shkolakz.ru 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің

әдістемелік кеңесінің отырысында

« Б е к і т і л ді »

____________________________

Хаттама № __ «___»_____2007 ж.


Пәннің оқу бағдарламасы

Syllabus


Жалпы жер тану
пәні бойынша

050116
География” мамандығына арналған

Оқу нысаны: күндізгі


Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

география кафедрасының отырысында

талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Хаттама №___ «___»_________2007 ж.

Кафедра меңгерушісі (қолы) _________


Өскемен, 2007


1 Пәннің аты мен коды – Жалпы жертану –ҚР МББС бойынша нөмір
і 3.08.266-2006-OZ1207

2 Оқытушының аты-жөні – Айтходжаева Гульбану Аділғазықызы, ШҚМУ доценті

3 Байланыстық ақпарат: кафедра телефоны: 52-09-52, ШҚМУ-дың 4-ғимараты аудитория 22. Үй телефоны: 25-45-83.

4 Кредиттер мөлшері – 3 кредит (2 семестр).

5 Курстың пререквезиттері мен постреквезиттері.

«Жалпы жертану » пәнін оқу алдында студент географиядан жалпы білім беру мектептердегі физикалық география, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД физикалық географиясы пәндерінен негізгі білімі болу қажет. «Жалпы жертану » пәніндегі білім болашақта мынадай пәндерді оқығанда қолданады: физико-географиялық және экономика географиялық пәндерінде – гидрология негізі , метеорология және климатология, ландшафттану, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, әлемнің әлеуметтік -экономикалық географиясы, экономикалық және әлеуметтік Қазақстан географиясы.


6 “ Жалпы жертану ”курсының қысқаша жазбасы:

Курстың мақсаты:


  • - географиялық қабықша ( геосфера) деп аталатын бізді қоршаған әлем дүниесінің қашан және қайда пайда болғанын, дамығанын, динамикасын көрсетуге талпыну, мүмкіндігінше дәлелдей білу; қоршаған табиғи ортаны жақсарту және географиялық үрдістерді планетарлық деңгейде басқаруды оқыту.




  • Курстың міндеттері – студенттердің білімдерін қалыптастыру:

    • географиялық қабықша, планетарлық геожүйе, планетарлық табиғи кешен сияқты білімдер беру;

географиялық қабықшаның даму заңдылықтары, динамикасы, құрамы, құрылымы, биосфера, географиялық кеңістік, қоршаған табиғи орта, географиялық қабықшадағы компонеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстары, қоршаған табиғи ортасын жақсарту мен табиғатты пайдалану басқару мүмкіншілігі туралы білім беру.

физико-географиялық заңдылықтарды қалыптастыра оқыту.

- Курстың саясаты:

  • оқу үрдістерінде белсенді болып, барлық сабақтар түріне қатысуы;

  • лекция және лабароториялық қолжазбаларды конспектілеу;

  • әрбір сабаққа уақытында дайындалу;

  • сабаққа кешікпеу;

  • С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің ішкі күн тәртібін орындау;

  • студенттердің намыс Кодексін орындау;

  • жоғарғы көрсеткіштерді орындамаса, қорытынды баға төмендетіледі;




  1. Күнтізбелік тақырыптық жоспар және бақылау түрін өткізу мәселесі






Тақырыптар

Сабақ өткізу түрі дәріс, семинар,


зертхана,

СОӨЖ,

СӨЖ.


Әдебиеттер

№ №

Бақылау жұмысының

түрі.

Макс.балл

Тапсыр- ған

уақыты.

1

Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері.

Географиялық ғылымның негізгі даму кезеңдері,

Тарихи географиялық (г)

территориялық зерттеу туралы рефераттар.

Г.ғылым жүйесі және оның жалпы жертанудағы орны.

Г. номенклатураны оқу ( Еуразияның мүйістері мен түбектері)


Дәріс-2

СОӨЖ

СӨЖ


Лаб.-1

СОӨЖ-4

СӨЖ-4

1,2,3,4,11

Рефераттар

5 балл

1-апта

2

Географиялық қабықшаға (г.қ.) ғарыштың әсері. Жер және Күн жүйесінің пайда болу гипотезалары.Жер планетасы және Күн жүйесі мен олардың қарым-қатынасы. Пішіні, мөлшері және Жердің орбиталық өстік айналуы нәтижесі.Күн жүйе сызбасын салу. Планеталардың, Күн құрылымының, химиялық құрамының сипатамасын жазу. Күн және Жер қарым-қатынасы. Күн жүйе планеталардың графикалық сызбасын салу. Жердің гипсографикалық қисығын салу және оны талдау.

