shkolakz.ru   1 2 3 ... 5 6

2.5. Карточка Ұстаушының міндеттері:

2.5.1. Өзінің Карт-шотының жағдайын, кемінде айына бір рет үнемі тексеріп отырады;


      1. Егер Карточка Ұстаушының кінәсінен және/немесе бастамасы бойынша Банк Карточкалар бойынша, тартып алу, істен шығару, Тоқтату-парағын енгізумен байланысты әрекеттерді жасаса, онда сөзсіз тәртіпте Банкке оларды өтейді;

      2. Салық, міндетті төлемдер, бюджеттік емес қорлар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттер бойынша өз бетінше есеп айырысады;

      3. Карточканы сенімді жерде сақтайды, өзінің PIN-кодын, Кодты сөзін, «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі, Есте сақтау сөзі) жүйесіндегі авторлау параметрлерін ешкімге жарияламайды;

      4. Карта Ұстаушының Карт-шотына, Карта Ұстаушыға қатысы жоқ ақша қателесіп аударылып кетсе, соңғысы Карт-шотқа қателесіп аударылып кеткен ақшаларды (оның ішінде Банктің Несие беру жолымен де), не Банкоматты пайдалану арқылы ақша алғанда, Карта ұстаушы сұраған және Банкоматтың түбіршегінде көрсетілген (ақшалардың қателесіп аударылған/алынған себебіне қарамастан) ақша сомасынан қателесіп артық ақша берілгенде, Карточка Ұстаушы Карт-шот бойынша көшірмені алғаннан кейін, не Банк қателесіп аударылған/ алынған ақшаларды Банкке қайтару туралы ескертуді жібергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Банкке қайтаруға міндеттенеді.
        Банк Карточка Ұстаушыға ескертуді телефон байланысы, электронды байланыс және/немесе жазбаша түрде жіберуі мүмкін.

      5. Карточкалар ұрланғанда, жоғалғанда немесе оны басқа уәкілеттенбеген тұлға пайдаланғанда ол туралы тез арада Банкке тәулік бойы, аптасына 7 күн, жылына 365 күн жұмыс жасайтын Card Service (Банктік Карточкасын Ұстаушыны қолдау қызметі) Қызметі телефоны бойынша хабарлайды.
      6. Карточка Ұстаушы Карточкасын алаяқтық қауіптілігі жоғары Елде пайдаланған жағдайда, Карточканы алаяқтық қауіптілігі жоғары Елде пайдалану тоқтатылған 3 (үш) жұмыс күні ішінде Карточканы қайта шығару үшін Банкке өтініш жасайды. Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда және осымен байланысты алаяқтық Карточкалық іс-қимылдар пайда болғанда, Банктің барлық шығындарын, сондай-ақ Банкке келген залалдарды Карточка Ұстаушысы сөзсіз тәртіпте, Банктің Карточка Ұстаушыға жіберілген жазбаша талаптарында көрсетілген мерзім ішінде төлейтін болады. Банк алаяқтықтың жоғары тәуекелдігі бар елдер тізімін өзгерту құқығын өзінде қалдырады және клиент Банкке келген жағдайда, оған енгізілген өзгерістер жөніндегі ақпаратты беруге міндеттенеді.


      7. Карточка Ұстаушы осы Шартты бұзу туралы жазбаша ескерту бергенде, Банкке осы Шартқа сәйкес шығарылған барлық Карточкаларды қайтаруға міндеттенеді.

      8. Карточка Ұстаушы Банк алдында оның Карт-шоты бойынша берілген барлық Карточкаларын осы Шарттың талаптарын бұзумен пайдаланғаны үшін материалды түрде толық жауап береді.

      9. Осы Шартта, Өтініштерде белгіленген мерзімде және тәртіпте Несиені, Несиені қолданумен байланысты сыйақылар, комиссиялар, айыппұлдар мен басқа төлемдерді қайтарады.

      10. Карточка Иесі осы шарттың 7.1. тармағында көрсетілген қосымша қызметтерді ұсыну шартымен және www.btanetwork.kz. сайттағы немесе Банк бөлімшелеріндегі пайдаланушының нұсқаулықтарымен танысуға міндетті, осы орайда Банк Клиенттің Осы шарт бойынша қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібі туралы хабардар болғаны үшін жауапты болмайды.

      11. Карточка Ұстаушы өзінің Карт-шотындағы ақшаның жұмсалуын қадағалауға және Овердрафтардың пайда болуын болдырмауға міндетті (карт-шоттағы ақша сомасынан шығыс сомасы көп болған жағдайда).

