shkolakz.ru 1

М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебіндегі «Жас журналист» үйірме мүшелері «Мектеп тынысы» бойынша жүргізілген іс-шаралар мен республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленген мектебіміздің белсенді көшбасшылары туралы хабарлама жүргізеді.


«Қайырымдылық» - басты парыз

Адамның шын мағынасымен Адам болуы үшін өзін, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүюі шарт.

М.Жұмабаев



«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы,

«Жас журналист» үйірме мүшесінің

жас тілшісі – Мустафаева Нұржайна

Нұржігітқызы 8 «Ә» сынып оқушысы


«Қамқорлық» қайырымдылық қалалық акциясы негізінде 2012 жылдың қазан айының бірі мен сегізі аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы «Мұрагер» отрядының ұйым мүшелері «Айналаңа қара» жобасы бойынша үйден оқытылатын денсаулығы шектеулі мүгедек балалардың үйлеріне барып, арнайы көмек көрсету мақсатында оқуға керекті құрал-жабдықтарын сыйға тарта отырып, бірге суреттерге түсті.

Жасөспірімдерді мейірімділікке, жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі баршамыздың негізгі міндетіміз болып табылады. Осы орайда «Мұрагер» отрядындағы «Жас Ұлан» ұйымының жеткіншектері өз еріктерімен және шын жүректен қайырымдылық істерін көрсете отырып, басқаларға үлгі-өнеге бола білді. Осындай игі істер жалғасын таба бермек.





«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы,

«Жас журналист» үйірме мүшесінің

жас тілшісі – 8 «В» сынып оқушысы

Алиева Салтанат Ұзақбайқызы



Қалалық «Жас қыран» әскери-спорттық ойыны

2012 жылдың қазан айының 24-25 күндері аралығында 01-731 әскери бөлімшесінде «Жас қыран» әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Қалалық бұл байқауға «Жас Ұлан» қоғамдық балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы «Мұрагер» отряды «Азамат» тобының алты ер баласы мен төрт қыз бала қатысты. «Мұрагер» отрядының мүшелері берілген ережелерді талапқа сай орындауда барлық бағыттық байқаулардың нәтижесінде 280 ұпайлық бағыттық көрсеткіштерге қол жеткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша «Жас қыран» әскери-спорттық ойынында қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірмідер ұйымыныдағы «Азамат» тобы жүлделі


ІІ орын Дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ гранатты арақашықтыққа лақтыру станциясында ең жоғарғы көрсеткіші үшін 10 «Б» сынып оқушысы Утаров Шарафат Дипломмен марапатталды.

Жарысқа қатысқан топ мүшелерінің жеңістерін мектеп әкімшілігі бағалай отырып, оқушылар арасындағы өтілген салтанатты лездемеде мақтан тұта отырып, аға тәлімгер Сәттерова Бағиланың ерекше еңбегінің нәтижесінде екендігі үлгі етілді.

«Жас Ұландардың» басты мақсаты:

Елбасымыздың жолдауындағы – Ел болашағы – жастар қолында! – демекші, Қазақстан Республикасының патриоты болу – әрқайсымыздың адамзаттық борышымыз болып саналады.





«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы,

«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Таубеков Бексұлтан Ержігітұлы

8 «Ә» сынып оқушысы


Мұқағали әлемі

2013 жылдың ақпан айының 9-күні № 14 Мұқағали атындағы қазақ орта мектебінде мектеп директорларының арасында «Мұқағали әлемі» атты тұңғыш байқау ұйымдастырылды. Байқауға елуге жуық қала мектептерінің басшылары қатысты. Қатысушылар өз өнерлерін әр қырынан көрсете білді. Мектеп директоры

Сламов Ғалым Тобатайұлы «Қасиетіңнен қара өлең айналайын» мәнерлеп өлеңді жатқа айту номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын Дипломмен марапатталды.

Бұл жеңіс әрбіріміздің жүрегімізге қуаныш нұрын сыйлап, мектебіміздің мерейін үстем етті. «Ұстазсыз шәкірт - тұл» - демекші, Мұқағали өлеңдерін жатқа айтудан Алматыда өткен осындай байқаудан жүлделі ІІ орын Дипломмен Утаров Шарафат марапатталды. Мектебіміздің үлгі тұтар оқушыларымыздың бірі.



