shkolakz.ru 1 2


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылы «18» қыркүйектегі

№ 172 бұйрығымен

бекітілген


Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі және орнату талаптары


1 - тарау. Жалпы талаптар


1. Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі (поршенді) компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі мен орнату тәртібі (бұдан былай-Талап) төмендегі жағдайларда қолдануға арналған:

1) компрессорлы қондырғыларды қауіпті өндіріс нысандарында жобалауда, өңдеуде, пайдалану барысында, кеңейтуде, қайта қалпына келтіруде, жөндеу кезінде және бұзылудан сақтауда;

2) компрессорлы қондырғылардың өндірістік қауіпсіздігіне сараптама жасағанда.

2. Осы Талаптар жобаланатын, қайтадан дайындалатын және қайта қалпына келтірілетін компрессорлы қондырғыларға, сондай-ақ қолданыстағы мойынтіректі компрессорлық қондырғыларға қолданылады.

3. Талаптар тоңазытқыштық және оттегілік компрессорлы қондырғыларға, сондай-ақ радиоактивті газдар мен ацетилен тобындағы газдармен жұмыс істейтін компрессорлық қондырғыларға жүрмейді.

4. Қолданыста жүрген мойынтіректі компрессорлық құрылғылары осы Талаптарға жауап бере алмайтын ұйымдарда пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша іс-шаралар әзірленеді. Қосымша іс-шаралар белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.

5. Мойынтіректі компрессорлық құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау дайындаушы ұйымның нормативтік техникалық құжаттамасына сәйкес, осы Талаптар мен өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша бекітілген басқа да нормативтік құжаттар негізінде әзірленеді.

6. Компрессорлық қондырғыларды жобалау қолданыстағы нормативтік заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.


2 - тарау. Компрессорлық қондырғылар мен машина залдарына

қойылатын негізгі талаптар


7. Жарылысқа қауіпті газдармен жұмыс істейтін компрессорға қозғалтқыштан берілетін қозғалыс муфта мен редуктор арқылы электр қозғалтқышы роторының компрессор валына тікелей қондырылуы негізінде және қатайту болттармен біріктірілген электрқозғалтқыш пен компрессор валының фланецті (ернемекті) бірікпелері арқылы, қыстырма белдікті құрылғы арқылы жүзеге асырылады.

Қыстырма белдікті берілістерді ток өткізгіш белдіктерден немесе электрстатистикалық зарядты қайтаратын электрөткізгіш құраммен майлайды.

Жалпақ белдікті берілістерді пайдалануға жол берілмейді.

8. Егер сығымдалған газ бір мезгілде зиянды және жарылысқа қауіпті болса, онда компрессорлық қондырғыда зиянды әрі жарылысқа қауіпті газдармен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын талаптар ескеріледі.

9. Компрессорлық қондырғыны жобалық сипаттамалардан өзгеше орта мен өлшемдер негізінде пайдаланған жағдайда әзірлеуші-ұйыммен және құрылғы жобасын жасаушы-ұйыммен немесе мамандандырылған жобалау ұйымымен келісіледі.

10. Ластанған газдармен, сору линияларында жұмыс істейтін компрессорлық құрылғыларға сүзгісі мен үрлейтін құрылғылары бар стационарлы ыдыстар орнатылады.

11. Жаттықтыру кезінде және жұмыстың бірінші кезеңінде сорылған газдың таза болуы үшін барлық компрессорлық қондырғыларға уақытша сүзгілер орнатады. Олар цилиндрді жат, лас заттардың және темір қағының түсіп кетуінен қорғайды. Сүзгілердің саны мен құрылымы компрессорлық қондырғының жобасы арқылы анықталады.

12. Ластанған газдармен, сору линияларында жұмыс істейтін компрессорлық қондырғыларға ылғал бөлгіш орнатады, оның құрылымы құрылғы жобасында көрсетіледі.

13. Электр жабдығының жарылыстан қорғану деңгейі электр қондырғылары құрылғысына қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес таңдалады.

