shkolakz.ru 1 ... 2 3 4

17. Қорытынды ережелер

17.1. Осы Шартта қолданылатын барлық түсініктер осы Шарттың №2 Қосымшасында анықталған мәнде түсіндіріледі және талқыланады.

17.2. Банкпен Клиенттен/Карточка ұстаушыдан барлық қабылданған өтініштер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

17.3. Электронды құжаттар/нұсқаулар Клиенттен/Карточка ұстаушыдан қағаз жүзінде Банкпен алынған құжаттар заңи баламалы және Клиенттің/Карточка ұстаушының қолтаңбаларымен куәландырылған құжаттар болып саналады.

17.4. Банк Клиенттің/Карточка ұстаушының қосымша келісімін алмастан келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы:


  • осы Шарт бойынша талап ету құқықтарын толығымен немесе ішінара үшінші тұлғаларға шеттетуге;

  • талап ету құқықтарын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынумен, Карточка ұстаушымен Берешекті өтеу туралы талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға шеттетуге;

  • Берешекті өндіріп алуды үшінші тұлғаларға тапсыруға және оларға Банк тапсырмасын орындауға қажетті ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға.

17.5. Егер Қазақстан Республикасының валюталық және/немесе өзге заңнамаларға сәйкес Карточкалық операцияларды жүргізу үшін Карточка ұстаушының қосымша құжаттарын (тіркеу куәлігін/хабарлама туралы куәлікті және басқаларды) алу /ұсыну талап етілсе, Карточка ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімде және тәртіпте осындай құжаттарды алуға/ұсынуға міндеттенеді.

17.6. Клиент/ Карточка ұстаушы Қазақстан Республикасының валюталық және/немесе өзге заңнамамен бекітілген негіздемелер бойынша және шекте Банкке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және басқа мемлекеттік органдарға Карточка ұстаушымен орындалған Карточкалық операциялар туралы хабарлау құқығын ұсынады.

17.7. Осы Шартты орындау барысында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы ерікті түрде және өзара түсіністікпен шешіледі. Туындаған дауларды өзара келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған сот тәртібімен шешіледі.


17.8. Банк Клиент/Карточка ұстаушы және Бенефициар арасындағы, сонымен қатар Клиент пен Карточка ұстаушы/Қосымша Карточка ұстаушы арасындағы барлық дауларға қатысты болып табылмайды.


18.  Банктің заңды мекенжайы және төлемдік деректемелері

«БТА Банкі» АҚ

Қазақстан Республикасы, 050004,

Алматы қ., Самал-2 ы/а., Жолдасбеков к-сі, 97,

СТТН 600900114104


Банктік шоттарды толтыруға арналған Банк деректемелері:

1. Теңгемен ақшаларды есептеуге арналған деректемелер:

 Алушы: «БТА Банкі» АҚ

СТТН 600900114104 (БСН – 970140000241)

БСК - ABKZKZKX

Шот нөмірі ЖСК - KZ56319H010000626750

Төлемнің мақсаты: төлемнің мақсаты, Карточка ұстаушының аты және тегі, карточка нөмірі.

 

АҚШ долларымен немесе Еуромен ақшаларды есептеуге арналған деректемелер:

Алушы: «БТА Банкі» АҚ

СТТН 600900114104 (БСН – 970140000241)


БСК - ABKZKZKX

Шот нөмірі ЖСК - KZ23319H010000626762 егер аударым USD болса/ KZ94319H010000626745 – егер аударым EUR болса.

Төлемнің мақсаты: төлемнің мақсаты, Карточка ұстаушының аты және тегі, карточка нөмірі.

 

3. Басқа банктердің шоттарынан АҚШ долларымен немесе Еуромен ақшаларды есептеуге, шетелден аударуға арналған деректемелер:

Beneficiary: JSC BTA Bank,

Republic of Kazakhstan,

050051, Almaty, Joldasbekova 97str.

SWIFT code: ABKZKZKX

Account number: Карточка ұстаушының 20-сандық банктік шоты

Details of Payment: Карточка ұстаушының аты және тегі, Карточка ұстаушының СТТН, төлемнің мақсаты.


MasterCard International /Visa International

халықаралық төлем жүйелерінің және

Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік

карточкаларын шығару туралы шартқа

1 Қосымша



Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар

Автор
лау – Карточканы қолданумен Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға Эмитенттің рұқсаты. Авторлау электрондық құрылғыларды қолданумен автоматты режимде немесе телефон байланысын қолданумен дыбыстық режимде (одан әрі – дыбыстық авторлау) жүзеге асырылады.

Авторлау сұрауы – Карточкалық операция жүргізуге рұқсат алу үшін Эмитентте Эквайермен/Сауда және сервис кәсіпорнымен жүргізілген сұрау.


