shkolakz.ru 1

ТЕРМИН ЖАСАЙТЫН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР, СИМВОЛДАР


 

Мамаева Гүлнар Бейсенқызы

филология ғылымдарының кандидаты,

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

қазақ тіл білімі кафедрасының доценті,

Астана, ҚАЗАҚСТАН

 

Қазір ғылымда түрлі символ, графика, диаграмма сияқты шартты белгілерді қолдану өте қатты күшейіп кетті. Ғалымдар қазіргі ғылымның даму қарқынына сай заңды құбылыс деп санайды. Бұдан түрлі таңбалар сөзді, сөйлеуді жеңеді деген пікір тумайды, адамдардың табиғи тілі ең күшті, баға жетпес құнды қатынас құралы, халықтың ата-бабадан келе жатқан бағалы қазынасы, оны басқа ешбір құрал ауыстыра алмайтыны – талассыз мәселе.

Алайда, өмір тәжирибесінде математика, физика, химия сияқты тағы басқа ғылымдарда түрлі таңба, символ, графика сияқты тағы басқа таңбаларды қолдану қалыптасқан.

Олар түрліше аталып жүр. В.П.Даниленко ондай таңбаларды тілдік емес құралдар дейді [1, 35], З.М.Зорин мен М.И.Черемисина ондай таңбаларды математика тілі деп табиғи тілден бөліп атайды [2, 68].

Ғалымдар бұл шартты белгілерді терминология саласына жатқызады. Оны В.П.Даниленконың сөзінен көруге болады: «К неязыковым средством относятся знаки, графические символы, цифры (математической, физической, химической и других терминологий).

Использование этих средств в современных терминологиях, специфика их по сравнению с терминами-словами – все это не тронутое исследователем поле, которое, естественно, вызывает живой интерес» [1, 8].

Бұл пікірмен келісуге болады, өйткені ол қазақ терминологиясына да қатысты.

Әрине шартты таңбалар, символдар, графикалық белгілер ғылымның барлық саласына қатысты емес сөз-терминдерге қарағанда, олардың қолданылу аясы тар. Бірақ олар ғылымның белгілі салаларында терминдік қызмет атқарады, белгілі ғылыми ұғымдарды білдіреді. Көпшілік жағдайда жеке алғанда, олар мағынасыз белгілер. Мысалы a, b, c, t сияқты әріптер ғылымда белгі ретінде қолданылады. Мысалы, a+b=c, c-a=b т.б. Осы әріптердің тұрақты белгілі мәні жоқ. Сондықтан әр ғылымда оған әр түрлі мән беріледі. Бұл әріптер математикада қосу, алудың нәтижесімен байланысты мәнді білдірсе, a х b=c дегенде басқа мәнді білдіреді. Ал химияда Д.И.Менделеевтің таблицасында 105 элементті латын алфавитіндегі әріптер мен әріптердің тіркесімен белгілеген. Мысалы, Au – алтын, Ag – күміс, Cu – мыс, PL – қорғасын, U – уран, K – калий, O – кислород т.б.


Демек, әріптердің мағынасыздығы түрлі ғылым саласында оларды түрлі мәнде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл туралы З.М.Зорин мен М.И.Черемисина былай деп жазған: «Пустота этих символов в абстрактной позволяет вкладывать в ним самое различное эмпирическое содержание. Знаками математического языка эмпирической науки. Например физики, они становятся лишь постольку, поскольку в них вложено эмпирическое содержание фиксированное посредством четко определенной процедуры измерения. Математические символы становятся знаками физическим величин именно тогда и постольку, поскольку им дает операционное определение задающее содержание физического понятия, его физический смысл» [2, 72].

Әріптерді қандай мағынада қолдану әр ғылымда шешілді және әр ғылымда ол тұрақты болады. Мәселен, химияда Д.И.Менделеев белгілеген элемент аттары ешбір өзгеріссіз әлі қолданылуда. Сондай-ақ физикада да тұрақты символдар бар. Мәселен, а – жылдамдықтың (ускорение), t – уақыт (время), tотемпература, с – күннің жылдамдығы (скорость света), Е – энергия т.б. Бұлар осы ғылымға ортақ және ол мемлекет тарапынан бектіліп отырады.

Әріптерді белгілі мәнде қолдану дүние жүзінде ғылымда кең тараған, математикалық ғылымдардың әрқайсысында өз мәні бар, ғылымда танылған таңбалар болып саналады.

Әріптерді таңба ретінде қолдану түрлі ғылым саласына өте көп тараған. Әріптер жеке де, тіркесе де қолданылады және әр ғылымда олар әр түрлі мәнде қолданылады. Мысалы, химияда U – уран болса, энергетикада U токтың күшін білдіреді. Ол туралы Б.М.Шляпошников былай деп жазған: «для обозначения напряжения букв и U» [169]. Д.И.Менделеев таблицасында К – калийді белгілесе, энергетикада Б.М.Шляпошников «К – коэфициент мощности выпрямительного агрегата» деген [3, 169].

