shkolakz.ru 1

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушыларды конкурстық іріктеуге арналған тест тапсырмалары


Қазақ тілі, 7-сынып (қазақ сыныбы)

1-нұсқа

1. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.


  1. о, ө, ә, е

  2. э, е, і, ы

  3. і, ә, ү, ұ

  4. ы, і, а, ә

  5. у, ұ, ү, ы

***

2. Тура мағынада тұрған сөзді табыңыз.

  1. адамның басы

  2. жұмыстың басы

  3. сабақтың басы

  4. таудың басы

  5. істің басы

***

3. Түбір сөзді табыңыз.

  1. бауыр

  2. тәрбиелі

  3. тазалық

  4. оқымысты

  5. көріпкел

***

4. Түбір мен қосымшадан тұратын сөзді табыңыз.

  1. жазушы

  2. адам

  3. бедел

  4. абырой

  5. балық

***

5.
Туынды зат есімді табыңыз.

  1. аспаз

  2. ақылды

  3. беделді

  4. былтыр

  5. озық технология

***

6. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

  1. қашса

  2. балапан

  3. кабинет

  4. сабағы

  5. сыныптас

***

7. Сөйлемнен тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

Мейрам кешке жақын келуі қажет.

  1. Мейрам

  2. кешке

  3. жақын

  4. қажет

  5. келуі

***

8. Омоним сөздерді көрсетіңіз.

  1. Жаз айында әжеңе хат жаз.

  2. Ас иесімен тәтті.

  3. Екеуі асханаға барды.

  4. Арлы бала - әдепті бала.

  5. Жолдасыңды қадірлей біл.

***

9. Мақалды табыңыз.


  1. Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

  2. Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

  3. Өңім екенін, түсім екенін білмедім.

  4. Ғылым таппай мақтанба.

  5. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

***

10. Қысқарған сөздерді көрсетіңіз

  1. ТМД

  2. бала-шаға

  3. жата жастана

  4. кәрі-жас

  5. Көкшетау қаласы

***

11. Біріккен сөздерді табыңыз.

  1. ақ құба, қара күрең.

  2. баспасөз, өнеркәсіп.

  3. ақ жаулық, алтын сағат.

  4. астан-кестен, қиян-кескі.

  5. он екі, отыз бес.

***

12. Жинақтық сан есімді табыңыз.

  1. үшеу

  2. үшінші

  3. үш-үштен

  4. үш-төртеу

Е) үштен

***

13. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған зат есімді табыңыз.

  1. ауыл-аймақ

  2. томаға-тұйық

  3. ертелі-кеш

  4. барар-бармас

  5. бес-алты

***

14. Сапалық сын есімдерді анықтаңыз.

  1. кең, қысқа

  2. имансыз, сулы

  3. жүгіргіш, басыңқы

  4. алғыр, білгір

  5. айтқыш, көргіш

***

15. Дара есімдікті табыңыз.

  1. Олар ертең сабаққа бармайды.

  2. Марат өз-өзіне сөз берді.

  3. Ертең ешкім ешқайда бармайды.

  4. Әрқашан ұқыпты бол.

  5. Әлденеше рет қайталанды.

***