shkolakz.ru 1
Келісілді Бекітемін


Қарағаны қаласының
Қарағанды қаласының Білім бөлімінің ЖОББ №53МЛ директоры бастығының орынбасары

_________ Р.А. Кенешова _________ Л.С. Салиева


космос3


жазғы сауықтыру лагері


Бағдарлама мазмұны
.



  1. Түсінік хат.

  2. Жазғы лагерді ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері.

  3. Бағдарламаны жүзеге асыру мазмұны мен формалары.

  4. Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары.

  5. Бағдарламаның тиімділік критерийі.

  6. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер.

  7. Жүзеге асыру тәжірибесінің барлығы.

  8. Болжалды жұмыс жоспары.

  9. Әдебиет.



Түсінік хат.


Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерлерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде өтеді.

КММ ЖОББ №53 МЛ базасында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында балалардың күндіз болуымен балаларды сауықтыру лагері ұйымдастырылып отыр. Бір ауысымда 120-ға жуық оқушыны сауықтыру жоспарланып отыр. Балалардың жас мөлшері 6 жастан 12 жасқа дейін. Ауысым ұзақтығы 12 күн. Жазғы лагерде аз қаржыланған отбасы балалары, жасы толуына байланысты балабақшадан шыққан балалар, сондай-ақ жайсыз отбасы балалары болуы жоспарланып отыр.


Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:


  • Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
  • Балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;


  • Оқушылардың денсаулығын бекіту.


Бағдарлама
балалардың қызығушылығы мен псилологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.


Бағдарлама жетекшілері: лагерь директорлары: 1-ауысым- Эйхгорн Наталья Валерьевна; 2-ауысым бастығы Хамзина Жанара Укеновна; 3-ауысым Козлова Елена Николаевна, 4-ауысым- Шишова Анастасия Константиновна.


Мекеме мекен-жайы: Қараганды, Күзембаев көшесі 32

Телефон 8( 7212) 46-05-52, 50-22-38


Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру лагері


Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 03.06.2013 27.07.2013


Бағдарламаны жүзеге асыру орны: Қарағанды қаласының КММ ЖОББ № 53 МЛ


Бағдарламаны жасау үшін негіз:

-Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы;

- 2002 жылдың 8 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы

- Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің «2011-2015 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы;

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

- тәрбиеленушілерді сауықтыру, балалардың денсаулығын бекіту;

- жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту;

- балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;

- әр түрлі жас пен ұлт балалары арасындағы достық пен ынтымақтастықты бекіту.


Бағдарламаның тиімділігі бақылау, сауалнама өткізу нәтижелері бойынша бағаланады.

Кадрлармен қамтамасыз ету

  • Мекеме бойынша бұйрықпен мекеменің педагогикалық жұмыскерлері арасынан лагерь бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыкалық жетекші, спорт-сауықтыру жұмысы жетекшісі, техникалық жұмыскерлер тағайындалады.


  • Лагерь басшысы лагерь жұмысына жетекшілік етеді, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап береді, құжаттаманы жүргізеді.

  • Лагердің аға тәлімгері тәрбие жұмысын ұйымдастырады, мәдени- ағаарту және спорт мекемелерімен байланысты жүзеге асырады.

  • Тәрбиешілер, музыка жұмыскері және спорт- сауықтыру жұмысы жетекшісі лагерь жоспары бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырады, шаралар өткізеді, күн тәртібінің, қауіпсіздік ережелерінің, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды.

  • Өзін- өзі басқару органы экипаж командирлері кеңесі болып табылады, ол тәлімгерлермен бірлесе отырып, балалармен ұжымдық, шығармашылық, сауықтыру шараларын жүзеге асырады.

