shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5 6

11. Басқа жағдайлар

11.1. Банк өз бақылауы шегінде Банке қарасты Банкоматтардың, «Дербес ЕКБ» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы банкілік қызметтердің, POS-терминалдар мен Импринтерлердің үздіксіз жұмыс жасауын және Карточкалық іс-қимылдардың авторлануын қамтамасыз етеді.


    1. Егер Карточка Ұстаушы Банкке Карт-шоты туралы сұраныс жіберсе және мәліметтерді ашық байланыс каналдары бойынша (оның ішінде SMS, e-mail, факс, телефон және тағы басқалар) жіберу туралы нұсқау берсе, Банк осы көрсетілген байланыс каналдары бойынша Карт-шот туралы мәліметтерді жіберуге құқысы бар.

    2. Егер Карточка Ұстаушы Карт-шот/ Карточка Ұстаушының Карточкасына қатысты ақпараттарды осы Шарттың талаптарына сәйкес ашық байланыс каналдары арқылы Банктің жіберуін сұраса, Карточка Ұстаушы Банкке Карт-шот бойынша осындай ақпараттарды алу үшін қолданылатын декертемелерді өзгергені туралы тез арада хабарлауы тиіс. Өзгерістер Банктің жазбаша ескерту алғанын растағанынан кейін ғана күшіне кіреді.

    3. Электронды құжаттар Банктің Карточка Ұстаушыдан қағаз түрінде алған және Карточка Ұстаушының қойылған қолының үлгісімен Карточка Ұстаушының қолы куәландырылған құжаттарының заңды эквиваленті болып есептеледі.

    4. Банк Карточка Ұстаушының қосымша келісімінсіз мыналарды істей алады:

▪ Карточка Ұстаушының Борыштарын үшінші тұлғаға өткізумен қайтару туралы өз құқығын, оның құқығының (талабының) шындығын растайтын барлық қажетті құжаттарды өткізуімен беруге құқылы;

  • Үшінші тұлғаларға Борыштарды өндіруді тапсыруға және оларға Банктің тапсырмасын орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттаманы беруге.

11.6. Банк Карточка Ұстаушыға Борышын Карточка Ұстаушыға тиісті жазбаша талаптар жіберу жолымен мерзімінен бұрын жабу уақытын белгілеуге құқылы.
    1. Егер валюталық және/немесе Қазақстан Ресмпубликасының басқа да заңдарына сәйкес Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу үшін Карточка Ұстаушыдан қосымша құжаттар (лицензиялар/ ескерту туралы куәлік және басқалар) алу/ ұсыну талап етелген жеғдайда, Карточка Ұстаушы осындай құжаттарды Қазақстан Ресмпубликасының заңдарында белгіленген мерзімде және тәртіпте алуға/ұсынуға міндеттенеді.


    2. Карточка Ұстаушы Банкке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіне және мемлекеттік органдарға Карточка Ұстаушының валюталық және/немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздемесі бойынша мен шегінде ақпараттау құқығын береді.

    3. Банк Карточка Ұстаушының келісімінсіз осы Шарт бойынша барлық не бөліктей талаптар құқығын кемітуге құқылы.

12. Шарттың әрекет ету мерзімі мен бұзу тәртібі

    1. Шарт Карточка Ұстаушының Негізгі Өтінішін Банк қабылдаған сәттен бастап күшіне кіреді және Карт-шот жабылған сәтке дейін әрекет етеді.

