shkolakz.ru 1 ... 9 10 11 12 13

Бала сатуға, бала жезөкшелігіне, бала порнографиясына қатысты мәселелерде бала құқығын қорғау


Қазақстан Балаларды саудалауға, бала жезөкшелігіне және бала порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялай отырып өзінің балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау жолында екенін жария етті.

2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы бала сатуға, бала жезөкшелігіне және бала порнографиясына қатысты Факультативтік хаттаманың іске асырылуы туралы бірінші есебі дайындап, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетіне жолдады.

2010 жылы Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерде бала тағдырын бақылауға құқық беретін Балалардың құқықтарын қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны бекітті.

Балаларды халықаралық ұрлаудан сақтау азаматтық аспектілер туралы Конвенция қабылдау бойынша жұмыс басталды. Оның мақсаты балаларды заңсыз орын ауыстыру немесе ұстаудан халықаралық қорғау және оларды тез арада тұрғылықты мекен-жайы бойынша мемлекетіне қайтару тәртібін бекіту.

Қазіргі кезде ҚР Президенті «Бала құқықтарын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңына қол қойды. Аталған заңмен «баланы экономикалық қанау» түсінігін енгізу ғана емес, сондай-ақ, экономикалық қанаудан баланы қорғау құқығы бекітілді (бала қанауы – бала еңбегінің ең нашар түрлері, сол сияқты кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікке тарту және т.б.).

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту анағұрлым күшейді (ҚК 120, 121, 122 және 124 баптарына), баланы тәрбиелеу міндеттері жүктелген (ата-аналар, қорғаншы/қамқоршылар, педагогтар) тұлғалар тарапынан жасалынған сексуалды сипаттағы іс әрекеттерге байланысты жаңа нормалармен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 120 бабы кәмелетке толмағандарды сексуалды зорлаған үшін 20 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.


Кәмелетке толмағандардың тәрбиешілеріне жазалау күшейді. Бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырып келгендерге 10-нан 20 жылға дейін балалармен жұмыс істеуге тыйым салынған.

Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды жасау немесе айналымға шығару, сонымен қатар, оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу және тартқан үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған (273-1 бап. «Кәмелетке толмағандардын порнографиялық бейнелері бар заттарды немесе материалдарды жасау және тарату, сондай-ақ, оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту»)

Қазақстан Республикасы аумағында қаталдықты, зорлық-зомбылықты, порнографияны насихаттауға бағытталған мәліметтер және материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағында таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бала порнографиясын насихаттайтын шетел бұқаралық ақпарат құралдары-интернет-қор өнімін Қазақстан Республикасы аумағында таратылуын тоқтату туралы Астана қаласының 2011 жылғы 3 маусымдағы №2-1078/11 сот шешімі қабылданды.

Балаларды сексуалды немесе жыныстық баулудан қорғау мақсатында осындай қылмыс үшін ертеде сотталған тұлғаларға заңмен қосымша талап қойылған. Оларды жазасын өтеуді мерзімінен бұрын босату тек қана жаза мерзімінің төрттен үшін нақты өткеннен кейін ұсынылады.

Бала еңбегін қорғау және қанауды болдырмау мақсатында қәмелетке толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдарды жария ететін мерзімді баспа басылымдарға өнімді сатуға заңды түрде тыйым салынған.

Осыған орай, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 14 бабы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын кәмелетке толмағандарға сату тыйым салынған туралы ережемен толықтырылған.

Ішкі істер Министрлігі қылмыстың құрбаны немесе куәгері болған тұрмыстық зорлық-зомбылық, сексуалды және экономикалық қанау, адамды ұрлау және сатуды қоса алғанда балаларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларының жүзеге асырылуын бақылайды.


Соңғы төрт жыл ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың өсуі

5-7 %-ға (6274 тен 5945) төмендегені байқалды. 2011 жылы ұқсас жағдай байқалды. 2011 жылдың 7 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 4388 қылмыс жасалды, оның ішінде 140 зорлау, 74 зорлық сипаттағы сексуалдық іс-әрекет, 70 жыныстық қатынас немесе 16 жасқа толмағандарға қатысты басқада сексуалды сипаттағы іс-әрекетер.

Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саяси тұжырымдамасына сәйкес әлеуметтік ортаның кері әсерін тигізуден балалардың құқықтарын қорғау тиімділігін көтеру мәселелері заңнамалық шаралар арқылы шешілуде және кәмелетке толмағандарға қатысты жазалау және қоғамнан оқшалауға байланысты жазалау, қуғын-сүргін шараларын қолдануы ықшамдау жолымен алдын-алу және сақтау-қорғау қызметіне қатысты жазалаудан құқық қолдану тәжірибесінің басымдылығы өзгеруде.

Қылмыстық озбырлықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында азаматтық қоғам институтымен және басқада да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталған санаттағы қылмыстың алдын алуға, тергеуге және ашуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда.

Сонымен, 2009 жылдың наурызында «SТОР трафик» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар ұйымы және ҚР АҚШ Елшілігімен бірлесіп үгіт-насихат пойызы жіберілген «Адам сатудың құрбаны болма!» атты республикалық кең ауқымды акциясы өткізілді.

Ақпараттық науқанның қорытындысы бойынша адамдарды сату құрбандарының құқықтарын және бостандығын қорғаумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің, ҚР ЮНИСЕФ, ҚР ЕҚҰЕ орталығының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Адамдарды сатуға қарсы әрекет: тәжірибе алмасу, стратегиялық жолды табу және ынтымақтастықты нығайту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2009 жылдың қыркүйек айында Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерімен, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен және «Феминист лигасы» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен Астана қаласы, Ақмола облысының студеттері мен оқушылары үшін сату заты болып табылған адамдардың нақты өмірінен «Түнгі жұлдыздар» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, «Құлдыққа жол жоқ,- деп айт!» атты ақпараттық буклеттер, дискілер таратылды.

2009 жылдан бастап Астана қаласында Әділет министрлігінің қолдауымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын адам саудасында болған құрбандарды ақтау бойынша «Қорғау» бірінші дағдарыс орталығы құрылып, жұмыс атқаруда.

2009 жылдың қарашасында Ішкі істер министрлігі «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар ұйымымен бірлесіп адам сатумен күрес бойынша Европалық комиссия сарапшысының және халықаралық өкілдерінің қатысуымен «Адамдарды сатуға қарсы әрекет: тәжірибе алмасу, стратегиялық жолды табу және қарым-қатынасты нығайту» атты семинар-кеңес өткізді.

2009 жылдың мамыр, қазан және желтоқсанында Ақтау, Павлодар және Ақтөбе қаласында ІІБ және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Адам құқығы үшін хартия» қоғамдық қоры Қазақстанда адам сатуға қарсы әрекет ету туралы семинар өткізді.

Адам сату фактілеріне жол бермеу сонымен қатар адам саудасына түскен құрбандарға заңгерлік, медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Ішкі істер министрлігі мемлекеттің барлық аймақтарынан ұялы және қалалық телефондардан тікелей қоңырау шалуға болатын «11616» шұғыл телефонын қосу мәселесі шешілді.

Республикада әр балаға жәрдемге жүгінуге мүмкіндік беретін балалар қоғамдық қабылдаулары, «сенім телефондары», тәулік бойы ақысыз 150 нөмірлі телефон желісі жұмыс жасайды.

Казіргі кезде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып әйелдер мен балаларды экономикалық және жыныстық қанау және адам саудасы мәселесі бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын және ақпараттандыру деңгейін көтеру бойынша жұмыс жүргізілуде.


Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі


Конституцияға сәйкес, балаларына қамқоршылық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.

2009 жылғы тамыздан бастап, кәмелетке толмағандарға түнгі мезгілде рұқсат берген ойын-сауық мекемелерінің меншік иелері мен ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынған.