«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Маратова Мадина Төреханқызы

8 «Ә» сынып оқушысы




«Жырсыз өмір – өмір емес» атты әдеби-сазды кеш

2013 жылдың ақпан айының он бірі күні мектептің мәжіліс залында кітапханашы – Ақболтаева Гүлнардың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Жырсыз өмір – өмір емес» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке

5-сынып пен 9-сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Ақынның жыр-шумақтарын мәнерлеп оқумен қатар әндері де шырқалды. 10 «Б» сынып оқушысы Утаров Шарафат өзінің ақынға арналған «Сағыныш» атты өлеңін жатқа орындады. Кеш қызықты да тартымды өтті.





«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Сайлау Лаура Нағашбекқызы

8 «В» сынып оқушысы



«Әнші балапан» байқауы

2013 жылдың қаңтар айының 29 күні мектептің мәжіліс залында бастауыш сынып оқушыларының арасында «Әнші балапан» байқауы өткізілді.

Мектеп директоры Ғ.Т.Сламов байқауға қатысушыларды құттықтап, ақ тілегін білдіріп, салтанатты түрде «Әнші балапан» байқауын ашты. «Жас Ұлан» ұйымындағы «Мұрагер» отрядының озат оқушылары - Таубеков Бексұлтан мен Мустафаева Нұржайна жүргізді. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша 3-орынды 3 «Б» сынып оқушысы Әзімбаева Әмина «Ертегілер» әнімен, «Дождик идет на улице» әнімен

2-орынды 1 «Г» сынып оқушысы Фирманюк Владик, «Қуыршағым» әнімен 1-орынды

2 «Б» сынып оқушысы Сағынтай Ақбота, «Әриайдай» халық әнімен 2 «Ә» сынып оқушысы Мэлс Оразкүл бас жүлдені жеңіп алды. Байқау соңында жеңімпаздарды ата-аналары мен сыныптас достары құттықтап, естелікке суретке түсті.






«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Шаханов Мұхтар Қайратұлы

8 «Ә» сынып оқушысы


«Менің сүйікті қалама»

2013 жылдың қаңтар айының 21 мен 26 күндері аралығында мектепшілік 4-сыныптар мен 9-сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті қалама» фото-сурет байқауы жүргізілді. Байқау тақырыбындағы ереже бойынша оқушылар Тараз қаласының архитектурасы, табиғаты, адамдары және тағы басқа да көрікті жерлерінің суреттерін салу арқылы немесе фотоаппарат бойынша суреттерге түсу арқылы шығармашылық жұмыстарын жүргізді.

Мектепшілік байқауға қатысқан оқушылар:

  1. Ерубаев Сұлтан – 5»Ә» сынып оқушысы

  2. Ескенеева Арай - 7»Ә» сынып оқушысы

  3. Совхозбек Әсет – 5 «Б» сынып оқушысы

  4. Сайлау Лаура – 8 «В» сынып оқушысы

  5. Жұмағалиева Алтынай – 9 «В» сынып оқушысы

  6. Таубеков Бексұлтан – 8 «Ә» сынып оқушысы

Осы аталған оқушылардың жұмыстары өз дәрежесінде болғандықтан мектепшілік Мадақтама қағазымен марапатталды.

Мектепшілік байқау қорытындысы бойынша өзінің шығармашылық жұмысының тақырыбымен ізденуі арқылы Таубеков Бексұлтан Ержігітұлы 28 ақпанда Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығында өткен қалалық «Менің сүйікті қалама» тақырыбындағы фотосурет байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын Дипломмен марапатталды. Ғ.Мүсіреповтың даналық сөзіндей:

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр.Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!» дер едім. Өзіміздің туып-өскен жеріміздің тарихын білу, қастерлей білу – әрбіріміздің адамгершілік қасиетіміз болып саналады.



«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Орынбасқанова Айдана

8 «Ә» сынып оқушысы




Мектебіміздің мақтаныштары

2013 жылдың ақпанның 28-күні Жамбыл Жабаев атындағы № 5 мектепте

«Жыр алыбы- Жамбылдың» 167 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған

VІІІ қалалық «Жамбыл оқулары» болып өтті.

Осы байқауға «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 8 «В» сынып оқушысы Елемесова Ақнұр Нұрқызы «Жыр жазамын жүректен» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын Дипломмен марапатталды.

