shkolakz.ru 1 2 3


БАЙҚАУ СЫНАҒЫ


СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


7507 - НҰСҚА


7-сынып






Нұсқау!


1. Сұрақ кітапшасындағы тапсырмалармен танысып, дұрыс деп тапқан жауабыңызды жауап парағында белгілеңіз.

2. Сұрақ кітапшаcы келесі пәндердің тест тапсырмаларынан тұрады: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, биология, география, ағылшын тілі.

3. Тест сынағына берілетін уақыт – 180 минут (3 сағат).

4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.

5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.

6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.

7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.

8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.


Қазақ тілі



1. Зат есімді түрлендіретін тұлғаларды көрсет.

А) Қосымшалар

В) Жалғаулар

С) Жұрнақтар

D) Сөз тудырушы жұрнақтар

Е) Сөз түрлендіруші жұрнақтар

2. Оңаша тәуелденген сөзді көрсет.

А) Асқардың кітаптары

В) Біздің добымыз

С) Олардың сағаты

D) Сендердің елің

Е) Достарымның көңілі

3. Барыс септігінің жалғауын көрсет.

А) -ның, -нің, -дың

В) -нан, -да, -те

С) -ға, -ны,-ні

D) -а, -е, -қа, -ке

Е) -н, -мен, -пен

4. Табыс септігіндегі сөзді көрсет.

А) Ағасының

В) Ағасын

С) Ағасында

D) Ағасымен

Е) Ағама

5. Қай сөз жіктелетінін анықта.

А) Орыс

В) Үкімет

С) Парта

D) Қасқыр

Е) Ағаш

6. Көмектес септігінде тұрған сөзді тап.


А) Жұмыстан қайтып келе жатыр.

В) Егін оруға кірісті.

С) Үйге Қанатпенен бірге келдім.

D) Қара құлын енесін орап шапқылап жүр.

Е) Қанат пен Мақсат бірге ойнайды.

7. Сын есімнің қанша шырайы бар?

А) 2

В) 4

С) 3

D) 5

Е) 6

8. Сары сөзіне қай жұрнақ жалғанады?

А) -шы

В) -қылт

С) -шылтым

D) -ілдір

Е) -ғылт

9. Күшейткіш шырайды көрсет.

А) Сарғыш

В) Аппақ

С) Сұр

D) Көкшіл

Е) Қуаң

10. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықта.

Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан

А) Бастауыш

В) Пысықтауыш

С) Баяндауыш

D) Анықтауыш

Е) Толықтауыш

11. Заттанған сан есімді көрсет.

А) Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.

В) Біз екеу едік

С) Біз үш түрлі кедергіден өттік.

D) Гектарынан 15 центнер бидай орылды.

Е) Бес жерде бес - жиырма бес.

12. Заттық ұғымдағы есімдікті көрсет

А) Әне

В) Бұл

С) Не?

D) Қай?

Е) Сол

13. Есімдік қай сөз табының орнына жұмсалатынын анықта.

А) Етістік, зат есім

В) Сын есім, сан есім

С) Үстеу, одағай

D) Шылау, сан есім

Е) Еліктеу, етістік

14. Қай септікте ол дыбысының л дыбысы н – ға айналатынын белгіле.

А) Көмектес

В) Барыс

С) Атау

D) Табыс

Е) Жатыс

15. Заттық ұғымға ие тұйық етістікті көрсет.

А) Бару

В) Сабау

С) Ойнау

D) Күлу

Е) Жүру

16. Жіктік жалғауында тұрған есімшені тап.

А) Келемін

В) Айтарым

С) Бармассың

D) Көрермен

Е) Тұрамын

17. Күрделі нақ осы шақты көрсет.

А) Оқушы кітап оқып отыр.

В) Айгүл дүкеннен қазір келді.

С) Әр жерде намазға жиналған құзғындар отыр.

D) Ол нағашысының қолында тұрады..

Е) Көктемде аулаға гүл отырғызады

18. Мақсатты келер шақтың жасалу жолын көрсет.

А) -мақ, -мек, -пақ,-пек

В) -а, -е, -и

С) -атын, -етін, -йтін

D) -ды, -ді, -ты, -ті

Е) -ған, -ген, -қан, -кен

19. Өткен шақтың қанша түрі бар.

А) 2

В) 4

С) 5

D) 1

Е) 3

20. Ашық райлы етістікті көрсет.

А) Келемін тау ішінде түнделетіп.

В) Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын.

С) Оның атын сұрасаңшы.

D) Қымыз ішкіміз келді.

Е) Екеуі де босанып мылтыққа қарай жүгіргісі келеді.

21. Бұйрық рай қалай жасалады.

А) Жіктік жалғауы арқылы

В) Жұрнақ арқылы

С) Көмекші сөз арқылы

D) Ерекше жіктелу арқылы

Е) Септік жалғауы арқылы

22. Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықта.

Үнсіз күліп тұрған – бағанағы шәкірт бала..

А) Баяндауыш

В) Бастауыш

С) Анықтауыш

D) пысықтауыш

Е) Толықтауыш

23. Қимылдың амалын білдіріп тұрған көсемшені анықта.

А) Қораның төбесі ашылып қалыпты.

В) – Анау өрмекшіні көресің бе?

С) Абай да, Жұмабай да қызыға тыңдасты.

D) Бірде Қожаның есегі жоғалып кетіпті.

Е) Олар ауылға кеше кетіпті.

24. Сөздердің қанша байланысу тәсілі бар?

А) 5

В) 3

С) 2

D) 4

Е) 6

25. Матаса байланысып тұрған тіркесті тап.

А) Ұжым малы

В) Ұжымға кірді

С) Ұжымын сыйлайды


D) Үлгілі ұжым

Е) Ұжым арқылы сөйлесті

26. Сөз тіркесін ажырат.

А) Ит арқасы қиянда

В) Отыз бес

С) Мәдениет сарайы

D) Қара жүрек

Е) Жүрегі соғу

27. Сөйлемде қанша тіркес бар екенін анықта.

Қыстан сақтап шыққан сүрлерін әкеледі.

А) 5

В) 6

С) 4

D) 3

Е) 2

28. Жанасуды көрсет.

А) Бырт – бырт үзді

В) Ауыл иті

С) Индира келді

D) Бүгін келді

Е) Алтын сағат

29. Пысықтауыштық қатынасты көрсет.

А) Мектепті бітірді

В) Мектептің оқушылары

С) Мекткптегі оқушылар

D) Мектептен келеді

Е) Үлкен мектеп

30. Есімді тіркесті көрсет.

А) Қызыл кірпіш, көрікті қыз

В) Ауылдан келді, сыр сандық

С) Ойлап сөйледі, шынын айтты

D) Баянды өмір, сырын айтты

Е) Ағаш өсті, бала ойнады



следующая страница >>