Көкжиектің алыстан көріну графигін сызу және оны талдау.Тапсырманы шешу.

Дәріс-4

СОӨЖ,

СӨЖ


Лаб.-2


СОӨЖ-6

СӨЖ-6



1,2,3,4,5,6



Лаб. Жұм. қорғау



5 балл

4-апта

3


Г.қабықшаға әсер ететін жалпы географиялық факторлар.Жалпы Жер туралы мәліметтер.Жердің пішіні, өлшемі, салмағы және оның геог.

Жердің магниттік, жылулық, электірлік өрісі жене магниттік қабаттағы қозғалысы.Жердің Күнге қатысты негізгі орны..Геор. Белдеудегі күн мен түннің ұзақтығы, көрінетін көкжиектің қашықтық тапсырмасын орындау қажет.Горизонт үстіндегі талтүстік күннің биіктігінің формуласын анықтау. Горизонт үстіндегі күннің

биіктігін графиктің көмегімен анықтау.

Теллурмен жұмыс.Жердегі маусымдардың өзгерісі және оның себептері мен заңдылықтарын түсіндіру.Жер өсінің айналу бұрыш үлкендігін әртүрлі белдеулерде күн ұзақтығын графикалық түрде анықтау. Жылдың әр мезгілінде әртүрлі белдеулерде Күннің шығу мен бату уақыты, Күннің ұзақтығын аналитикалық анықтау.Әртүрлі белдеулердегі ең ұзақ күнмен, ең қысқа түн ұзақтығының графигін құрастыру..Графиктің көмегімен тапсырманы орындау. Күннің нақты уақыты. Жергіліктік және белдеулік уақыт.Белдеулік уақыт картасын оқу. Уақыт санағы туралы тапсырманы орындау. Жергілікті ендік пен бойлықты анықтау тапсырмаларын орындау.Уақыт байланысы. Магниттік еңкіштік пен жіктелу картасының анализі.


Дәріс-4,


Лаб. -2


СОӨЖ -6

1,2,3,4,5,6

Тестілеу (рубеждік)


10 б

5-апта

4

Географиялық қабықша (Г.қ.) Г.қ . құрылымының тік және көлденең ярус тық жіктелуі. Геокешендегі, геожүйедегі геогр.құрылымының ұйымдастырылу .


Дәріс-2, СОӨЖ -6


СӨЖ -6




рубеж


10 балл


10-апта

5


В.И. Вернадскийдің биосфера (Б) және ноосфера туралы ілімі.Б. -г.қ. компоненті. Б. Жайлы қазіргі кезгі түсінік.Б. Шекарасының құрылымы,сапалық сипаттама ( салмағы,химиялық құрамы,геохимиялық энергиясы,биомасса,биолог. Өнімділік)Энергия мен заттың биолог. Айналымы.

Ағзалардың тіршілік қауымдастық:биом,биот,биоценоз,биогеоценоз,экожүйе,б.қорықтар мен қорықшалар.

В.И. Вернадскийдің биосфера (Б) және ноосфера туралы ілімі.

Мұхит пен құрлық биомассасының,мұхит фитомассасы мен зоомассасының құрлықтағы сәйкестігі.

Құрлық биоөнімдік фитомассасының жылу мен ылғалға тәуелділігінің анализін жасау (карта анализіне сүйене отырып)

Құрлықта топырақ және өсімдіктің таралу заңдылықтарын анықтау(карта анализіне сүйене отырып)

Г.қ. сфера компоненттерінің химиялық құрамының салыстырмалы сипаттамасы.

Еуразия жер бедерін зерттеу.