      12. Карточка Ұстаушы осы Шарт және Банкпен жасалған басқа шарттар шегінде Банк алдындағы барлық өз міндеттемелерін соның ішінде Несиелерді және оларға есептелген сыйақыларды уақытылы қайтару бойынша міндеттемелерді және мерзімі кешіктірілген Берешектің, соның ішінде Овердрафтарды болдырмау міндеттемелерін дұрыс түрде және толық көлемде орындауға міндетті.


3. Карточкаларды қайта шығару

3.1. Карточкалардың әрекет ету мерзімі аяқталғанда оларды қайта шығару мынандай тәртіпте жүзеге асырылады:

  1. Карточкаларды қайта шығару мүмкіндігі/мүмкін еместігі Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда анықталады.
  2. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болса және Карточканы Ұстаушы Карточканы қайта шығарудан бас тартуы туралы Банкке хабарламаса, Банк Карточканы қайта шығарады, Карта Ұстаушының жабылмаған Борышын, несиелік лимитінің мөлшерін және жеке меншік қаражатын сақтай отырып, Карт-шотта сақтайды (Тиісті Карточканың тұрпатына байланысты). Бұл жағдайда Банк Карточканы қайта шығарғаны үшін Шарттың 4.5. тармағына сәйкес комиссия ұстайды.


3.1.3. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болмаса, Карточканы қайта шығару жүзеге асырылмайды, Карточка Ұстаушысы өзіне бар Борышты Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн қалғанға дейін жабуға міндеттенеді. Егер Карточка Ұстаушы Шарттың осы тармағында қарастырылған міндеттерді орындамаса, осы Шарт Карточка Ұстаушының өз міндеттерін Шарттың тиісті бөлігін толық орындағанша әрекет етеді.

    1. Карточка Ұстаушы Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарудан осы Шартты бұзбай-ақ бас тартуына болады (егер Шартқа сәйкес, Карточка Ұстаушысына басқа Карточкалыр шығарылған болса). Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарғаннан бас тарқан жағдайда, Карточка Ұстаушы тиісті өтінішпен Банкке келуге және Банкке Карточкасын Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда өткізуге міндетті. Егер Карточка Ұстаушысы Банкке Карточканы қолданудан бас тарту туралы Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанға дейін өтініш әкелген жағдайда, ал Банк жаңа мерзімге Карточка шығарып қойған болса, Банк Карточка Ұстаушының Карт-шотынан осындай Карточкаға қызмет еткені үшін сыйақылар құнын ұстап қалуға құқылы.

3.3. Карточканы ұрлатқанда/жоғалтқанда, немесе Карточка Ұстаушының қалауы бойынша жоюды жүзеге асыру, Карточка Ұстаушының Өтінішімен Шарттың 4.5. тармағына сәйкес Тарифке сай Карточканы қайта шығару үшін жұмсалған комиссияны ұстап қалу негізінде іске асырылады.


4. Банктің Қызметін Карточка Ұстаушының төлеу тәртібі мен тарифтері

  1. Осы Шарт бойынша Банк ұсынатын қызметтер үшін, Карточка Ұстаушы Банктегі әрекет ету күші бар Тарифтерге сәйкес комиссиялық сыйақыларды (комиссияларды) Банкке төлеуге міндеттенеді.
  2. Комиссияны төлеу Шарттың 4.5. тармағына сәйкес Карточка Ұстаушының Карт-шотынан тиісті ақшаларды акцепсіз алу жолымен жүргізіледі.


  3. Тарифтерді Банк болуы мүмкін Карточка Ұстаушысына оның осы Шартқа қосылғанына дейін ұсынады.

  4. Банк Тарифке кез келген түрдегі өзгерістерді енгізуге құқылы. Енгізілген өзгерістер туралы Банк Карточка Ұстаушыға осындай өзгерістердің күшіне кіруіне кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанға дейін, Банктің Интернет жүйесіндегі www.bta.kz мекенжайы бойынша және бөлімшелеріне хабарлайды.

