shkolakz.ru 1 2 3 4

12.4.2. Банкпен ұсынылған қызметтердің құны Банкпен Клиенттің шотынан ақшаны акцептсіз алу арқылы Банкпен бекітілген Тарифтерге сәйкес Клиентпен/Карточка ұстаушымен төленеді.

12.4.3. Карточкалы аударымдар және төлемдер Клиенттің шотында ақша жеткілікті болған жағдайда жүргізіледі.

12.4.4. Өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде Карточкалық операцияларды жүргізу кезінде Карточка ұстаушы қолданылатын техникалық құрылғылардың (Банкоматтар, Cash & Pay, Cash Inn және басқалар) нұсқаулықтарын қатаң сақтауға міндеттенеді.


13. Тараптардың құқықтары және міндеттері


    1. Банк құқылы:

      1. осы Шартпен және Клиент пен Банк арасында жасалған басқа шарттармен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Клиенттің Шоты бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға;

      2. Клиенттің нұсқаулығын орындау үшін жеткілікті ақша сомасы Клиенттің Шотында болмаған жағдайда, оның нұсқауын қабылдаудан бас тартуға, Клиенттің шотына қойылған талаптар орындалмаған жағдайда, Клиенттің Шотын жабуға;

      3. Клиенттен төлемдерді жүргізу және валюталық операцияларды жүзеге асыру негіздемесін растайтын құжаттарды сұрауға;

      4. Банктің жаңа Тарифтерін енгізгенге дейін бес операциялық күн бұрын шот ашылған Банк филиалының операциялық залында хабарламалар ілу арқылы Клиентті міндетті түрде хабардар етумен Банк Тарифтеріне өзгерістер енгізуге;

      5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Клиенттің Шотын жабуға;

      6. Шарттың 5.6 т. қарастырылған тәртіпте Клиенттің/Карточка ұстаушының қосымша жазбаша келісімінсіз Банкте және өзге банктерде ашылған Клиенттің Шотынан және/немесе кез келген банктік шоттарынан ақшаны Клиенттің Банк алдындағы міндеттемелерді бойынша берешек сомасына дебеттеуге және/немесе акцептсіз тәртіпте алуға;
      7. ұтыстар, жарнамалық, ақпараттық сипаттағы акциялар өткізу үшін Клиентті/Карточка ұстаушыны тартуға. Клиент/Карточка ұстаушы тегі, аты, әкесінің аты, ұтыс немесе сыйлық мөлшері, сомасын көрсетіп, ол туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамалық, ақпараттық материалдарда жариялауға, сонымен қатар Банктің жарнамалық және ақпараттық қызметімен тікелей немесе жанама байланысты өзге шараларды жүргізуге Банкке келісімін береді;


      8. заңнамамен немесе Шартпен қарастырылған өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, Кредиттік карта бойынша мерзімі кешіктірілген берешектің туындауы туралы, Клиенттің кез келген шоттарынан кредиттік карта бойынша мерзімі кешіктірілген берешек сомасын акцептсіз тәртіпте есептен шығару фактісі туралы кредиттік карта бойынша төлем күнінің жақындағандығын Клиентке хабарлауға. Хабарлама телефонға қоңырау шалу, sms-мәлімет, электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады (Клиентпен көрсетілген кез келген телефон нөміріне). Қоңырау шалу сағат 9-00-дан 22-00-ге дейін кез келген күні (демалыс және мереке күндерін қоса алғанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

    2. Клиент құқылы:

      1. Шартпен бекітілген талаптарды және шектеулерді ескеріп, Шоттағы ақшаға өзінің қалауы бойынша билік жүргізуге;

      2. Шот бойынша үзінді (анықтама) алуға;

      3. Шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға және Шартқа сәйкес Шотты жабуға;

      4. заңнамамен немесе Шартпен қарастырылған өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

    3. Банк міндеттенеді:

      1. Клиентке оның талабы бойынша Клиенттің Шоты бойынша үзінді (анықтама) ұсынуға;

      2. Клиенттің Шот бойынша операциялар жүргізу туралы нұсқауын алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған тәртіпте және мерзімде оны орындауға немесе орындаудан бас тартуға;

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және кезектілікте Клиенттің Шотына ұсынылған нұсқауларды орындауға.

