shkolakz.ru 1

«Келісілді» «Бекітемін»


Алғашқы әскери дайындығы және мектеп директоры дене шынықтыру мәдениет орталығының оқыту тәжірибе _________________

Б.М.Әбдірахманов.

________________________

Т.Ф.Мамашев


Ереже.
Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет

мектеп интернатында Ұлы Отан соғысының 65- жылдық мерейтойына

арналған әскери-спорттық «Жас сарбаз» ойынын өткізу ережесі


«Жас сарбаз» әскери-патриоттық ойынын ұйымдастырушылары:

Павлодар облысының жергілікті әскері және Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Бисмельдинов Асқар Қабдоллаұлы

Павлодар қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасының бастығы майор Наурызбеков Нұргелді Жұмагелдіұлы

Әскери ісі жөніндегі директордың орынбасары:Д.Е.Есмағамбетов.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: А.С. Бекқоженова


«Жас сарбаз»әскери патриоттық ойынының жалпы ережелері:


1.Мектепте өткізілетін спартакиада ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.
2.«Жас сарбаз»әскери - спорттық ойының ұйымдастыру комитетінің құрамы:
Әскери ісі жөніндегі директордың орынбасары:Д.Е.Есмағамбетов.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: А.С. Бекқоженова

_ взвод командирлері.
• Дене шынықтыру мұғалімдері.
•Сержанттар құрамы

Медициналық жұмыскерлер:бас дәрігер С.Т.Мақашев, медбике М.Н.Сүлейменова.

З. Бас төрешілік мектеп директоры Б.М.Әбдірахмановқа тапсырылады, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері,Павлодар қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасынан шақырылған жұмыскерлер.
4. Ойынға қатысушылар құрамы: спорттық жарыстарға қатысуға дәрігердің ұрықсаты бар 9 — 11 сыныптар; жарыс пен конкурстарды өткізу үшін ата аналардың көмегі.


«Жас сарбаз» әскери-спорттық ойынының мақсаты мен міндеттері:

• Оқушылардың әскери-патриоттық іс-шараларына деген қызығушылығын арттыру;
• Дене шынықтырудан жаттықтыру сабақтарын нығайту және теориялық білімдерін далалық жағдайда қолдана білу;.
• Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене шынықтыру деңгейін, күш-қуаттары мен төзімділіктерін арттыру;
• Достық, жолдастық, бір- біріне көмек көрсету сезімдерін тәрбиелеу

• Өткен және қазіргі кездегі еліміздің тарихына құрмет көрсету.


Дайындық кезеңі.


  1. Ойынды өткізуге байланысты бұйрық(Әскери ісі жөніндегі директордың орынбасары дайындайды).
    2. Қауіпсіздікті сақтауға байланысты стадион аумағын зерттеу актісі.(дене шынықтыру мұғалімі).

  2. Қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізу және журналға белгілеу.
    З. Офицер мен тәрбиешілердің нұсқамасы (ТІ жөнінде және ӘІ жөніндегі директордың орынбасарлары дайындайды).
    4. Іс шараның бағдарламасы (ТІ жөнінде және ӘІ жөніндегі директордың орынбасарлары дайындайды).
    5. Конкурстар мен жарыстарды өткізуге арналған мүлік пен құрал саймандар (АӘД және дене шынықтыру мұғалімдері дайындайды).
    б. Маршруттық парақтар(ӘІ жөніндегі директордың орынбасарлары мен взвод командирлері дайындайды).
    7. Бағдарламаның жоспары (ұйымдастырушылар комитеті жауапты).


Бағаның критерилері



Ұйымдастырушы комитет әр команданың жүлдегерін айқындайды. Жарыс кезінде ұпай санын көп жинаған команда жеңіске шығады.
Қорытынды шығару және сыныптарды марапаттау,жеке жарыстарда 1-2 орындарға ие болған сыныптарды марапаттау.Максималды ұпай санын жинаған сыныптарды 1,2, және 3 дәрежелі дипломдармен марапаттау. Марапаттау ойын аяқталған соң өткізіледі.


Ойынның басталуы:З наурызда сағат 14.00де.

Ойынға 6 оқушыдан 4 команда қатысады (5ұлбала және 1 қызбала)


Ойынның мазмұны:


«Ел қалаған ұл-қыздар, ел көгінде жұлдыздар» ұранын ұстана отырып,маршруттық парақпен өту.

1 станция: «Өрмекшінің өрмегі»

Әр команда кезекпен жүгіріп отырып кедергілерді жеңіп шығады.Осыдан кейін екінші кезеңге жылжиды.
Айыппұл:
- кезеңді өту барысында сүрінген қатысушы үшін,командадан бір ұпай алынады.

2 станция: «Көзделген нысанаға граната лақтыру»
Кезекпен шекараға жақындағанда, қатысушылар бір гранатадан көзделген нысанаға лақтырады,нысана үш секторға бөлінген:
1-й сектор - 5 ұпай;
2-й сектор - 3 ұпай;
3-й сектор - 1 ұпай
Секторға тигізбеу және гранатаның сектордан шығып кетуі саналмайды.Лақтырып болған соң,команда екінші кезеңге жүгіреді.
Айыппұл:
- лақтыру орындалмаған жағдайда,бір ұпайдан айырылады.
- шекарада бір оқушыдан көп болған жағдайда,бір ұпай алынады.


3 станция: «Медсанбат»
Медбике тапсырмалары бар конвертті тандайды және команда мүшесіннің біреуіне конвертте берілген алғашқы көмек көрсетіледі. Жараны орап болған соң,жаралыны алады да,және мәреге жеткізеді.Сол жерде жараны қалай байлағанын бағалайды. Егер байлау дұрыс орындалса,командаға қосымша үш ұпай беріледі.
Айыппұл:
- жаралыны байлау кезінде медбикенің көмектескені үшін бір ұпай алынады.
- байлауды дұрыс орындамағаны үшін бір ұпай алынады.


4 станция: «Ордан өту»

Тартылған жіп арқылы,қатысушылар кезекпен ордан өтуі керек.Кедергілерді өтіп болған соң,команда құрамы бесінші кезеңге жүгіреді.

5 станция «Миналық алаң»

Мина алаңында қазылып қойған минаны тауып,жалаулармен белгілеп қою керек.(уақытқа)


6 станция «Жалғыз адамның оры»

Қар үстінде жатып,жалғыз окопты ату үшін ашу.

(размер одиночного окопа)

7 станция «Спорттық бағдар таңдау»

Мәре. Берілген маршруттар бойынша дистанциядан өту.Жаңа жерге үйрену: тапсырмалары бар пакетті табу. (туды табу). Мәре. (уақытқа сынақ тапсыру)