Дәріс -2


1,2,3,4,8,9,17

Ағымдық бақылау

5 балл


2 балл

11-апта

5,6,1 Рубеждік бақылау. 10 балл15-аптаДәріс-4Г.қ.дамуының негізгі заңдылықтары. Г.қ. “заң” және “ заңдылықтүсініктері”6

Лаб.-2

СОӨЖ-6

СӨЖ -6

Геогр. заңдылықтағы периодтық заң.Азоналық. Г.қ. ассиметрия.Жер -ғарыштағыорта дене емес, геохимиалық аномалия.Г.қ. Біртұтастық және бірліктік, ырғақтылық. Г.қ.-ғы зат, энергия және информация айналымы. “Құрлық ландшафының зоналылық типі” картасына анализ және топырақ, өсімдік, климат белдеулер карталарымен салыстыру. Картограммалар анализі негізінде гегр. белдеулерге сипатта††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††††дамуы және оның горизонтальды дифференцациясы.Жердің Г.қ.дамуының негізгі кезеңдері.Құрлықтың физико- географиялық аудандастырылуы.Ландшафт,оның морфологиялық бөлімдері.Г.қ-ң антропогендік өзгерістері.


Г.қабық.-ң компонеттері.Атмоссфера (А) ның компоненттері және құрылымы.Күн радиациясы және оның ендік бойынша таралуы. А. циркуляциясының радиациалық балансы. Б.П. Алисов бойынща климаттың типтері және белдеулердің климаттық сипаттамасы.

Гидросфера(г)-г.қ-ң заттық құрамы , құрылымдық көлемі.Табиғи судың құрылымы.Г.қ.дүние жүзілік мұхиттың су айналымы, мұхит суының физико-химиялық ерекшелігі, су беткейінің, ағыстың динамикасын зерттеу .

Дәріс-6


Лаб-4

СОӨЖ-7

СӨЖ-7


1,2,3,4,5,6,15

Баяндама

бағасы.


10 балл

12-апта

7

Барлығы:

135
















  1. Бағалау саясаты:

Оқыту барысында бақылаудың келесі түрлерінің өткізілуі қарастырылған:ағымдық,3 аралық және қорытынды бақылау.

Ағымдық -бүкіл оқу барысында;рубеждік 5,10,15 апталарда;қорытынды – емтихан.

Рейтинг шкаласы

Бақылау формасы

балл

Ағымдық

30

Рубеждік ( аралық )

30

Қорытынды

40

Барлығы


100

Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы:

1. Лекция ( жалпы оқу барысында сабаққа белсенді қатысу және мәселелерді қызу талқылау)– 5 балл.

2.Лабораториялық,практикалық жұмыстар – 5 балл.

3.Өздік жұмыс ( үй тапсырмасы,реферат, баяндама) - 10 балл.

4.Рубеждік бақылау ( аралық) – 30 балл:

5.Тестілеу – 5 балл.

6.Конспект – 5 балл.

Барлығы : 60 балл


  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер


Негізгі

1.Селиверстов Ю.П.Землеведение. -М.Академия,2005

2.СавцоваТ.М. Общее землеведение. -М.Академия,2005

3.Неклюкова Н.П.Общее землеведение. -Алматы:Мектеп,1989

4.Геренчук К.Н.,Боков Б.А.,Черванев И.Г. Общее землеведение,Москва,Высшая школа,1990

5.Мильков Ф.И. Общее землеведение,Москва,Высшая школа,1990


Қосымша

6.Калесник С.В.Основы общего землеведения - Москва,1960

7.Калесник С.В Общие географические закономерности.М,1970

8.Марков К.К. және т.б.Введение в физическую географию.- Москва,Высшая школа,1990

9.Рябчиков А.М. Структура и динамика геосферы.М,Мысль,1972.23-137 беттер.

10.Вернадский В.И.Биосфера.М,1967

11. Вернадский В.И Химическое строение биосферы земли и ее окружение.М,1965

12.Волынский В.А.Астрономия. - Москва,Просвещение,1971

13.Магидович И.П.,Магидович В.И. Очерки по истории географических открытий.5 – том.М,Просвещение 1982-1986

14.Матвеев Н.П.Физические основы курса общего землеведения. - Москва,1978

15.Максаковский В.П. Историческая география мира. ЖОО арналған оқу құралы.- М.Экопрос,1999-584 бет

16.Әлемнің физико-географиялық атласы,-Москва,1964

17.Гришанков Г.Е. Введение в физическую географию: предмет и метод: Учебное пособие. – Киев: Изд-во «Знания», КОО, 2001.-с 73-205.


18. Голубчик М.М. Географическая наука: теория и методология. Учебное пособие –М.: Гуманит. Изд. Центр Владос, 2001.

19. Флинт Р.Ф. История Земли. М.: Прогресс, 1978 с 78-97.