14. Компрессорлық қондырғыны орнататын бөлме категориясы өрт қауіпсіздігіне қатысты нормативтік құжаттар талабы бойынша анықталады.


15. Компрессорлық қондырғылардың бөлшектері мен түзілімі дайындалатын материалдар жұмыс істеу газының қасиеттеріне қарай, қысым көлемі мен температурасы, қоршаған орта климатологиясы және болуы мүмкін коррозияны есепке ала отырып таңдалады.

Газ құбыры мен үрлеу құбыр жолдарында (жұмыс қысымына тәуелсіз) болат арматура орнатылады.

16. Жарылысқа қауіпті және зиянды газдарды қысу үшін немесе ақырына дейін сығу үшін компрессорлы қондырғыларды өз алдына бөлек тұрған ғимараттарға немесе атмосфералық жауын-шашындардан қорғалған бастырма астына (егер компрессорлық қондырғы құжатында мынадай орналастыруға рұқсат берілген болса) орнатады.

Жекелеген негіздеулі жағдайларда компрессорлық қондырғының машина залының басқа технологиялық бөлмелерге кірігіп тұруына рұқсат етіледі.

Негізделген жекелеген жағдайларда басқа технологиялық бөлмелерге компрессорлық қондырғының машина залы кірігіп тұратын ғимараттарда жабдықтың коррозиясына ықпал ететін заттарды өндіруге немесе қоймалауға рұқсат етілмейді.

17. Компрессорлық қондырғы жабдықтары орнатылған ғимаратқа (машина залында) технологиялық немесе конструктивтік тұрғыдан компрессорларға қатысы бар жабдықтар ғана орнатылады. Олар:

1) сүзгілер, май-ылғал бөлгіштер, сепараторлар, соратын және езетін буферлі ыдыстар (ресиверлер), сатыаралық, тетіктік және ақырғы газ салқындатқыштар;

2) жеке компрессорлы қондырғылар мен машина залына ортақ үрлеу бактары, май тұндырғыш;

3) қозғалыс механизмдерін майлау жүйесі, машиналардың май бактарын қоса есептегенде;

4) цилиндрлер мен тығыздамаларды майлау жүйесі;

5) тығыздамаларды (сальник) жуу жүйесі;

6) цилиндрлік майды машиналарға беруге арналған арынды жұмсау сыйымдылығы;

7) жергілікті басқару тораптары;

8) жөндеуге арналған айлабұйым, құралдар мен қосалқы бөлшектер.

18. Орталықтандырылған майды машина залынан басқа жерлерде компрессорларға беруді қамтамасыз ету үшін және ауыстырған кезде пайдаланылған майды май багына жинап алу үшін арнайы май пункттері қолданылады.


19. Машина залы ғимараты Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы ҚНжЕ ҚР 2.02-05 және ҚнжЕ 2.09.02 талаптарына сәйкес келеді.

20. Машина жұмысынан туындайтын шу деңгейі жабдықты пайдаланған кезде жұмыс орындарына арналған нормативтік мөлшерден аспайды.

Қызмет көрсету нүктелері мен машинист кабиналарының саны және олардың орналасу реті жоба арқылы белгіленеді.

Кабинетте компрессорларды жергілікті басқару және бақылау тораптарын орналастыруға рұқсат етіледі.

Жобаға сәйкес, машинистердің кабиналары байланыс және дабыл құралдарымен жабдықталады.

21. Компрессорлар арасындағы қашықтық өткелдер мен өңдеу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалатындай етіп белгіленеді.

Жабдыққа қызмет көрсету фронты бойынша негізгі өткелдердің кеңдігі кем дегенде 1,5 м, ал жабдық пен ғимарат қабырғаларының (оның шығыңқы бөліктеріне дейінгі аралық) арасындағы қашықтық кем дегенде 1 м болуы шарт.

22. Машина залында бітелмеген арықтар мен ернеулі шұңқырлар болмайды.

23. Машина залында жабдықтарды немесе оның жекелеген бөлшектерін кіргізіп, шығаруға мүмкіндік беретін қақпа, сондай-ақ қабаттардың арасындағы жабындарда өңдеу өткелдері болады.

