shkolakz.ru 1 2 3 4
ң белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.

Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.

Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті.

Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.

Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы мысал бола алады.

XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасын(1993 ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін Республика ПрезиденттіңҚазақстан-2030” стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды.
Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:

1. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары үшін өткендегі және қазіргі дүниежүзілік юриспруденцияның заң теориясы мен тәжірибесінен сындарлы және пайдалы дегеннің бәрін алуға тиіс.

2. Құқықтық идеология Қазақстан қоғамы дамуының тұрақтылығы мен саяси топтасқандығына жәрдемдесуге тиіс.
3. Құқықтық идеология жеке адамның рөлі мен құқықтарын мемлекетке алуға және кемітуге, қоғам мен мемлекетке қатынасы жөнінен егемендіруге емес, жеке даралық әлеуметтілік арқылы ғана болуы мүмкін объективті шындыққа
негізделіп құрылуға тиіс. Адам мен азаматтың міндеттерін өзінің жаратылысы бойынша әлеуметтік мәні болғандықтан, адам құқықтары туралы пайымдауларға араластырып жібермеу керек. 

4. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайту, жан-жақты ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету қажеттігін негізге алуға тиіс. 1995 жылғы Конституцияда негізгі қаланған саяси биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде кәсіби күшті және тиімді мемлекеттілікті дамытуға мүмкіндік туғызу керек.

Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден, ол заң нормаларын жасаудың алдында жүреді, өйткені, ол нормалар әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне туелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің түсінуіне, оның санасы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы олқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.

Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқ

<< предыдущая страница   следующая страница >>