shkolakz.ru   1 2 3 ... 5 6

8.2 Магистрлік диссертацияның жасалу тәртібі


8.2.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің атауы – «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер және қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі» - диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.

8.2.2 Құрылымдық элементтердің тақырыптарын жаңа жолдан шегініс жасамай, бас әріптермен, нүкте қоймай басқан ләзім.

8.2.3 Бөлімдердің, шағын бөлімдердің және тармақтардың тақырыптарын жаңа жолдан шегініс жасап. соңына нүкте қоймай, ерекшелемей, бас әріптермен басу қажет. Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен бөледі. Тақырыптардағы сөздерді ауыстыруға рұқсат етілмейді.

8.2.4 Магистрлік диссертацияны басып шығару кезінде шағын бөімдердің тақырыптарын «қою» қаріппен ерекшелеу ләзім.

8.2.5 Мәтін мен құрылымдық элементтер тақырыптарының арасында «бос жол» қалады.


8.3 Магистрлік диссертациялар беттерін нөмірлеу


8.3.1 Магистрлік диссертацияның беттерін, диссертацияның бүкіл мәтінінің толассыз нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен (кегіл 12) нөмірлеу қажет.Беттердің нөмірі беттің төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

8.3.2 Титулдық бет беттердің жалпы санына кіреді. Титулдық бет нөмірленбейді.

8.3.3 Жекелеген беттерде орналасқан безендірулер мен кестелер диссертация беттерінің жалпы нөміріне кіреді.

8.3.4 А3 формат парағындағы безендірулер, кестелер бір бет ретінде есепке алынады.


8.4 Магистрлік диссертацияның бөлімдерін, шағын бөлімдерін, тармақтарын, тармақшаларын нөмірлеу

8.4.1 Магистрлік диссертация бөлімдері бүкіл құжат шегінде нүктесіз араб цифрларымен таңбаланған және жаңа жолдан шегініспен жазылған реттік нөмірге ие болуы керек. Шағын бөлімдер әрбір бөлім шегінде нөмірлерге ие болуы тиіс. Бөлімнің нөмірі бөлімнің және нүктемен бөлінген шағын бөлімнің нөмірлерінен тұрады. Бөлімдер,шағын бөлімдер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.


8.4.2 Егер құжат шағын бөлімнен тұрмаса, ондағы тармақтардың нөмірленуі әрбір бөлім шегінде болуы тиіс және тармақ нөмірі бөлім мен нүктемен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Егер құжаттың шағын бөлімдері болса, онда тармақтардың нөмірленуі шағын бөлімнің шегінде болуы тиіс және тармақтың нөмірі бөлімнің, шағын бөлімнің және нүктелермен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс.

8.4.3 Егер мәтін тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар бүкіл магистрлік диссертация жұмысының шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.

8.4.4 Тармақтар қажет болған кезде әрбір тармақ шегінде реттік нөмірге ие болуы тиіс немесе тармақшаларға бөлінуі мүмкін, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.

8.4.5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.

8.4.6 Магистрлік диссертация құрамына кіретін беттер мен қосымшалар нөмірлері толассыз нөмірленуі тиіс.


8.5 Безендіру


8.5.1 Магистрлік диссертацияда безендіруді (сызулар, карталар, кескіндер, сызбалар, диаграммалар,фотолар) бірінші айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру ләзім. Безендірулер компьютер көмегімен орындалуы, сонымен бірге, түрлі - түсті түрде орындалуы мүмкін.

Диссертацияда барлық безендірулерге сілтеме берілуі тиіс.

8.5.2 Безендіру «сурет» сөзімен таңбаланады. Егер сурет біреу болса, онда ол «Сур. 1» болып таңбаланады. «Сур.» сөзі мен оның атауы беттің ортасында орналасады (кегіл 12). Безендірулердің нөмірленуі магистрлік диссертация шегінде толассыз (араб цифрларымен таңбаланады). Мәтінде әрбір безендіруге сілтемелер беру міндетті. Безендірулерге сілтемелер жасау кезінде «Сур. сәйкес» деп жазған ләзім.