Авторлау лимиті – Карточка бойынша ақшаны қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жұмсау лимиті әрі ол карточкаларды шығару кезінде белгіленеді.

Авторлау жауабы – Эквайерге/ Сауда және сервис кәсіпорнында Эмитентпен жіберілген Авторлау сұрауына жауап.

Карточканы жою – Карточканы жарамсыз ден тану және оны айналыстан шығару.

Банкомат (АТМ) – Карточка бойынша қолма-қол ақшаны беру және Карточканы қолданумен Банктің басқа қызметтерін пайдалану үшін өзіне-өзі қызмет көрсетудің электрондық банктік автомат.

Биллинг – есептік кезеңде Кредит бойынша сыйақыны есептеу; есептелген сыйақыны капиталдау; ЕП есептеу сияқты операцияларды қамтитын ай сайынғы процедура.

Карточканы шектеу - Карточканы қолданумен Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға толық немесе уақытша тыйым салу.

Биллинг күні - биллингті жүзеге асыру күні.

Дебеттік карточка – оның Ұстаушысына Клиенттің шотындағы ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынатын төлем карточкасы.

Қосымша Карточка ұстаушы – Клиенттің сенімді тұлғасы.

Қосымша Карточка – Клиенттің сенімді тұлғасының атына шығарылған/эмитацияланған Карточка.

АТ – есептік кезең соңында Кредитті пайдаланғаны үшін туындайтын және ай сайын жеңілдікті кезеңде өтеуге жататын ай сайынғы төлем (Клиенттің Өтінішінде көрсетілген өтеу сұлбасы бойынша есептелген кредитті өтеу сомасын, банк комиссиясының сомасын, оверлимит сомасын (болған жағдайда), мерзімі кешіктірілген берешек сомасын (болған жағдайда), өзге берешек сомасын (болған жағдайда) қамтиды.


Қол жетімді кредиттік лимит - Клиент (Заемшы) Кредит сомасын шегерумен пайдалана алатын белгіленген Кредиттік лимит аясындағы ақша қаражаттары.

Қашықтан өзіне-өзі қызмет көрсету арналары – SMS-банкинг пен Интернет-банкингтің қызметтері.

Берешек – Клиенттің/Карточка ұстаушының Карточка бойынша Банкпен көрсетілген қызметтерді төлеу, алынған Кредитті қайтару, есептелген сыйақыны, айыппұлды, өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын қайтару бойынша орындалмаған міндеттемесі.

Өтініш –Клиенттің/Карточка ұстаушының осы Шарт бойынша белгілі банктік қызметтер көрсетуді сұрайтын жазбаша нысандағы еркі.

Импринтер – слиптегі Карточканың беттік жағының ізін алуға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Дауыстық авторлау режимінде Карточка бойынша Карточкалық операцияларды жүргізу кезінде слипті ресімдеу үшін Банк-Эквайерлермен/Сауда және сервис кәсіпорындарымен қолданылады.

Интернет-банкингБанк клиенттеріне – Интернет желісіне жалғанған өзінің компьютерінен дербес ЕКБ жүйесінің пайдаланушыларымен электрондық банктік қызметтерді ұсыну.

Карточка/Төлем Карточкасы – осындай Карточка ұстаушыға Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаны алуға, валюталарды айырбастауға және Банкпен анықталған және оның шарттарымен басқа операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын өзге құралдар немесе электрондық терминалдар арқылы Клиенттің Шотына орналастырылған ақшаға қол жеткізу құралы. Төлем карточкасы дебеттік карточкаға және кредиттік карточкаға бөлінеді.

Карточкалы операция – тауарларды және қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу, қолма-қол ақшаны алу, шетел валютасымен айырбастау операциялары және Шартпен және банктің ішкі құжаттарымен белгіленген шарттармен басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін Карточканы немесе оның деректемелерін (Карточканың нөмірін, әрекет ету мерзімін, құпия кодын (CVV 2)) қолданумен жүзеге асырылған операция.


Капиталдау – дебеттік карточкалар бойынша Шоттағы ақша қалдығына есептелген сыйақыны /Биллинг күнінде Банктің есептелген сыйақысын Кредиттік карточкалар бойынша Кредит сомасына қосу.

Клиент/Карточка ұстаушы – Банкпен Төлем карточкасын шығару туралы Шарт жасасқан және Шот иесі болып табылатын/осы Шарттың ережелеріне сәйкес Карточканы пайдалануға құқылы жеке тұлға.

Код сөзі –Карточка ұстаушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және құпия ақпарат болып табылатын авторлау қосымша мәліметтер.