24. Машина залының биіктігі мен стационарлы жүк көтеру құралдарының ұшындағы ілмектің төменгі белгісін жекелеген машиналарда жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде компрессордың жинақтау бірліктерін жүк көтеру механизмдерімен тасымалдау жағдайларын есепке ала отырып таңдайды.

25. Қызмет көрсету үшін кіріп - шығуды талап ететін бөліктері мен төмен орналасқан клапандары бар цилиндрлер мен компрессорлардың іргетастарында қуыстар орнатады. Қуыстардың төменгі белгілері нөлдік көрсеткіш шегінен шықпайды.

26. Соратын және сықағыш коллекторлары ғимараттан тыс жерлерге орнатылады. Негізделген жағдайларда оларды машина залына орнатуға болады. Алайда оларды ғимарат конструкциясына қатты бекітуге болмайды.


27. Машина залында жөндеу жұмыстарын жүргізетін алаңқайлар қарастырылады.

28. Машина залының есігі мен терезесі сыртқа қарай ашылады.

29. Жабдықты монтаждау, демонтаж жасау және жөндеу жұмыстарын орындау үшін компрессорлық қондырғының машина залына стационарлы жүк көтеру құрылғылары орнатылады.

30. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымы, шу мен вибрация деңгейі қолданыстағы нормаларға сәйкес келеді.

31. Компрессордың жұмысы нәтижесінде пайда болатын зиянды әсерді азайту үшін төмендегі шарттар орындалады:

1) компрессордың іргетасын ғимарат конструкциясынан (қабырға іргетасынан, жабындардан және тағы басқа) бөледі;

2) аралас компрессорлар іргетасының арасындағы алаңқайлар жинақталатындай етіп, іргетасқа еркін сүйеніп тұратындай жасалады;

3) жергілікті жағдайларға қарай іргетастарға вибрация дірілінен қорғайтын изоляция қолданылады;

4) машинаға жалғанатын құбыр жолдары ғимарат конструкциясына қатты бекітілмейді: қатты бекіткен жағдайларда тиісті дірілден оқшаулау құрылғылары қолданылады;

5) қысым толықсуын сөндіруге арналған буферлі ыдыстар мен диафрагмалар орнатылады; оның құрылымдық өлшемдері мен орнатылатын жері газодинамикалық есеппен немесе тәжірибе жолы арқылы белгіленеді. Бірнеше компрессор қатар жұмыс істеген жағдайда әр компрессор үшін жеке-жеке құрылғылар орнатылады;

6) байланбалы құбыр жолдарын жобалаған кезде үлкен көлемдегі бұрылыстарға рұқсат етілмейді; құбыр жолдарының бағытындағы өзгерістер кішігірім радиустағы бұрылыстар арқылы жүзеге асырылады;

7) fтр құбыржолдарының бекітпелері басты гармониканың fвозм ұйытқыту импульсі жиілігінің құбыржолдарының еркін тербеліс жиілігіне қатысы төмендегі шарттарға сәйкес болады:


fвозм < 0,75 немесе fвозм > 1,3

fтр fтр

бұл жердегі fвозм =FN;


N – гармоника нөмірі;

F – компрессор валының айналу жиілігі, 1 с.

Басты гармоника дегенде оның газ пульсациясының жиілігі максималды мәнге жететін шамасын айтады. Қарапайым әрекет ететін бір цилиндрдегі N 1-ге тең. Қарапайым әрекет ететін жылжыту бұрышы 180°С екі цилиндрдегі немесе қосарлы әрекет ететін бір цилиндрдегі N 2 - ге тең.

Құбыр жолындағы газ қысымының резонансты лүпілінде (немесе резонансқа жақын) гармоника нөмірі акустикалық есеппен анықталады.

32. Компрессор іргетасындағы дірілдің рұқсат етілген көшу амплитудасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес келеді.

33. Жаңа немесе қайта қалпына келтірілетін машиналарға арналған жобалық құжаттарда цилиндрлер вибрациясын, сатыаралық аппараттарды, құбыр жолдарын, электрліқозғалтқыш мойынтіректерін бақылау жүргізіледі.

