shkolakz.ru 1
Новые книгиНұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан еуразиялық жобасы: Тайыр Мансұров.


Алматы: «Курсив» ЖШС, 2012.- 324 бет.

Бұл кітапта тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1994 жылға наурызда М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де ұсынған Еуразия жобасының жүзеге асырылуы құжаттық негізде жан-жақты көрсетілген.

Монографияның авторы Т.А. Мансұров Н. Назарбаевтың Еуразия жобасының посткеңестік елдердің алдында жаңа мүмкіндіктер мен көкжиекті келешек ашатын тиімді экономикалық және әлеуметтік дамудың тетікті құралы ретіндегі тарихи ролін жүйелі түрде ашып көрсеткен.

Басылым көпшілік оқырманға, ғалымдарға, мемлекеттік басқару мен халықаралық қатынастар саласының мамандарына арналған.

Нурсултан Назарбаев/Биография.

Астана: ТОО «Деловой мир Астана», 2012. - 304 стр.

Данная книга представляет собой первый опыт официального историко – биографического исследования жизни и деятельности Н.А. Назарбаева. В ней прослежен его жизненный путь от простого сельского юноши до национального лидера.

Основное внимание уделено политической биографии Н.А. Назарбаева, которая дана в исторической ретроспективе драматических и неоднозначных событий и процессов, сопровождавших развитие Казахстана на рубеже XX-XXI веков.

Особая ценность книги, что наряду с богатым фотоиллюстративным материалом впервые воспроизведены аутентичные копии личных документов, что позволяет полнее погрузиться в атмосферу описываемых событий.

Книга адресована широкому кругу читателей.

Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана.

Алматы: «Өнер» баспасы, 2012.- т.7.- 192 бет.

Ғалым А.И. Кастаньенің жазбалары енгізілген бұл кітапта – көне дәуірлердегі тарихи жәдігерлердің құрылысы, архитектуралық жағы өзінің өн бойына тұнып тұрған тарихи оқиғалармен байланыстырылып суреттелсе, суретші-ғалым Б.А. Глаудиновтың ғылыми мақалалары қамтылған бөлімінде – кеңестік Қазақстанның әртүрлі қалаларында бой көтерген қоғамдық, өнеркәсіптік ғимараттар мен нысандардың салынуы, 1930-1961 жылдардағы архитектураның даму тарихы сөз болады. Қазақстан архитектурасының жеткен жетістіктері мен даму мүмкіндіктері баяндалады.


Кітап сәулет және құрылыс саласының мамандары мен ізденушілеріне арналады.

Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана.

Алматы: «Өнер» баспасы, 2012.-т.8.-

192 бет.

Бұл кітапта Б.А. Глаудинов ежелгі дәуірден бастап, XX ғасырдың басына дейін салынған Қазақстан аумағындағы тұрғын үй, қоғамдық және мемориалды-діни ғимараттардың архитектуралық құрылымын сипаттайды. Еліміздегі бой көтерген беймәлім ғимараттарға кеңірек ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді. Аймақтағы сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі анықталады.

Кітап сәулет және құрылыс саласының мамандары мен ізденушілеріне арналады.


«Сезім» «Чувство»: Тілеужан Батанов.

Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2012.- 208 бет.

Бұл альбом Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер Академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕМУ-нің дизайн кафедрасының профессоры Тілеужан Батановтың шығармашылығын көрсетеді.

Суретші өз туындыларын жасай отырып, өнердің әр түріне, техникалар мен материалдарға жүгінеді. Осыған байланысты альбомның құрылымы негізінен үш иллюстрациялық материалдан: мүсін, акварельді туынды және майлы бояу кескіндемесінен тұрады. Альбом шын мәнісінде ретроспективті басылым бола отырып, суретшінің түрлі жылдардағы шығармашылығын айқындайды.

Альбом суретшілер мен дизайнерлерге, студенттерге, оқырмандарға арналған.


«Қазақстандағы ашаршылық: халық қасыреті және тағылымы»: Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағы.

Астана: Мемлекет тарихы институты / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен, 2012.-

400 бет.