Кредит – Клиентпен (Заемшымен) Кредиттік лимит аясында нақты пайдаланылған ақша сомасы.

Кредиттік карточка – Клиентке (Заемшыға) оған ұсынылған Кредиттік лимит аясында төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы.

Кредиттік Лимит – қайтару, төлемділік, мерзімділік шарттарымен жаңғыртылатын/револьверлік кредиттік желі түрінде Клиентке (Заемшыға) ұсынылатын ақша қаражаттары.

Шығындар лимиті – Клиенттің меншікті ақшаларының қалдығын және Шотта және/немесе Қол жетімді Кредиттік лимитті қамтитын ақша сомасы.

Банкпен белгіленген ақшаны пайдалану лимиті – белгілі уақыт ішінде (ай, апта, тәулік) Клиентке/Карточка ұстаушыға Банкпен белгіленген ақша сомасының жоғары мөлшері.

Клиентпен белгіленген ақшаны пайдалану лимиті – белгілі уақыт ішінде (ай, апта, тәулік) Қосымша Карточка ұстаушыға қол жетімді Қосымша карточка/лар бойынша Клиентпен белгіленген ақша сомасының жоғары мөлшері.

Халықаралық төлем жүйесі/ХТЖ – бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы, осы төлем карточкалар жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес ХТЖ қатысушылары арасындағы төлем карточкаларын қолданумен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құжаттар және ұйымдастыру-техникалық шаралар.


Алаяқтық транзакциялар/операциялар – төлем карточкасын, оның деректемелерін, жасанды төлем карточкасын немесе төлем карточкасын ұстаушымен заңсыз орындалған өзге заңсыз тәсілді қолданумен қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар және/немесе заңсыз қолма-қол ақшасыз төлемдер.

PIN-кодды қате терудің санауышын өшіру - Карточка жүйесінде Карточка бойынша PIN-кодты қате теру әрекеттерінің санауышын өшіру процесі.

Овердрафт – Клиенттің шотындағы меншік ақша сомасынан артық жұмсалған ақша сомасы.

Оверлимит –карточкалық операцияны орындауға ақша жетіспеген жағдайда Банкпен Заемшыға ұсынылатын кредиттік лимит сомасынан артық заем. Оверлимит бойынша сыйақы сомасы Кредиттік лимит бойынша сыйақы ставкасына сәйкес келеді.

Есептік кезең – Алдыңғы биллинг күнінен бастап Ағымдағы биллинг күніне дейінгі уақыт кезеңі. Есептік кезең 31 (отыз бір) күннен артық болмауы тиіс.

Авторлау параметрлері – Клиенттің/Карточка ұстаушының «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру кезінде оны сәйкестендіруді жүргізетін символдар жинағы (Пайдаланушының аты, пароль, жады сөзі).

Өтеу кезеңі/Жеңілдікті кезең – жасалған Банктік заем шартына сәйкес Есептік кезеңнен кейін басталатын немесе Заемшыға айыппұлдарды қолданбай берешекті өтеу мүмкіндігі ұсынылатын Клиенттің өтінішінде көрсетілетін уақыт кезеңі.

Дербес сәйкестендірілген нөмір/PIN-код - Карточка ұстаушыға берілген және Карточка ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпиялы 4 санды код.

Мерзімі кешіктірілген кезең – Банк мерзімі кешіктірілген кезең ішінде сыйақы ставкасы екі еселенген мөлшерде мерзімі кешіктірілгені үшін айыппұл есептелетін өтеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап кредиттік лимит бойынша берешекті қайтару күніне дейінгі уақыт кезеңі.


Пароль - Клиентпен/Карточка ұстаушымен таңдап алынған, «Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу үшін қолданылатын, Банкке белгісіз құпиялы символдар жинағы.

Пайдаланушының келісімі - Интернет-банкинг жүйесінде пайдаланушыға қызмет көрсету шарттарын және тәртібін анықтайды.

ХТЖ ережесі – ХТЖ және оның қатысушыларының функцияларының, тәуекелдерді басқарудың жалпы қағидаларын, эмиссия және эквайринг бойынша талаптарды (сауда-сервистік желіні құру және қызмет көрсету), төлем карточкаларына қызмет көрсету тәртібін, төлем сервистерін, карточкалық транзакциялар бойынша дауларды шешу процедурасын, карточкаларға және төлем жүйесінің қатысушылары үшін ХТЖ белгіленетін және ХТЖ қатысушыларымен сақтау үшін міндетті болып табылатын сауда маркаларына және басқаларға қойылатын талаптарды сипаттайтын карточкалық операцияларды жүргізу ережелерінің және стандарттардың жинақтары.