2010 жылы кәмелетке толмағандарды түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелеріне жібергендіктері үшін 700-ден астам ойын-сауық орындарының иелері және 3 мыңнан астам ата- аналар мен оларды ауыстыратын тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке артылған.

16 мыңнан астам кәмелетке толмағандар қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін ұсталған. 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны және жасөспірімдерге алкогольдік өнімдерді сатқаны үшін 2 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде (сағат 23.00-ден сағат таңғы 6.00-ге дейінгі) заңды өкілдердің бақылауынсыз мекен-жайдан тыс орындарда болуына қатысты әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүктеу мәселелер бойынша Заң қабылданған. Заң қабылданған уақыттан бастап, 8 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Негізінен жасөспірімдерді қоғамға тыс әрекеттерге және ішімдікке тартатын ересек тұлғалардың анықталуына назар аударылып отыр.

Ішкі істер органдарының тізімінде 13 мыңнан астам тұрмысы қолайсыз отбасы тіркелген, онда 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп отыр. Ішкі істер және білім беру органдары бірлесіп, балалардың құқықтарын қылмыстық қолсұғулардан қорғауға байланысты ата-аналар мен олардың орнында қамқорлық жасайтын тұлғалардың заңмен белгіленген мүмкiндiктерінiң барлық спектрiн қолданады.

Сонымен бірге, 2010 жылы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған бір мыңнан астам ата-аналар мен олардың орнында қамқорлық жасайтын тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы (Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамаған) бойынша 27 іс қозғалған. Бір мыңнан астам ата-ана ата-аналық құқығынан айырылған.

2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана әкімшілік заңбұзушылық Кодексінің 111 бабы (Ата-аналардың немесе олардың орнындағы тұлғалардың бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 137 бабы ( Кәмелетке толмағандар тәрбиесі бойынша міндеттерін атқармау) бойынша 13 ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға жат қылықтар жасауға тартқаны үшін 4 ересек тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды ( ҚР ҚК 132 бабы).



IX. Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру


Қазақстан Республикасында 2009-2012 жылдарға арналған (бұдан әрі -Ұлттық жоспар) Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді.

Ұлттық жоспардың негізгі мақсаты- адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы негізгі білімнің принциптері мен әдістерінің жалпы түсінігін жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейдегі адам құқықтары саласындағы білімге аса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісіндегі барлық қызығушылық танытқан жақтардың ынтымақтастығы және өзара іс-қимылының кеңеюі, сонымен қатар, адам құқықтары саласындағы қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру

Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейі жүйесінде енгізілген және жүзе асырылады.

Әрбір балаға саяси-құқықтық қажетті көлемде білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді мектептердегі 10-11 сыныптарында 68 сағат және математикалық-жаратылыс тану бағытындағы 10 сыныптарында-34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады.

9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады.

Осы курстардың оқыту объектісі қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық саласының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық сақтау органдарының қызметі болып табылады.

2006-2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар және ғылыми жобалар жарысы тізбесіне енгізіліп, оқушылардың құқық пәндерін оқудағы белсенділігін арттыруда әзерін тигізді.

Сонымен қатар, қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізілуде. Оқушылар арасында құқықтық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыратын мектеп агитбригадалары қызмет істейді.

Адам құқығын қорғау және демократиялық бостандық принциптеріне барлық азаматтардың мемлекеттік істі басқаруға қатысу мүмкіндігіне, діни нанымына, ұлтына қарамастан бостандығын және жеке басын құрметтеу, әркімнің және баршаның теңдігіне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативтік курс сағат саны- аптасына 1 сағат.


Адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері туралы материалдар мерзімдік журналдар мен газеттерде жарияланады: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқалар.

Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, онда құқықтық ақпараттар орналастырылады және құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін - өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы да басқа айдарлар құрылған.

Халықтың заңнамалық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтардың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі сайтында аталған базаның ақысыз қысқартылған Интернет-версиясы қызмет етеді. Таяу болашақта барлық құқықтық массивке халықтың қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта азаматтардың мәдени-құқықтық деңгейін көтеру жөнінде 2012-2014 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірленді.