Міне, бұл әріптердің таңба ретінде белгілі тұрақты мәні жоқ екенін білдіреді. Бұл туралы З.М.Зорин мен М.И.Черемисина өте дәл айтқан. Ол мынадай: «Связь между каким-то символом первого рода и каким-то эмпирическим смыслом в принципе случайна. В пределах одного рассуждения любой смысл можно обозначить любой произвольно выбранной буквой, необходимо только, чтобы между буквами и смыслом строго сохранялось однозначное соответствие» [2, 73].


Алайда, техникалық ғылымдарда кейбір тұрақты әріп символдар да барын ғалымдар айтып жүр. Мәселен, ол туралы З.М.Зорин, М.И.Черемисина былай дейді: «...в эмпирических науках, регулярно полезующихся такими знаками, всегда складывается традиция обозначать один и тот же смысл одними и теми же буквами, например, а – ускорение, t – время, tотемпература, с – скорость, Е – энергетика и др. Это тенденция закрепляется ГОСТом или рекомендациями Международного союза чистой или прикладной физики» [2, 73].

Бұдан кіші әріптердің де символ, таңба ретінде қолданылатынын көреміз. Әріптер символ ретінде бас әріп пен бас әріп, бас әріп пен кіші әріп тіркесіп те қолданылады. Мысалы, Au – алтын, Ag – күміс, Fe – темір, Rb – рубидий т.б.

Кіші әріптер гуманитарлық ғылымда да қолданылады, ол ойды белгілі тәртіппен білдіру үшін қолданылады. Мысалы, мәтінде санамалап мәселелерді көрсету қажет болған жағдайларда цифр қолданылатыны белгілі. Мысалы 1, 2, 3 немесе 1), 2), 3) т.б. Осымен бірге, цифрлар орнына сол мәнде әріптер де қолданылады. Оған академик Ө.Айтбаев еңбегінен мына мысалды келтірейік. Қазақ тіліндегі қоғамдық терминдердің негізгі көздері.

а) араб-парсыдан енген терминдік атаулар.

ә) орыс және орыс тілі арқылы енген интернационалдық терминдер.

б) алғашқы газет, журналдардағы термин сөздер.

в) термин қызметіндегі кірме сөздер [4, 61].

Осы келтірілген үзіндідегі а, ә, б, в әріптері шартты түрде 1), 2), 3), 4) сандарының орнына алфавит тәртібі бойынша қолданылған. Бұл ғылыми еңбектерде жиі қолданылатыны белгілі. Демек, бұл да әріпті шартты белгі ретінде қолдануға жатады.

Терминологияда цифрлар көбіне әріптермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, Na2O, N2SO4, SO3, CO2, Pb3, NH2, т.б. Бұл символдар химиялық, математикалық есептерде де қолданылады. Химиядан:

Д = М1 = Р1 = Мr1 = m1


М2 = Р2 = Мr2 = m2

Математикадан: a+b=ab.

Ғылымда графикалық белгілер де жиі қолданылады. Мысалы, геометрияда мына графикалық белгілер жиі қолданылады: , ∆, , , т.б.

Бұлардың әрқайсысының аты, ережесі, мәні бар, олар геометрия ғылымындағы графикалық белгілер, олар тек бір мәнде түсініледі, ұғылады, оларда көп мағыналық жоқ.

Геометрия саласында графикалық таңбалар өте көп, бір үшбұрыш таңбаның да бірнеше түрі бар: Мысалы,

- тік үшбұрыш, - тең қабырғалы үшбұрыш т.б.

Міне, бұл графикалық таңбалардың көп қолданылатынын, үлкен қызмет атқаратынын дәлелдейді.

Сондай-ақ математикада + (қосу), - (алу), х (көбейту), = (тең) сияқты графикалық белгі, таңбалардың қолданылатыны белгілі. Олар да үнемі бір мәнде қолданылады.

Осы сияқты бірнеше таңбаларды В.П.Даниленко төмендегіше көрсеткен: «в терминологии используются и такие символические (чисто графические) компоненты, которые невсегда переданы посредством слов: v – образное соединение, x – образное соединение, u – образное соединение, χ – образное соединение» [1].