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алудың 80-жылдығына арналған конференцияның материалдар жинағына отандық және шетелдік зерттеуші ғалымдардың баяндамалары енгізілді. Кеңестік ұжымдастыру кезеңіндегі тоталитарлық жүйенің саяси қателіктерінен миллиондаған адам құрбан болды. Бұл тақырып еліміздің Тәуелсіздік жылдарында ғана объективті тұрғыдан қарастырылып, лайықты бағаланды.


История казахского искусства: древний период.

Алматы: «Арда+7», 2012.- т.2.- 448 стр.

В данном издании представлены работы по изучению национальной культуры в Средневековый период. В разделах, изобразительному, архитектурному и музыкальному искусству, разрабатываются историко-теоритические проблемы современного искусство знания, рассматриваются вопросы становления и функционирования в быту казахского народа ранних парадигмов различных видов искусства, исследуются проблемы художественного отражения действительности, ее звуковой среды.

Предлагаемая книга предназначена искусствоведам, музыковедам, культурологам, студентам вузов и всем интересующимся богатейшим духовным наследием Казахстана.

Летопись Жетысу.

Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2012.- 328 стр.

Прекрасна земля Жетысу. Уникальна природа и история региона. Практически за один день путешественник может пересечь все ландшафтные зоны – от пустыни до вечных снегов; увидеть и насладиться всеми волшебными красками природы. Многие широко известные памятники природы, истории и археологии находятся на этой благородной земле: Золотой воин, Тамгалы, Поющии бархан, Алаколь...

Каждому казахстанцу и каждому гостю будет интересно ближе познакомиться с этим удивительным краем.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы – История формирования Государственных символов Республики Казахстан.

Альбом-кітап / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен.- Алматы: Мемлекет тарихы институты, ЖШС «Литера - М», 2012. – 176 бет.

Кітапта мемлекеттік рәміздердің авторлары және олардың эскиздермен жұмысы естеліктеріне негізделген материалдар берілген. Еліміздің ресми нышандарын жасаудағы ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөліне баса назар аударылады. Өйткені, Елбасының мемлекет құрылымының басты қағидалары туралы идеялары рәміздердің идеялық-мазмұндық тұжырымдарын анықтауда маңызды орын алады. Егемен Қазақстанның нышандарында тарихи дамудың ерекшеліктері, тәуелсіз мемлекеттің философиясы мен ой-санасы, қазақ халқының сан ғасырлық арман-мұраты көрініс береді.


Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2012.-т.4.- 304 бет.

Көп томдық «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясында баянды еліміздің бай табиғаты, оның ішінде тау шыңдары, жон-жоталары, шоқы-қыраттары, белесті жазықтары, жусан иісті далалары, дария теңіздері, өзен-көлдері, орман-тоғайлары, жеті қат жер қойнауы, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, жануарлар әлемі, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі, т.б. энциклопедиялық жүйемен, әліпби бойынша берілген. Мақалалар суреттермен безендіріліп, кесте, карталармен толықтырылған. Келесі томында жалғасын табатын бұл басылым туған жер, өскен топырағын жетік білгісі келетін географтар мен биологтарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақстанның тазалық мәдениеті.

Әлима Ысқақ.

Алматы: «Өнер» баспасы, 2012.- 192 бет.

Бұл қорланып, қоюланып жеткен қазақтың дәстүрлі тазалық мәдениетінің жәдігері. Тазалықты әуелден деңсаулық кепілі деп білген қазақ халқы оның тән тазалығын сақтаумен бірге салт-дәстүрлермен, жол-жосындармен, исламдық қағидалармен сабақтасатын жан, қан және рух тазалығына да ерекше көңіл бөлген. Қолдарыңызға ұсынылған жинақта ұлт пен отбасы тазалығы, тән және қан тазалығы, күнделікті қолданылатын тұрмыстық мүліктердің тазалық рөлі, діни сенім тұрғысындағы жан тазалығымен әрісі рухани пәктікті кепілдендірер тазалық таразыланады. Қазақтың тазалық мәдениетінің тамыры тереңде екендігіне осы кітапты оқи отырып көз жеткізесіз.


Киелі кимешек – Кимешек – духовный покровитель. Ғалия Қайдауылқызы.

Алматы: «Өнер 21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2012.- 240 бет.

Кимешек – қазақ әйелдерінің баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді. «Киелі кимешек» фотоальбомы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдық. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілері талғампаз қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз.