34. Компрессорлы қондырғылардағы ыдыстар мен аппараттар (тоңазытқыштар, буферлі ыдыстар, май-ылғал бөлгіштер және тағы басқа) қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалады.

35. Компрессорлы қондырғыларды пайдаланған кезде конденсат немесе басқа да сұйық өнімдер жиналып қалатын ыдыстар мен аппараттар сұйықтықты жойып отыратын құрылғылармен жабдықталады.

36. Компрессорлы қондырғы ыдыстары мен аппараттарында жууды және үрлеуді, гидравликалық сынақтарды жүзеге асыру үшін су, инертті газ линияларын біріктіретін штуцерлер(жалғастық) қарастырылады.

37. Компрессорлы қондырғылардың тоңазытқыш конструкцияларында тазалау, үрлеу және сығымдау мүмкіндіктері, сондай-ақ салқындататын су мен газдың, вибрация ағындарын болдырмаудың жолдары қарастырылады.

38. Буферлік ыдыстардың сыйымдылығы қысымның біркелкі емес дәрежесі Δ (дельта)

Δ ≤ 3Р

кіші болатындай етіп таңдалады.

Мұндағы Р – жұмыс қысымы (абсолюттік), МПа.

Буферлі ыдыстардың сыйымдылығы, газодинамикалық есеппен негізделген жағдайда май-ылғал бөлгіштің көлемі қосылады.


39. Жарылысқа қауіпті және зиянды газдарды қысымдайтын компрессорлық қондырғылардың газ құбыры жолдарын жер астына және каналмен тартуға жол берілмейді.

40. Компрессорлық қондырғылардың құбыр жолдары байламын жобалаған кезде өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша, құрылыс нормалары мен тәртіптеріне қатысты қолданыста жүрген нормативтік құжаттардың талаптары сақталады.

41. Компрессорлы құрылғылардағы құбыр жолы байламдарының фланецті бірікпелерінің саны минималды етіп таңдалады.

42. Сору және сықағыш құбыр жолдарын салған кезде вибрация әсері есепке алынады.

43. Құбыр жолдары температуралық деформацияны, статистикалық және динамикалық жүктемелерді өтейді.


3 - тарау. Компрессорлық қондырғылардың жекелеген тораптарына қойылатын спецификалық талаптар


44. Компрессорлық қондырғының бекемдігін қамтамасыз ету үшін:

1) бағыттауыштың фонарі мен фонарлық бөліктерінен газды шығару;

2) тығыздамаларды жуу жүйесінің бактары мен тығыздамалардан газды шығару;

3) төменгі қысымды үрлеу ыдысынан газды шығару қарастырылады.

45. Жабдықтың апатты жағдайда тығыздамасы жойылғанда сөндіру құрылғыларының іске қосылу уақыты минималды етіп таңдалады. Бірақ ол қысым көздерін сөндірудің белгіленген уақытынан кем болмайды. Сондай-ақ, қоршаған ортаға жанғыш бу-газ өнімдерінің түсуін болдырмайды.

46. Рұқсат етілген концентрация (әрі қарай-РЕК) бойынша өндірістік ғимараттардағы, сыртқы құрылғысы ашық жұмыс аумағындағы газбен ластану деңгейі мен жалын таралуының төменгі концентрациялық шегін (әрі қарай-ТТКШ) анықтау үшін рұқсат етілген мөлшерді беретін сигнализациясы бар автоматты газ талдау құралдары орнатылады.

Ондайда барлық газбен ластану жағдайлары құралдар арқылы тіркеліп отырады.

47. Сынама үлгісін алатын талдағыш құрылғылардың немесе бергіштердің саны мен орнатылатын орны жобада қарастырылады.

Компрессорлық қондырғының конденсат пен май жиналып қалатын тораптарындағы конденсат пен майды газдан бөлу мақсатында тораптар үрлеу багына қарай үрленеді.


