shkolakz.ru 1
Сабақтың тақырыбы: Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?


Сабақтың мақсаты:


  • Оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.

Сабақтың міндеттері:

  • Ғарыш әлемі туралы неғұрлым жан-жақты ақпарат жинуына қолайлы орта туғызу.

  • Оқушылар мәтінмен таныса отырып,саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.

  • Оқушылардың жеке ,жұпта, топта жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын ұйымдастыру.

  • Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.

  • Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.

  • Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын еркін жеткізе алады..

Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Сабақтың әдісі:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Халықаралық жобаның жобалау әдісі, АКТ (ИКТ)

Қажетті материалдар:

Ғарыш туралы буклет,интерактивті тақта,мәтін,маркер т.б.

Бағалау: Кластер, жеке жасаған жұмыстары

Сабақтың барысы:





Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Мақсаты

Қызығушылықты ояту сатысы

Сұрақ:

- Ғарыш туралы не білесіңдер?


Балалардың ойларын тақтаға тізбектеп жазады.


Сұрақ:

- Ғарыш туралы не білгілерің келеді?

Балалардың ғарыш туралы туындаған сұрақтарын тақтаға тізбектеп жазады.



Жеке ойларын компьютерге 1 минут жазады, жазған ойларын жұптарына оқып беріп, топта талқылайды.


Жеке ойларын 1 минут жазады, жазған ойларын жұптарына оқып беріп, топта талқылайды.



Әр оқушы жеке ойларын жазып, алғашқы білімдерімен бөлісу

Сабақтың соңында балалардың алғашқы білімдерімен алған білімдерін салыстыру үшін

Әр оқушы жеке ойларын жазып, алғашқы білімдерімен бөлісу

Жазған сұрақтарына сабақтың соңында қайта оралу және сол сұрақтарымен жұмыс жасау

Мағынаны ашу сатысы


Ғарыш әлеміне слайд шоу арқылы саяхат жасау (сұрақ-жауап әдісін қолдану)

Ғарышкерлер туралы пікір алмасу.


Балаларды 4 топқа бөлемін

Нұсқау:

І топ. Кітапханаға барып,ғарыш туралы ақпараттар жинайды

ІІ топ. Сұхбат жүргізеді./интервью/. Сол мектеп ішіндегі жүрген мұғалімдерден, жоғарғы сынып оқушыларынан, әкімшіліктен немесе сыртта жүрген кісілермен сұхбат жүргізуіне болады.

Сұхбат жүргізу үшін алдын ала сұрақтар тізбегін құру керек.

ІІІ топ. Мақала жазады. Мақаланы «Ғарышқа сапар» тақырыбына жазады.

ІV топ. Ғарыш әлемінің суретін салу /мәтін «Ғарыш дегеніміз не?»/

/Осы жұмыстарға 20 минут уақыт беріледі./

Оқушылар сыныпқа жиналған соң,топта жұмыс жасайды.Жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды.

Әр топ жұмыстарын қорғайды.

Берілген сұрақтарға бірлесе жауап беріп, талдау жұмыстарын жүргізеді.


1 топ кітапханаға барып, ғарыш туралы ақпараттар жинайды. Оқып, талқылайды. Қорытынды шығарады.

2 топ сұхбат жүргізбес бұрын ғарыш туралы сұрақтар тізбегін жазады. Алған сұхбаттарына топта бірігіп талдау жасайды.

3 топ «Ғарышқа сапар» тақырыбына мақала жазады.

4-топ Ғарыш әлемі туралы сурет салу.




Әр оқушы жан жақты ақпарат жинай алады. Өз ойларымен бөлісе алады.


Еркін пікір алмасуға дағдыланады


Ғарыш туралы алған білімдерін қорытындылау, жазу машығын қалыптастыру.

Ой толғаныс сатысы

Интерактивті тақтадағы жазған өздерінің алғашқы білімдеріне қайта оралып, алғашқы ақпараттарын толықтырамыз.

Әр оқушы жеке кластер жасайды.

Алған білімдерін бағалау

Бағалау

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, кластер арқылы бағалау

Үйге тапсырма

  • Ғарыш әлемі туралы жан-жақты ақпараттар жинақтау

  • «Мен ғарыш әлеміндемін» тақырыбында эссе жазу және сурет салу.






Сабақта қолданылатын мәтін:

Ғарыш дегеніміз не?

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар .Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен.Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша , жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.

Жерге ең жақын жұлдыз Күн.Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады.)


Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай.

Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.

Күн жүйесі Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана.Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп миллиондап саналады.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол жерге айдан 1,3 секундта,Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.

Ғарыш құрамдас бөліктеріне :жұлдыздық жүйелер галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газ шоғырлары , әлемнің түкпір түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.

Жер де Әлем денесі. Оның Әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады.

Жер шары

Күн жүйесі

Галактика

Галактикалар тобы

Әлем

(Ғарыш)



Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Адам ерте кезден ақ Әлем денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Ол әзірге Жер төңіреігндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты.

Ғарышқа жол 1957 ЖЫЛЫ 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағындағы Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю Гагарин ғарыш кемесімен

Жер шарын айнала ұшты.1 2 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станциялар да бар.

Ғарыш құрал жабдықтары Жердің табиғи серігі Ай ды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, Жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам айға тікелей барып та қайтты. Автомат станциялар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп ,олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға , аса апатты құбылыстардан

(сұрапыл дауыл құрғақшылық) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі,алыс жерлермен радио телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл геграфилық карталар жасауға пайдалы қазбалар іздеуге егіннің шығынын өлшеуге тағы көптеген жұмысқа кеңінен пайдаланды.


Сабақта қолданылатын слайдтар:

1-слайд. Сабақтың тақырыбы

2-слайд. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен

150 000 000 км.

3-слайд. Жер шары, күн жүйесі, галактика, галактикалар тобы,әлем (ғарыш)

4-слайд. Жарық секундына 300000 км

жылдамдықпен таралады.

5-слайд. Күн дегеніміз – қатты қызып тұрған шар тәрізді аспан денесі.

6-слайд. Күн жүйесі

7-слайд. Күн жүйесі