесі, семотикалық жүйе деп анықтау да Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мәніне орай.

Бұлардың ішіндегі ең негізгісі — Тілдің функциясына қарай берілген анықтама. Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас қүралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік функция деп аталады. Тілді адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді».

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші — Т.Р.Қордабаев.

Т.Р.Қордабаев: «Сөйлеу дегеніміз — тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз», - дей келіп, - «Сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте» - деп, тіл мен сөйлеудің ара қатысын орыс лингвистерінің көзқарастарына байланысты баяндайды.


Бұл автор сөйлеу мен сөйлесім әрекетін қысқаша түсіндіре келіп, тілді қоғамдық қүбылыс ретінде танып, оның ерекшеліктеріне тоқталады.

Сол сияқты К.Аханов тіл мен ойлау процестерін қарастыра келіп, тілге төмендегідей анықтама береді:

«Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама қүралы» Аханов К., 1978,60/.

Сонымен қатар ол тілдің таңбалық қасиетін де оның басты ерекшеліктерінің қатарына жатқызады. Тілші: «Тіл — таңбалардың коммуникативтік жүйесі болып табылады», - дей келіп оның басқа қүбылыстардан айырмашылығын көрсетеді.

53

Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты болатын тіл, ойлау, сөйлесім қүбылыстарының бәрі де ғылыми тұрғыдан толық шешімін тауып, бірізге түсе қоймаған, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Біздің ойымызша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен байланысты бірақ екі бөлек қүыбылыс бола келіп, екеуі де:

а/ әрі қоғамдық-әлеуметтік;

ә/ әрі жекелік, дербестік мәні бар;

б/ әрі қатысымдық-қүбылыстар.

Тіптен айтыс тудырған мәселе тіл мен сөйлесім - екеуі екі бөлек ғылымның зерттеу объектісі ме, жоқ бір тіл білімінің екі түрлі мәселесі ме — деген пікірлердің өзі бір ортақ нәресні мойындайды.

Ең алдымен, тілдің әлеуемттік және жекелік жақтарын қарастырайық. Тіл — табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол -қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі қүбылыс. Сондықтан ол әлеуметтік-қоғамдық процесс болып саналады. Оны лингвистика да, психология да, физиология да өз мақсаттары түрғысынан қарастырады. Оның сөйлесімге қатысты жағы — тіл — сөйлесімнің қажетті қүралы; тіл болмаса, сөйлесім өз мақсатына жете алмайды, өз қызметін орындай алмайды.

Тілдің психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бүкіл адамзатқа ортақ қасиет, бұл — оның тұлғаларына да тән.

Оның сыртында, әрбір адамның сөйлеу өзгешелігінде ғана емес, тілінде де жекелік сипат бар. Оның мәні мынада: барлық тіл бір мезгілде, бір себептен шыға салмайды. Оған әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлардың ықпалынан әр адамның тілінің шығуының, қалыптасуының жекелік мәні бар.


54

Бұл ерекшелік оның әлеуметтік мәніне қарағанда, кең шеңберде болмауы мүмкін. Бірақ әр сәбидің тіліне байланысты, оның бөлшегіне қатысты үлкен қоғамдық тілдің алғы шарттары пайда болып, қалыптасады.

Тілге қажет нәрсенің бірі — ішьсі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу процесі. Ол адамның тууымен біртіндеп өзі болады.

Екіншіден, тілдің тіл болуы үшін ең қажетті шарт — ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатына жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлесім арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның ойы тілдік тұлғалар арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлесім жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады.

Үшіншіден, тілге қажетті маңызды фактор - қарым-қатынастың болуы, яғни қатысымдық. Тілдің ең маңызды атқаратын қызметі - дыбысталу арқылы ойды сыртқа шығару. Кез келген сыртқа шыққан сөйлеу үлгісі белгілі бір ортаға тап болады. Сөйтіп, айналасындағы затпен, қүбылспен байланысқа түседі. Бұл — мәселенің бір ғана жағы.

