shkolakz.ru 1 2 ... 21 22

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама- қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына


САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ




Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзету енгізудің қажеттігіне негіздеме

1

2

3

4

5

  1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

1

241-баптың 3-бөлігі


241-бап Жаппай тәртіпсіздік .

3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


241-бап Жаппай тәртіпсіздік .

«3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру,

екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;



Жаппай тәртіпсіздік –бұл қоғамдық қауіпсіздікті бұзатын және ауыр салдарға әкелуге қабілетті, оның ішінде көпшілік адамдар тартылатын, адам өліміне әкелетін, қауіпті қылмыс.

Жаппай тәртіпсіздіктің негізгі объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектілер өмір, денсаулық және адамдар денесіне қол тигізбеушілік, сондай-ақ жеке меншік болып табылады.

Жаппай тәртіпсіздік нәтижесі салдарының ауыртпалығын ескере отырып, оларды ауыр қылмыстарға жатқызу мақсатқа сай емес деп санаймыз. Сонымен бірге ҚК 38-бабында көзделген жазаны тағайындау принципін іске асыру мақсатында әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге жету үшін сондай-ақ сотталғандарды жөнге салу және жаңа қылмыстардың алдын алу, сотталған ретінде, сол сияқты айыппұл түрінде жазалаудың ұқсас түрімен толықтыру, бостандықтан айыру және шектеудің мерзімін ұзартуды көздеп, басқа адамдарға көрсетілген іс-қимылдарға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған шаралар ұсынылады.

2

Жаңа 338-1-бап

338-1-бап жоқ.


338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу

Ауыр зардаптарға әкеп соққан, төтенше жағдай кезінде қолданылатын уақытша шектеулер мен шараларды бұзу, сол сияқты жергілікті жердің комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау, -

екі жүзден бес жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас босатындығынан айыру түрінде жазаланады.».

ТЖ-ды уақытша шектеу және негізгі және қосымша шаралардың орындалу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершлікті белгілеудегі олқылықтарды жою мақсатында, сондай-ақ ТЖ кезінде жергілікті коменданттың жарлықтары мен бұйрықтарын орындауды қамтамасыз ету.


  1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

3

137-бап

137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртiбi

Қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады

137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртiбi

Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі жағдайларында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты белгілейтін жерлерде ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады.».



ТЖ режимі кезінде арнаулы мекемелерде орын болмағанда, қылмыс жасады деп күдіктенген, сезіктенген адамдарды ұстау мақсатында


3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

4

170-баптың жаңа 4-1) тармақшасы

170-бап. Судьяның iстi сотта қарауға әзiрлеу жөнiндегi iс-әрекеттерi


Iстiң мән-жайларын ескере отырып, iстi сотта қарауға әзiрлеу тәртiбiмен судья мынадай әрекеттердi жүргiзедi:


4-1 тармақша жоқ.


170-бап. Судьяның iстi сотта қарауға әзiрлеу жөнiндегi iс-әрекеттерi


Iстiң мән-жайларын ескере отырып, iстi сотта қарауға әзiрлеу тәртiбiмен судья мынадай әрекеттердi жүргiзедi:


4-1) тараптардың өтінішімен немесе өз бастамасымен медиация рәсімдерінің ұстанымдары мен тәртібін кәсіби медиаторлар ұйымдары түсініктемелерін тараптардың алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Азаматтық сот өндірісі міндеттері мен қағидаттарын, атап айтқанда, ҚР АІЖК 15-бабы 3-тармағын (істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.) орындау үшін, сот талқылауына істі дайындау бойынша сот функцияларын тиісті түрде қамтамасыз ету мақсатында ҚР АІЖК-ін 4-1) тармақшамен толықтыру



5

250-баптың төртінші бөлігі

250-бап. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі

мен салдары

4. Талап қоюшының не жауапкердiң өтiнiшiмен осы Кодекстiң 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша, егер тараптар өздерiнiң сот отырысында болмауының дәлелдi себептерiн растайын дәлелдемелер ұсынса, сот арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi өз ұйғарымының күшiн жояды.




250-бап. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі

мен салдары

«4. Талап қоюшының не жауапкердің өтінішімен осы Кодекстің 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, егер тараптар өздерінің сот отырысында өтініш берген адамның қатысуымен болмауының дәлелді себептерін растайын дәлелдемелер ұсынса, сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымның күшін жою туралы өтінішті сот отырысында ол сотқа келіп түскен сәттен бастап он күн ішінде қарайды.».

АІЖК 250-бабының 4-бөлігінде көрсетілген жағдайларда тараптар берген қолдау хаттарды сот қарауының іс жүргізу тәртібі және мерзімі жоқтығына қарай, келеңсіздіктерді жою мақсатында істі негізі бойынша жаңғырту туралы тараптардың қолдау хаттарын соттың қарау мерзімі мен тәртібін қайта қарау керек.

