shkolakz.ru 1




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

Дәнекерлеушілер мен

дәнекерлеу өндірісі мамандарын

аттестациялау бойынша

өндірістік қауіпсіздік талаптарына

15 - қосымша


Полимерлік материалдардан жасалған

бақылау дәнекерлеу түйісу қосылыстарын механикалық сынау


1. Соңғы дәнекерлеудің түйіскен қосылыстарына сынауды 2 түрлі үлгі-қалақшаларда МЕСТ11262-80 арқылы жүргізеді.

2. Үлгілерді 160 мм кіші емес дәнекерлеу қосылысының кесінділерінен еханикалық өңдеумен дайындайды. 10 мм дейін қалыңдығы бар құбырларға үлгілерді штамп-елеуіш арқылы кесіп алуға болады.

3. Әрбір бақылау дәнекерлеу қосылысынан жіктің периметрлерімен бірдей етіп 5 үлгіні кесіп алады.

Дайындау кезінде үлгі осі құбырдың осіне параллель болуы керек. Үлгі қалыңдығы құбыр қабырғасы қалыңдығына тең. Дәнекерлеу жігі үлгінің ортасына  1 дәлдікпен орналастырылады. Үлгілерде бояу, ақау және т.б сызаттар болмайды. Сынау үшін үлгі-қалақтарды остік созуға сынау үшін кесу схемасы 1-суретте көрсетілген.



1 - сурет. Осьтік созу сынауына арналған соңғы дәнекерлеу қосылысынан алынған үлгілерге созу сынауын жүгізудің кесу схемасы.

1 - дәнекерлеу қосылысы бар келтеқұбыр; 2 - үлгілердің орналасуы.


4. Сынауды сынау машиналарының қыспағын қозғалту жылдамдығымен жүргізеді. Ол қабырға қалыңдығы 6 мм кем емес құбырлар үшін – 100 (± 10) мм/мин, ал 6 мм немесе одан үлкен болса – 25-2 мм/мин.

5. Созылуға сынауды түсірілген күштің өлшеу дәлдігінің өлшеніп жатқан мәнінен ауытқуы 1 % аспайтын, кез-келген қирату машиналарында жүргізеді. Өйткені оның қуаты үлгілерді қиратып тастауға жетеді.


6. Сынаулардың барысында үлігінің қирау сипатын, созу кезіндегі аққыштық шегі мен қирау кезіндегі салыстырмалы созылуды табамыз.

7. Түйістіру арқылы орындалған дәнекерлеу қосылысының сапалық критериі болып үлгілердің қирату сипаттамасы табылады.


Қиратудың 3 түрі ажыратылады:


І түрі – сыналатын үлгінің кез-келген жартысында болатын созылу кезінде оның көлденең қимасы ауданының типті тарылуы «мойын» қалыптасқан соң байқалады. Қирау салыстырмалы ұзындық 50 % жеткенде орын алып, жоғары иілімділікті сипаттайды. Қираудың сызығы басты материал арқылы өтіп, дәнекерлеу жазықтықтарын қимайды.

ІІ түрі – «мойын» қалыптаса бастаған сәтте аққыштық шегіне жеткен кезде байқалады. Қирау салыстырмалы ұзарудың аздаған мөлшерінде басталады, әдеттегідей 20 кем және 50 артық емес % және төмен иілімділікті сипаттайды. Кесу сызығы дәнекерлеу жазықтығын қияды, бірақ созылмалы сипатқа ие.

ІІІ түрі – ол аққыштық шегіне жеткенше және «мойын» қалыптасқанша болады. Қирау үлгі әдеттегідей 20 % артық емес ұзару кезінде пайда болады және морт сынғыштық сипат береді. Қирау сызығы тура дәнекерлеу жазығымен өтеді.

8. Егер осьтік созу сынауына түскен үлгілердің 80 % қираудың І түріне жатса, сынау қорытындысы қанағаттанарлық болып саналады. Қалған 20 % үлгілер қирауының ІІ түріне жатады. Қираудың ІІІ түріне жол берілмейді.


_______________________