shkolakz.ru 1 2 ... 5 6





Жеке тұлғамен


Халықаралық Төлем жүйесінің MasterCard және Visa ,

жергілікті Smart Alem Төлем жүйесінің

Төлем Карточкаларын берудің және пайдаланудың тәртібі туралы шарт

Осы Шарттың мәні, Банк шығаратын халықаралық төлем жүйесіндегі MasterCard International және Visa International, жергілікті Smart Alem Төлем жүйесінің Төлем Карточкаларын алумен, пайдаланумен, Банкінің қызметін пайдаланумен, және Карточка Ұстаушының осындай қызметтерді Банкінің тарифіне сәйкес төлеуімен байланысты Банк пен Карточка Ұстаушы арасындағы құқықтық қарым-қатынас болып табылады. Осы Шартпен Банктің Карточка Ұстаушыға көрсетуге құқылы қызмет түрлері белгіленді. Осы Шартқа сәйкес Карточка Ұстаушының келіскен Банктен алатын Қызмет түрі осы Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын Карточка Ұстаушының Өтінішінде және/немесе оның қосымшасында анықталады. Осы Шарт Банк шығаратын Төлем Карточкаларын пайдалану, Банктің басқа да қызметтерін оның Тарифіне сәйкес пайдалану бойынша Банк пен Карточка Ұстаушысы арасындағы қатынастарды реттеудің стандартты нысаны болып табылады.

1. Негізгі ережелер.

    1. Шарттың талаптарын Банк стандартты нысанда белгіледі.

    2. Осы Шартта қолданылатын барлық түсініктер, осы Шарттың №2 Қосымшасында анықталған мағынада түсініледі және ұғылады.

    3. Банктің Карточка Ұстаушысы болуы мүмкін тұлғаның осы Шартқа қосылуы туралы өтінішін қабылдау, соңғының осы Шартқа қосылғанын білдіреді. Өтініш Банк Карточкаларды шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін алынған болып есептеледі.

    4. Кейінгі Өтініштерді Карточка Ұстаушы Банкке Карточка Ұстаушыға басқа Карточкаларды шығару туралы қосымша шешім қабылдау және қосымша қызметттер көрсету үшін осы Шарттың аясында бағыттайды.
    5. Карточкаларға қызмет көрсету бойынша Банктің жеке қызметтерді ұсыну ерекшеліктері осы Шартпен, оның Қосымшаларымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.


    6. Банк қабылдаған барлық Өтініштер осы Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылады.

2. Карточкаларды шығару. Банк пен Карточка Ұстаушының пайдалану, тәртібі, құқығы мен міндеттері.

  1. Карточкаларды шығару және қызмет көрсету талаптары осы Шартпен, оның Қосымшаларымен реттеледі.

  2. Негізгі Карточканы шығарғанда Банк Карточка Ұстаушыға Карт-шот ашады. Болуы мүмкін Карточка Ұстаушы Банкке Қазақстан Республикасының заңдары талаптарымен белгіленген құжаттарды ұсынады.

  3. Карт-шотты енгізу валютасы болуы мүмкін Карточка Ұстаушы мен Банкпен Карточка Ұстаушының Өтінішінде анықталады.

  4. Карт-шот ашылған Карточка Ұстаушысы Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылады. Карточка Ұстаушының қалауы бойынша оның жазбаша өтініші негізінде Банк, Карточка Ұстаушы көрсеткен Қосымша Карточканың Ұстаушысы болып табылатын тұлғаның (оның ішінде Карточка Ұстаушының өзіне) атындағы Карт-шотқа Қосымша Карточка шығаруы мүмкін. Осы Шарттың талаптары Қосымша Карточкаларды Ұстаушыға таралады. Негізгі Карточканы Ұстаушы Қосымша Карточканы Ұстаушыны осы Шарттың талаптарымен таныстыруға міндетті және осы Шарттың талаптарын Қосымша Карточка Ұстаушының сақтауына толық түрде жауапты. Негізгі Карточканы Ұстаушы жазбаша өтініш негізінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы жоюға құқылы.