Үрлеу багын бірінші сатылы сору линиясымен және атмосферамен жалғайды, бактың бір мезгілде газ коммуникациясына қосылуына кедергі жасайтын құрылғы қарастырылады.

48. Компрессорлық қондырғылар жобаға сәйкес, гидро қақпақпен, түсіру вентильдерімен немесе бекемдігін бақылайтын және газдың шығып кетпеуін болдырмауды қамтамасыз ететін қосарланған тығын арматурасымен жабдықталады.

49. Жобаға және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес компрессорлық қондырғылар сақтандырғыш клапандармен жабдықталады.

50. Бекемдігі жағынан алғанда тығын арматуралары қолданыстағы нормативтік құжаттар талабына сәйкес таңдалады және жобада негізделеді.

51. Компрессорлық қондырғыларды сөндіру сорғанда да, сықаған кезде де олардың арасында орналасқан қосарлы вентильді арматураның көмегімен жүзеге асырылады.

Егер сору қысымы 0,1 МПа төмен болса құрылғыны сору линиясы бойынша сөндіру тығын органының бірінің көмегімен жүзеге асырылады.

Негізделген жағдайларда тығынды ысырманың біреуінің орнына бұрылыс бұқтырмасы пайдаланылады. Ол компрессор жағынан орнатылады.

52. Аралық сатылардан кейінгі газды жинау линияларында сөндіру арасында тығынды желдеткіші бар екі тығын органы арқылы жүзеге асырылады.

53. Компрессорлық қондырғылар газды жабық немесе факельді жүйеге лақтырудың төтенше жүйесі автоматты түрде қамтамасыз етіледі.

54. Тығынды, реттеуші және сақтандырғыш арматураның типі жобаға және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкес таңдап алынады.

55. Компрессорлық қондырғылар жобаға сәйкес және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша нормативтік-техникалық құжаттар талабына сай үрлеуші, инертті газбен немесе ауамен қамтамасыз етіледі.

56. Үрлеу газдарының өлшемдері, соның ішінде инертті газдағы оттегі мен механикалық қоспалардың өлшемдері нормативтік құжаттардың талабына сәйкес, дайындаушы тарапынан жобада қарастырылады.


57. Компрессорлық қондырғының конденсат пен май немесе конденсат-май қоспасы жиналып қалатын тораптарындағы газды сұйықтықтан ажырату үшін үрлеу багына үрлейді.

58. Газ линиясы бойынша үрлеу багын бірінші сатылы сору линиясымен немесе басқа компрессорлық қондырғы тораптарынан келіп түскен газды қабылдайтын жабық жүйемен жалғайды.

59. Көп сатылы сығымдауышы бар компрессорлық сығу қондырғыларында аппараттарды жоғары қысымды үрлеу багына және үрлеу вентилі арқылы төменгі қысымды үрлеу багына үрленеді. Жоғары қысымды бак үнемі бірінші сатылы сору линиясымен қосылып тұрады. Ал, төменгі қысымды үрлеу багын жабық жүйемен жалғайды.

60. Компрессорлық қондырғылардың үрлеу аппараттарына екі вентиль орнатылады: бірі дросселдеу қызметін, ал екіншісі тығын қызметін атқарады.

61. Үрлеу құбыржолдары беріктікке есептеледі:

1) тығынды органға дейін және дросселдеуші органды қоса-сатының жұмыс қысымына;

2) тығынды және дросселдеуші орган сыртында-үрлеу багындағы сақтандыру клапанын ашу қысымына;

3) тығынды органның сыртынан үрлеу багына дейін-толықтай ашылған тығынды үрлеу органдары арқылы газ өткен жағдайға белгіленген газодинамикалық есептің қысымына.

62. Машина залында орнатылған бірнеше компрессорлық қондырғының біреуін ауада сынаған кезде ауамен жұмыс істейтін машина аппаратының үрлегішін жалпы үрлеу коллекторына және үрлеу багына бағыттауға рұқсат етілмейді. Ауада сыналу кезінде компрессорлы құрылғыны сөндіру алынбалы құбыр жолдары учаскесінің көмегімен жүзеге асырылады.

