shkolakz.ru 1






Ш ы ғ а р м а


Тақырыбы: Ешкім де ұмытылмайды,

Ешнәрсе ұмыт қалмайды.


Орындаған: 8 «а» сынып

оқушысы Төлегенова Бибигүл.


Тексерген: Жұмағазиева З. С.


Шығарма


Ешкім де ұмытылмайды,

Ешнәрсе ұмыт қалмайды.


Жеңіс деген-Бауыржандар ерлігі

Құламайтын туын тіккен елімнің.


Соғыс...Бұл жақсы сөз емес, әрине.

Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.

От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн.... Оның әр минут, әр сағаты қауіп-қатерге толы болғанын сол жылдары қолына қару алып, Отан қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтар да көп еді.

Ұлы Отан соғысына қатысып, өздерінің ерліктерімен көзге түскен үш қаһарманымыз- Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов және Рақымжан Қошқарбаев. Соның ішіндегі, аты аңызға айналған тұлғаның бірі- Бауыржан Момышұлы: «Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, жетпегендер арманда кетті. Отан соғысында қаза тапқандарды ұмытпайық! Өзімізге өлгенше олардың аттарын аузымыздан түсірмей, жазғанымызды қағаздан қалдырмай айта берейік. Оларға біздің дұғамыз сол болсын!Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады. Өлгенге бақыт тірінің тірлігінде»,-деген еді.

«Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды,ол тұтас дәуірді қамтиды,қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады»,-дейді майдангер жазушы Василь Быков. Иә,шындығында да бұл солай. Біздің бүгінгі міндетіміз-тәуелсіз елдің ұландарына ұлы ерлікті тарих,әдебиет,өнер арқылы жеткізу.Соғыс шындығын ашуда, көрсетуде және бейнелеуде бұл үшеуінің рөлі өте зор.Олай дейтініміз:«Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастаса, сықырлаған қару мен сыңғырлаған тиындар қалар еді»,-деп Андрей Битов текке айтпаса керек. Иә,бұл соғыстың тарихы-халық ерлігінің тарихы. Оның шежіресі-өшпейтін,өлмейтін,тозбайтын құбылыс.


Қуырды ғой,қуырды ғой апшыны,

Соғыспенен қатар келген тапшылық.

Бір қасық сүт бір күнге өмір ұзартты,

Жалғаны жоқ-мұның бәрі нақ шыным,-иә,соғыстың қиямет, қиындығы қандай да болмасын шаңырақты айналып өтпегені баршамызға аян.Сондықтан да, көзі тірі ардагерлерімізді аялап, құрмет тұтып, ілтипат көрсету-біздің баршамыздың міндетіміз.Кешегі соғыста ерлік пен отаншылдықтың,жанқиярлық пен елдіктің,бірлік пен адамгершіліктің,татулықтың өнегесін көрсеткен бабалар үлгісі келер ұрпақ санасына мәңгі сақталуға тиіс.

Республикамызда салтанат құрып келе жатқан тыныштығымыз сол ата-әжелеріміз қол жеткізген Ұлы Жеңістің жалғасы,бейбітшілікті,ауызбіршілікті қасиетті дәстүр етіп қалыптастырған сол ата-әжелеріміз бен аға-апаларымыздың рухына кейінгі ұрпақтары,болашақ еліміздің жастары әрқашан да бас иеді.Тәуелсіз еліміздің қиыншылықтары артта қалып,жылдан-жылға қарыштап дамып,алға қарай алшаңдай басып келе жатқанының өзі де –Жеңіс емес пе?

Жадыраңқы-

Бүгін қабақ ашылған,

Жаса,Жеңіс,

Мұң-қайғыны қашырған!

Мен шаттықты-көріп тұрмын Жеңісті,

Жанарлардан алтын шуақ шашылған!