6

Жаңа 317-16 бап



317-16 – бап жоқ


317-16-бап Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот көрсеткен мерзімге дейін шағым немесе наразылық түскен жағдайда, сот шешімі шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуі қажет шағым немесе наразылық қарастырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.


АІЖК - нің 317-5-бабына сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болады және заңдық күшіне енеді. Шешімде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы аумағын тастап кететін уақыт мерзімі көрсетіледі.

Сонымен бірге АПІК нормаларына сәйкес заңдық күшіне енбеген бірінші инстанциядағы сот актілері апелляциялық тәртіпте шағым беруге жатады. Осыған байланысты, 1 шілдеден бастап, шығарып жіберу туралы сот шешіміне наразылық білдіру оны қабылдаған сәттен бастап, мүмкін кассациялық тәртіпте заңдық күшіне енген. Сондай заңдық күшіне енген сот актілері кассациялық тәртіпті сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарға кеңесі қадағалау тәртібінде қайта қаралуы мүмкін. Оның үстіне, Республика соттары шығарып жіберу туралы шешімдерді орындау үшін әдеттегідей, 2-ден 10-ға дейінгі тәулікті белгілейді.

Нәтижесінде адамды шығарып жіберу сот шешіміне шағым жасау мүмкіндігінен айырылады, бұл жалпы қабылданған азаматтардың құқықтарының нормалары мен ұстанымдарына сәйкес келмейді. Процессуалдық заңнамадағы мұндай елеулі кемшіліктердің болуы демократиялық институттарды бұдан әрі дамытуға Қазақстанның адалдығына шүбә келтіреді, біздің еліміздің халықаралық имиджіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Аталған жағдайда азаматтық істі талап етумен бір мезгілде сот шешімінің орындалуын тоқтату мүмкіндігін көздейтін АПІК 396-бабының нормалары біздің көзқарасымызша, қадағалау шағымдарын берген шығарылып жіберілген адамның құқығын толық көлемде қорғауды қамтамасыз етпейді.

Осыған байланысты, ҚР АК Жоғарғы Соттың адресіне аталған мәселе бойынша жоғарғы сот инстанциясына ұстанымын айтуды өтініп хат жіберді.

Жоғарғы Сот ҚР АК-ның қорытындыларын толығымен қолдап, шағымдану тәртібін құқықтық регламентациялауды ведомоствоаралық деңгейде қосымша талқылау қажеттігі туралы өз пікірлерін білдірді.



4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексi

7

69-баптың екіншіі бөлігі



69-бап.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік

жауаптылықтан босату

2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар, салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес


49-бап. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік

жауаптылықтан босату

2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар, салық салу және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес



«Кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 188-бабына сәйкес (бұдан әрі-Кодекс) кеден органы тауардың кедендік бақылауда болу мерзімі біткен сәттен бастап, бес жыл ішінде кедендік бақылау өткізеді. Кедендік бақылау тауар шыққаннан кейін Кодекстің 24-бөлімімен көзделген тәртіпте кедендік нысандағы тексеру өткізіледі.

Кодекстің 138-бабы 2-тармағына сәйкес кедендік органдардың талап етуі бойынша талап ету мерзімінің өтуі (кеден органы төлеушіге санауға құқылы немесе төлеушіге саналған соманы баж салығын, салықты, кедендік алымдар және өсімпұл) уақыт кезеңі ішінде кеден төлемдерініне салықты төлеуші Кеденодағының кедендік заңнасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу өтінішімен жүгінуге құқылы) бес жылды құрайды.

Кедендік тексерудің нәтижесі бойынша кедендік құнды төмендеткені, жалған деларациялау, кедендік төлемдер мен салықтар бөлігіндегі кедендік жеңілдіктердге қатысты, басқа мақсаттарда осымен байланысты талап ету мерзімі өту кезеңінде кедендік төлемдерді төлеу бойынша мемлекет бюджетіне шығын әкелетін шартты шығарылған тауарлар мен тауарларды мақсатсыз пайдалану анықталды


8

69-баптың үшінші бөлігі


69-бап . Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын бюджеттiк қатынастар, заңсыз нормативтiк құқықтық актiнi басып шығару мен қолдану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде және нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бұзғаны үшiн адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.

Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.


69-бап .Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

«3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын, қаржы және бюджет саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.»;

Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.


Заңсыз актіні қолданудың өзі созылып кеткен құқық бұзушылық болып табылады. Одан өзге, Президент Әкімшілігінің ұстанымына сәйкес әкімшілік жауапкершілік ұйымдық-басқарушылық, түсіндіру, ынталандыру сипатындағы өзге шаралар нәтиже бермегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін мүмкін төтенше шаралар болып табылады.

Сол сияқты шығарылып тасталатын норма қарастырылып отырған саладағы құқық бұзушылық үшін жазалаудың қайталанбауына сапалы түрде жетуге жәрдемдеспейді. (2012 жылғы 11 сәуірдегі ПӘ Басшысы Орынбасарының тапсырмасын орындау).



следующая страница >>