Қазақ биі – Казахский танец: Фотоальбом.Алматы: «Өнер» баспасы, 2012.- 320 бет.

«Қазақ биі» фотоальбомы Қазақ КСР-інің халық артисі, Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты, елімізде, сондай-ақ шет елдерде де халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болған тума талант, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Жеке қордан алынған фотосуреттер тек қазақ биінің ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары билері кезеңдерінің көрнекті шежіресін көз алдыңызға жайып салады.

Шара Жиенқұлова – кейінгі ұрпақтар үшін оқу құралына айналған «Би құпиясы», «Достар биі», «Сымбат» кітаптарының авторы. Биші Шара салған халықтық дәстүрде құрылып-қалыптасқан «Салтанат», «Гүлдер» ансамбльдері Қазақ биінің көрнекті жалғастырушылары болып табылады. Олардың өнерінде Шара бастап негіздеп кеткен тарихы терең халықтық дәстүр мен мәдениеттің терең тамырлары қазіргі заман талаптарымен сәтті үйлесім тапқан. Фотоальбом қалың оқырман қауымға, би мен балет өнеріне тәнті замандастарымызға арналады.

Асанәлі Әшімов: Фотоальбом.

Алматы: «Өнер» баспасы, 2012.- 320 бет.

Өз биігіне жеткен, бүгінде ел ардақтаған азаматтың – бал дәурен балалығы, студенттік шақтағы ізденісі, актерлік жолындағы шығармашылық өрлеу кезеңдері, отбасы және қоғамдағы әріптестері, сырлас достары, театр, кино сынды көркем дүниенің есте қаларлық, ескерткіш боларлық ғажайып көріністері мен бейнелі сәттерінің сырға толы суреттері қамтылған бұл фотоальбом - өнер адамының әр жылдар еншісіндегі сұңғыла жеңісінің жетелі жемісі.

Аталған фотоальбом Қазақ халқының арда перзенті, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ, ТМД халықтар достығы бірлестігінің лауреаты, Отан «Алтын қыран» (ЮНЕСКО), Ломоносов ордендерінің иегері, Ғылым академиясының профессоры – тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға, атақты актер – Асанәлі Әшімовтің 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жарық көріп отыр.


Фотоальбом кино сүйер көрермендерге, көпшілік қалың оқырмандарға арналады.


Мәңгілік алау: Еркімбеков С.

Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2012.- 256 бет.

Балет-оратория (паритура).

Қылқобызға арналған хрестоматия:

1-4 сыныптар үшін және музыка мектептері мен колледждеріне.

Алматы: «Білім», 2012.- 240 бет.

«Қылқобызға арналған хрестоматия» деп аталатын бұл оқу құралы – Республика көлеміндегі музыка мектептері мен колледждеріне арналып жарық көріп отырған алғашқы жинақ. Хрестоматиялық жинақтар үш кітаптан тұрады: біріншісі – төменгі(1-4) сыныптарға, екіншісі – ортаңғы (5-9) сыныптарға, ал үшіншісі – жоғарғы (10-12) сыныптарға ұсынылады.

Бұл кітап – солардың біріншісі. Мұнда қобызды жаңадан қолына алған жас бүлдіршін ең жеңіл әуендерден бастап, біртіндеп қиындай беретін әр түрлі жанрдағы шығармалармен танысады. Жинаққа үйрену оңай халық әндері мен күйлері, Қазақстан композиторларынң туындылары, сонымен бірге шетел композиторларының қажет деген шығармалары сұрыпталып енгізілді.


Қылқобызға арналған хрестоматия: 10-12 сыныптар үшін.

Алматы: «Білім» баспасы, 2012.- 320 бет.

Бұл оқу құралы – автордың арнаулы музыка мектептері мен музыкалық орта және жоғары музыкалық оқу орындарына арнап дайындаған «Қылқобызға арналған хрестоматия» атты жинақтар топтамасының соңғы, яғни үшінші кітабы.

Бұл жинаққа Қазақстан композиторлары мен дүние жүзі халықтарының едәуір күрделі әрі жоғары орындаушылық шеберлікті қажет ететін шығармалары, сонымен бірге Қорқыт, Ықылас күйлерінің классикалық үлгілері және домбырада тартылатын күйлердің ішінен қылқобыз табиғатына үндесетін нұсқалары іріктеліп топтастырылған.