20. Исаченко А.Г. История географических идей. – М.: Мысль, 1971.-416

11 Пән бойынша арнайы түсініктер мен терминдер. (негізгі түсініктер)

Астероидтар ( гр.aster- жұлдыз + eidos - түр ) - көлемі әртүрлі космостық қатты денелерден құралған жұлдыз тектес ұсақ ғаламшарлар.Күн айналасының периоды 3-9 жылға дейін.Негізінен Марс пен Юпитер орбиталары арасында орналасқан.( Астероидтар сақинасы)

Астрономиялық бірлік – Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық (жер орбитасының үлкен жарты осі )

Астрономиялық жылЖердің Күнді толық айналып шығатын уақыты.

Атмосфера(гр. аtmos- бу + сфера ) Жердің және басқа ғаламшарлардың газ тәрізде қабықшасы.

Антициклон – атмосферадағы жоғарғы қысым аймағы.

Атмосфералық қысым – жер бетіне атмосфераның түсіретін белгілі бар қысым шамасы.

Муссон – жыл маусымдарда өзінің бағытын өзгертіп тұратын желдер.

Циклон – атмосферадағы төменгі қысым аймағы.

Вертикалық зоналылық - биіктікке байланысты өсімдіктердің климаттық өзгерісі.

Қар сызығы – таулардағы мәңгі қар аймақтар шекарасы.

Шолпан – Күннен кейінгі екінші планета,225 тәулікте бір айналым жасайды.

Біздің галактика – Құс жолы біздің жұлдыздар жүйеміздің құрамына 2*10 жуық жұлдыздар, соның ішін Күнмен қоса барлық планеталар кіреді.

Галактикалар-жұлдыздардан,газдардан,тозаңдық тұмандықтарданжәне жұлдыздар аралық заттар жиынтығынан тұрады.


Жердің гравитациялық өрісі бұл тартылыс күшінің өрісі.

Жер магматизмі – Жердің магниттік қасиеті. Жерде екі полюс болады.

Магниттік аномалия – Жер бетіндегі магниттік кернеуінің қалыпты жағдайда артық болатын аудандары.

Магниттік полюс – Магниттік мередиандардың түйісу аймағы.

Жұлдыздар – қызулы,жарқыраған газдық шарлар,космостық нысаналар.

Комета – (гр.kametes (aster) құйрықты жұлдыздар) салмағы болымсыз аспан денелері,ол Күннен қашық жерде тұманды бұлт тәріздес көрініске ие.Кометалардың көбі эллипс түрінде қозғалады.Тек Күнге жақындаған кезде ғана жылудың әсерінен газ бөлініп,кометаның жарқыраған ядро қабықшасын құрайды.

Космос – ( грек.kosmos – Ғалам ) - жер атмосферасынан тыс кеңістік.Ондағы барлық денелер кіреді.

Кратер – (грекше krater – үлкен ыдыс ) - Айдың,Марстың,Шолпанның бетінде табылған (радиолокациялық әдістермен),Меркурийде, Жер бетінде (метеориттер құлауынан пайда болған) сақина таулар.

Ай -Жердің жалғыз серігі.Оның қашықтығы 384 400 км,орташа тығыздығы 3,34 г/см куб, жасы – 4,6 млрд. жыл.

Марс жер планеталарының сыртқы топтамалары,Күнге дейінгі қашықтығы 200-250 млн. км.

МетеоритЖер қабықшасына жеткен ,әлі буланып үлгермеген метеорлық дене.

Нептун – Жерден 30 есе алыс қашықтықта орналасқан,165 жылда бір айналым жасап,Күнді айнала қозғалатын планета.

Парсек – жұлдыздар арақашықтығының өлшем бірліктері. 3,26 жарық жылына терең ( 3,086*1013 км).

Планета – өздігінен жарқырамайтын аспан денелері, пішіні шар тектес. Жылу мен жарықты Күннен алатын және оны элипстік орбита жасай алады.


Сатурн – Күннен Юпитерге қарағанда 2 есе, Жерге қарағанда 9 есе алыс; Көлемі жөнінен Жерден 760 есе, массасы жөнінен 95 есе үлкен.

Күн – орташакөлемді және жарықты жұлдыз.Алып газды шар. 70% сутегінен және 29% гелиден тұрады.Экваторда 25 жер тәулігінде бір айналым жасайлы, ал полюстер айналасында 30.

Биотоп – қоршаған орта жағдайы біртипті, белгілі бір биоценоз қалыптасқан жер бетінің бөлігі.