63. Үрлеу әдісі (қолмен немесе автоматты түрде) компрессорлы құрылғыны жүйелі басқару жобасы арқылы анықталады.

64. Компрессордың әр сатысының сықағыш линиясын сақтандыру клапанымен жабдықтайды. Сығымдаушы компрессорлы құрылғыларда бірінші сатының алдына да сақтандыру клапанын орнатады.

65. Сақтандыру клапанындағы газды ағыны аз жерлерден жинап алады. Тығынды арматураны сақтандыру клапанына дейін немесе одан кейін орнатуға рұқсат етілмейді.


66. Егер газ клапанда дросселдену кезінде төменгі температураға дейін салқындайтын болса сақтандыру клапанын тоңазытқышқа дейін сықағыш құбыржолына орнатады.

67. Сақтандыру клапандарының өткізгіштік қабілеті мен олардың санын жүйеде артық жұмыс қысымынан асатын қысым пайда болмайтындай етіп таңдайды:

1) 0,3 МПа (3 кгс/см²) дейінгі жүйеде 0,05 МПа артық (0,5 кгс/см²) артық жұмыс қысымында;

2) 0,6 МПа (6 кгс/см²) дейінгі жүйеде 15 пайыз артық жұмыс қысымында;

3) 6 МПа (60 кгс/см²) жоғары жүйеде 10 пайыздық артық жұмыс күшінде.

68. Жарылыс қауіпті және зиянды газдарды қысымдайтын компрессорлы қондырғыларда сақтандыру клапандары серіппелі етіп, бақылау үрлегіштеріне арналған рычагсыз таңдалады.

69. 50 кПа (су бағанының 5000 мм) көрсеткішінен төмен артық қысымнан газ қысымдайтын компрессорлы құрылғыларда 1-сатылы сақтандыру клапаны іске қосылғанда газды 1-сатылы сору линиясына қайтарады.

Компрессорлық сығу қондырғыларында сақтандыру клапаны іске қосылған кезде газ жабық жүйеге немесе факелге жіберіледі.

70. Әрбір сақтандыру клапаны компрессорлық қондырғыны дайындаушы зауытта реттеледі және клапанның корпусында реттеу қысымы жазылады. Бұл қысым сатының жабық жүйедегі қысымға қарсылық есепке алынған және жобалық құжаттарда көрсетілген есептік өлшемдеріне сәйкес келеді.

71. Егер, өндіру тегіне немесе лақтырылатын газдың қасиеттеріне байланысты сақтандыру клапаны сенімді жұмыс істемесе және бекемдікті қамтамасыз ете алмаса, онда өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттар талабына сәйкес ыдыс сақтандыру мембранасымен жабдықталады.

72. Сақтандыру клапандарын қызмет көрсетуге қолайлы жерлерге орнатады.

73. Компрессорлық қондырғылар сумен және ауамен салқындатудың сенімді жүйесімен қамтылады.

74. Сумен салқындататын компрессорлық қондырғыларға жабық циркуляциялы салқындату жүйесі қолданылады.

Егер компрессорлық қондырғының құрылымында ашық салқындату жүйесі қарастырылса және оны қолданатын өндірісте сумен қамтамасыз ететін ашық жүйе болса ашық жүйені қолдануға рұқсат етіледі. Салқындату жүйесінің жұмыс режимі компрессорды пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарымен қабылданады және жобада негізделеді.

75. Салқындатудың жабық жүйесі қолданылған кезде компрессорлық қондырғы су ағынын және судың газ жолдарына түскендігін хабарлайтын бақылау құралдарымен жабдықталады. Бақылау әдістері мен мерзімділігі дайындаушы зауыттың компрессорларды пайдалану бойынша нұсқаулықтарында көрсетіледі. Судың газ жолдарына түскендігін анықтау үшін пайдаланылған суды машина залынан шығару коллекторына дабыл қағу құрылғысы орнатылады.

76. Газбен немесе газ қоспаларымен жұмыс істейтін, сыққан кезде конденсат түсетін компрессорлы құрылғыларда цилиндр қабырғаларының температурасын сығылған газдың немесе газ қоспасы конденсатының түсу температурасынан 100С жоғары етіп ұстайды.