    4. Клиент міндетті:

      1. Банк тарифтері негізінде осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын Банк қызметтерін төлеуге;
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төлемдер/аударымдар жүргізу және төлем құжаттарын ресімдеу, валюталық операцияларды жүргізу ережелерін сақтауға;


      3. Клиенттің Шоты бойынша үзінді алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде хабарламада өзінің төлем тапсырмаларының және анықталған қате деректемелерін көрсетумен, нұсқауларды рұқсатсыз орындау туралы, Клиенттің Шоты бойынша қате жүргізілген операциялар (соның ішінде орындалған төлем тапсырмалары бойынша) туралы Банкке жазбаша хабарлауға;

      4. үшінші тұлғалармен Клиенттің Шотына ұсынылған акцептті талап ететін төлем талаптарды акцепттеуге немесе Клиенттен нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде олардың акцепттелуінен негізді түрде бас тартуға және оларды Банкке қайтаруға;

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шартымен қарастырылған өзге міндеттемелерді орындауға.

14. Тараптардың жауапкершілігі

14.1. Клиент/ Карточка ұстаушы жауап береді:

14.1.1. Карточканы тиісті түрде пайдаланбаған және/немесе осы Шарттың кез келген өзге ережелерін дұрыс орындамағаны үшін толық көлемде Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген зияндар шегінде;

14.1.2. Қосымша карточканың/лардың ұстаушыларымен Карточкаларды пайдалану талаптарын және осы Шарттың ережелерін орындамау және/немесе тиісті түрде орындамау үшін - толық көлемде Банкке келтірілген зияндар шегінде;

14.1.3. Карточка ұстаушымен және/немесе Қосымша Карточка ұстаушылармен Банкке Карточканың жоғалған/ұрланған фактілері туралы хабарлағанға дейін Карточканы үшінші тұлғалармен рұқсатсыз пайдаланғаны немесе оны уәкілетті емес тұлғаның пайдаланғаны және Банкпен Карточканы шектегені үшін - Банк және/немесе үшінші тұлғалар көтерген зияндарды;

14.1.4. осы Шартқа сәйкес Банкке ұсынылған ақпараттың толықтығы және шынайылығы үшін. Карточка ұстаушы Карточка ұстаушының Өтінішінде мазмұндалған кез келген өзгерістер немесе онымен Банкке ұсынылған құжаттарда мазмұндалған ақпараттар, мәліметтер, деректемелер, аты-жөні және т.б. туралы Банкке 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде хабарлауға міндетті. Дұрыс емес немесе толық емес ақпараттарды ұсынған жағдайда, сонымен қатар ақпаратты дер кезінде ұсынбаған жағдайда Карточка ұстаушы Банкке осыған байланысты туындаған зиянды толық көлемде қайтарады;


14.1.5. осы Шарттың талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша Банк алдындағы кредитті, есептелген сыйақыны, овердрафтты, айыппұлдарды, комиссияларды және/немесе кез келген өзге Берешектерді өтемегені, мерзімін кешіктіргені үшін;

14.1.6. ұрланған/жоғалған Карточканы дер кезінде шектемегені үшін, сонымен қатар Шотқа рұқсатсыз қол жеткізу үшін - Банкке және/немесе басқа Негізгі/Қосымша Карточка ұстаушыларға келтірілген зияндарды толық көлемде;

14.1.7. «Дербес ЕКБ» «Интернет-банкинг» жүйесіне кіруді өз уақытында шектемегені үшін – Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген зияндар үшін толық көлемде;