    2. Банк осы Шартты Шарттың жоспарланған бұзылуы уақытына кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанға дейін ол туралы Карточка Ұстаушыға ескерту арқылы бұзуға құқылы. Мұндай жағдайда, Банк Карточканы қайта шығармайды, және Карточка Банк көрсеткен Шартты бұзу мерзімінде жойылады. Карточка Ұстаушы Шартты бұзу туралы Банк көрсеткен мерзімге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, Борышын жабуға міндеттенеді. Егер Карточка Ұстаушы Шарттың осы тармағында қарастырылған міндеттерді орындамаса, Шарттың тиісті бөлігінде Карточка Ұстаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
    3. Карточка Ұстаушы осы Шартты Шарттың жоспарланған бұзылу уақытына кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанға дейін ол туралы Банкке жазбаша ескерту арқылы бұзуға құқылы. Мұндай жағдайда, Банк Карточканы қайта шығармайды, және Карточка Банк көрсеткен Шартты бұзу мерзімінде жойылады. Осы Шартты бұзу туралы жазбаша ескерту бергенде, Карточка Ұстаушы Банкке, Шартқа сәйкес, шығарылған барлық карточкаларды қайтарады. Карточка Ұстаушы Банкке Шартты бұзу туралы жазбаша ескертуін берген уақытта өзіндегі Карт-шот бойынша шығарылған карточкаларды толық қайтармаса, Карточка Ұстаушының жазбаша ескертуі тек қайтарлмаған карточкаларды тежегеннен кейін, Карточка Ұстаушының осы тежеуге кеткен шығынды төлегенінен кейін және Банк қызметкерінің олардың тежелгенін тексергеннен кейін ғана қабылданады. Карточка Ұстаушы өзінде бар Борышты Банкке Шартты бұзу туралы жазбаша ескертуін бергеннен кейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, жабуға міндеттенеді. Егер Карточка Ұстаушы Шарттың осы тармағында қарастырылған міндеттерді орындамаса, Шарт тиісті бөлігінде Карточка Ұстаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін әрекет етеді.



13. Шартты өзгерту тәртібі

13.1. Банк Осы Шартқа бір жақты тәртіпте өзгеріс енгізуге құқылы. Банк Карточка Ұстаушыға енгізілген өзгерістер туралы Интернет жүйесіндегі Банктің электронды сайтында www.bta.kz электронды мекенжайы бойынша, сондай-ақ Банктің жеке бөлімшелеріне ақпараттар орналастыру арқылы хабарлайды.

    1. Банктің өзгеріс енгізу туралы хабары жарияланған сәттен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Карточка Ұстаушының енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, Шарттың талаптарын қабылдамайтыны туралы Банктің атына жазылған өтінішін бермеуі, Карточка Ұстаушының Шарттың жаңа (өзгертілген) редакциясымен келісетінін және оған толығымен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып қосылатынын білдіреді.

    2. Егер бұрынғы әрекет ететін Шарттың негізінде Карточка Ұстаушыға несие берілген жағдайда, ал Карточка Ұстаушы Борышын әлі өтемеген болса, Тараптардың алдыңғы Шарттағы Несие беру бойынша қарым-қатынастарын реттеу бөлігінің тиісті редакциясы Карточка Ұстаушының Несие Борышын өтеген уақытына дейін қолданылады.

14. Шарт бойынша даулар

14.1. Шартты орындау үрдісінде пайда болатын барлық даулар, келіссөз жолымен өз еркілерімен және өз ара түсінушілік негізінде шешіледі. Пайда болған дауларды өз ара екі жақтық келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген соттық тәртіпте шешіледі.

    1. Банк Карточка Ұстаушы мен Бенефицар арасындағы, сондай-ақ Негізгі Карточка Ұстаушы мен Қосымша Карточка Ұстаушы арасындағы дауларға ешқандай да қатыспаған күйі қалады.

  1. Банктің заңды мекенжайы мен төлем деректемелері

«БТА Банкі» АҚ,

Қазақстан Республикасы, 050004,

Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97,


СТТН 600900114104

Карт-шоттарды толықтыруға арналған Банктің Деректемелері:

1. Ақшаны теңгемен есептеуге арналған деректемелер:


Алушы: «БТА Банкі» АҚ

СТТН 600900114104

ФАА 190501 319

Шот нөмірі ЖСК 430904120

Төлемнің мақсаты: төлемнің мақсаты, карточка ұстаушының аты және тегі, карточка нөмірі.


2. Ақшаны АҚШ долларымен немесе Еуромен есептеуге арналған деректемелер:

      

Алушы: «БТА Банкі» АҚ

СТТН 600900114104

ФАА 190501 319

Шот нөмірі ЖСК 431076120

Төлемнің мақсаты: төлемнің мақсаты, карточка ұстаушының аты және тегі, карточка нөмірі.