Жинақ-кітапты жоғары музыкалық оқу орындларының студенттері мен аспиранттары да пайдалануына болады.

Әсем әуен – халықта:

Дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер.


Алматы: «Sansam», 2012.- 384 бет.

Жинаққа дауыс пен фортепианоға арналып өңделген, ел ішінде жиі айтылатын халық әндері мен халық ақындарының шығармалары беріліп отыр.

Кітап арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға арналған.

Қазақ музыкасының бәйтерегі:

Мұқан Төлебаевтың 100-жылдығына арналған естеліктер/

Құраст. Ж. Төлебаева.

Алматы: Раритет, 2012.- 184 бет.

Кітапта КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ кеңес музыкасының классигі, қазақтың опера өнерінің негізін салушылардың бірі Мұқан Төлебаев туралы материалдар топтастырылған. Композитордың әріптестері мен замандастары, ұстаздары мен шәкірттері, жазушылар мен ақындар, өнер зерттеушілер мен әдебиетшілер, туыстары мен жора-жолдастары жазған естеліктер мен мақалалардан оның композиторлық шеберлігін шыңдау жолындағы ізденістері, адамгершілік, азаматтық бітім болмысы, үлкен өнерге деген ынта-жігері кеңінен көрініс тапқан.

Музыкасүйер қауымға, педогогтарға, орта және жоғарғы оқу орындары студенттеріне, көпшілік оқырманға арналған бұл кітап аса көрнекті композитордың 100 жасқа толуына орай шығарылып отыр.

Әнуар Молдабеков: Фотоальбом. Автор-құрастырушы: Баян Имашева.Алматы: «Өнер 21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2012.- 320 бет.

Әнуар Молдабеков – XX ғасырдың екінші жартысында қазақ өнерінің биігіне жарқ етіп бірден көтерілген дара тұлға. Ол 1960-80 жылдардағы Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында – саналуан спектакльдерде және де бұрынғы КСРО республикаларындағы киноөнер ордалары – «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» т.б. киностудияларда түсірілген киношығармаларда басты рөлдерді ойнап, айрықша көзге түсті. Ә. Молдабеков – туа біткен талант еді.

Бұл фотоальбомда қазақ сахна және кино өнерінің дара тұлғасы, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Ә. Молдабековтің өмірі мен өнер жолы, адами болмысы фотобейнелер арқылы қамтылған.


Бұл басылым халқымыздың сахна және кино өнерін зерттеушілерге, оқу ордаларына, жалпы, өнер сүйер қалың оқырман қауымға арналады.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАПОН ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАР.

ЯПОНСКИЕ ВОЕННОПЛЕННЫЕ В КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ.

Автор: Дулатбеков Н.О., заң ғылымдарының докторы,профессор.

Бұл ғылыми-зерттеу еңбегінде басым көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет еніп отырған көлемді құжаттық материалдардың негізінде Қарағанды облысында болған (1945-50 жж) жапон әскери тұтқындары тарихының проблемалары, оның осыған дейн аз зерттелген тұстары қарастырылады.

В научно-исследовательской работе на большом документальном материале частью впервые вводимого в научный оборот, раскрываются малоизучнные проблемы истории пребывания японских военнопленных в Карагангдинской области (1945-50 гг).Художники, музеи, документы, памятники


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.

Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов

Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

Қарлаг: Қапастағылар қаламынан....

Карлаг: Творчество в неволе

Суретшілер, мұражайлар, құжаттар, ескерткіштер.- Қарағанды, 2009.- 248б.

Бұл кітапты Кеңестер Одағы кезіндегі НКВД Карлаг лагерьлерінде саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарына айналған өнер адамдары – суретшілердің шығармашылық жұмыстары құрайды. сонымен бірге Карлаг тарихына арналған мұражайлардағы экспонаттардың, жазықсыз жапа шеккендерге қойылған ескерткіштердің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері енгізілді.

Эта книга посвящена художникам, жертвам политических репрессий, которые были безвинно осуждены НКВД во время Советского Союза и сосланы в Карлаг. В книге размещены репродукции их картин, а также фотографии экспонатов, памятников, установленных жертвам репрессий, копии архивных документов.