  5. Карточканы пайдалануға қатысты осы Шарттың, оның қосымшалары және Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары Карточка Иелеріне де сонымен бірге Негізгі Карточкалардың Иелері болып есептелмейтін Қосымша Карточкалар Иелеріне қатысты болады. Қосымша Карточка Иелерінің осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті толық көлемде Негізгі Карточканың Иесі атқарады.
  6. Банк Карточка шығару туралы шешім қабылдағаннан бастап, 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен аса мерзімде Карточка Ұстаушы Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы алу үшін келмеген жағдайда, Банк Карточканы жоюға құқылы. Банк Карточканы жойған жағдайда, Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін Банкінің комиссиясы болуы мүмкін Карточка Ұстаушыға қайтарылмайды.


2.7. Карточка Банктің меншігі болып табылады және Карточка Ұстаушыға Карт-шоттағы ақшаларын алу құралы ретінде ғана

беріледі.

    1. «Есептесу Датасы / Биллинг Датасы» - Беру туралы шарттың және төлем карточкасын пайдалану талаптарына сәйкес карточка

бойынша сыйақыны есептеу датасы. Биллинг әр Клиент бойынша жеке - әр ай сайын карт-шотты ашу айындағы тиісті күні

жүргізіледі. Есептесу кезеңі / Биллингтік Цикл – бір-біріне жақын есептесу даталары арасындағы кезең.


Төлем карточкаларын пайдалану бойынша құқықтар мен міндеттер

Банктің құқықтары:

2.9. Болуы мүмкін Карточка Ұстаушысына, егер ол Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Карточка беруден бас тартуға;

2.10. Карточка Ұстаушысы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, осы Шарттың әрекет етуін тоқтата тұруға және/немесе

тоқтатуға, жабуға және осы Шарт шеңберінде Карточка Ұстаушының Карт-шоты бойынша берілген Карточкаларды Тоқтату-парағына енгізуге;

    1. Карточка Ұстаушыға алдын ала ескертпей-ақ, Карт-шотты дебеттеуге және/немесе Карт-шоттан және/немесе Банкте және өзге банктерде ашылған Карточка Ұстаушының кез келген банктік шоттардан Карточка Иесінің қосымша жазбаша келісімінсіз акцепсіз тәртіппен ақшаны мынандай сомаға алуға:

  • VISA International/MasterCard International халықаралық жүйеден Банктің алатын ескертулері;

  • Банк-Эквайерлер немесе сауда/қызмет көрсету нүктелерінің тауарлар/қызметтеріне төлеген ақыларының түбіршек/слиптерінде ұсынылған;

  • Банк белгілеген Тарифтерге сәйкес Банктің комиссиялық жинағы;
  • Банктің Карточканы/ларды пайдалану нәтижесінде, осы Шарттың талаптарын және оның Карточкаларды пайдалануға белгілеген талаптарын бұзғандағы кез келген шығындары;


  • Осы Шарт щеңберінде шығарылған барлық Карточкаға жатқызылған барлық Карточкалық операциялар;

  • Банк Карточка Ұстаушысына берген кез келген Несиелер бойынша негізгі борыш сомалары, соның ішінде Несиелер бойынша есептелінген сыйақылар, айыппұлдар, өсімдер сомалары;

  • Пайда болған және/немесе жіберілген Овердрафтар сомалары;

  • Карточка Ұстаушының Карт-шотына оның Ұстаушысына тиесілі емес ақшаларды қателесіп аударып жіберуі;

2.12. Карточка Ұстаушы Овердрафтың орнын, оның құрылғанынан бастап 30 күн ішінде өтемеген жағдайда, Банк қарызды өтеу

бойынша Карточка Ұстаушыға қатысты шара жасау үшін, Банктің Қауіпсіздік қызметіне ол туралы хабарлайды.