3.  Ақшаны АҚШ долларымен немесе Еуромен басқа банктердің шоттарынан есептеуге, шетелден аударуға арналған деректемелер: 

Beneficiary: JSC BTA Bank ,

Republic of Kazakhstan,

Almaty, Joldasbekova 97str.

SWIFT code: ABKZKZKX

Account number: 430076053

Details of Payment: Карточка ұстаушының аты және тегі, карточка нөмірі, төлемнің мақсаты.


Халықаралық Төлем жүйесінің

MasterCard және Visa, жергілікті Smart Alem

Төлем жүйесінің Төлем Карточкаларын

берудің және пайдаланудың

тәртібі туралы шартқа

2 Қосымша


Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар


Авторлау – Ақша шығарушының Карточканы пайдалану арқылы Карточкалық іс-қимылдарды жасауға рұқсаты. Авторлау электронды қондырғыларды пайдалану арқылы немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыстық режімде (бұдан әрі – дауыстық авторлау) жүзеге асырылады.

Авторланған сұраныс - Ақша шығарушыдан іс-қимылдарды жүргізуге рұқсат алуы үшін Сауда және қызмет көрсету Эквайерімен /Кәсіпорынымен сұралатын сұраныс.


Авторланған жауап – Ақша шығарушының Сауда және қызмет көрсету Эквайері /Кәсіпорыны жіберген авторлық сұранысына жауабы.

Жойылған Карточкалар – Карточкаларды күші жоқ деп мойындау және оны айналымнан шығарып тастау.

Банк –“БТА Банкі” АҚ.

Карточканы тежеу - Карточканы қолдану арқылы Карточкалық іс-қимылдарды жүзеге асыруға толық немесе уақытша тыйым салу.

Банкомат (АТМ) – Карточка бойынша қолма-қол ақша беру үшін және Карточка қолдану арқылы Банктің басқа да қызметтеріне қолданатын өз бетінше қызмет көрсету электронды банкілік автомат.

Карточка Ұстаушы – осы Шарт пен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес, Карточканы қолдану құқығы бар жеке тұлға.

Негізгі Карточканы Ұстаушы – Карт-шоттың иесі болып табылатын жеке тұлға.

Қосымша Карточканы Ұстаушы – Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылатын Қосымша Карточканы пайдалануға құқығы бар жеке тұлға немесе Қосымша Карточканы Негізгі Карточканы Ұстаушының жазбаша рұқсат беру келісімімен қолданатын жеке тұлға.

Қосымша Карточка – Негізгі Карточканы Ұстаушының жазбаша өтініші негізінде, үшінші тұлғаға Негізгі Карточканы Ұстаушының Карт-шотындағы ақшаларына Негізгі Карточканы Ұстаушының талабымен белгіленген Лимит шегіндегі мөлшерде қол жеткізуі үшін берілген құқығы.

Берешек – Карточканы Ұстаушының Карточка бойынша Банк жасайтын қызмет көрсету төлемдерін орындамаған міндеттемесі.и алған Несиені қайтару, есептелген сыйақыны, айыппұлды, өсімақыны, тұрақсыздық айыбын төлеу.

Негізгі Өтініш – осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Карточка Ұстаушының Банкке қызмет көрсетуді сұраған өтінішінен тұратын, сондай-ақ Карточка Ұстаушының Шарт пен Негізгі Өтініштің талаптары мен шарттарын сақтауға заңды түрде қамтамасыз етілген міндеттемелерін белгілейтін бірінші жазбаша ерік білдіруі.

Өтініш – осы Шарт бойынша қосымша қызметтерді көрсету өтініші жазылған өзге қосымша нысанда көрсетілген Карточка Ұстаушының өз еркін білдіруі.


Импринтер – Слипте Карточканың бет жағының қалыбын алуға мүмкіндік беретін механикалық қондырғы. Дауыстық авторлау режімінде Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу кезінде слипті ресімдеу үшін Банк-Эквайерлер / Сауда және қызмет көрсету Кәсіпорындары қолданады.

