shkolakz.ru 1
ӨМІР ДЕГЕН БІРЕУ БАР


Жазықсызбын дей алман, жат көріндім,

Жазықтымын дей алман, ак көңілмін.

Өмір деген біреу бар билік құрған,

Билігінен мен соның қақ бөліндім.

Желіктіріп, су бүркіп сайтан маған,

Кезім болды әділдік айта алмаған,

Батқан ерді арқама ауырсынып,

Жауыр болған құнандай қайқандаған.

Арыммен де оңаша қалып көрдім,

Жоғалғанын іздедім, тауып бердім.

Ар-ұят деп аталар нәрестені

Қызылшақа күйінде алып келдім.

Сайтанныңда, күнәсіз періштенің

Бал мен уын талғамай неге ішкенмін?

Періштенің қайғысын бөліспедім,

Сай ғанменен болса да келіспедім,

Не істермін, тәңір-ау, не істермін!?

Анқылдаған не таптым ақ көңілден,

Несіне ердім сайтанға жат көрінген?

Өмір деген біреу бар билік құрған,

Билігінен мен соның қақ бөлінгем!

Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат

Қызык өмір, ақырын тұрсаң қарап.


Біреулердің еңбегі еш, тұзы сор боп


Біреулердің бақыты жүр сорғалап.

Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу


Ұнатамын өмірді сол үшін мен.

Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,

Құр калмайды ешкім де үлесінен.

Өліп-талып жеткенде бақытына,

Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген.

Өміріме өзімнін танданамын,

Қалмайын деп қатардан қарманамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеніме үмітпен алданамын.

Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.

Өмір керек көлеңке, шуағымен,

Өмір керек!

Басканың койдым бәрін...

Орманға, тоғай, талдарға


Оңаша жалғыз барғанда,

Серігін іздеп жалғаннан



Сұңқылдаса сұр көкек


Отырып ескі тамдарда,


Танданба, оған танданба!

Онаша сон-оу тауларға

Онаша өзін барғанда,

Құлақ сап көрші бар манға


Сыбызғы тартып сұр бұғы,


Маралын іздеп зарлауда,

Оған да, жаным, танданба!

Сорғалап соноу занғардан,


Шанқылдап қыран самғауда.


Серігін іздеп жалғаннан,

Оған да, жаным, танданба!

Үмітіңді артып арманға,

Адасып достан қалғанда,

Өзін де, жаным, жалғызсың,


Өзіне-дағы танданба!

Өкінбе жалғыз жүрмін деп,

Несіне өмір сүрдім деп.

Бәрінің де аты - жалғыздық,


Келеді бәрі бір-бірлеп,

Кетеді бәрі бір-бірлеп.

* * * * * * * * * *

Сағынып кеткенім-ай сол жылдарды,

Саялап, қуат етіп мол жылдарды.

Қосымды егістікке қондырғам-ды,

Шық қарып, табанымды тон да ұрған-ды.

Сонда да сағынамын сол жылдарды,

Сабанның арасында орным қалды.

Кешкісін оранып ап ақ сабанға,

Жатушы ек бой берместей атса жауға.

Таңертен жылы орынды қия алмаушы ек,

«Тұр, тұрлап!» бригадир қақсағанда.

Қарыма каршадайдан құрық та астым,


Масақтан дән айырып, тұлып бастым.


Қайғылы, қуанышты қайран күндер,

Қалай да мен сендерді ұмытпаспын!

Келді де соғыс деген ала шапқын,

Сайранын быт-шыт қылды бала шақтын...


Түтінін жұтпағанда жер ошақтың,

Тәттісін татпас та едім Болашақтын.

Сонда да сағынамын қайран күнді,

Сонда да жаным менің сайрап жүрді.


Қуантып жатушы еді майдан кімді...

Жылан боп, аждаһа боп түске кірді.

* * * * * * * * * *

Қабағы таудың қатулы,


Қар жауа ма, қайтеді?!

Бұлақтар мұнда батулы,

Мұз тұра ма, қайтеді?!

Ай туыпты шалқалап,

Шатынап аяз болар ма?!

Тыныстай қапты шартарап,

Шарқ ұрып дауыл соғар ма?!

Жапсан жап тауды, қыратты,

Жаусаң жау, ақ қар, үш апта!

Бұйығып жатқан бұлақты

Бұрқана келіп құшақта.