Барғадарлама жазуда педагогикалық ұжым мектептің тәрбие жүйесінде қарастырылған келесі қағидаларды жетекшілікке алды:

  • Бір- біріне, қоршаған ортаға адамгершілік көзқарас қағидасы;

  • Іске шығармашылық көзқарас қағидасы;

  • Істерге өз еркімен қатысу қағидасы;

  • Балалардың жас ерекшелігін есепке алу қағидасы;

  • Таңдалған жұмыс формасының түсініктілік қағидасы.

Өткен жылғы сауықтыру лагері жұмысының талдауы ойын түрінде ұйымдастырылған жұмыс формасының өте тиімді екендігін көрсетті. Бағдарлама 2011толығымен жазғы кезеңде балалармен жұмыс жүргізетін педагогтар алдына қойылған талаптар мен міндеттерге жауап берді. Балалар құлшына өз командаларын құрды, ойындарға, байқауларға, сайыстарға қатысты, бір- біріне жандары ашыды, өз отряды жетістіктерінің шежіресін жүргізді. Ғарыштық әлемге жеке басының қатысу және өзінің спорттық, зияткерлік шеберлігін көрсету мүмкіншілігі балалардың ешқайсысын немқұрайлы қалдырмады.


Мұның барлығының орындалуына үлкендердің ойластырылған жұмысы мен белсенді көзқарасы арқасында мүмкіндік туды. Өткен жылғы жұмысты талдай отырып, мұғалімдер ұжымы мен оқушылар мұндай жұмысты жалғастыру керектігі туралы шешім жасады. Бірақ қайталанбау үшін кейбір ережелерді өзгерту керек деп шешті. Биыл лагерь жұмысының ауысымы «ашық ғарышта» өтетін болады, үлкен кеңесте өткен маусымда балалардың ой- өрісі кеңіді, дене дайындығы бекіді, шыдамдылықтары артты, олар кеңістікте бағдарды жақсы табады, бұдан да байсалдырақ сындарға көшу және ғарыштық зерттеулерге кірісу уақыты жеткендігі туралы шешім жасалды.


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.

Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды табиғат сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:


  • Әрбір баланы салауатты өмір салтын таңдауға саналы түрде таңдауға тарту;

  • Оларды спорт жұмысына және мәдени- бұқаралық жұмыстарға тарту жолымен балаларды зияткерлік, денелік дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
    Ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту;
    Практикалық іс- әрекет, қоршаған ортаны тану, бағдар таба алу үшін қажетті шығармашылық ойлау, азаматтық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

Аз қаржыланған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек көрсету (мектеп қарамағындағы және қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдама түрінде).



Бағдарламаның мазмұны мен жүзеге асыру формалары.

Ауысым мақсаты мен міндеттері «Үлкен ғарыштық саяхат» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Әрбір «экипаж» өз жұмысын жалпы лагерлік жоспарға сәйкес жоспарлайды. Орталық болып «Балалық шақ» ғарыш кораблі саналады.


Ауысым барысында келесі блоктар бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланды:


  • Ұйымдастырушылық;

  • Зияткерлік;

  • Спорт-сауықтыру;

  • Шығармашылық;

  • Экологиялық.


Ауысымның әрбір күні мына атаулармен берілген ғаламшарлардың біреуін ашуға арналады:

  • Кездесу ғаламшары

  • Еңбексүйгіштер ғаламшары

  • Қозғалыс ойындары ғаламшары

  • Зияткерлер ғаламшары

  • Арманшылдар ғаламшары

  • Ертегілер ғаламшары

  • Спорт ғаламшары

  • Әзіл ғаламшары

  • Ауырмайтындар ғаламшары

  • Жас эколог ғаламшары

  • Жеңістер ғаламшары

  • «Мульти-пультия» ғаламшары

  • Би ғаламшары

  • «Шебер қолдар» ғаламшары

  • Дарын ғаламшары

  • Әдеп ғаламшары

  • Батырлар ғаламшары

  • Кездейсоқтық ғаламшары.