Биоценоз - белгілі бір құрлық немесе су қоймасының бөлігін мекендейтін өзара қатынаспен қоршаған орта жағдайына бейімделумен сипатталады (мысалы: көлдің, орманның биоценозы өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар жиынтығы).

Биосфера – тірі ағзалар өмір сүретін, өзара байланыс, қарым- қатынас жасайтын табиғи орта – атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының түйісуіндегі ерекше қабат. “Биосфера” терминін 1875- жылы Э.Зюсс ұсынған болатын.

Ноосфера – (noos-гр. “ақыл- ой” және сфера, В.И Вернадский, 1944) – “адамзат – табиғат” жүйесінің дамуына адамзаттың саналы қызметі басты фактор болып саналатын қазіргі дәуірдегі биосфера. Адамның ақыл – ойы шешуші даму факторы болып табылатын биосфераның жаңа эволюциалық қабықшасы.Бұл ұғымды француз ғалымдары Э.Леуре және П.Тейяром де Шарден (1927 ж.) енгізген. В.И.Вернадский бұл ұғымды табиғат пен қоғамның ғылыми ойға сүйене отырып әлемнің адам әрекетінен өзгеретін жаңа ұйымдасу формасы ретінде дамытты.

Зооценоз – жануарлар жиынтығы.

Тірі ағза – қарапайым химиялық құраммен, масса және энергия арқылы сипатталатын биосфераның тірі ағзаларының жиынтығы. Бұл ұғымды В.И.Вернадский енгізген.

Антропогендік әсер ету – адамның шаруашылық қызметінің әсерінен қоршаған ортаның құрамы мен қалыптасу тәртібінің өзгеруі.

Адам экологиясы – қоғам мен қоршаған ортаның қарым- қатынасын зерттейтін ғылыми бағыт. Бұл терминді ең алғаш ғылымға енгізген американ ғалымдары Р. Парк пен Э.Бэрджес (1921).


Қорықтар – өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің, немесе, сирек кездесетін басқа да табиғи ерекшеліктеріне байланысты шаруашылыққа пайдаланудан толығымен алынып тасталған аумақтар мен акваториялар.

Қызыл кітаптар – жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар жағдайын сипаттайтын арнаулы басылымдар. Оларды қорғау және санын көбейту жөніндегі шаралар қарастырылады. Әр мемлекеттің өз Қызыл кітабы бар.

Резерваттар – қорғауға алынған территориялардың (ұлттық парк, қорық, қорықша, табиғат ескерткіштері) жалпы атауы.

Қоғамдық- әлеуметтік экологиялық білім беру – әртүрлі мәдениет мекемелерінің аясында қалыптасатын экологиялық таным процесі.

Уран – Жерден тек телескоппен көрінетін планета. Күнге дейінгі қашықтығы жермен салыстырғанда 19 есе алыс.

Фотосфера - күн атмосферасының төменгі қабаты. Қара франгоферлер сәулесі көрінетін тұтас спектірлерді береді.

Эклиптика - аспан қабатының үлкен шеңбері ( аспан экваторына 23027 бұрышында еңкейген).

Географиялық қабықша – материалдық жүйе литосфера, атмосфера, гидросфера, биосферадан құралады, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, даму заңдылықтарына бағынады.

Литосфера – жер қыртысы және мантияның жоғарғы қабаты (астеносфера).

Гидросфера – жер бетіндегі су қабаты (дүние жүзілік мұхит, құрлық сулары).

Зональдық заңдылық – жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, топырақтар, су тағы да басқа географиялық қабықшаның компонентері экватордан полюстерге дейін заңдылықтар өзгереді, олардың өзгеруінің себебі космос планеталық факторлар.

Азональдық заңдылық – материктердің пішіні, ауданы, мұхиттардың климатқа әсері, ірі жер бедері, геологиялық құрамы, геологиялық даму тарихы, ландшафттардың қалыптасуына әсер етеді.


Асимметриялық заңдылық – жерде географиялық денелер және оларды қалыптастыру факторлар әртүрлі, негізгі жердің пішіні мен тығыз байланысты, осы заңдылық толық зерттелмеген, географиялық фактілер ретінде сипатталған.

Ритмикалық заңдылық – кеңестік және уақыт аралығындағы ұқсас географиялық құбылыстардың қайталануы.

Зат, энергия, ақпарат айналымы – географиялық қабықшада компонентердің қарым-қатынасы.

