shkolakz.ru 1 ... 8 9 10 11

                қиылған некенi тану

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

      203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе
               Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
               жерлерде қиылған некенiң заңсыздығы

      Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады.

      204-бап. Некенiң бұзылуы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн.

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.


      4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

      205-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк
                жеке құқықтары мен мiндеттерi

      Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi .

      206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау

      1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттiң заңдарымен айқындалады.

      2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi . Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берiлсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы.

      207-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен
                мiндеттерi

      Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөнiндегi мiндетi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Ата-аналар мен балалардың бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Талапкердiң талап етуi бойынша алименттiк мiндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттiң заңдары қолданылуы мүмкiн.


      208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа да отбасы
                мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi

      Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттiк мiндеттемелерi, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда мұндай мiндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.

      209-бап. Бала асырап алу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкiлiнiң және бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмiн, сондай-ақ егер аталған мемлекеттiң заңдарына сәйкес талап етiлетiн болса, асырап алуға баланың да келiсiмiн алу қажет.

      3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

      4. Егер бала асырап алудың нәтижесiнде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күшi сот тәртiбiмен жойылуға тиiс.


      5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      6. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады.
      Ескерту. 209-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын
                Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал
                актiлерiн тiркеу

      1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргiзiледi.

      2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде, егер мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.

      211-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын
               шет мемлекеттердiң құжаттарын тану

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң заңдары бойынша азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген құжаттар консулдық ресмилендiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      212-бап. Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының
               Қазақстан Республикасында қолданылуы

      Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.   


      213-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгiленгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

<< предыдущая страница