14.1.8. Шотқа қате есептелген ақшаны Банкке қайтармағаны/өз уақытында қайтармағаны үшін – қайтарудың әрбір кешіктірген күні үшін Банкке қайтарылмаған ақша сомасының 0,1% мөлшерінде есептелетін өсімпұлды ескеріп, қайтарылмаған/өз уақытында қайтарылмаған сома мөлшерінде;

14.1.9. осы Шартты жасаумен және орындаумен байланысты Карточка ұстаушыға белгілі болған Банк туралы құпиялы ақпараттың жария болуы үшін – осындай ақпараттың жария болуы салдарынан толық көлемде Банкке келтірілген зияндарды;

14.1.10. осы Шартпен қарастырылған тәртіпте Карточка ұстаушымен ұсынылған Өтінішке сәйкес Карточка бойынша Операциялардың тәуліктік лимитін Банкпен ұлғайту салдарынан Банкке келтірілген зияндар үшін – толық көлемде Банкке келтірілген зияндарды.

14.1.11. Интернет, пошта және/немесе телефондық тапсырыстар арқылы тауарларды және/немесе қызметтерді төлеу үшін Карточканы пайдаланумен (оның деректемелерін) жүргізілген барлық Карточкалық операциялар үшін.

 

14.2. Банк жауап береді:

14.2.1. Банк Карточка ұстаушымен Берешекті өтеу бойынша құқықтарды (талаптарды) шеттететін жағдай немесе үшінші тұлғаларға Карточка ұстаушыдан Берешекті өтеуін талап етуді тапсыратын жағдай, немесе Карточка ұстаушымен негізгі борыш сомасын қайтармаған немесе қайтару мерзімін, есептелген сыйақыны, комиссияларды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды төлеу мерзімін кешіктірген жағдайдан басқа, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлардан басқа, Банкпен банктік шоттың, қалдық ақшаның болуы, ол бойынша қозғалыстар және заемдар туралы ақпараттың үшінші тұлғаларға жария болуына;


14.2.2. Карточка ұстаушының пайдасына түскен ақшаны Шотқа есептелуін кешіктіргені (Банк барлық қажетті және тиісті түрде ресімделген төлем және өзге құжаттар болған жағдайда), сонымен қатар осы Шартқа сәйкес Банкке ұсынылған Карточка ұстаушының нұсқауларын орындауды кешіктіргені үшін.

 

14.3. Банк жауапты емес және Клиент/Карточка ұстаушы келіседі:

14.3.1. Егер Карточка қандай да бір үшінші тұлғамен төлемге қабылданбаса;

14.3.2. Егер Карточка ұстаушы келген елдің валюталық шектеулері, сонымен қатар банкоматтардан немесе банк бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны алу сомасына қойылған шектеулер Карточка ұстаушының қандай да бір мүдделеріне қатысты болса;

14.3.3. Карточка арқылы сатып алынған, сосын Сауда және сервис Кәсіпорнына қайтарылған тауар үшін, Банк Сауда және сервис Кәсіпорнымен ресімделген кредиттік чек/слип негізінде тауардың құнын қолма-қол ақшасыз Карточка ұстаушының шотына ақшаны есептеу арқылы қайтарады.

14.3.4. Егер PIN-код немесе код сөзі Банктің қатысынсыз үшінші тұлғаларға белгілі болса.

14.3.5. Төлем жүйесі және Сауда және сервис Кәсіпорны/Қолма-қол ақша беру орны арасындағы байланыстың болмауы салдарынан Карточкалық операцияның орындалуы туралы сұрату Банкке келіп түспеген жағдайда, Карточкалық операцияларды жүзеге асыру мүмкінсіздігі үшін.