  • Батылдар ғаламшары

  • Естелік ғаламшары

  • Қоштасу ғаламшары

Жұмыс формалары:

  • Еңбек десанты

  • КТК

  • Викториналар

  • Байқаулар

  • Дискотека

  • Концерт

  • Ойындар

  • Әңгімелер

  • БҰІ

  • Жарыстар

  • Жұмыстар көрмесі

  • Сахналау

1- кезең: ҰЙЫМДАСТЫРУ- ДАЙЫНДЫҚ

( 25 наурыздан 1 маусымға дейін)



Іс мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық туралы директордың қатысуымен кеңес

22 сәуір

Директор

2

1-10- сынып параллелдері бойынша ата-аналар жиналыстары

22 сәуірге дейін

Сынып жетекшілері

3

Оқушылардың жазғы демалысы туралы алдын-ала ақпарат жинау

22 сәуірге дейін

Сынып жетекшілері

4

2013 жылдың жазында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мен сауықтыру туралы ҚалББ есеп

14 мамырға дейін

ТЖ директордың орынбасары

5

Лагерь басшысы, тәрбиеші болуға үміткер кандидаттармен әңгіме өткізу

22 сәуірге дейін

ТЖ директордың орынбасары

6

Асхананы жөндеу

10 шілдеге дейін

ӘШБ директордың орынбасары

7

Лагерь орналастыру үшін жайларды дайындау:

■ музыка залы

■ спорт залы

■ кабинеттер

10 шілдеге дейін

ӘШБ директордың орынбасары


8

Дайындау:

Ойын құралдарын

■ спорт құралдарын

■ канцеляр тауарларын

■ музыкалық аппаратураны

10 шілдеге дейін

Тәрбиешілер, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жетекшісі

2- кезең: ЖАРНАМА- АҚПАРАТТЫҚ

( 25 сәуірден 25 мамырға дейін)



Іс мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Жақында жаз!» оқушылар арасында жарнама акциясы

25 сәуірден

Лагерь басшысы

2

Мектептен тыс мекемелермен бірлескен жұмысты ұйымдастыру:

  • Жаңа Майқұдықтың МҮ

  • «Ботакөз» кинотеатры,

  • С.Сейфулин атындағы театры,

  • «Буратино» қуыршақ театры

  • «Дельфин» алапы

■ Өрт бөлімі

■ Әскери бөлім

■ Этнография мұражайы

1 маусымға дейін

Лагерь басшысы

3

Жөндеу бригадасы және «Жасыл патруль» жұмысы кестесін құрастыру

10 мамырға дейін

Сынып жетекшілері, биология мұғалімдері, әкімшілік

4

Лагерьге тегін және ақылы қатысатын балалар тізімін анықтау


10 мамырға дейін

Лагерьлердің басшылары

5

ҚТ, ЖЖЕ, ӨҚЕ ережелері, суда өзін ұстау ережелері бойынша 1-11- сынып оқушыларымен нұсқама өткізу

15 мамыр

Сынып жетекшілері

6

Мектеп қарамағындағы лагерьдің жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасау

31 мамырға дейін

Лагерь басшысы

7

СЭС және ӨБ лагерь ашуға рұқсат алу

шілде

Лагерь басшысы

8

Жазғы кезеңде қаңғыбастықтың және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша КТ Т –мен мектептің бірлескен жұмысы:

■ алдын алу есебінде тұрған оқушылардың жазғы еңбегінің ұйымдастырылуын бақылау;

■ базарларға, сауда орталықтарына рейдтер;

■ пәтерлерге бару.

Маусым- тамыз

ТЖ директордың орынбасары

3 -кезең: РЕФЛЕКСИЯ



Іс-әрекет мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

Жазғы сауықтыру маусымын өткізу талдауы

Тамыз белгілеу педкеңесінде


ТЖ директордың орынбасары

2

Байқаулар:

■ 5-8-сыныптар «Мен жазды қалай өткіздім» әңгімелері.

