shkolakz.ru 1 2 3 ... 12 13

Қала және ауыл халқының жас құрылымы

(жыл басына, мың адам)

Жасы,

жыл


Қала халқы

2007

2008

2009

2010

2011

Барлығы

8 833,3

8265,9

8649,662

8 806,952

8961,336

1 ж. дейін

173,4

172,2

171,021

186,421

189,68

1-4

573,1

576,1

548,634

593,216

649,324

5-9

545,4

507,9

534,565

562,222

590,507

10-14

631

535,1

571,233

545,198

530,956

15-19


815,7

714,1

836,702

782,864

721,909

20-24

825,1

791,3

908,301

942,427

970,141

25-29

766,9

738,1

759,996

791,512

816,523

30-34

685,3

645,1

681,252

695,205

714,516

35-39

646,5

610,8

637,314

648,293

652,147

40-44

646,8

584,9

592,823

590,523

599,684

45-49

655,9

616,3

616,748

620,105

608,784

50-54

515,8

491,4

496,909


516,371

547,966

55-59

416,7

397,5

395,659

407,566

415,279

60-64

196,1

202,1

238,715

281,11

320,048

65 одан жоғары

739,6

683

659,79

643,919

633,872





Жасы,

жыл


Ауыл халқы

2007

2008

2009

2010

2011

Барлығы

6563,6

7305,6

7332,681

7397,665

7480,623

1 ж. дейін

124,9

146,0

176,383

165,499


172,95

1-4

440,2

511,4

582,83

618,576

644,58

5-9

535,0

581,0

606,813

629,044

647,986

10-14

668,7

700,4

657,403

624,251

605,354

15-19

740,6

798,6

715,86

715,967

708,436

20-24

656,0

740,9

692,108

688,147

680,89

25-29

484,1

543,7

576,456

588,125

603,144

30-34

470,8

521,8

535,398

536,086

540,414

35-39

425,8


476,9

498,656

504,742

507,837

40-44

431,5

468,1

476,902

470,592

471,59

45-49

417,3

476,6

485,151

487,926

480,86

50-54

321,4

374,9

384,63

400,063

423,298

55-59

247,1

290,8

294,583

305,972

313,398

60-64

132,0

151,6

170,367

197,799

225,221

65 жоғары

468,2

522,9

479,141

464,876

454,665

Қазақстан Республикасында негізгі халық (53,6%) қалалық жерде, ал 46% - ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдағы отбасылардың көп балалы болуы есебiнен 5 жастан 19 жасқа дейінгі балалардың көбі ауылдық жерлерде тұрады (ауылда – 1 961,776, қалада – 1 843,372).


2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша отбасының орташа мөлшері 3,5 адамды құрады. Неғұрлым кең таралған отбасы екі адамнан құралған – 30%, үш – 27%, төрт – 22%, бес және одан көп – 21%.

18 жасқа дейінгі балалардың 72%-ы – ата-анасымен, 15%-ы – тек анасымен, 6%-ы – тек әкесімен, 6%-ы – ата-анасыз тұрады.


ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ


Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы балалар құқықтары қорғалуының мәселелері бойынша мемлекеттік салалық бағдарламалары:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасы;


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама және т.б. бағытталған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар өңірлік және гендерлік теңсіздікті азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал етуге бағытталған.

Елдегі экономикалық өсуге байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.

2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 9000 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық (6 мың 772 АҚШ доллары).

Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2011 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.


ІІІ. БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚҰҚЫҒЫН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ

Мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балалардың қоғамдағы толыққанды өмірге құқықтарының басымды ұстанымдарын көздейді.


Мемлекеттік бюджеттің білім беруге шығысы жыл сайын артуда.

2010 жылы білім беру бюджетінің шығынының үлесі 797,0 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 4,1% құраса, 2011 жылы - 900,0 млрд. теңгеге жуық немесе ЖІӨ-ге 4,2%.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде және білім беру оқу бағдарламасының үздіксіз және ауыспалық негізінде мынадай білім беру деңгейін қамтиды:


  1. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

  2. бастауыш білім (бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4жыл);

  3. негізгі орта білім (Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 6 жыл);

  4. орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім) (Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 2 жыл);

  5. орта білімнен кейінгі (Орта білімнен кейін кәсіптік білім бағдарламаларын игеру (медицина мамандығынан басқасы) жалпы орта білімі бар тұлғаларға 2 жылдан, ал техникалық және кәсіптік білімді – 1 жылдан аспайды);

  6. жоғарғы білім;

  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім.





Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту


Отбасыларының әл-ауқатына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру оларды одан әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін басты шарт болып табылады.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде ЖІӨ шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1%-дан 2%-ға дейін.


Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік шығыстар жыл сайын артуда.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға шығыстардың үлесі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге таяу өсті және білім беруге жалпы шығыстардан 7,9%-ды құрады.



Мемлекеттік балалар бақшаларына орын алу үшін кезектілік туралы деректердің динамикасы халықтың мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне сұранысы жыл сайын артып отырғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық «Балапан» бағдарламасы әзірленді. 2010-2014 жылдарда бағдарламаны іске асыру шараларын қаржыландыру көлемі 216 283,5 млн. теңгені құрайды.

Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстанда қойылған мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам орын енгізу жоспарлануда.

2011 жылы республикада 7 591 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді (2010 ж.- 6446 бірлік), оларда 538,5 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж. - 446,4 мың).

3-6 жастағы балалардың қамтылуы 65,4%-ды (2010 ж. - 55%) құрайды. Мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың жоғарғы көрсеткіштері Қарағанды (97,1%), Қостанай (93,1%), Шығыс Қазақстан облыстарында (92,3%).

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың төмен көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан (35,4%), Алматы (46,8%) облыстарында байқалады, бұл демографиялық және көші-қон үрдістеріне байланысты мектепке дейінгі жастағы (1-6 жас) балалар санының өсуінен туындайды.


«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда жүйе 1 145 бірлікке көбейді (330 балабақша, 815 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі:

-53 балабақша (11,9 мың орын) құрылысы;

-815 шағын орталықтың (36,9 мың орын) және 102 жекеменшік балабақшаның (10,7 мың орын) ашылуы;

-бұрын жекеменшіктендірілген 175 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашылуы, мектепке дейінгі мекемелерді ашуға жарамды коммуналды меншікті бөлек орналасқан ғимараттарды босату, жалға алынған, басқа ғимараттар мен бөлмелерді беру (32,4 мың орын) есебінен қамтамасыз етілді.

«Балапан» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастару жекеменшік балабақшалардың желісін 102 бірлікке немесе 22,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді және олардың саны 449 бірлікті құрады.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы Оңтүстік Қазақстан (15), Қызылорда (16), Алматы (22) облыстарында және Алматы қаласында (31) тиісті деңгейде шешілуде.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады.

Бұл ретте, 5-6 жастағы барлық балалар білім беру ұйымдарында мектепалды дайындықпен қамтылмақ.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімнің (одан әрі - ЖІӨ) шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1%-дан 2%-ға дейін.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік шығыстар жыл сайын артуда.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға шығыстардың үлесі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге таяу өсті және білім беруге жалпы шығыстардан 7,9%-ды құрады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>