8.6 Кестелер


8.6.1 Сандық (цифрлық) материал ереже бойынша кесте түрінде рәсімделеді. Кестелерді рәсімдеу мысалы 1-суретте келтірілген.

8.6.2 Кестені ауыстыру кезінде тақырыптан кейінгі жолға кесте нөмірі көрсетіле отырып қосылуы тиіс. Кестені жалғастырғанда оның атауы тасымалданбайды, бірақ нөмірі көрсетіледі.


8.6.3 Диссертацияда барлық кестелерге сілтемелер жасалынуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде оның нөмірі көрсетіле отырып «кесте» сөзін жазған ләзім.

8.6.4 Жолдар саны көп кестені келесі параққа (бетке) ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа (бетке) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің үстінен, оң жағынан бір рет көрсетеді, қалған бөліктерінің үстінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені өзге параққа (бетке) ауыстыру кезінде тақырып оның бірінші бөлігінің үстінде ғана орналасады.


Кесте 1


1979 ж. өндірістік өнім өндіруге кеткен шығынның жалпы шығынға % қатынасы


Шығындардың экономикалық элементтері

Жеңіл өнеркәсіп

Шикізат және негізгі материалдар

85,5

Қосымша материалдар

2,6

Отын

0,3

Энергия

0,6

Амортизация

1,6

Жалақы және әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

8,6

Элементтер бойынша бөлінбеген басқа да шығындар

0,8

Барлығы

100

Сур. 1 - Кестені рәсімдеу мысалы



8.6.5 Қосымшадағы кестелерді қоспағанда, кестелерді толассыз нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеген ләзім.

8.6.6 Тақырыптар мен кестелердің жолдарын жекеше түрде бас әріптермен жазу керек, егер олардың тақырыбы бір сөйлемді құраса, тақырыпшаларды – кіші әріптермен, егер олар дербес мәнге ие болса, бас әріптермен жазу керек. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.


8.7 Формулалар мен теңдеулер


8.7.1 Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолда бөліп көрсеткен ләзім. Әрбір формула немесе теңдеудің жоғары және төмен жағынан кем дегенде бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік белгісінен кейін (=) немесе қосу (+), алу(-), көбейту (х), бөлу (:) немесе өзге де математикалық белгілерден кейін тасымалдануы тиіс әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады.

8.7.2 Формулаларды бүкіл диссертация шегінде араб цифрларымен жолдың оң жақ ортасынан дөңгелек жақшалармен реттік нөмірлермен нөмірлеген ләзім. Формулаларды диссертация бөлімдері шегінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда формула нөмірлері бөлімнің нөміріне сәйкес белгіленген формула нөмірі ретінде сәйкес қойылып, нүктемен бөлінеді.


Мысалы:

(1)


8.7.3 Формулалар формула редакторінде теріліп, келесі өлшемдерге сай болуы қажет:

Қарапайым: 14

Ірі индекстер: 9

Кіші индекстер: 7

Ірі символдар: 30

Кіші символдар: 14.


8.8 Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі


8.8.1 Магистрант диссертация жазу барысында пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер беруге міндетті.

8.8.2 Дерек көзі туралы мәліметті мәтін бойынша дерек көздеріне сілтемелерді пайдалану тәртібінде орналастыру қажет және араб цифрларымен нөмірлеп, жаңа жолдан шегініс жасаусыз орналастырған ләзім.


8.8.3 Пайдаланылған дерек көздеріне сілтеме жасауды квадрат жақшаларда келтірген ләзім [5,7-б]. Бір дерек көзіне бірнеше рет сілтеме жасалған кезде квадрат жақшаларда дерек көзінің реттік нөмірінен өзге тиісті бет қойылады. БАҚ ақпараттарын пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмері ғана көрсетіледі.

