shkolakz.ru 1 2 3 ... 20 21

Метеорология – атмосфераның физикалық жағдайы туралы ғылым.

Меридиан – экватордың тік бұрышын қиып өтетін және Жердің полюсі арқылы өтетін, шеңбер сызық.

Мертігу – дененің ауыр зақымдануы.

Наркоз — жасанды естен тандыру.

Нарт – ұзын, жіңішке шана.

Невроз – орталық жүйке жүйесінің ауруы.

Оба – жұқпалы инфекциялық ауру.

Обсервация – күшейтілген медициналық бақылаумен шектелген режим.

Опырылым – бөлінген массаның құлауы.

Орман күзеті – орманды күзетуге арналған арнайы қызмет.

Өзенарал
ық – екі өзен арасындағы жер.

Өлім-жітім – індет кезінде жануарлардың жаппай қырылуы.

Өнеркәсіптік
авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.

Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай –ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.

Өрмелеуші – биікте жұмыс істейтін адам.

Өртадамдардың, жануарлардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігіөрттің пайда болу мүмкіндігі.

Өрт сөндірушіөрт күзетінің (команданың) қызметкері.

Өткел – тоған, көл, өзендердің ұсақ орындары.

Пал – дала немесе орман өрті.

Панахана – адамдардың жасырынуына арналған кешенді инженерлік қорғаныс ғимараты.

Пандемия – адамдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панзоотия – малдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панфитотияөсімдіктер мен зиянкестердің жаппай ауруы.


Пеленг – бақылап отырған зат пен компас бағдар арасындағы бұрыш.

Перископ – паналау орнынан бақылауға арналған құрал.

Пирология – орман өрттері туралы ғылым.

Планшет – карта және құжаттарды алып жүруге арналған сөмке.

Пласт – шөгінді қабаттың тығыз тасындылары.

Полигон – сынақтар жүргізуге арналған жер учаскесі.

Профилактика – алдын алу шараларының жиынтығы.

Пульс – қан тамырларында білінетін жүрек қағысы.

Радиация – бір денеден келіп жатқан сәулелену.

Радиоактивті ластану – атмосферда, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.

Радиоактивтілікбелсенді радиосәуле шығаруы мен атомдық ядроларының ыдырауы.

Радиофобия – радиациялық залалданудан үрейлену.

Радиациялық авария – аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы – қауіпті нысандағы авария.

Радиоактивті ластану – жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық –түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.

Радиациялы қауіпті нысан – радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.

Радиоактивті ластану аймагы – аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.


Радиациялық қоргау режимі – иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.

Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.

Рация – тасымалдауыш радиостанция.

Реанимация – ағзаның клиникалық өлім кезеңінде қайта тірілуі.

Сал – бірнеше қатарға бекітілген бөрене.

Санитар кіші лауазымды медициналық қызметкер.

Санитарлық тазарту – адам бойынан зақымданған тері және шырышты қабықтарын механикалық тазалау мен жуу, сонымен қатар ТЖ аймағынан шыққан кезде олардың аяқ киімдері мен киімдерін залалсыздандыру.

Сәулелену – тірі ағзаларға радиоактивті сәулелердің әсер етуі.

Сел – лай – тасты қатты ағын.

Сейсмология – жер бетінің тербелісін зерттейтін геофизика ғылымының бөлігі.

Смог – ауаның қатты ластануы.

Спазм – бұлшықеттердің жиырылуы, тырыспа.

Су басу – ғимараттың астыңғы бөлігіне судың кіруі.

Судың көтерілу жылдамдығы – су басу кезінде су деңгейінің көтерілуі.

Су басу алаңы – су басқан аймақ.

Су қойма – суды сақтауға арналған жасанды су қоймасы.

Су тасқыны – қардың еруі немесе жауын-шашын кезіндегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі.


Сүңгуір адам – су астында жұмыс істейтін адам.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағытөтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

ТЖ аймағы – ТЖ пайда болған белгілі бір аймақ.