  5. Банк акцептсіз тәртіпте Карточканың іс-қимыл сомасын, Банктің комиссиясын, қателесіп аударылған ақшаларды және Карточка Ұстаушының Борыштарын Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіпте және осы Шартқа сәйкес ұстап қалады, ал егер Карт-шотта ақша болмаған жағддайда – Карточка Ұстаушының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан Банкіде және басқа банкілерде (жеке банкілік іс-қимылдарды жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған кез келген банктік шотынан мынандай жолдармен ұстайды:

• Банктің өкімі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған басқа құжаттардың негізінде Банкте ашылған Карточка Ұстаушының банкілік шоттарын тікелей дебеттеу;

және/немесе

• Карточка Ұстаушының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан Банкіде және басқа кез келген банкілерде (жеке банкілік іс-қимылдарды жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған банкілік шоттарына акцептсіз тәртіпте орындалатын тапсыры-талаптарды (Қажет-жағдайда - Шарттың түпнұсқасын және/немесе Шарттың стандартты талаптарының нотариалды куәландырылған данасын қоса беру), немесе акцептсіз және/немесе даусыз ақшаларды алуды жүзеге асыруға қажетті басқа да құжаттарды ұсыну. Бұл жағдайда Карточка Ұстаушының банктік шотында ақша жетерліктей болған жағдайда, Банктің төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы тиіс, ал Банктің төлем құжатында көрсетілген барлық ақша сомасын алу үшін (есептен шығару үшін) – ақша жеткіліксіз болғанда – Карточка Ұстаушының банкілік шотының картотекасында сақталады. Карточка Ұстаушының шотынан акцептсіз ақша сомасын басқа валютада алған (есептен шығарған) жағдайда, алынған ақшаларды валютаға айырбастау, валюталық заңнамалардың талабына сәйкес, міндеттемелер валютасына – Банктің қалауы бойынша – және/немесе алынған валютаның сату немесе сатылуының Банк белгілеген бағамы бойынша Карточка Ұстаушының есебінен Тарифке (оның ішінде айырбасталған сомадан айырбас үшін ұсталған комиссияны ұстағанда) жүргізіледі.


4.6. Карточкаға келесі жыл/ай есебіне қызмет көрсету үшін сыйақысы Карточка ашылған күні Банкпен жыл сайын/ай сайын ұсталады.

4.7. Карточкалық іс-қимылдар бойынша есеп айырысу үшін Карт-шотта ақшаның жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін, Карточка Ұстаушысы Банкке Авторлау сомасына ақшаны істен шығару (Шығыс Лимитінен шығару) өкілеттігін тежеу уақытынан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге береді. Авторлау сомасы Карточкалық іс-қимылдар сомасынан басқалай болуы мүмкін.


    1. Авторлау сомасы Шығыс лимитінен осы Шартта қарастырылған негіз бойынша немесе Банк Авторлау сомасы бойынша Карточкалық іс-қимыл болмағанына растау алғанша шығарылады.


5. Карточканы тежеу

5.1. Карточканы тежеу мына жағдайларда жүргізіледі:

  • Карт-шоттағы ақшаға шектеуді қоюсыз — Негізгі және/немесе Қосымша Карточкаларды Ұстаушының ауызша өтініші негізінде, кейін Карточканы/ұрлату/жоғалтуымен байланысты жазбаша өтінішін міндетті түрде беруімен, сондай-ақ Карточка Ұстаушының Карт-шотына үшінші тұлғалардың рұқсат етілместен қол жеткізуі кезінде;

  • Карт-шоттағы ақшаға шектеуді қою арқылы – уәкілетті органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Карт-шоттар бойынша шығыс іс-қимылдарын тоқтата тұру, Казақстан Республикасының заңдарында анықталған процедураларға және/немесе осы Шартта қарастырылған басқа жағдайларға сәйкес Карт-шоттағы ақшаларға тыйым салу туралы шешімі/қаулысының негізінде болады.

5.2. Банк өз бастамашылығымен Карточканы тежеуге және/немесе Банкте ашылған Карточка Ұстаушының кез келген банктік шоттардағы ақшаға шектеу қоюға, немесе Карточка Ұстаушының «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне қол жеткізуіне шектеу қоюға мына жағдайларда құқылы:

  • Карточка Ұстаушысы осы Шарттың талаптарын және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын бұзғанда;
  • Банктің пікірі бойынша Карточка Ұстаушыға, Банкке және/немесе үшінші тұлғаға шығын әкелетін жағдайлар бар болғанда;


  • Карточка Ұстаушыға Банк берген кез келген Несие бойынша Овердрафтарды және кез келген Берешекті Карточка Ұстаушысы Берешек пайда болған сәттен берешек сомасын Банк акцептсіз алғанға дейін, Карточка Ұстаушының Берешек сомасын толық өтеуге, қайтаруға немесе төлеуге дейін Карточка Ұстаушының өтемегені, Банк және Карточка Ұстаушы арасында жасалған кез келген өзге шартты Карточка Ұстаушының орындамағаны немесе дұрыс емес орындағаны жағдайында. Бұл жағдайда Карточка Ұстаушы оның Банкпен жасалған кез келген шарттарды орындамағаны немесе дұрыс емес орындағаны кезінде Банкке Карточка Ұстаушының карточканы тежеу және ақшаны акцептісіз алу туралы алдын-ала жазбаша хабарламасы талап етілмейтініне келіседі.