8.8.4 Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтемелер жасау кезінде олардың мәні ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімде стандарттың толық сипаттамасы болған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.


8.9 Қосымша


8.9.1 Қосымшаны аталған магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде оның қосымша парақтарында (бет) ресімдейді.

8.9.2 Диссертация мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша диссертация мәтінінде оған берілген сілтемелер тәртібімен орналасады.

8.9.3 Әрбір қосымшаны, беттің оң жақ жоғарғы бұрышына «Қосымша» сөзін көрсету жолымен жаңа беттен бастаған ләзім.

8.9.4 Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс және ол бас әріптермен бөлек жолда мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады.

8.9.5 Қосымша, Ё, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерін қоспағанда, А әрпінен бастап, орыс алфавитінің бас әріптерімен жазылады.

8.9.6 Қосымша құжаттың қалған бөлігі ретінде толықтай нөмірленуі тиіс.


9 Магистрлік диссертацияны қорғауға өткізу


9.1 ҚМА-ға рұқсат алу үшін магистрант өз кафедрасында магистрлік диссертация бойынша алдын-ала қоғаудан өтуі шарт. Кафедра «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмеді» деген қорытынды шығаруы тиіс.

9.2 Магистрлік диссертация бойынша кафедра өкімімен ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе мамандық бойынша РҺД докторы академиялық дәрежесі бар ресми сыртқы рецензент тағайындалады.

9.3 Магистрлік диссертация бойынша тағайындалған ресми рецензенттің жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен қорғалатын диссертация бағыты бойынша негізгі жарияланымдары (кем дегенде 3 жұмыс) көрсетіле отырып, ЕҰУ Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЕҰУ ректорының бұйырығымен бекітіледі.


9.4 Ресми сыртқы рецензент магистрлік диссертацияны қарап шығып, оның негізінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағалары мен сәйкес мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндіктерін көрсете отырып, дәлелді қорытындылармен рецензия береді (Д-қосымша).

9.5 Ресми сыртқы рецензенттің рецензиясының берілген мерзімі көрсетіліп, рецензент қол қоюы тиіс. Рецензенттің қолы ұйымның кадрлар бөлімі бастығының қолымен расталуы (рецензенттің жұмыс орны) және елтаңбалы мөр басылуы тиіс.

9.6 13.04.2010 ж. №168 ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылар үшін үлгерімділікті ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік ережесіне » сәйкес магистрлік диссертация ЕҰУ сәйкес кафедрасында алдын ала қорғаудан өткеннен кейін МАК құрған Сараптамалық комиссия сараптамасынан өтеді.

9.7 Сараптамалық комиссия құрамына отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда соңғы 5 жыл көлемінде қорғалатын диссертация бағыты бойынша екі немесе одан да көп жарияланымдары бекітілген, мамандық бойынша біліктілігі жоғары, МАК құрамына кірмейтін кем дегенде үш маман бекітілуі тиіс.

9.8 Магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай мерзім қалғанда сараптамалық комиссияға мынадай құжаттар табыс етіледі:

- аяқталған магистрлік диссертация;

- Ғылыми кеңестің диссертация тақырыбын бекіткені туралы шешімінің көшірмесі;

- транскрипт;

- магистрлік диссертация рефераты;

- белгіленген тәртіпте куәландырылған ғылыми жарияланымдардың және олардың көшірмелерінің тізімі. (қосымша Е).

9.9. Сараптамалық комиссия белгіленген үлгіде келесі шешімдердің бірімен негізделген жазбаша қорытынды береді:

1) диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;

2) белгіленген мерзім ішінде ескертулерді жойған жағдайда диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;

3) диссертацияны қорғауға ұсынбау (қосымша Ж).



10 Магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі


10.1 Диссертацияны қорғау ЕҰУ-де құрылатын сәйкес мамандықтар бойынша МАК отырысында жүзеге асырылады.

