shkolakz.ru   1 ... 6 7 8 9 10 11

                ұстап қалу

      Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде алимент осындай келiсiмнiң және атқару құжаттарының негiзiнде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге мiндеттi адам жалақысының және өзге де кiрiсiнiң елу процентiнен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкiн.

      153-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орнын
               ауыстырғаны туралы хабарлау мiндетi

      1. Сот шешiмi немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi ұстап қалушы ұйымның әкiмшiлiгi алименттi өндiрiп алу жөнiндегi шешiм орындалатын жердегi сот орындаушысына және алимент алушы адамға алименттi төлеуге мiндеттi адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерiн үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
      2. Алимент төлеуге мiндеттi адам сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерiнiң өзгергенi туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кiрiсiнiң болуы туралы хабарлауға тиiс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректердi дәлелсiз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кiнәлi лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкiмшiлiк жауапқа тартылады .

      154-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның мүлкiнен өндiрiп
                алу

      1. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен белгiленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге мiндеттi адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен өндiрiп алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы немесе банктiк емес қаржы мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады.

      2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкiнен алимент өндiрiп алу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      155-бап. Алимент бойынша берешектi белгiлеу

      1. Алимент төлеу жөнiндегi келiсiм негiзiнде немесе атқару парағының негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм табыс етiлгеннен бұрынғы үш жыл мерзiм шегiнде жүргiзiледi.

      2. Атқару парағы негiзiнде немесе нотариат куәландырған келiсiм негiзiнде алимент ұстау алименттi төлеуге мiндеттi адамның iздестiрiлуiне байланысты жүргiзiлмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгiленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкiл кезең үшiн өндiрiп алынады.

      3. Берешек мөлшерiн сот шешiмiнде немесе алимент төлеу туралы келiсiмде белгiленген алимент мөлшерiн негiзге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.

      4. Осы Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетiн алимент бойынша берешектiң мөлшерi алимент төлеуге мiндеттi адамның алимент өндiрiп алынбаған кезеңдегi табысы мен өзге де кiрiсi негiзге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс iстемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы мөлшерi негiзге алына отырып анықталады. Егер берешектi бұлайша анықтау тараптардың бiрiнiң мүддесiне елеулi түрде нұқсан келтiрсе, онда мүддесiне нұқсан келтiрiлген тарап сотқа жүгiнуге құқылы, ол тараптардың материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешектi тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкiн.

      5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектi анықтауымен келiспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысының әрекетiне шағымдана алады.


      6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы iздестiру кезеңiнде төленген, балаға заңдарда белгiленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентiн бюджет кiрiсiне есептеу арқылы өндiрiп алынады.

      156-бап. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату

      1. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату немесе тараптардың келiсiмi бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтiн жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келiсуi бойынша азайтылуы мүмкiн.

      2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша төленбегенiн, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешектi өтеуге мүмкiндiк бермейтiнiн анықтаса, оны алимент бойынша берешектi төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

      157-бап. Алименттi уақтылы төлемегенi үшiн жауапкершiлiк

      1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам сол келiсiмде көзделген тәртiппен жауапты болады.

      2. Сот шешiмi бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам алимент алушыға кешiктiрген әр күнi үшiн төленбеген алимент сомасының оннан бiр процентi мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Алимент алушы алимент төлеуге мiндеттi, алименттiң уақтылы төленбегенiне кiнәлi адамнан алименттiк мiндеттемелердi орындауды кешiктiруден келтiрiлген бүкiл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлiгiн де өндiрiп алуға құқылы.

      158-бап. Алименттi есептеуге және керi өндiрiп алуға жол
                берiлмеуi

      1. Алименттi басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.

      2. Төленген алимент сомасын:

      1) алимент алушының жалған мәлiметтер хабарлауына байланысты немесе оның қолдан жасалған құжаттар беруiне байланысты алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған;

      2) алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетiп ықпал жасау салдарынан алименттi төлеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз деп танылған;
      3) сот шешiмiнiң, алимент төлеу туралы келiсiмнiң немесе атқару парағының қолдан жасалу фактiсi негiзiнде алимент төленгенi сот үкiмiмен анықталған жағдайларды қоспағанда, керi талап етуге болмайды.

      3. Егер осы баптың 2-тармағында келтiрiлген әрекеттердi кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз алимент алушының өкiлi жасаған болса, алимент керi өндiрiлiп алынбайды, ал төленген алименттiң сомасы алимент төлеуге мiндеттi адамның талабы бойынша кiнәлi өкiлден өндiрiп алынады.

      159-бап. Алименттi индекстеу

      Сот шешiмi бойынша тұрақты ақша сомасымен өндiрiп алынатын алименттiң индекстелуiн алименттi ұстайтын орын бойынша ұйымның әкiмшiлiгi заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң өсуiне бара-бар жүргiзедi.