2.13. Осы Шарт немесе Банк пен Карточка Ұстаушысы арасында жасалған басқа шарттар (Қарыз, кепіл, банктік шот шарты, Бас несие және кез келген басқа келісімдер) бойынша Карточка Ұстаушы өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс емес орындаған, сонымен бірге несиелерді және олар бойынша есептелген сыйақыларды, Овердрафтарды қайтару бойынша міндеттемелерді орындауды кешіктірген жағдайда Карточка Ұстаушы міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс емес орындаған шарттар бойынша Банк алдында Карточка Ұстаушы өз міндеттемелерін толық және дұрыс орындағанға дейін осы Шарт шеңберінде Банк Карточка Ұстаушысына берген кез келген Төлем карточкасын тежеуге құқылы.

2.14. Карточка Ұстаушының қаржылық жағдайы нашар болған жағдайда:

  • жіберілген Овердрафттың және есептелген төлемақы өсімінің сомасын өтеу туралы сотқа талап қоюға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде, Карточка Ұстаушының қаржылық тәртіп бұзушылықтары туралы басқа Банкілерге, Несиелік бюроларға және/немесе уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғаларға ақпарат беруге;

2.15. Карточканы пайдалану тәртібін реттемелейтін осы Шартқа, Тарифтерге және Банктің ішкі құжаттарына, осы Шарттың 7.1. тармағына сәйкес Карточка Ұстаушысына көрсететін қосымша қызметтерді беру шарттарына өзгерістерді өз бетімен енгізуге, сонымен бірге Карточка Ұстаушысын осы Шартта белгіленген тәртіпте енгізілетін өзгерістер туралы кейіннен хабардар ету арқылы техникалық және заңды себептерге байланысты олардың көрсетілуін толығымен тоқтату.


2.16. Осы Шарт бойынша Карточка Ұстаушы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Осы Шартты бір тараптық тәртіпте бұзуға және Карт-шот бойынша Қарыздың барлық сомасын, Несие сомасын оны пайдаланған уақыттың барлық мерзіміндегі сыйақыларымен (мүддесімен) қоса мерзімінен бұрын өтетуге;

2.17. Карточка Ұстаушының Карточкасын ол төлемеген Қарыздар мен Овердрафты толық жапқанша тежеуге.

2.18. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен белгіленген жағдайда, Карточка Ұстаушыдан қажетті құжаттарды ұсынуды талап етуге;

2.19. Карточка Ұстаушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Несиелік Лимиттің сомасын кемітуге.

2.20. Карточка Ұстаушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ Банктің ойынша басқа Карточка Ұстаушылар және/немесе Банк үшін залал әкелетін жағдайлардың бар болуы кезінде, сондай-ақ осы Шартта қарастырылған іс-қимылдарға шектеулер қойылған Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізілген жағдайдағы банктің құқықтары:


  • Карточканы тежеу (оның ішінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы) және/немесе Карт-шотты тежеу;

  • «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінде Карточка Ұстаушының (оның ішінде Қосымша Карточканы) қол жеткізушілігін тежеу;

  • Банк алдындағы Карточка Ұстаушының міндеттемелерін мерзімінен бұрын жабуды талап етуге;

  • Осы Шарттың талаптарына сәйкес Банктің қарауы бойынша барлық қажетті әрекеттерді жасауға;

2.21. Карт-шоттарда жатқан ақшаларға тыйым салынған жағдайда, Карточкаларға тежеу қоюға, немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Карт-шот бойынша шығыс іс-қимылдарын тоқтатуға;

2.22. Егер Карточка Ұстаушы карт-шот бойынша Овердрафтардың пайда болуына себепкер болған жағдайда, Банк Карточка Ұстаушының Овердрафт бойынша берешек сомасын акцепсіз тәртіппен алуға құқылы. Овердрафт бойынша берешек сомасын алу үшін карт-шоттағы ақша жеткіліксіз немесе мүлде жоқ болған жағдайда, Банк Овердрафт бойынша берешек сомасын оның карт-шотына келіп түсетін ақшадан акцепсіз тәртіппен алуға құқылы.