77. Салқындату жүйесінен суды ағызып жіберу үшін ағызу айлабұйымдары мен вентильдер қолданылады және оларға кіруге жағдай жасалады.

78. Компрессорлық қондырғылардың салқындату жүйесінде пайдаланылған судың сапасы дайындаушы ұйымның құжаттарымен нақтыланады:

1) өсімдік және механикалық қоспалар құрамы 25 мг/л артық емес;

2) уақытша қаттылығы 5 мг экв/л артық емес;

3) тұрақты қаттылығы 15 мг экв/л артық емес.

79. Компрессорлық қондырғылардың су құбыры жүйесі жұмыс және резервтік компрессорлардың қысқа мерзімді бір уақытта жұмыс істеу шартымен таңдалады және жобада мақұлданады.

80. Майлау жүйесі майдың компрессорға үздіксіз түсіп тұруын қамтамасыз етеді.

81. Қозғалыс механизмін майлау үшін және тығыздамаларды жуу үшін циркуляциялы жүйелер (мәжбүр жабық контур бойынша) қолданылады.

82. Цилиндрлер мен тығыздамаларды майлау үшін майлау станцияларының лубрикаторларынан май беру қысымы астында майлау жүйесін қолданады. Қолданылатын майлардың тұтану температурасы езгіленетін газ температурасынан кем дегенде 200С жоғары болады.


83. Қозғалыс механизмін майлау және тығыздамаларды жуудың циркуляциялы жүйелерінде сүзгілі құрылғылар қолданылады, олар майды белгіленген нормадан тыс ластайтын заттардан тазартуға мүмкіндік береді.

84. Қозғалыс механизмдерін майлау және тығыздамаларды жуудың циркуляциялы жүйесінде қысым мен май қысымын реттейтін клапандарды бақылау жүйесі қарастырылады.

85. Компрессор тораптарын (қозғалыс механизмі, цилиндрлер мен тығыздамалар) майлауға және тығыздамаларды жууға арналған майлар дайындаушы ұйым нұсқаулығындағы талаптарға сәйкес таңдалынады.

86. Майды цилиндрлер мен тығыздамаларға берудің әрбір линиясы кері клапанмен жабдықталады.

87. Майлауға арналған майларды беру және ағызудың орталықтандырылған жүйесінде төмендегілер қарастырылады:

1) таза компрессор майына (цилиндрлер мен тығыздамаларды майлау және тығыздамаларды жуу үшін) арналған, майды бөшкеден беруге арналған насосы бар ыдыс;

2) компрессор майы құйылатын ағыны жоғары бак, одан май компрессор лубрикаторларына түседі; лубрикаторлар машина залына компрессор құрылғысынан 3-4 м биіктікке орнатылады.

Таза компрессор майын ыдыстан ағынды бакқа беру майды бөшкелерден ыдысқа құятын насостар арқылы жүзеге асырылады;

3) таза және пайдаланылған машина майына арналған насосты ыдыс; сол май насос арқылы бөшкеден таза машина майын құятын ыдысқа қабылданады және ыдыстан компрессорлардың май бактарына жіберіледі;

4) пайдаланылған машина майларына арналған ыдыстан пайдаланылған машина майын бөшкелерге немесе автоцистерналарға жөнелту.

Насостарды пайдаланған кезде жаңа май мен пайдаланылған майдың араласуына, сондай-ақ оның еденге тамуына жол беруге болмайды.

88. Насостың сықағыш линиясына майды ыдысқа берер алдында тазартуға арналған сүзгілер жасалады.

89. Пайдаланылған майды компрессордың картерлерінен ыдысқа құю қозғалыс механизмін циркуляциялы майлау жүйесінің насостары арқылы жүзеге асырылады, ол үшін насостың арынды линиясына арматура мен қайтару жүйесі қарастырылады.