14.3.6. егер Карточка ұстаушы аталмыш байланыс арналары бойынша сұрау жіберсе немесе аталмыш байланыс арналары арқылы деректерді жіберуге нұсқау берсе, Ашық байланыс арнасы бойынша Карточка ұстаушымен жіберілетін мәліметтердің құпиялығы үшін, соның ішінде SMS, e-mail, факс, телефон және тағы басқалар;

14.3.7. Банкпен бекітілген мерзім ішінде Клиентпен Берешекті өтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу барысында үшінші тұлғаларға Клиент/Клиенттің шоты бойынша құпиялы ақпаратты жария еткені үшін.


14.3.8. Карточкаларға қызмет көрсету орнының Банктің авторлау туралы жауабын алмағаны үшін;

14.3.9. жоғалған/ұрланған Карточканы Карточка ұстаушымен өз уақытында шектемеу салдары үшін, сонымен қатар Шотқа үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуі кезінде;

14.3.10. «Интернет-банкинг» жүйесіне кіруді Карточка ұстаушымен өз уақытында шектемеу салдары үшін;

14.3.11. Ақша тәркіленген жағдайда Шот бойынша Карточкалық операцияларды орындау мүмкінсіздігі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалардың актілері негізінде Шот бойынша операцияларды тоқтату үшін, сонымен қатар акцепті талап етілмейтін төлем құжаттарды ол бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін картотекаға есепке алу кезінде шығыс операцияларын тоқтатқаны үшін;

14.3.12. Карточка ұстаушымен Негізгі және/немесе Қосымша Карточка ұстаушылардың үшінші тұлғаларына «Интернет-банкинг» жүйесінің авторлау параметрлерін (Пайдаланушының атауы, паролі, жады сөзі), PIN-код нөмірін, Код сөзін беру салдарынан Карточка ұстаушыға келтірілген зиян үшін;

14.3.13. Банктік құпия жария болған жағдайда немесе Карточка ұстаушылар немесе Қосымша Карточка ұстаушылар осы Шарттың және заңнаманың талаптарын орындамау және/немесе тиісті түрде орындамау салдарынан үшінші тұлғалар Шотта орналасқан ақшаға қол жеткізген жағдайда, соның ішінде «SMS-банкинг» қызметтері ұсынылатын Карточка ұстаушы ұялы телефонын жоғалтқан жағдайда;

14.3.14. келесі жағдайларға байланысты тікелей бақыланбайтын төлем жүйелерінің, электрондық құрылғылардың, Банкоматтардың бұзылуы үшін:


  • Эквайермен жүргізілетін авторланған сұрау Банкпен алынбаған жағдайда;

  • Банкпен жіберілетін авторланған жауап Эквайермен алынбаған жағдайда.

14.3.15. Банктің қызмет көрсету желісіне қатысты емес ақша беру орындарымен Карточка бойынша қолма-қол ақшаны беру үшін (Тарифке қатысты емес) қандай да бір қосымша сыйақы алғаны үшін.


14.3.16. Банк Интернет, пошталық және/немесе телефон тапсырыстары арқылы тауарларды және/немесе қызметтерді төлеу үшін Карточканы (оның деректемелерін) қолданумен жүргізілген Карточкалық операцияларға жауап бермейді.

14.3.17. Банк үшінші тұлғалармен қамтамасыз етілетін, пайдаланылатын және/немесе қызмет көрсетілетін байланыс желісі немесе желілер және/немесе электр жарықтың берілуімен, жабдықтармен байланысты қызмет көрсету жүйесінің қандай да бір апаттары, бұзылуы үшін жауап бермейді.

 

15. Шартты өзгерту тәртібі

15.1. Банк осы Шартқа бір жақты тәртіпте өзгерістер енгізуге құқылы. Шартқа енгізілген өзгерістер туралы Банк Клиентке/Карточка ұстаушыға www.bta.kz электрондық мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банктің ресми сайтына ақпараттарды жариялау, сонымен қатар ақпараттарды Банк бөлімшелерінде жариялау арқылы хабарлайды.