Карточка, Төлем Карточкасы – Карточка Ұстаушының карточка іс-қимылдарын жүзеге асыру, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау және басқа да Шартпен және Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған іс-қимылдарды жүргізуге жол ашатын ақпараттардан тұратын Карточка Ұстаушының электронды терминал немесе басқа қондырғы арқылы Карт-шотына қол жеткіздіретін құралы.

Карточкалық іс-қимыл – Карточка, не тауарлар мен қызметтерді қолма-қолсыз ақшамен, яғни аудару арқылы төлеу, қолма-қол ақшаны алу, шетел валюталарымен айырбастау іс-қимылдарын және осы Шарт пен Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген талапта басқа іс-қимылдарды жүргізу үшін оның деректемелерін (Карточканың нөмірі, әрекет ету мерзімі) пайдалану арқылы жүзеге асыратын іс-қимылы.

Кодтық сөзі – телефон бойынша карточка авторландыру, тежеу және Интернет арқылы шот бойынша үзінді көшірмені алу үшін қажетті қосымша мәліметтер.

Несие – осы Шарт пен Карточка Ұстаушының Өтінішіне сәйкес, жаңартылатын, ақы төлейтін, қайтаратын, жылдамдық пен қамтамасыз етілу шартында Карт-шоттағы Несиелік лимит бойынша белгіленген аяда, Карт-шот бойынша Револьверлік Несие арқылы Карточка Ұстаушыға Банк ұсынатын ақша.

Несиелік Лимит – Ұстаушыға оның Карт-шоты бойынша Банк ұсынатын Несиенің мүмкін максималды сомасы. Пайдаланылған Несиені Карточка Ұстаушының жабуы (бөліктей немесе толық көлемде) бойынша, Банк Несиенің жабылған сомасына, Несиелік лимиттің әрекет ету мерзімінің қалған мерзіміне, Шарт пен Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, жабылған сомаға Несиелік Лимитті қалпына келтіреді.

Карт-шот – Осы Шарттың талаптарына сәйкес Карточкалық іс-қимылдарды орындау үшін Карточка ұстаушыға Банк ашатын шот.


Шығындар Лимиті – Карточка Ұстаушының Карт-шоттағы өз ақшасының қалған сомасы, және Несиелік лимит.

Халықаралық төлем Карточкалық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) – Карточка арқылы ақшалай аударымдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттамалардың және ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің қосындысы. Жүйемен Карточкалық іс-қимылдар бойынша Қатысушылар арасында әрбір нақты Жүйенің тиісті валюта айырбастауымен клирингалық есеп айырысуларды анықтаған жүзеге асыру ережесі белгіленген.

Овердрафт – Карточка Ұстаушының Карт-шотындағы ақша қалдықтарынан, немесе – Карт-шот бойынша Несиелік лимитінің қалдықтарынан оның шығындарын көтеру.

Авторлау параметрлері – «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне қол жеткізу кезінде Карточка Ұстаушының сәйкестендіргішін жүргізетін белгілер жиынтығы.

Пароль - Банкке белгісіз, «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесін қосу үшін Карточка Ұстаушы таңдап алған белгілердің құпия жиынтығы.

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорыны – Жүйеге қосылған, Карточка арқылы өз тауарлары мен қызметтеріне қолма-қолсыз ақшаларды қабылдайтын заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды не жеке тұлға.

Карточкаға қызмет көрсету пункті – Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары, қолма-қол ақша беретін пунктте, Банкоматтар.

Қолма-қол ақшаны беру пункті – POS- терминал немесе импринтер арқылы банктік картаны пайдаланумен қолма-қол ақшаны қабылдау және/немесе беру бойынша іс-қимылдарды жүргізуге арналған арнайы жабдықталған орын.

Жұмыс күні - Қазақстан Республикасында банктердің банкілік іс-қимылдарды жүргізу үшін ашық болатын күні.

«Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі/ Интернет-банкинг жүйесі – Банктің Карточка Ұстаушылар үшін Интернет желісін пайдалану мүмкіндігі бар, дербес банкілік қызмет көрсету жүйесі, оның жұмысына Интернет желісін пайдалану арқылы жетуге мүмкіндік бар. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі Банктің Карточка Ұстаушылар үшін мына мекенжай бойынша http://my.bta.kz қол жеткізулерін болады және Банктің Негізгі Карточкасын Ұстаушыға өзінің жойылған банкілік шоттарына қол жеткізу және басқару мүмкіндігін береді.