90. Циркуляция жүйесіндегі май насос жетегі, механизмді майлау, қозғалыс машинаның коленвалынан шығатын компрессорлар үшін майды май блоктарынан тартып алу бірнеше машинаға ортақ насостың көмегімен жүзеге асырады.

91. Компрессорларды ғимараттың сыртына орнатқанда, қыс кезінде сенімді пайдалану үшін, майды және май жолдарын алдын ала қыздырып алу қажет; майдың шырындануын болдырмау үшін жылу тасымалдағыштың температурасын 1100С жоғары етіп белгілейді.

Компрессорларды майлау жүйесінде термотұрақтандыру құрылғысы пайдаланылады, ол машинаны іске қосқанда да, қалыпты жұмыс жағдайында да майды белгіленген температурада ұстап тұруға мүмкіндік береді.

92. Компрессорлы құрылғыны дайындаушы зауыттың нұсқаулығында майды ауыстыру мерзімі, сондай-ақ май желілерін дайындауға арналған арнайы талаптар (ішкі қабатын тазалау, жуу және тағы басқа) көрсетіледі; ол талаптар май жолдарында лас заттардың жиналып қалуын болдырмайды.

93. Жабдықпен жұмыс істеу алаңдарының бәрінде биіктігі 0,9 м кем болмайтын қоршаулар мен төменгі жағынан биіктігі 0,15 м кем болмайтындай етіп тұтас қапталған болады.

Монтаждау ойықтары да осылайша қапталып, қоршалған болады.

94. Жабдықта тұрақты түрде (ауысым сайын) қызмет көрсету алаңдарына апаратын баспалдақтар, қандай биіктікте орналасқандығына қарамастан, 45° еңкіштеу болып келеді, ал кезеңдік қызмет көрсету алаңдарына 60°.

95. Еден деңгейінен 3 м астам биіктікте орналасқан жабдыққа кезеңдік қызмет көрсету алаңдарына кіру үшін тік баспалдақ құрылғыларын пайдалануға рұқсат етіледі.

Иілу бұрышы 45° болатын баспалдақтар сатысының биіктігі 0,2 м, ал иілу бұрышы 60° градустық және тік баспалдақтар үшін 0,3 м етіп таңдалады.

Иілу бұрышы 45°және 60° градустық баспалдақ сатыларының ені 0,2 метрге тең болады.

Еденнен отырғызу, крандарды жөндеу алаңдарына кіруге арналған баспалдақтар иілу бұрышы 45° және 60° градус есебінде орындалады.


96. Компрессордың барлық қозғалатын және айналатын бөліктері мен оның жабдықтары (маховиктер, валдар, муфталар, берілістер және тағы басқалар) мықтап қоршалады.

97. Қызмет көрсету персоналына жақын орналасқан маховиктер, шкивтер мен компрессордың айналатын бөлшектері, берілістер тұтас немесе торлы қоршаулармен қоршалады.

98. Валдардың шығыңқы шеттері, гайкалар, болттар, шпонкалар мен компрессорлы құрылғының айналмалы бөліктерінің басқа да элементтері дөңгелек тегіс футлярлармен (былғары қаптамамен) жабылады.

99. Жергілікті паналау орындары, қалқандар мен қоршаулар алынып салынатын етіп немесе оңай бөлшектенетіндей болып жасалады. Рабайсыз қоршаулар жабдықты жөндеу барысында және тасымалдауға ыңғайлы болу үшін олардың ажырататын жерлері болады.

100. Қоршаудың біріккен жерлері мен бөлшектері мықтап бекітіледі және жеткілікті деңгейде берік әрі қатты болады.

101. Ауысқыш және дамылсыз жүктемемен жұмыс істейтін, вибрация беретін немесе айнала қозғалатын барлық бөлшектер, ажыратылатын бірікпелер мен жинау бірліктері үшін гайкалардың өздігінен бұралуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.

102. Температурасы 45°С асатын құбыр жолдары мен аппараттардың беткі қабатының қызмет көрсететін персоналдың денесіне тиетін жерлері оқшауланады немесе қоршалады.

Компрессор цилиндр сыртының беткі қабаты оқшаулауға жатпайды.



следующая страница >>