shkolakz.ru 1 ... 3 4 5 6

және Smart Alem Жергілікті төлем жүйелерінің

Төлем карталарын беру және қолдану тәртібі туралы

шартына №3 қосымша


Карточкалы кредиттеу бағдарламалары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері


Өнімнің атауы

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі*

Мөлшерлеме

Базалық мөлшерлемесі*

Тиімді мөлшерлеме

«Credo» несие карталары - «БТА Банкі» АҚ жалақы карталарын ұстаушылар үшін, бас банктердің жалақы карталарын ұстаушылар үшін

Мөлшерлеме (қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссияны есепке алғанда)

24% АҚШ доллары,теңге, евро

28,75% АҚШ доллары,теңге, евро

26% АҚШ доллары,теңге, евро

31,32% АҚШ доллары,теңге, евро

30% АҚШ доллары,теңге, евро

36,5% АҚШ доллары,теңге, евро

32% АҚШ доллары,теңге, евро

39,21% АҚШ доллары,теңге, евро

«VIP-карточкалар» кредиттік карталар

Мөлшерлеме (қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссияны есепке алғанда)

15% АҚШ доллары, теңге.

19,1% АҚШ доллары,теңге.

*Тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін есептеу кезінде төмендегілер есепке алынады:

  • Сыйақының базалық мөлшерлемесі (жылдық % көрсетіледі);


  • сыйақыны төлеу кезеңінде қаржы қызметтерін және банктің онымен байланысты барлық қызметтерін алу үшін бір реттік соманы қоса алғанда, клиенттің барлық төлемдерінің сомасы (кредитті ұйымдастыру, төлем карточкаларына жылдық қызмет көрсетілуі үшін комиссия және тағы басқалар).

*Базалық мөлшерлеме – банк өнімдері аясында қарастырылған жағдайларға байланысты клиенттердің әрбір санатына есептеледі.


VISA, MasterCard Халықаралық төлем жүйелерінің

және Smart Alem Жергілікті төлем жүйелерінің

Төлем карталарын беру және қолдану тәртібі туралы

шартына №4 қосымша


«ПЛЮС CARD - Карточкалы депозит» банктік өнімі бойынша ерекше шарттар



1) Карточканы шығару мерзімі

Карточка дербестелген (атаулы) Карточкаға ауыстырумен 3 (үш) жыл мерзімге шығарылады

2) Шот валютасы

Теңге.

3) Карточка түрі

Негізгі -Visa Instant. Карточка дербестелген болып табылмайды, яғни қарапайым Карточкадан айырмашылығы онда Карта ұстаушысының аты-жөні көрсетілмейді, себебі Карточка дербестелмеген карточка шығару технологиясымен алдын ала шығарылады.

4) Жылдық қызмет көрсету бағасы

0 теңге.

5) Карт-шот бойынша ақшаларды жұмсаудың шартты лимиті

Банк «Плюс Card» бағдарламасы бойынша айына 1 000 000 теңгеге дейін ақша жұмсаудың шартты лимитін белгіледі, осы лимиттен артық ақша жұмсалған жағдайда Карточка ұстаушылары үшін – Банк қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия белгілейді және ұстайды. Осыған байланысты Карточка ұстаушысы Банкке ақшаны жұмсауға қойылған шектеу лимитіне өтініш бере алады.



6) Қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия

Бір ай ішінде 1 000 000 теңге көлемінде қолма-қол ақшаларды алған кезде:

«БТА Банкі» АҚ банкоматтарында – қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері 0% құрайды;

«БТА Банкі» АҚ филиал бөлімшелерінде - қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері алатын соманың 0,4% құрайды.


Бір ай ішінде 1 000 000 теңгеден астам қолма-қол ақшаларды шешіп алған жағдайда немесе авторланған лимитті алғанда (лимитсіз):

«БТА Банкі» АҚ банкоматтарында – қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері алатын соманың 0,3% құрайды;

«БТА Банкі» АҚ филиал бөлімшелерінде - қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері алатын соманың 0,7% құрайды;

Екінші деңгейлі басқа банктердің банкоматтарында және басқа орындарында Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшаларды берген кезде – қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері алатын соманың 0,7% құрайды, бірақ 350 теңгеден кем емес.

Екінші деңгейлі басқа банктердің банкоматтарында және басқа орындарында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшаларды берген кезде – қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия мөлшері алатын соманың 1,75% құрайды, бірақ 465 теңгеден кем емес

7) Балансты сұрау үшін комиссия

0 теңге.

8) Үзінділер алу үшін комиссия

0 теңге.

9) Банк ішінде төлем карточкасынан төлем карточкасына аудару үшін комиссия

80 теңге

10) Карт-шоттағы қалдыққа есептелетін сыйақының пайыздық мөлшерлемесі

Сыйақы карт-шоттағы оң қалдық ақшаға есептеледі. Сыйақы мөлшерлемесі №1 кестеде көрсетілген Тарифтерге сәйкес карт-шоттағы қалдық сомаларға байланысты өзгереді.


11) Карт-шоттағы қалдыққа сыйақы есептеу тәртібі

Сыйақыны есептеу күнделікті жүргізіледі.

Капиталдану биллингтік цикл соңында жүргізіледі.

12) Карточканы жоғалтқан/ұрлатқан жағдайда оны қайта шығару бағасы

Дербестендірілген карточкалар Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес қайта шығарылады.

13) Қосымша карта бойынша жылдық қызмет көрсету

VISA Instant негізгі карточкаларына Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес қосымша карталардың жылдық қызмет көрсету бағасын төлеу арқылы қосымша дербестендірілген карточка шығарылады. Қосымша карточканы шығару мерзімі негізгі карточканың қолданылу мерзімінен көп болмау керек.

14) SMS-хабарлау үшін комиссия


SMS-банкинг тарифтеріне сәйкес.


1-кесте


«Плюс Card» бағдарламасы бойынша карт-шоттағы ақшалар қалдығына сыйақы есептеудің жылдық пайыздық мөлшерлемесі


S – қалдық сомасы

Жылдық пайыздық мөлшерлеме

Тиімді пайыздық мөлшерлеме*

0=

0%

0%

10 001=

2%

2.1%

25 001=

3%


3.1%

50 001=

6%

6.6%


*Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – есептелген сыйақының капиталдануын, қосымша жарналардың енгізілуін, ішінара ақша алуды, Банкпен комиссиялар алуды есепке алғандағы сыйақы мөлшерлемесі.






<< предыдущая страница