shkolakz.ru   1 ... 9 10 11 12

11. Жобаның тиімділігі



    1. Cash-flow проекциясы



Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр. Есеп 3 бөлімнен тұрады:

- операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын басқа қызмет;

- инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды сатып алумен, құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі;

- қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.

Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр.

11.2 Пайда мен залалдардың есептері



Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма түрінде көрсетілген.


-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

Жылдық табыс (5 жыл), мың тг.

10 061

Активтердің рентабельділігі

18%



11.3 Баланс проекциясы

2016 жылғы баланстық есеп коэффициенттері төмендегі кестеде берілген.



-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері

Активтер құнындағы негізгі қаражаттың үлесі

0,6

Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті

5,4



11.4 Қаржы индикаторлары



14% дисконттау ставкасы кезінде 7 жылға арналған инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 4 753 мың теңгені құрады.

-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

17%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге.

4 753

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,4

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,9


-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг

Кезең


2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Қызметтерді сатудан түсетін кіріс

13 167

33 650

40 965

43 891

46 817

52 669

58 521

Баланстық пайда

-2 274

1 869

7 216

9 896

12 576

17 078

21 372

Қызметтердің толық өзіндік құны

15 442

31 781

33 749

33 995

34 241

35 592


37 149

Тұрақты шығындар

10 472

19 081

18 288

17 430

16 572

15 713

15 062

Ауыспалы шығыстар

4 970

12 700

15 461

16 565

17 670

19 878

22 087

Шекті кіріс сомасы

8 198

20 950

25 504

27 326

29 147

32 791

36 434

Пайдадағы шекті түсімнің үлесі

0,623

0,623

0,623


0,623

0,623

0,623

0,623

Залалсыздық шегі

16 820

30 648

29 375

27 996

26 617

25 239

24 193

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры (%)

-28%

9%

28%

36%

43%

52%

59%

Залалсыздық

128%

91%

72%

64%

57%

48%

41%


Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі жылына сату көлемі 26 617мың теңге болып табылатыны көрсетілген (1916 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 9 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар бойынша шығыстардың азаюына қарай (59% дейін) өседі.


Жоспарланған айналымдарға байланысты кәсіпорын салық салудың жалпы белгіленген тәртібін қолданады


-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Салық түрі

Сомасы, мың тг.

ҚҚС

21 509

КПН

13 546

Мүлік және көлік салығы

3 279

Салықтар және ЕТҚ-ның міндетті төлемдері

31 779

Жиыны

70 113


Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда 70 113мың теңгені құрайды.

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер

12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні


Жобаны іске асыру кезінде:

  • жұмысшылардың тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орнын ашу;

  • стоматология қызметін көрсететін жаңа кәсіпорын ашу;

  • Батыс Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуін (70 млн. теңгеден астам) шешу қарастырылған.

Әлеуметтік әсерлер арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:


  • Халықтың сапалы стоматологиялық қызметке деген сұранысын қанағаттандыру;

Жобаны іске асыру нәтижесінде 19 жұмыс орны ашылады. Біліктілікті арттыру жоспарлануда. Шығындарға кадрларды оқыту шығыстары қосылған («Өзге де шығыстар» бабы есебінен).

12.2 Қоршаған ортаға әсер


Тұтастай алғанда кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтірмейді, өйткені оның қызметі зиянды қалдықтармен байланысты емес, стоматология бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесінде зиянды қосындылар мен заттар қолданылмайды..

Қосымшалар




<< предыдущая страница