shkolakz.ru 1








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ және

ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ЖӘНЕ

ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ

ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

26 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І

2011 жылғы 23 тамыз





Қымбат металдар нарығын реттеу туралы




2011 жылғы 21 шілдеде «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 120 Жарлығына қол қойылды.

Бұл Жарлықтың қабылдануы Кеден одағы шеңберінде қымбат металдар нарығына қатысты тарифтік емес реттеу нормаларының Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілуімен байланысты. Атап айтқанда Қазақстанда:

- қымбат металдарды және құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын әкету және әкелу кезіндегі мемлекеттік бақылау;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн толықтыру үшiн әкетіледі деп болжанған құйма түрiндегi тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттiң басым құқығы енгізіледі.

Осы Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысымен Қымбат металдарды және құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету ережесі бекітілді.


Мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында мемлекеттің құймадағы тазартылған алтынды сатып алуға арналған басым құқығын іске асыруды толық көлемде жүзеге асыруға ниетті. Осылайша, «London good delivery» стандарттарына және сол сияқты Қазақстан стандарттарына сәйкес келетін алтынды өндіретін отандық өндірушілер жақын жылдарда олардың өнімдерін тұтынатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен кепілдікті әріптес бола алады.

Отандық алтын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығымен бірлесіп құймадағы тазартылған алтынды сатып алу үшін аванс берудің ықтимал схемаларын қарастырады.


Алтын айналымдарына ҚҚС салу мәселесіндегі бастамалар туралы

Қазіргі кезде алтын сату бойынша айналымдарға ҚҚС салу жүйесі өндірушілерді алтынды экспортқа шығаруын ынталандырады.

Алтынның ішкі нарығын дамыту және отандық өндірушілер ел ішінде өндіретін және қайта өңдейтін алтынды сату бойынша жағдайлар жасау мақсатында Ұлттық Банк Үкіметке ішкі нарықта және экспортқа алтын сату үшін ҚҚС салу тұрғысынан алғанда тең жағдайлар жасау мәселесі туралы бастама жасады.

Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы Ұлттық Банктің осы ұсыныстарын қолдайды және өз тарапынан Үкіметке тиісті үндеу жолдайды.

Қымбат металдарды және құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік реттеу туралы

Ұлттық Банк және Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы қымбат металдарды және құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын әкелу және әкету кезіндегі мемлекеттік бақылаудың мақсатының бірі Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында ішкі алтын нарығын дамыту және қымбат металдарды қайта өңдеуді кеңейту үшін жағдайлар мен ынталандыру жасау болып табылатын ұстанымды қолдайды.


Қымбат металдарды өндіру саласының кәсіпорындары олардың экспорттық келісім-шарттарын аяқтау бойынша мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезеңде мемлекеттік бақылаудың жеңілдетілген тәртібін 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтау ұсынылады, ол қазіргі уақытта Үкімет 2011 жылғы 16 тамызда қабылдаған Қымбат металдарды және құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету ережесінде бар.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеуін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау және ынталандыру қажет.

Ұлттық Банк Үкімет алдында елде бар аффинаждық қуаттарды толық пайдалануды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау мәселесін көтерді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында халықаралық «London good delivery» стандартына сәйкес келетін құйма түріндегі тазартылған алтынды жасап шығару мүмкіндігі бар жалғыз кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС болып табылады. «Қазақмыс» ЖШС-те де қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін тазартылған алтынның құймаларын шығаратын аффинажды кәсіпорны бар. Осы аффинажды өндірістің қуаттарын тиісінше пайдалану бірнеше жыл ішінде халықаралық «London good delivery» стандартына сәйкес келетін құймалар түріндегі тазартылған алтын өндірісіне арналған екінші сертификатталған кәсіпорынды алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, республика аумағында толық көлемде қымбат металдарды қайта өңдеу мәселесі шешілетін болады.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.