Ғаламдық Интернет желісінің сыртқы ортасы - «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің жұмысына байланыссыз кез келген дербес өзіне-өзі қызмет көрсету каналдары және Интернет желісін пайдалану мүмкіндігі.

Алаяқтықтың жоғары тәуекелдігі бар елдер - мұндай елдерде карточкалармен байланысқан алаяқтық жағдайлардың болу ықтималдығы немесе соның нәтижесінде болған залалдар басқа елдердегі алаяқтықтан болған залалдардың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда көбірек болады (мұндай елдер қатарына жататындар: Австралия, Австрия, Албания, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Босния, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Корея, Косово, Латвия, Литва, Малайзия, Мальдив, Мексика, Молдова, Монтенегро, Нигерия, Нидерланды, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайланд, Тайвань, Тунис, Түркия, Украина, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Эфиопия, Жапония).

Ақшаны пайдалану лимиті – Банк немесе Негізгі Карточканы Ұстаушы белгілеген, Қосымша Карточка/лар бойынша белгілі бір мезгіл (ай, апта, тәулік) ішінде Карточка Ұстаушының қол жеткізуіне болатын ақшалар сомасының максималды мөлшері.

Слип – Дауыстық авторлау режімінде Карточка бойынша іс-қимылдарды жүргізгенде, Импринтердің көмегімен қағаз жеткізгіште жасалатын Банк-Эквайер немесе сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының төлем құжаты. Карточка Ұстаушының жүргізілген іс-қимылдың сомасымен келісімі болғанда, Кассир мен Карточка Ұстаушының қолдарының қойылуымен куәландырылады. Карточка Ұстаушының Карт-шотынан тауарлар/қызметтер үшін ақша алуға негіз болады.

Тоқтау-парақ – Жоғалтылған, ұрланған және тежелген Карточкалар нөмірлерінің тізімі.

Түбіршек – Карточканы қолдану арқылы Банкілік іс-қимылдың жүзегеасырылғанын дәлелдейтін құжат.


Авторлау орталықтары – Дауыстық авторлауды жасайтын немесе Карточка Ұстаушының атынан немесе Банктің бастамашылығы бойынша Карточканы Тежеуді орындайтын Төлем жүйелері мүшелері – банк бөлімшелері. Авторлау орталықтары тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді.

Эмитент / Банк-Эмитент – Банкілік іс-қимылдардың жеке түрлерін жүзеге асыратын немесе өз Клиенттеріне арнап Карточка шығаруға құқығы бар банк.

Эквайер / Банк-Эквайер – Карточка Ұстаушының Карточкасын қолдану арқылы, тауарлар/қызметтер үшін төлемді жүзеге асырғанда ресімделетін түбіршек/слипке сәйкес, банкілік іс-қимылдарды жеке түрлерін жүзеге асыратын, Карточка Ұстаушының Карт-шотынан Сауда және қызмет көрсету кәсіпорынының пайдасына ақша қабылдайтын Банк немесе ұйым. Эквайер ақшаларды қолма-қол беруді жүзеге асыратын банкте болып табылады.

Card Service – Банктің Карточка Ұстаушыға тәулік бойы қолдауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

PIN-код – Карта Ұстаушыға берілетін 4-белгіден тұратын цифрлы құпия кодтан тұратын, дербес сәйкестендірілген нөмір және Карта Ұстаушыны сәйкестендіруге арналған.

POS-терминал – автоматты режімде Карточка бойынша Карточкалық іс-қимылдарды авторлау үшін қолданылатын электронды терминал. Карточка бойынша қолма-қол ақшаларды беру үшін немесе сауда және қызмет көрсетулер үшін тауарлар/қызметтерді төлеуде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін Банктер-Эквайерлер қолданады. Кассирдің және Карточка Ұстаушының Карточка іс-қимылы жүргізген сомамен келісімі болғанда қолдары қойылып, түбіршек беріледі.


VISA, MasterCard Халықаралық төлем жүйелерінің



<< предыдущая страница   следующая страница >>