Бірлік және тұтастық заңдылығы – географиялық қабықшада бір компоненттің өзгерісі, басқа компонентер де өзгереді.

12 Бақылау түрлеріне арналған тақырыптар мен сұрақтар.


Емтиханға арналған сұрақтар.

1.Географиялық ғылым жүйесіндегі жалпы жер тану. Пәннің объектісі мен міндеті.

2. Географиялық орта, географиялық қабық туралы түсініктер.

3. Географиялық қабыққа ғарыштың әсері.

4.Әлем. Метагалактика. Біздің галактика. Жұлдыздар.

5.Күн жүйесі. Құрылымы.

6.Күн, Күннің ішкі құрылымы.

7.Күн жүйесіндегі планеталар және олардың серіктері.

8.Жердің гипсографиялық қисығы, оның анализі.

9.Жердің ішкі құрылымы.

10.Жер пішіні.

11.Жердің осьтік айналымы, оның географиялық зерттелуі.

12.Кариолис күші.

13.Жердің күнді айнала қозғалуы, оның географиялық зерттелуі.

14.Жер орбитасы, афелий, перегелий.

15.Жарықтық белдеулер.

16.Жердің магниттік өрісі.

17.Магниттік полюстер.

18.Географиялық қабықтың ярусты және вертикальді құрылымы.

19.Географиялық қабықтың құрылымдық деңгейі: геокомпоненттік, геосфералық, геожүйелік.

20.Геосфераның химиялық құрылымының ерекшеліктері мен ұқсастықтарының анализі: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера.

21.В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ұғымы.


22.Биосфера, құрылымы,шекарасы, сандық сипаттамасы (салмағы, химиялық құрамы, геохимиялық энергиясы, биомассасы, биологиялық өнімділігі).

23.Энергия және заттың биологиялық айналымы.

24.Өмірлік ағзалар қоғамдастығы ( биома, биота, биоценоз, биогеоценоз, экожүйе).

25.Биосфералық қорықтар.

26.Құрылықтағы, мұхиттағы фитомассалар ара-қатынасы және зоомассаның құрылық пен мұхит биомасса құрылымының анализі.

27.Физикалық географиядағы “заң” және “заңдылық” түсініктері.

28.Географиялық қабық дамуының негізгі заңдылықтары.

29.Географиялық қабықтың асиммтриясыасы.

30.Географиялық зоналылықтың периодтық заңдары (географиялық қабықтың азоналылық және зоналылық заңы).

31.М.И. Будько- А.А. Григорьевтің құрлықтық радиациалық индиксі және оның физикалық мәні

32.Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың географиялық белдеулерінің географиялық сипаттамасы.

33.Географиялық белдеу, географиялық белдеулердің бөліну критерилері.

34.Географиялық зона (ландшафттың зоналылық типі, табиғи зона), бөліну критеррилері.

35.Құрлыттардағы секторлықтың(провинциялылықтың) білінуі.

36.«Құрылықтық ландшафт типтері» (қабырға картасы) картасының анализі.

37.«Құрылықтық ландшафт типтері (зоналық ерекшеліктері бойынша)» картасына анализ беру.

38.Жер – геохимиялық аномалия.

39.Географиялық қабықтың біртұтастылық заңы.

40.Энергия және зат айналымы.

41.Құрлықтың әр секторындағы биіктік белдеу құрылмына анализ жасау.

42.Географиялық белдеу құрамына келетін аудан көлемінің диаграммасына анализ.

43.Құрлықтың физикалық-географиялық аудандастырылуы (мақсаты, міндеті, қорытындысы).

44.Физикалық географиядағы таксаномиялық бірлік жүйесі.

45.Физикалық – географиялық аудандастырудың принциптері мен әдістемелері.

46.«Ландшафт» түсінігі.

47.ДФГА құрлықтар мен материктердің физикалық-географиялық аудандастыру картасына анализ жасау.

48.Жалпы жер танудың қысқаша даму тарихы.


Курсттық жұмыс тақырыптары.

1. Өскемен қаласындағы экогеокешендегі биокомпонентер ерекшеліктері.

2. Географиялық қабықшадағы ырғақтылықтың даму заңдылығы.

3.Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене.

4.Күн жүйесіндегі планеталар.

5.Өскемен қаласы Октябрь ауданындағы ландшафтын бағалау.

6. Өскемен қаласы Үлбі ауданындағы ландшафтын бағалау.