ТЖ аймағында халықты қорғау – адамдардың қаза болуын төмендету немесе алдын алуға бағытталған шаралар.

ТЖ қауіптілік – ТЖ аймағында қауіптіліктің пайда болуы мүмкін немесе сол кезде болған жағдай.

ТЖ аймағындағы жұмыстарға арналған техникалық құралдардың кешені – ТЖ аймағында жұмыстар жүргізу үшін арналған негізгі және қосымша техникалық құралдар.

ТЖ жою – ТЖ пайда болған кезде және адамдардың денсаулығын сақтау және өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар ТЖ аймағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жүргізілетін жұмыстар.

ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.

ТЖ қауіпсіздігі – ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

ТЖМЖ – ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі) – төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.


ТЖ дайындық – халықты және материалдық құндылықтарды қорғау үшін алдын ала жүргізілетін шаралардың кешені.

Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.

Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар - өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері – бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы – бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.


Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы – бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.

Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.

Тас құлау – тік тау беткейлерінен тау массасының, тау жыныстары бөліктерінің құлауы.

Тәжірбие – практикалық меңгерген білімнің, дағдылардың, іскерліктің жиынтығы.

Табиғи ТЖ – пайда болу себебі табиғат күштері болып табылатын ТЖ

Тамыр – жүрекке баратын қанның қан тамыры.

Тар ағыс – өзен арнасы учаскесінің тарылуы.

Тар шат – тар шатқал, жердегі терең жарықша.

Тайфун – ірі қиратушы күшті қара дауыл.

Такелаж – жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған жабдықтардың жиынтығы.

Техника – жабдықтардың, құралдардың, механизмдердің, еңбек құралдарының жиынтығы.

Техногендік ТЖ – адамның өндірістік іс-әрекетінен болған ТЖ.

Тоғай - жергілікті ортадағы айрықша учаске.

Толқын су бетінің тербелісімен сипатталатын су бірлігі.

Токсикоз ағзаның уланған кезіндегі жағдайы.

Токсин улы зат.

Топляк батып кеткен бөрене.


Трансөзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы

Тренажер – жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.

Тұнба – тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.

Тұншығу – тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.

Тұщыландырғыш – суды тұщыландыруға арналған құрал.

Тірі қалу – шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.

Тіршілікті қамтамасыз ету – өмірді сақтау жүйесі.

Тығыз жұмыстар – ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау, құтқару жұмыстарын жан – жақты қамтамасыз ету шаралары.

Уақытша паналау аймағы – қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатымен, халықты ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде көшіру немесе уақытша ауыстыру аумағы.

Ұтқырлық – қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік.

Ұшақ – тік ұшатын және қонатын ауалы ортада қозғалуға арналған ұшу аппараты.

Үгінді – ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен төмен жылжуы.

Үн қату – шақыруға жауап беру, қарату.

Үнемі дайындықтағы күштер – ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған және кезекшілікте болатын күштер.

Үңгір – сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.

Үрей – қорқыныш, кенет сезім.

Іздеу – біреуді немесе бір нәрсені табу.

Індет – адам ауруларының кеңінен таралуы.

Ісіну – ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік.

Ықтимал қауіпті нысан төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.


Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.

Ықтимал ТЖ аймағы – ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. Фал – кендір, арқан, сым арқан.

Фарватер – кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.

Фирн – мұздақ қар.

Флюгер – жел бағытын анықтайтын құрал.

Форшок – бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.

Хабарландыру дабылы – ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру

Циклон – жауынмен жалғасатын атмосфераның құйынды қозғалысы. Цистерна – сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.

Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.

Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.

Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.

Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.

Шлюпка – кең корпусты қайық.

Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.

Экватор – Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.

Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.

Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.

Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.


2 Дәрістер

Дәріс №1. Кіріспе



<< предыдущая страница   следующая страница >>