  • Карточка Ұстаушы рұқсат етпеген Карточкалық іс-қимылдарды жүргізуге қауіп төнсе;

  • Карточка және/немесе Карт-шот алаяқтық іс-қимылдар жасау, ақшаны заңдастыру (себепсіз жұмсау) және/немесе Террорлық және/немесе басқа да заңсыз әрекеттерді қаржыландыруды жасау үшін қолданылды деген жеткілікті күдіктер бар болғанда;

• Қазақстан Республикасының заңдарына осы шарт бойынша операцияларға шектеулер қойылған өзгерістер енгізілсе.

5.3. Карточка Ұстаушы қандай да болмасын Карточкалық іс-қимылдардың (Оларға Карточка Ұстаушы қатыссын немесе қатыспасын) өтімділік деңгейін анықтау үшін Банкпен жедел арада байланыс жасауды қамтамасыз етуі керек.

5.4. Карточканы жоғалтқанда/ұрлатқанда/уәкілетті емес тұлға қолданғанда Карточка Ұстаушы Банктен тез арада ауызша және артынан жазбаша түрде Карточканы Тежеуді талап етуі (бұдан әрі - Талаппен) керек:

▪ Банкке өзі жеке шағымданғанда (Card Service –те немесе Карточка Ұстаушының тұратын жеріндегі Банктің кез келген филиалына);

  • «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі арқылы;

  • Банкпен байланысу мүмкін болмағанда - Төлем жүйесіне сәйкес келген кез келген жергілікті Банкке.

5.5. Талап етуде көрсетілетндер: кодтық сөз, Карточка Ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты және, мүмкіндігінше қосымша ақпарат: оның туған жылы туралы деректер, Карточкасының әрекет ету мерзімі, сондай-ақ Тежеу себебі. Байланыс жасау үшін мекен-жайын және телефонын жазса құба-құп.


5.6. Card Service Талапты арнаулы журналда уақытты көрсетет отырып тіркейді, және Карточканы тежейді.

5.7. Талапты Банктің Филиалына немесе кез келген сәйкес Төлем жүйесінің мүшесіне берген жағайда, Карточканы Тежеу Карточка Ұстаушы Банктің Филиалына немесе кез келген сәйкес Төлем жүйесінің мүшесіне берген Талапты Card Service- де тіркеген уақыттан бастап алты сағаттан кейін өз күшіне енеді.

5.8. «Electron/Plus», «Cirrus/Maestro» түріндегі Карточканы тежеу Талапты Card Service-те құжатты түрде тіркеген уақыттан бастап күшінде болады.

5.9. «Classic», «Business», «Gold», «Platinum», «World Signia» түріндегі Карточканы тежеу Талапты Card Service-те құжатты түрде тіркеген уақыттан бастап алты сағат өткеннен кейін күшінде болады.

5.10. Ауызша талап Карточка Ұстаушының ауызша Талапты берген уақытынан 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішімен расталады. Карточка Ұстаушы шетелде болған жағдайда немесе басқа себеппен Банкке көрсетілген мерзімде келе алмаса, Карточка Ұстаушы Card Service-пен бірінші байланысқаннан кейін үш сағат өткенде телефон арқылы қайтадан байланысады, және шетелдік сапардан келгеннен соң немесе бірінші мүмкіндікте Банкке Талапты растайтын жазбаша өтініш береді.

5.11. Талапты Карточка Ұстаушы береді, Талаптың оның еркіне сәйкес келмей қалу қаупі үшін жауап береді, және Карточканы Тежеу салдары үшін наразылықтарды Банк қабылдамайды.

5.12. Карточка Ұстаушы жоғалтылған/ұрланған Карточканы уақытылы тежетпеген салдары үшін жауап беруге келіседі.

5.13. Карточка Ұстаушы Карточканы Тежеу күшіне кірмей тұрғандағы Карточкалық іс-қимылдар үшін тәуекелге барады және жауапты, және одан Карточканы Тежеудің күшіне кірген сәтінен бастап босатылады.