Химияда атомдардың әсерін көрсетуде мына графикалық белгі қолданылады. Шартты белгілер тек ғылымда ғана қолданылады деуге болмайды. Өйткені өмірде адым сайын кездесетін жол бойының шартты белгілері, қызыл, сары, жасыл шам белгілері көшеде жүруді реттеп тұратыны белгілі. Оңға солға, жоғары төмен бағытталған меңзегіштер (→, ←, ↓, ↑) сөз түрінде болмаса да, адамдарды дұрыс бағыттап тұрады. Жол бойында осы сияқты бірсыпыра шартты белгілер сары, қызыл, жасыл шам жарықтары символдар, шартты таңбалар тобына жатады. Оларды Ө.Айтбаев қатынас құралының қарапайым түрі санаған, оны ғалымның өз сөзімен берейік: «Егер сөз, термин және номенклатураны қатар қойып салыстыра қарайтын болсақ, бұлардың өзді-өзіне тән ерекшелігі, тілдегі қызметі және жасалу жолдары мен мағыналық өрісі айқын аңғарылады. Әсіресе, бұларды қашықтық туралы хабар беретін есту және көру сигналдарымен салыстырсаңыз, бір мағынада сигналдар тұрса, екінші жағында сөздер тұрады. Жол тәртібін сақтау үшін жасалған сигналдар қатынас құралының қарапайым түрі. Мұндай сигналдар белгілі бір ойды оның мағыналық өрісін, неше алуан құбылыс-құйылысын бере алмайды, олар өзімен-өзі шектеулі шартты белгілер болып табылады» [4, 165-166].


Осы топқа оқу орындарындағы сабақты бастауға, аяқтауға шақыратын қоңырау да жатады.

Ал түрлі салада қолданылатын түрлі кестелер, сызбалар алуан түрлі. Кестелер қолданылмайтын ғылым саласын атау өте қиын. Кестелердің түрі өте көп, олар қажетіне қарай түрліше жасала береді.

Кестелер белгілі мақсатқа сай жасалады, оның құрылысы мақсатқа сай болады. Біз тек терминология ғалымдары қолданған кестелерге мысал келтірейік. Академик Ә.Қайдар «Структура односложных корней и основ в казахском языке» деген еңбегінде 23 кесте, көптеген модельдер қолданған. Ғалым қолданған кестелердің бір үлгісін берейік:

«Таблица 1. Возможные звукосочетания в структуре ОКО типа СГ»

 

ба

да

жа

ка

ма

на

па

ра

са

уа




бә

дә

жә

кә

мә

нә

пә

рә

сә

уә


бе


де

же

ке

ме

не

пе

ре

се

уе




бо

до

жо

ко

мо

но

по

ро

со

уо




бө

дө

жө

кө

мө

нө

пө

рө

сө

уө




бұ

дұ

жұ

кұ

мұ

нұ

пұ

рұ

сұ

уұ



[5, 72].

Сонымен бірге, ғалым осы еңбегінде өте көп модельдер үлгісін қолданған. Мәселен алғашқы еліктеуіш түбірлерден жасалған туынды түбірлердің 15 моделін берген, солардың бір үлгісін келтірейік. √ – д: кід > кідіңде, қад > қадаңда, қод > қодаңда, қыд > қыдыңда, од > одыраңда, қод > қодыраңда и др. [4, 174].

Ш.Құрманбайұлы «Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері» деген монографиясында мына сызбаларды қолданған:


ТЕРМИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ






 

 


ТЕРМИНДЕУ



ТЕРМИНЖАСАМ



АЛМАСУ (өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдау)



СЫРТТАН ТЕРМИНДЕУ (жалпыхалықтық лексиканың терминденуі)



ІШКІ ТЕРМИНДЕНУ (терминологиялық лексиканың терминденуі)



Кірме терминдердің терминденуі

Ұлт тілі негізінде жасалған терминдердің терминденуі



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КЕРІ ТЕРМИНДЕНУ








[5, 152].

Бұл келтірілген кестелер гуманитарлық білімде, атап айтқанда қазақ тіл білімінде, көбі терминология саласында ғалымдар қолданған кестелер.

Бұдан шығатын қорытынды: кестелер ғылым түрін, саласын таңдамайды, тұрақты түрі жоқ, олар мақсатқа қарай алуан түрлі болады, осы белгілі тәртіпте нақты білдіруге көмектеседі, шартты белгілер тобына жатады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. 1.         Даниленко В.П. Лексико-семантические и грамматические особенности слов-терминов. Исследование по русской терминологии. – М., 1971. – 231 б.

  2. 2.         Зорин З.М., Черемисина М.И. О специфике языка слов и языка символов в научном описании (на материале физики). – Исследование по русской терминологии. – М., 1971. – 23 с.

  3. 3.         Термины, определения и обозначения в области вопрямления переменного тока. Проект Б.М.Шляпошпикова. – Л., 1940.

  4. 4.         Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ. – Алматы, 1986. – 328 с.

  5. 5.         Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б.