Оның сыртында, далаға шыққан ой екінші біреуден жауап алу үшін, жоғалмай дамуы үшін қажеттілік.

Өз қызметін атқара алмаған тіл жоғалып, жойылып кетеді. Мәселен, жабайы аңдардың ортасына түскен адам бірнеше жыл сол ортада өмір сүруінің арқасында тілді үмытады. Сөйтіп, қарым-қатынас болмағандықтан, тіл өз функциясынан айрылады. Мүндай адамның ойлау жүйесі /тамақ табу, қорқынышты, қауіпті сезу, оған қарсы ойлау қабілеті бүрынғыдан шектеліп қалады. Дегенмен, қарапайым түрде болса да ойлау сақталады, ал тілдік қарым-қатынас сақталмайды, тіл болмайды. Демек, қатысымдық байланыс болмаса, тіл де өмір сүре алмайды, тіл де болмайды.

55 Қарым-қатынас — тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың

басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды қүралы — тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да — тіл. Сондықтан да тіл қатысымдық қүбылыс болып саналады.


Тіл - адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық, таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың қүралы.

Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік қүбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мүндай байланыс қоғамның қүрылысына әсер етеді.

Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды.

Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім — адамдарды қаумыдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет.

Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсінісіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ыетамақтастықта болады, түсініседі, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады.

Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді

қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға үқсамайтын, тек өзіне ғана тән

56

j сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық ерекшелігі келіп шығады.

Сөйлеу қаншама даратүрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол /адам/ сөйлесімнің қүрамдық бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі қүрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлғаларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесімнің қоғамдық орны көрінеді.

Сөйлесімнің мүндай екі жақты ерекшелігін В.Я.,Мыркин мынадай деп ажыратып көрсетеді: Сөйлесім мазмұны, мағынасы тарапынан әлеуметтік болады да, орындалуы жағынан жекелік қүбылыс болып табылады:

«Речь социально по значению и индивидуальна по исполнению».


Сөйлесімнің жекелік мәнін көрсететін тағы бір жай қарым-қатынас процесінде сөйлеу жеке адамға тән бола келіп, нақтылы бір адамның атынан айтылады не жазылады. Содан барып, сөйлеу - жеке авторға тән процесс болып саналады, себебі сөздің белгілі авторы бар.

Зерттеушілердің пікірлеріне шолу жасай келіп, сөйлесімнің әлеуметтік мәні мен жекелік қасиетінің - екеуінің де маңызды екенін атап айтуға тура келеді. Сөйлесімнің, біздіңше, жекелік мәні — оның ішкі жағы, ал әлеуметтік мәні — оның сыртқы жағы іспеттес. Өйткені сөйлесім дыбысты тілдің жұмысына, қозғалысына қатысты іске аса отырып, негізінен, адамны сөйлеу мүшелерінің ішкі әрекетіне байланысты. Сөйлесімді жүзеге асыратын тілдің өзі де ішкі фактордың әсерінен-дыбыстың жасалуынан, оның фонемалық мағынаға ие болуынан, сөздің айтылуы, немесе жазылуынан т.б. тұрады. Бұл алғышарттар сөйлесімнің осындай қасиеті индивидуальдық деп саналады да, оның ішкі факторы болып табылады.

57 ІІІ.З. Тіл және таңба

Алғаш таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демократ айналысқан. Ертедегі грек философтары мен грамматиктерінен тәлім болып қалған екі бағыт бар. Оның біріншісі — тілдің элементтері /сөз, сөйлем/ таңба болып саналуға тиіс; екіншісі — осы таңбалар адамның ойымен пайымдауымен байланысты деген пікір. Кейінірек философиядағы «стоиктер» /«стоицизм»/ мектебі де тілдегі таңба мәселесіне көңіл бөлді.

Семиотиканың бір аспектісі ретінде тіл конкертті теоретикалық проблема болып XVIII ғасырда бөлінді. ХІХ-ХХ ғасырларда тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы тіл білімі мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея XX ғасырда барлық лингвистикалық психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алды.