10.2 Магистрлік диссертация қорғау бойынша МАК отырысы оның төрағасының басшылығымен өткізіледі.

10.3 МАК сараптамалық комиссия қорытындысы негізінде келесі тізбек бойынша құжаттармен бірге магистрлік диссертацияны қорғауға қабылдайды:

- жеке оқу жоспарын орындау туралы анықтама (қосымша З);

- ғылыми жетекшінің пікірі (қосымша И).

10.4 МАК-ке магистрлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын өзге де материалдар, ресми емес пікірлер, магистрлік диссертация бағыты бойынша тәжірибелік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан жазбаша қорытындылар, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу актілері немесе анықтамалары, макеттер және т.б.табыс етілуі мүмкін.

10.5 Магистрлік диссертацияны қорғау оның мүшелерінің кем дегенде 2/3-нің қатысуымен МАК-ң ашық отырысында өткізіледі.

10.6 Магистрлік диссертацияны қорғау кезінде ғылыми жетекші мен рецензенттің МАК-ң отырыстарына қатысуы және сөз сөйлеуі міндетті шарт болып табылады.

10.7 Магистранттың 20 минуттан аспайтын баяндама жасауы, зерттеу мақсаты мен міндеттерін қысқа және анық сипаттауы, аса маңызды қағидаларды баяндауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негізделген түрде дәлелдеуі қажет.

10.8 Магистрлік диссертацияны бағалау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:

- тақырыптың өзектілігі;

- алынған нәтижелердің жаңалығы;

- жұмыста жаңа технологияларды қолдану;

- әдеби шолудың толықтылығы және пайдаланылған дерек көздерінің

қазіргі заманға сай болуы;

- ұсынылған рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;

- диссертация қорғаудағы баяндаманың сапасы (дәлдік, сауаттылық, кәсіптік терминдерді пайдалана білу, көрсетілетін материалдың сапасы және т.б.);

- қорғау уақытында берілген сұрақтарға және рецензенттің ескертпесіне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы;

10.9 Әрбір магистрантқа МАК отырысының хаттамалары жүргізіледі және оны белгіленген үлгі бойынша хатшы толтырады.

10.10 МАК отырысы хаттамаларының бүкіл бланкілері МАК жұмысы басталғанға дейін магистранттардың қорытынды аттестациясының әрбір үлгісі бойынша бөлек кітаптармен нөмірленуі, бау өткізілуі және мөр басылуы тиіс.

10.11 Магистрлік диссертацияны бағалау туралы, сондай-ақ академиялық дәреже беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру (ерекше үлгідегі, қарапайым) туралы шешімді жабық отырыста жасырын дауыс берумен отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым түрде басым көпшілік дауыстарымен МАК қабылдайды.

10.12 Хаттамаларға төраға мен отырысқа қатысушы МАК мүшелері қол қояды.

10.13 Диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері оларды өткізу күні хабарланады.

10.14 Диссертация қорғау нәтижелері бойынша магистр академиялық дәрежесін беру туралы шешім қабылданады.

10.15 Жариялы түрде магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскриппен) беріледі.


11 Магистрлік диссертация туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі


11.1 Қажет болған жағдайда (ҚР БМЖС-ғы, оқу жоспарларындағы және т.б. өзгерістер бойынша) ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

11.2 Өзгерістер дайындалған ереже үшін көзделген тәртіпте келісіледі, бекітіледі және қолданысқа енгізіледі.

11.3 Өзгерістер келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірлеуші немесе оның қызметін атқаратын тұлға тарапынан ереженің түпнұсқасына өзгеріс енгізіледі.

11.4 Өзгерістер тіркеу нөмірі міндетті түрде көрсетіле отырып, бөлек парақта рәсімделеді.


Қосымша А

Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



<< предыдущая страница   следующая страница >>