7.Аблакетка ауылының ландшафтын бағалау.

8.ЖМҚ ландшафтын бағалау.

9.Сол жақ Ертіс жағалауының( Өскемен аумағы ) ландшафтын бағалау.

10.Өскемен қаласының

11.Географиялық қабықшадағы зоналық және азоналық заңдылықтың дамуы.

12. Өскемен қаласының рекриациялық ресурстары.

13.Ертіс маңының ленталық

14. Қазақстан Алтайының биіктік белдеулері.

15. Қазақстан Республикасының белдеулік зоналылығы.

16. Географиялық зоналылықтың периодтық заңдылығы.

17. Ритмикалық – географиялық қабықшаның даму заңдылықтары.

18. Жер – ғарыштығы орта денесі емес, геохимиалықаномалиясы.

19. Асимметрия – географиялық зоналықтағы даму заңдылықтары.

20. Жердің магниттік өрісі.

21. Географиялық қабықтың даму тарихы.

22. Биосфера – географиялық қабықшаның сферасы – компоненты.

23.Гидросфера -географиялық қабықшаның сферасы – компоненты.

24. Атмосфера -географиялық қабықшаның сферасы – компоненты.

25. Литосфера - географиялық қабықшаның сферасы – компоненты.

26.Географиялық қабықтың біртұтастылық заңы.

27. Географиялық қабықтың энергия және зат айналымы.

28. Қазақстан Алтайының орман биіктік белдеулері.

29. Шығыс Қазақстан Облысының қорықтық территориялары.

30. Географиядағы зерттеу әдістері және жүйелік тәсіл.

31. Географиядағы зерттеу әдістері.

32. Ғалам және оны зерттеу.

33. Географиялық орта концепциясы.

34.Географиядағы зерттеудегі математикалық әдістер.

35. Географиялық болжамдау.

36.Конструктивті география.

37. Теоретиялық география.

38. Орман. Орман типтері.

39. Орман геожүйесінің дамуы және қалыптасуына әсер ететін факторлар.

40. Орманның функциялары.

41. Орман парктері – жасанды орман ландшафттары.

42. Орман экожүйесі.

43. Географиялық белдеудің қоңыржай ормандары.

44. Географиялық белдеудің субтропикалық белдеулері.

45. Қазақстан Алтайының орман геожүйесі.

46. Қалба жоталарының орман геожүйесі.

47. Ертіс аңғарының орман геожүйесі.

48. Оңтүстік Алтай орман геожүйесі.

49.Сауыр – Тарбағатай орман геожүйесі.

50. Кенді Алтай орман геожүйесі.

51. Тропикалық орман белдеудің ормандары және олардың ерекшеліктері.

52. Экваторлық орман белдеудің ормандары және олардың ерекшеліктері.

53. Қала ландшафттары.

54. Өскемен қаласының ландшафттық жоспары және теориялық негізі.

55. Комендатка өзенінің эколого-географмялық реконструкциясы (проект).

Реферат және баяндамалар тақырыптары.


          1. Натурфилософиялық милеттік мектеп.

          2. Антикалық кездегі география.

          3. Географиядағы орта ғасыр кезеңі.

          4. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі.

          5. Жаңа уақыт географиясы.

          6. 20 ғасырдағы Дүниежүзілік мұхиттың зерттелуі.

          7. 17 ғасырдағы география.

          8. 18 ғасырдағы география.

          9. 19 ғасырдағы география.

          10. 20 ғасырдағы география.


          11. 20 ғасырдағы Шетелдік география.

          12. География дамуындағы арабтардың рөлі.

          13. Географиядағы Страбон және Эратосфеннің рөлі.

          14. Географиядағы зерттеу әдістері.

          15. Географиядағы зерттеудегі тарихи әдістер.

          16. Географиядағы зерттеудегі салыстырмалық әдістер.

          17. Жүйелік тәсіл және оның география зерттеудегі қолданыстары.

          18. Географиядағы зерттеудегі математикалық қолданыстары.

          19. Экологиялық тәсіл және оның география зерттеудегі қолданыстары.

          20. Физикалық тәсіл және оның география зерттеудегі қолданыстары.

          21. Химиялық тәсіл және оның география зерттеудегі қолданыстары.

          22. Баланс тәсілдері.

          23. Географиялық зерттеудегі экспедициалық тәсілдер.

          24. Университеттік географиялық мектебі.

          25. Географиялық болжау.