15.2. Клиент/Карточка ұстаушы Банкке енгізілген өзгерістерді ескеріп Шарттың ережелерін қабылдамау туралы өтінішті Банкпен өзгерістер енгізу туралы ақпарат жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде ұсынбауы Клиенттің/Карточка ұстаушының Шарттың жаңа редакциясымен (өзгерістерімен) келісімін және енгізілген өзгерістерді ескеріп, толығымен оған қосылатындығын білдіреді.


16. Шарттың әрекет ету мерзімі және бұзу тәртібі

16.1. Шарт Банк Клиенттен осы Шартқа қосылу туралы өтінішті алғаннан кейін жасалған болып саналады. Өтініш төлем карточкасын шығару және Өтініште ашық шоттың және шығарылған төлем карточкасының деректемелерін көрсету туралы шешім қабылданғаннан кейін Банкпен қабылданған болып саналады. Клиенттің осы Шартқа қосылу туралы өтінішін Банкпен қабылдауы Клиенттің осы Шартқа қосылуын және Банк пен Клиент үшін Шарттың заңды күшіне енуін білдіреді.

16.2. Шарт Шотты жапқанға дейін әрекет етеді. Шотты жабу Клиенттің Шотты жабу туралы жазбаша өтініші негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жүргізіледі.


16.3. Банк осы Шартты бұзар алдында 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Клиентке/Карточка ұстаушыға осы туралы хабарлау арқылы кез келген уақытта осы Шартты бұза алады. Осы жағдайда Банкпен Карточкаларды қайта шығару жүргізілмейді және Карточкалар Банкпен көрсетілген Шартты бұзу күні жойылады. Клиент/Карточка ұстаушы Банкпен хабарламада көрсетілген Шартты бұзу күніне дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жиналған Берешекті өтеуге міндеттенеді. Егер Клиент/Карточка ұстаушы осы Шарттың тармағымен қарастырылған міндеттерді орындамаса, Шарт Клиент/Карточка ұстаушы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін тиісті бөлігі бойынша әрекет етеді.

16.4. Клиент/Карточка ұстаушы Шот бойынша барлық берешектерді өтеген және Шот бойынша даулы транзакцияларды соңғы рет реттеген жағдайда, осы Шартты бұзар алдында 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банкке осы туралы хабарлау арқылы кез келген уақытта осы Шартты бұза алады. Бұл жағдайда Банкпен Карточкалар қайта шығарылмайды және Карточкалар Карточка ұстаушымен көрсетілген Шартты бұзу күні жойылады. Осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны беру арқылы Карточка ұстаушы Банкке Шартқа сәйкес шығарылған барлық Карточкаларды қайтарады. Егер Банкке Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жіберген кезде Карточка ұстаушы Банкке Шот бойынша шығарылған барлық Карточкаларды қайтармаса, онда Карточка ұстаушының Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламасы қайтарылмаған Карточкаларды шектеу, Карточка ұстаушымен оларды шектеу құнын төлеу және Банк қызметкерлерімен оларды шектеу фактісін тексеру жүргізілгеннен кейін ғана Банкпен қабылданады. Карточка ұстаушы онымен Банкке Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны берген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Берешекті өтеуге міндеттенеді. Егер Карточка ұстаушы Шарттың осы тармағымен қарастырылған міндеттемелерді орындамаса, Шарт толық орындалғанға дейін тиісті бөлігі бойынша әрекет етеді.

16.5. Банк Клиенттен/Карточка ұстаушыдан келесі жағдайларда Карточканы алуға құқылы:

  • Карточканың әрекет ету мерзімінің аяқталуы;

  • Клиент/Карточка ұстаушы осы Шартпен қарастырылған өзінің міндеттемелерін орындамаған/тиісті түрде орындамаған жағдайда;

  • Карточка ұстаушының Карточканы пайдаланудан бас тартқан жағдайда;

  • Осы Шартты бұзған жағдайда.



<< предыдущая страница   следующая страница >>