2.24. Ойын ұтыстарын, жарнамалық және ақпараттық сипаттағы акцияларды жүргізу үшін Карточка Ұстаушысын және Қосымша Карточкалар Ұстаушыларын тарту. Осы арқылы Карточка Ұстаушысы бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамалық, ақпараттық материалдарында өзінің тегі, аты, әкесінің аты, сыйлық және ұтыс сомасы, мөлшері туралы ақпаратты басып шығаруға, сонымен бірге Банктің жарнамалық және ақпараттық қызметімен тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа шараларды өткізуге Банкке келісімін береді.

2.25. Карточка Ұстаушысы Банкке бас тарту туралы жазбаша өтінішті алдын-ала беру арқылы, осы Шарттың 2.24. тармағында көрсетілген мәліметтерді жариялаудан бас тартуға құқылы.

2.26. Банк биллингтік цикл соңында Ұстаушының карт-шотына есептелген сыйақының капиталдандыруымен Ұстаушының Карт-шоттары бойынша ақшалай қаражаттың қалдығына сыйақыны күнделікті есептеуді бір жақты тәртіппен жүргізуге құқылы. Сыйақыны есептеу кезінде Банк операциялық күннің соңына Карт-шоттағы ақшалай қаражатының қалдығын есептейді.

2.27. Белгіленген Тарифтерге және банктік бағдарламалар шарттарына сәйкес Ұстаушының есептелген сыйақыны капиталдандыруды және сомаларды басқа валюталарға айырбастауды, қолма-қол ақшаны алу бойынша операцияларды, Карт-шотқа толықтыруды жүргізу нәтижесінде Ұстаушының карт-шотындағы қалдық сомасынан байланысты карт-шоттағы бар қалдыққа есептелетін сыйақы мөлшерлемесін осы Шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзімі кезінде бір жақты тәртіппен белгілеуге / көбейтуге / төмендетуге құқылы.

2.28. Карт-шот бойынша ақшалай қаражаттың қалдығына есептелетін сыйақы бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі, есептелген сыйақының капиталдандыруын есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін білдіреді. Карт-шотқа қосымша жарналарды енгізген, карт-шоттан ақшаны ішінара алған, ақша қалдығының бір градациядан басқасына өтуі, сыйақы мөлшерлемесінің Банкпен бір жақты тәртіппен өзгеруі жағдайында тиімді сыйақы мөлшерлемесі Карт-шот бойынша операцияларды жүргізуге сәйкес үлкеюі немесе азаюы мүмкін.


2.29. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті түрде кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып есептеледі және уәкілетті орган берген Куәлік негізінде әрекет етеді.

2.30. Карточка Ұстаушының қаржылық дәрменсіздігі немесе Карточка Ұстаушының төлем қабілетсіздігі тәуекелі пайда болған жағдайда, немесе егер Банкке Карточка Ұстаушының жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынастары уақытша немесе мүлдем тоқталылғаны мәлім болған жағдайда, немесе Осы Шарт не Банк пен Карточка Ұстаушының арасында жасалған басқа да шарттар бойынша Карточка Ұстаушының міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамауға әкелуі мүмкін Карточка Ұстаушының қызметақы мөлшерінің төмендеу, азаю қаупі бар болған жағдайда, Банк төменде көрсетілген әрекеттердің кез келгенін кез келген тізбектілікте жүзеге асыруға құқылы:

• Банк пен Карточка Ұстаушының арасында жасалған кез келген шарттар бойынша Карточка Ұстаушының орындамаған міндеттемелерін өтеу ретінде ақшаны кейіннен акцептсіз түрде алу үшін Карточка Ұстаушының Төлем карточка(лар)сын тежеуге. Осы тармақта көрсетілген Банктің шарттарын орындау үшін Карточка Ұстаушының алдын-ала жазбаша хабарламасы, келісімі, мақұлдауы талап етілмейді және Карточка Ұстаушы осы тармақта көрсетілген оның құқықтарын Банктің орындауына қарсы болмайтынына келіседі;