Балалардың проблемаларын шешуде уақытында көмек көрсету, құқықтық қорғау мәселесіндегі істің ахуалы бойынша ақпаратты талдау және жинау, олардың өз құқығы жөнінде ақпараттандыру дәрежесін анықтау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.

Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге аса көңiл бөлiнедi.

Құқықтық сақтау органдары және жаза атқарушы жүйе қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру және оқыту бойынша тұрақты негізде шаралар қолданылады. Оның ішінде адам құқықтары шеңберіндегі стандарттар мен халықаралық құқықтық нормаларды қолдану және зерделеу бөлімінде.


Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ІІМ) оқу бағдарламаларында, сонымен қатар біліктілігін көтеру курстарында Бала құқықтары туралы конвенцияны, балалар бостандығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мәселелерді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.

Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарында «Әлеумет тану» дисциплинасы бойынша, «Отбасы және жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы Конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждарде -«Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқығын және бостандығын қорғау» тақырыбы 4 сағат және Ішкі істер министрлігінің училищесінде кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуші учаскелік инспекторларды дайындау барысында «Арнайы дайындық» дисциплинасы бойынша Бала құқықтары туралы Конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.

2010 жылғы 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында адам құқығының және заңдылықтың сақталуы бойынша Қазақстандық халықаралық бюромен бірлесе отырып, Ішкі істер министрлігі училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқығы жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалар мүддесі мен құқығын оқытуды қарастыратын тренинг өткізілді.

Учаскелік және мектептік полиция инспекторлары Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша тұрақты негізде Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарландыру жүргізеді және мектептерде балалар үшін Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі қағидалары мен принциптері жөнінде, құқығы бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау бойынша оқыту тренингтері өткізіледі.

Балалардың және жасөспірімдердің Қазақстандағы балалардың жағдайы және Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы мәліметтерін жоғарлату үшін республикалық іс-шаралар өткізіледі: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалар.

2011 жылы 6 мыңнан астам іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 70 семинар, 30-ға жуық дөңгелек үстел, 2 мың дебаттар, бала мүдделері мен құқығын қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 5 мыңнан артық қайырымдылық акциялары, плакаттар, суреттер конкурстары, мерекелік концерттер және басқалар. Іс-шараларды өткізуге әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар, меценаттар, демеушілер белсене қатысты.


Ата-аналарға, әсіресе ауылды жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторилер, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стендтер, бұрыштар, кітапханада құқықтық білім беру жөніндегі стендтер рәсімделген.

Республикада агиттоптар, агитбригадалар, мектептік омбудсмендер қызмет етеді.

Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009 – 2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.

«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің мониторингі жүргізіліп отырады.

2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.

Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.


Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.

Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физфикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің оның 2010 жылғы қызметі туралы есебі әзірленді, онда адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты ахуалға талдау жасалған, олардың бұзылуына байланысты өзекті проблемалар мен себептер белгіленген.


Омбудсменнің «балалар құқықтарын қорғау және көтермелеу» қызметінің басым бағыты бойынша жұмыс шеңберінде балалар құқықтарын қорғау мониторинг жүргізу үшін Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының 30 балалар мекемесіне ат басы бұрылды. Мониторинг барысында білім алу, денсаулығын қорғау, дем алу, бос уақыт пайдалану, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу, ақпаратқа қолжетімділік, ана тілін, мәдениетін пайдалану жөніндегі балалар құқықтарының сақталу мәселелері зерделенді.

2011 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Парлментінің Мәжілісінде Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар Қоры Өкілдігі (ЮНИСЕФ) делегациясының қатысуымен БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсыныстарын орындау мәселелері қаралды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтары туралы конвенцияның 44 бабына және Бала ұқықтары жөніндегі Комитеттің 45 сессиясының ұсынымдарына сәйкес 2011 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген төртінші кезеңдік баяндаманы әзірледі.



<< предыдущая страница   следующая страница >>