      160-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке
              тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу

      1. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге мiндеттi отбасы мүшелерiмен осы Заңның 143,144,147 және 148-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келiсiм жасасуға құқылы.

      2. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мүдделi адам алименттiң мөлшерiн тұрақты ақша сомасында белгiлеу туралы немесе алименттi бiр жолғы төлеу туралы не алимент есебiне белгiлi бiр мүлiктi беру туралы немесе алименттi өзге бiр жолмен төлеу туралы талап етiп сотқа жүгiнуге құқылы.

      161-бап. Соттың бұрын белгiленген алимент мөлшерiн өзгерту
                және алимент төлеуден босату

      1. Егер алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент мөлшерi сот тәртiбiмен белгiленгеннен кейiн тараптардың бiрiнiң материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуi бойынша белгiленген алимент мөлшерiн өзгертуге немесе алимент төлеуге мiндеттi адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшерi өзгертiлген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесiн де ескеруге құқылы.


      2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам алименттi төлеуге мiндеттi адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент өндiрiп беруден бас тартуға құқылы.

      162-бап. Алименттiк мiндеттемелердi тоқтату

      1. Алимент төлеу туралы келiсiммен белгiленген алименттiк мiндеттемелер осы келiсiмнiң күшiнде болу мерзiмi бiткенде немесе осы келiсiмде көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бiрi қайтыс болғанда тоқтатылады.

      2. Сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттi төлеу:
      1) бала кәмелетке толғаннан кейiн немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейiн толық әрекетке қабiлетiн алған жағдайларда;
      2) асырап-бағу үшiн алимент өндiрiп алынған бала асырап алынғанда;
      3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтiрiлген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
      4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегiне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;
      5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге мiндеттi адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

6-бөлiм. Азаматтық хал актiлерi

  22-тарау. Жалпы ережелер

      163-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу

      Туу, қайтыс болу, неке қию, некенi бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк органдарда тiркелуге тиiс.
      Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

        164-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүргiзетiн

                органдар


      1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi азаматтық хал актiлерiн жазатын бөлiмдер жүргiзедi.

      2. Мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде азаматтық хал актiлерiн тiркеудi қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi ұйымдастырады.
      Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

        165-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi.
               Акт кiтаптары

      1. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және күшiн жою тәртiбiн белгiлейтiн ережелер , сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысанын және осы кiтаптардағы жазбалар негiзiнде берiлетiн куәлiктердiң нысанын, акт кiтаптарын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      2. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бiрiн-бiрi хабардар ету, олардың болашақ ерлi-зайыптылар және ата-аналар ретiндегi құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiмен белгiленедi.

      166-бап. Мемлекеттiк баж

      1. Тууды тiркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некенi бұзу, тегiн, атын және әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерту үшiн, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктер және азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап куәлiктер беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.

      2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi.

      Ескерту. 166 бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.24 N 276 Заңымен.

      167-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды өзгерту,
                толықтыру және түзету тәртiбi

      1. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда және мүдделi адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi азаматтық хал актiлерiн жазатын органдар жүргiзедi. Мүдделi адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу, оларды түзету мәселелерi сот тәртiбiмен шешiледi.

      2. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы арыздар - арыз берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берiледi.

      3. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер , толықтырулар мен түзетулер енгiзудi жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын орган жүргiзедi. Азаматтық хал актiлерiн жазуға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      168-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына
                келтiру

      1. Азаматтық хал актiлерiнiң жоғалған жазбаларын қалпына келтiру туралы арыз сол арызды берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне берiледi.


      2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жасалады.

      3. Азаматтық хал актiлерi жазбасының жоғалғаны сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актiлерi жазбасының облыстық (қалалық) архивi растауға тиiс.

      4. Азаматтық хал актiлерiн жазатын органдардың жоғалған жазбаны қалпына келтiруi мүмкiн болмаған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу фактiсi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен анықталады.

      5. Азаматтық хал актiлерiнiң қалпына келтiрiлген жазбаларын тiркеудi жоғалған жазба болған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазатын орган жүргiзедi.

      169-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды жою

      1. Азаматтық хал актiлерi жазбасының:
      1) сот шешiмiнiң негiзiнде;
      2) мүдделi адамдардың арызы бойынша;
      3) жойылуға тиiстi бастапқы, қалпына келтiрiлген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актiлерiн жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкiн.

      2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша - сотқа немесе азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне берiледi.

      3. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою жойылуға тиiстi жазба болған жерде жүргiзiледi.

      170-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзғаны

<< предыдущая страница   следующая страница >>