• Карточка Ұстаушыны алдын-ала жазбаша хабарламай-ақ, Карточка Ұстаушының кредит немесе дебет төлем карталарын кез келген пайдаланған уақытта несие лимитінің күшін жоюға, азайтуға немесе ұлғайтуға;

• Банкте және/немесе кез келген басқа екінші дәрежелі банктерде/ Қазақстан Респуликасының және одан тыс аймақтардағы банктік қызметті жүзеге асыратын банктік емес ұйымдарда ашылған Карточка Ұстаушының кез келген банктік шоттардан ақшаны акцептсіз алу жолымен Карточка Ұстаушыға Банк берген кез келген банктік қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды бір жақты тәртіпте өзінің қалауы бойынша жүзеге асыруға: ішінара немесе толық көлемде;

• Карточка Ұстаушыға Банк берген кез келген банктік қарызды өзінің қалауы бойынша: ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын қайтару туралы талапты ұсынуға;


• Банкте ашылған карточка Ұстаушының банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатуға;

• осы Шарт бойынша талап құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге.

2.3. Банктің міндеттері:

2.31. Болуы мүмкін Карточка Ұстаушыға Банк қабылдаған болуы мүмкін Карточка Ұстаушысының тиісті түрде толтырған және қолын қойған бірінші (Негізгі) Өтініші негізінде Карточканы дайындауға және беруге .


    1. Негізгі Карточканы Ұстаушының жазбаша Өтініші бойынша оның Карт-шотынан Банк белгілеген талаптар мен Тарифке сәйкес үзінді көшірмелер беруге.

    2. Осы Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы Карточка Ұстаушысын сайтта, Интернет жүйесінде, сонымен бірге Банк бөлімшелерінде хабарламаны беру жолы арқылы хабардар етіп тұруға.


2.4. Карточка Ұстаушының құқықтары:

2.4.1. Қосымша Карточканы/ларды Ұстаушы/лар үшін белгілі бір мерзімге ақша пайдалану Лимитін белгілеуге. Ақшаны пайдалану Лимитінің көлемін Қосымша Карточка/лар бойынша, алдын ала Қосымша Карточка/лар бойынша ақшаны пайдалану Лимитін өзгерту жоспарланған күнге дейін 14 (он төрт) жұмыс күні бұрын ол туралы Банкке тиісті жазбаша өтінішті беру арқылы өзгертуге.

2.4.2. Кез келген уақытта Карточка бойынша Қарызды, Несиені қолданған нақты күндері үшін сыйақылар төлеумен қоса мерзімінен бұрын жабуға.

      1. . Несиелеу талаптарын Банк бір жақты өзгерткен жағдайда, Карточка Ұстаушысы жаңа талапты қабылдауына құқылы, не енгізілген өзгерістерге жазбаша нысанда берілген келіспеушілік жағдайында, несиені нақты қолданған уақыты үшін сыйақыны (мүддесін) төлеумен қоса, несиені жабуға;
      1. Карточка Ұстаушы осы Шартты бұзуды жоспарлаған уақытқа дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банкке ескерткен және Карт-шот бойынша қарызын жапқан жағдайда, осы Шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Банк Карточкаларды қайта шығаруды жүзеге асырмайды.


      2. Карт-шот бойынша операцияны жасаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде даулы операцияны (Слип немесе чек бар болса) қарастыру бойынша өтінішпен Банкке жүгінуге. Керісінше болған жағдайда, жүргізілген операция расталған болып есептеледі, және келесі кінарат-талаптарды Банк қабылдамауы мүмкін. Банкке келіп түскен даулы операцияларды реттеуге дейін шот бойынша бұдан бұрын дебеттелген ақшалай қаражаттың орны толықтырылмайды.

      3. Карточка иесі осы Шарттың 7.1. тармағында қарастырылған кез келген қосымша қызметті пайдаланудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Қызмет көрсетудің кез келген түрін қолданудан бас тарту үшін Клиент Банк бөлімшесіне Банк тарапынан бекітілген үлгідегі өз қолымен қол қойылған өтінішті ұсыну міндетті.



следующая страница >>