5.14. Карточка Ұстаушы жоғалған/ұрланған Карточкаларды Тежеуде жауапкершіліктің бір бөлігін және тәуекелді мойындарына алады. Бір бөліктей Тежеу дегеніміз, Карточка Ұстаушының «Classic», «Business», «Gold», «Platinum», «World Signia» Карточка түрлерінің Тоқтау-парақта жоғалған/ұрланған Карточкалардың деректемелерін жазудан бас тартуы деп түсініледі.


5.15. Карточка Ұстаушының Card Service-ге телефон арқылы шағымдануы автоматты түрде Card Service-ке кез келген даулы жағдайларға талдау жасау үшін орнатылған жазу құрылғысы бар телефонда жазылып қалады.

5.16. Карточка Ұстаушысы осы талаптармен келіседі және жүргізілген жазуға қандай да бір қарсылығы болмайды.

5.17. Карточка Ұстаушы жазу қондырғысы бар жоғарыда айтылған телефон арқылы жазылып алынған сөйлесу жазбасының, яғни, Карточка Ұстаушыдан ауызша түскен Талабының осы Шартқа сәйкес жазбаша түрде Талабы түскенге дейінгі дәлелі болып табылатынынына ешқандай пікірсіз келіседі.

5.18. Карточканы Тежегеннен кейін Карточка Ұстаушының жазбаша өтініші негізінде Банк Карт-шот бойынша жаңа нөмірмен және Пин-кодпен, немесе ескі нөмірмен және жаңа Пин-кодпен жаңа Карточка шығарады.

5.19. Банк Карточка Ұстаушының Карточканы сақтаған кездегі салақтығынан жіберілген немесе Пин-кодының құпиялығын Карточканы Тежегеннен кейін сақтамаған жағдайда, сондай-ақ Карточка Ұстаушының қасақана жасаған заңсыз әрекеттері белгіленген жағдайда да өзіне Карточка Ұстаушының жауапкершілігінің шамасын анықтау құқығын сақтайды.

5.20. Егер бұрын жоғалтылған Карточка табылғанда, Карточка Ұстаушы тез арада ол туралы Банкке хабарлауы тиіс, сонан соң осы Карточканы Банкке қайтаруы керек. Жоғалған Карточканы осы тармақта белгіленгендей қайтармаған жағдайда, Карточка Ұстаушысы осындай Карточканы Банкке қайтармағанда болатын қауіптілікті өз мойнына алады, сондай-ақ Банкке Карточканы алумен байланысты Банк шығарған шығынды өтейді.

5.21. Карточка Ұстаушының кінәсінен Банктің Карточканы тежеумен, алумен, Тоқтау-парағына енгізумен байланысты жұмсаған барлық шығындарын Карточка Ұстаушы сөзсіз тәртіпте өтеуге міндетті.

5.22. Бұрын Карточка Ұстаушысы уәкілетті емес тұлғамен ұрланған/жоғалтылған/ қолданылған деп жариялаған Карточканы Тежеуден шығаруды Карточка Ұстаушы Банкке өзі барып тиісті түрдегі жазған жазбаша өтінішінің негізінде Банк жүргізеді.


5.23. Карточканы Ұстап қалу мынандай жағдайларда болады:

▪ Карточка Тежелгенде;


  • Карточканы Ұстаушы оның заңды түрдегі Ұстаушысы болмағанда;

  • Карточка Ұстаушы Карточкалық іс-қимылдар жасағаннан соң сол Сауда және қызмет көрсету Кәсіпорынына Карточкасын ұмытып тастап кеткенде;

  • Егер үш мәрте қатарынан Пин-код дұрыс алынбаса (кез келген уақыттық алшақтықта бір немесе бірнеше электронды қондырғылдарды қолданғанда).

  • Карточканың әрекет ету мерзімі біткенде;

5.24. Карточканы Банкомат, Сауда және қызмет көрсету Кәсіпорынының кассирі немесе Банктегі қолма-қол ақша беретін пунктің жұмыскері ұстап қалуы мүмкін. Карточканы ұстап қалғанда (Банкомат ұстап қалған жағдайдан басқа жағдайда) тиісті кесім жазылады.

5.25.Ұстап Қалған Карточканы тікелей Карточканы Ұстаушысының жазбаша өтініші бойынша ұстап қалған жергілікті банк – тиісті Төлем жүйесінің мүшесі немесе Банктің (Ұстап қалған карточка Банкке жеткізілген жағдайда) Карточканы қайтару туралы шешімі қабылданғаннан кейін қайтарады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>