Дала, орман тегіс ілбіпті,

Соқсаң соқ, дауыл, серпіл бір!

Мына бір бейкам тірлікті

Желпіндір, дауыл, желпіндір.

Шалқадан туған Айды да

Орақ қып көкке шаншып қой.

Жол ашсан мұнға, қайғыға

Тірлігін онда мансұқ қой.

Өмір!

Өмір…

Өрекпідік өктем біз,

Кеуде қақтық…

Бірақ, көппен теп-теңбіз!

… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,

Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!


Балдауренде қиялдауды қоймаған,

Көз талдырдым мұнаралы мұнарға…

Мен бақытты шығармын деп ойлағам,

Бақыт жайлы жазған кезде шығарма.


Шалдықтырса, шала ұйқылы түндерім,

Шақырады шаңқан сәуле бір нәзік.

Бақыт құсы қонбады ма, білмедім,

Бақыт жайлы жүрмін әлі жыр жазып…


Күнімменен күмістеліп күлкім де,

Күндей мұңды… күндер күнде өтеді…

Жалғыз ғана білетінім, бұл күнде

Бақыт деген байлық емес екені…


Жарқыраса жаныңдағы жақұтың,

Қолда барды қадірсіз ғып қойған-ау….

Бақытсыздар көп ойлайды Бақытын,

Бақыт деген – Бақыт жайлы ойламау! ….

Алтын,жақұтты қайтейін,

Асыл тілім бар болса.

Мәңгі өмірді қайтейін,

Дана халықым бар болса.

Тәжу-тақты қайтейін,

Туған жерім бар болса.

Атақ,абройды қайтейін,

Ата-анам бар болса…

………………………

Бақыт іздеп өтпесінші өмірім,


Оңайлықпен ұстатпайды білемін

Ауылына жақындасам бақыттың,

Қайығымның жылжығанын сеземін.

Ақын аға сізді мақтамау керек керісінше мақтануымыз керек әр қашан айыңыз оңынан тусын дей келе Қоссейіттен жалынды сәлем!

Дулат Исабеков:

«Осы біз кітап оқымайды деп оқыр­­­манды кінәлаймыз. Ал залға сый­май кеткен осыншама оқырманы бар Қазы­бек шынында да бақытты ақын. Бақыт демекші БАҚЫТ деген сөзге бәріміз де, талай ұлыларымыз да теңеу іздеп тау­сылғанбыз. Әрқай­сысымыз әр нені айтып жүргенде Қазыбек:

Бақытсыздар көп ойлайды Бақытын,

Бақыт деген – БАҚЫТ жайлы ойла­мау!…», –

деп, бір-ақ ауыз сөзбен бар­лы­­ғы­мыздың аузымызды жапты. Бұ­ны поэзиядағы жаңалық деп ойлай­мын. Қа­зыбек жалпы болмысынан кешегі Ғабеңдерді еске салатын ақ­сүйек, бек­зат ақын».

Көктем – өлең


Түлегендей күйге түстім түнде мен,


Шалдырған соң шалдықтырып шабыт бір.


Түрегелсем түлен түрткен түрменен,


Көктем келіп, тереземді қағып тұр…


Жазбай кетсем, жалым жидіп бір демде,


Жазалайды жайбарақат жай, тегі.


Күміс күмбір күзден күтіп жүргенде,


Қыс та кетіп барады ма, қайтеді…


Кешіккенде менің муза-періштем,


Күттім шыдап, түспесін деп сөз құны.


Көру үшін көркемдікті келіскен,


Кемеліне келу керек көз нұры.


Қыспен бірге күнімді ойлап өткен аз,


Көп өкініп отырамын. Ішім – от …


Көктем келсе, көңіл байғұс көкке мәз,


Уақыт өтіп кеткенімен ісі жоқ…


Наурыз лебі тұманды айдап басымнан,


Қанаттанып кездім бір сәт жер түбін…


Сүйіншілеп қардың құтын қашырған


Бәйшешектің ерлігіне елтідім…


Үмітіме үзеңгі арттым тыншып мен,

Тірлік көзі – көктегені көненің.


Қара талға қаптай біткен бүршіктен,


Өлең өсіп кететінін көремін!..


Бақыт туралы жыр


Бақыт деген мына сенің дәл қазір,


Бақыт жайлы жаза алмаған


шығармаң…