Сауда және сервис кәсіпорны - оларға жеткізілетін тауарларды және/немесе қызметтерді төлеу бойынша қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыру үшін төлем карточкасын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Карточкаға қызмет көрсету пункті - Сауда және сервис кәсіпорны, банктің, Банкоматтардың қолма-қол ақша беру пункттері.

Қолма-қол ақша беру пункті - POS-терминал немесе импринтер арқылы банктік картаны қолданумен қолма-қол ақша қаражаттарын қабылдау және/немесе беру бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын.

Жасанды төлем карточкасы – алаяқтық Карточкалық операцияларды жүзеге асыру мақсатында ішінара немесе толығымен заңсыз жасалған төлем карточкасы.

Жұмыс күні – банктер Қазақстан Республикасында банктік операцияларды жүргізу үшін ашылған күн.

Төлем карточкасының деректемелері – оның Ұстаушысына, Эмитентке және төлем карточкасының жүйесіне тиесілі төлем карточкасын белгілеуге мүмкіндік беретін төлем карточкасында мазмұндалған және/немесе онда сақталған ақпарат.


Банктің қызмет көрсету желісі төлем карточкаларын қолданумен транзакция жүзеге асырылатын банктің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғылар желісі.

Басқа банктің қызмет көрсету желісі төлем карточкаларын қолданумен Карточка операциялары жүзеге асырылатын барлық басқа банктердің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғылар желісі.

Алаяқтық тәуекелі жоғары елдер басқа елдердегі алаяқтық салдарынан туындаған зияндардың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда карточкалармен байланысты алаяқтық салдарынан зияндар немесе жағдайлар орын алатын елдер (осындай елдердің санына кіреді: Австралия, Австрия, Албания, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Босния, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Корея, Косово, Латвия, Литва, Малайзия, Мальдивтер, Мексика, Молдова, Монтенегро, Нигерия, Нидерланды, Норвегия, Біріккен Араб Эмираттары, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайланд, Тайвань, Тунис, Түркия, Украина, Филиппиндер, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Эфиопия, Жапония).

Сақтандыру депозиті – Банктегі Шотқа енгізілген Клиенттің ақша қаражаттары әрі олар Клиенттің Шоты бойынша Овердрафт нәтижесінде туындайтын ықтимал тәуекелдерді жабу үшін қамтамасыз ету ретінде қызмет етеді.

Слип – Карточкалық операцияларды жүргізу кезінде қағаз жүзінде Импринтер көмегімен жасалған Банк-Эквайердің немесе Сауда және сервис кәсіпорнының төлем құжаты. Соңғы жүргізілген операция сомасымен Карточка ұстаушының келісімімен кассирдің және Карточка ұстаушының қолтаңбасымен куәландырылады. Карточка ұстаушының Шотынан тауарлар/қызметтерге ақша алу үшін негіздеме болып табылады.


Стоп-парақ – жоғалған, ұрланған және шектелген Карточка нөмірлерінің тізімі.

Авторландыру орталықтары – Дауыстық авторлауды жүргізетін және Карточка ұстаушының атынан немесе Банктің бастамасы бойынша Карточканы шектеуді орындайтын Төлем жүйесінің мүшесі – банктердің бөлімшесі. Авторландыру орталықтары тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді.

Чек Карточканы қолданумен Карточка операцияларының жүргізілгендігін растайтын құжат.

Эмитент – Төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын Банк.

Эквайер / Банк-Эквайер – Карточка ұстаушының Шотынан Сауда және сервис пайдасына ақшаны қабылдау үшін, Карточка ұстаушының Карточкасын қолданумен тауарлар/қызметтер үшін төлем жүргізу кезінде ресімделген чек-слипке сәйкес банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым. Эквайер төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшаны беруді жүзеге асыратын банк болып табылады.

POS-терминал – автоматты режимде Карточка бойынша Карточка операцияларын авторландыру үшін қолданылатын электрондық терминал. Карточка бойынша қолма-қол ақша беру үшін Банк-Эквайерлермен немесе тауарларды/қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу үшін Сауда және сервис кәсіпорнымен қолданылады. Соңғы жүргізілген операция сомасымен Карточка ұстаушының келісімімен кассирдің және Карточка ұстаушының қолтаңбасымен куәландырылатын чек басып шығарылады.

«SMS – банкинг» - бұл SMS-мәліметтер арқылы орындалған операциялар туралы, банктік шоттардың күйі туралы ақпаратты ұсынуға, банктік шоттармен байланысты операцияларды бақылауға, алдын ала орнатылған операциялардың (командалардың) белгілі бір жинағына өтінімдер беруге арналған Банк Клиенттеріне қашықтан қызмет көрсетудің жүйесі.

<< предыдущая страница