«Жамбыл менің – өз атым, Халық менің – шын атым» тақырыбындағы айтыс номинациясында «Бөлектің қызы мен Жамбыл» айтысымен сайысқа түскен 6 «Г» сынып оқушысы Парахатов Қанат пен 5 «Б» сынып оқушысы Жүсіп Лаура жүлделі ІІ орын Дипломмен марапатталды.

2013 жылдың наурыздың 4 күні № 54 мектепте ІV қалалық «Махамбет оқулары» өткізілді.

Осы байқауға «Тартынбай сөйлер - асылмын» ақындық арнау номинациясы бойынша

10 «Б» сынып оқушысы Утаров Шарафат жүлделі ІІІ орын Дипломмен марапатталды.





«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Қонарбаева Мейрамкүл

8 «Ә» сынып оқушысы



«Елін сүйген жүректен» атты әдеби-сазды кеш

2013 жылдың ақпанның 25 күні мәжіліс залында 10 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен заманымыздың заңғар ақыны – Мұхтар Шахановтың жыр кеші өткізілді.

Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Осылардың ішінен ерекше дараланған оқушылар да болды. Солардың бірі де бірегейі ақын ағаның атымен аттас болып келген 8 «Ә» сыныбының оқушысы – Мұхтар Шаханов еді. Ол өзінің әуезді үнімен «Мені неге Мұхтар қойған» атты өлеңін оқыды. Осы сыныптың көшбасшы белсенді оқушыларының бірі –Мұстафаева Нұржайна «Жігерлендіру» өлеңін тебіренте оқып, көпшіліктің көңілінен шықты.


Кеш соңы Орынбаева Қаламқас пен Орынбасқанова Айдананың орындауындағы

«Ақ бантик» әнін зал көрермендері бірге шырқады. Кеш көңілді өтті.





«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Елемесова Ақнұр Нұрқызы

8 «В» сынып оқушысы



І қалалық «Мағжан оқуларының» байқауына дайындық

2013 жылдың наурыздың 13 күні өтілетін І қалалық «Мағжан оқулары» байқауына мектебімізде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Кітапхана меңгерушісі Бағланова Бақыттың ұйымдастыруымен «Мағжан – дүние-танымы» тақырыбында қабырға газеттерінің жан-жақты болуына орай ізденіс жұмыстары жүргізілуде.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әбдібаева Гүлназ Мағжан оқуларының салтанатты ашылуына 10 «А» сынып оқушыларын концерттік бағдарламаға дайындау үстінде.




«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Ердыс Аягөз

8 «В» сынып оқушысы


«Жағымсыз мінез-құлық» тренинг

2013 жылдың наурыздың бірі күні мектеп психологы Есімбеков Жақсыбек Бекұзақұлының ұйымдастыруымен 8 «Ә» сыныбында «Жағымсыз мінез-құлық» тақырыбында тренинг сабағы өткізілді. Сабаққа мұғалімдер де қатысты. Мұғалім әртүрлі тапсырмалық ойындарды жүргізу арқылы әрбір баланың ерекше қасиеттерін сараптай отырып, топтық жұмыс бойынша «Жүректен жүрекке» тақырыбында шығарма жазғызды. Жазған шығармаларынан оқушылар тұжырымдама жасады. Интерактивті тақтадан әрбір адам баласының мінез қасиеттерінің ерекшіліктері геометриялық фигуралар бойынша сипатталды. Оқушылар өздерінің есімдерін айта отырып, бір-біріне деген ізгі тілектерін білдірді. Сабақ қызықты да тартымды өтті.





«Жас журналист» үйірме мүшесінің

тілшісі – Әлімқұлова Назерке

8 «В» сынып оқушысы

«Мектеп оқушыларының тәртіптік кеңесі» туралы

Біздің М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебінде биылғы оқу жылында біршама өзгерістер орын алып отыр. Солардың бірі – мектеп директоры Сламов Ғалым Тобатайұлының бұйрықтық шешімі бойынша әр аптаның жұма күндері тәртіптік кеңестің отырысы болып отырады.

Мұнда негізінен апта бойынша сабақтан көп кешігетін себепсіз қалатын оқушылар мен мектеп формасын кимейтін оқушыларды сынып жетекшілерімен біріктіре отырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Байқадам Күржібайұлының басқаруымен оқушы бойындағы келеңсіз істерді болдырмаудың алдын-алу жағдайларын ескеріп, тәртіптік кеңеске шақырылып отырады. Мұнан шығатын қорытынды оқушылардың өз-өзіне деген сенімділіктері мен жауапкершіліктері қалыптасып келеді.