XVII- XVIII ғасырларда таңба проблемасын философ Д.Локк, Г.Кондильяк, XIX ғасырда американдық ғалым Ч.Пирс, философ Ч.Моррис, математик Г.Фреге зерттеген. Д.Лоьск жалпы адамзат тілін: табиғи тіл және философиялық тіл деп бөледі. Оның пікірінше, осы екі тілдің ішіндегі философиялық тіл ғылыми ұғымдардың тілі болуға тиіс. Философия тілінде материалдық таңба болып табылатын сөз бен сөйлем бар.


Д.Локк сөз мағынасы мен таңбаның арасындағы байланыс шартты түрде болады дей келіп, тілдегі таңбалық қасиетті осы қатынасқа негіздесе, Винер Н. Таңбалар теориясын коммуникативтік күйде алып қарайды.

Қазіргі кезде таңбалық системаның басты шығу тарихы кейбір жеке ғалымдарға /Пирс, Доррис/ т.б. телініп жүр. Ал, шындығында, жеке ілім ретінде бұл қүыбылыстың дүниеге

58

келуі анағүрлым күрделі, ол өмірдің зандылығынан, әлеуметтік даму қажеттелігінен туса керек. Жоғарыдағы ғалымдар —оны алғаш рет теория жүзінде дәлелдегендер. Алайда, «тіл — таңбалар жүйесі» сынды мәселесінің кең көлемде қойылуы Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады.

Ф.де Соссюр тілді таңбалар системасы деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен бара-бар деп таниды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғүрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Тіл - тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы».

Тілдің таңбалық табиғаты сөз етілгенде, сөздің дыбыстық жамылғышы мен оның /сөздің/ сематикасының өзара қатысының сыпаты еске алынады.

Тілдің таңбалық сыпаты туралы мәселе сөздің лексикалық
мәні туралы мәселемен тығыз байланысты. Ф.Де Соссюрдің
пікірі бойынша, сөздің екі жағы бар: оның бірі — таңбалаушы
/означающее/, еьсіншісі — таңбаланушы /означаемое/.

Таңбалаушы — сыртқы жақ, ол — дыбыстардың тіркесі, комплексі. Таңбаланушы — ішкі жақ, ол - ұғым, мазмұн. Ф.де Соссюр сөздің осы екі қырын ешуақытта бірінен бірін жеке бқліп қарауға болмайды олар бір-біріне байланысты шыққан деп есептейді. Ал, шындығында, мұның қайшы пікір екендігі, таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан бөлінбейтін біртүтас еместігі кейіннен шешілді. Бұл байланысты /таңбалаушы мен таңбаланушы/ бір жақты, шартты ғана екендігі жөнінде А.Ельмслев ашып айтады: «Это


59

линейностъ означающего и означаемого сама по себе оказывается абсолютно условной, немотивированной и, по существу, принципиально несущественной».

Тілдің таңбалық сыпаты деп сөйлесімді қүрайтын элементтердің жиынтығын /морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б./ және тілдік тұлғалардың қүырылысын айтамыз. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе — таңбалар жүйесін қүрайды. . Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар.

Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын жалпылама қүралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар, өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал, басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағүрлым аз болады. Бұл — бір.

Екіншіден, тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы сол: тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, үнатуын немесе үнатпауын, эмоцияның т.б. түрлерін білдіреді. Мәселен, стилистикалық синонимдер сөздердің эмоциональды және экспрессивті сапасына негізделеді. Мысалы, «қуаныш» дегеннен гөрі «шаттық» дегеннің эмоциональды — экспрессивті жағы күштірек. Сондай-ақ «жарық» дегеннен гөрі «сәуле» дегеннің эмоциялық боялуы қалыңырақ, экспрессивті қызметі күштірек болса, «сәуле» дегеннен гөрі «нүр» дегеннің эмоциональды-экспрессивті



<< предыдущая страница   следующая страница >>