■ 2-4- сыныптар «Көңілді каникулдар» суреттер

сентябрь

Орыс тілі мұғалімдері

Бастауыш сынып мұғалімдері

3

Жазғы кезеңде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша КТТ –мен бірлескен жұмыс талдауы

сентябрь,

Совет по профилактике

Әлеуметтік педагог


Басқару құрылымы


Корабль экипажы:

Капитан – лагерь ауысымының бастығы.

Бортжолсеріктерітәрбиешілер.

Диспетчерлертәлімгерлер.

Ғарышкерлербалалар.

Капитанның, борт жол серіктерінің және диспетчерлердің міндеттері – лагерь ауысымының жоспарлы жұмысын ұйымдастыру. Әрбір күні шағын жоспарлауда өткізілген жұмыс талданады және келесі күнге іс жоспарланады.

Экипаждар ісіне қатысу стратегиясын борт жол серіктері және диспетчерлер ұйымдастырады.

Әрбір экипаж өз өмір сүру жүйесін жасайды, рәмізін бекітеді, экипаж өмірінің әрбір күнін жазып отыратын вахталық журнал шығарады. Лагерь ауысымы аяғында вахталық журнал байқауы өткізіледі.

Қандай да бір іске қатысу шарты туралы барлық ақпарат ақпарат стендінде берілген. Стенд жұлдызды аспан түрінде жасалған (аспан әлемі), онда «Балалық» ғарыш кемесі орталық болып саналады. Ғарыш кеңістігінде саяхат ете жүріп, ғарышкерлер (балалар) күн сайын бұрын естіп- білмеген жаңа ғаламшарларды ашады. Ғаламшарларды бірінші болып ашқан ғарышкерлер (жалпылагерлік істе жеңіп шыққандар), ғаламшарда өз белгі- жалаушасын орнатады және күн тақырыбына сәйкес ғаламшарын әсем рәсімдейді. Осылайша қай команда қандай жетістікке жеткені көрнекі түрде көрініп тұрады.


Жұлдызды аспанмен қатар (аспан әлемімен) ақрапат стендін орналастыру жоспарланып отыр, мұнда саяхаттың Заңдары мен Өсиеттері, жұмыс тәртібі, жұмыс жоспары мен өткен күн нәтижесін көрсететін ақпарат жазылады.

Әрине, бағдарлама құрастырушылар бірдеме дұрыс болмай қалуы мүмкіндігін теріске шығармайды. 12 күн ішінде біздің «Балалық» ғарыш кораблі түрлі күтпеген жағдайларға кездесуі мүмкін. Бұл ғарыш шабуылшылары да, БҰО де, метеориттік жауындар және күн тұтынуы да, күтпеген жұлдыздар жаууы да болуы мүмкін.

Ғарыш кораблінің әрбір мүшесі капитаннан бастап ғарышкерге дейін Заңдар мен Өсиеттерді сақтауы керек.


Заңдар:


  • Нақты уақыт Заңы.

  • Мейірімділік Заңы.

  • Әдептілік Заңы.

  • Достық Заңы.

  • Қауіпсіздік Заңы.

  • Қол ұшын беру Заңы.


Қағидалар:

  • Экипаж – біртұтас отбасы.

  • Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін.

  • Бәрінен бұрын тәртіп.

  • Бірлесе көтерген жүк жеңіл

  • Бәріне шығармашылық көзқарас, әйтпесе керегі не?

  • Қиын болса да, істі аяғына дейін жеткіз.

  • Тазалық- денсаулық кепілі.


Барлық Заңдар мен Өсиеттерді орындау лагерь өмірін қызықты да толық қанды, өзіне де, өзгеге де қуаныш әкелетіндей етуді мақсат етеді.

Экипаж ғарышкерлері табыстылық пен жеке өсуді көтермелеу жүйесін жасап шығарды. Әрбір ғарышкер экипаж өміріне және тұтас корабль өміріне белсене қатысқаны үшін күн сайын «жұлдыз» ала алады. Егер экипаж 10 «жұлдыз» алса, оларды бір үлкен жұлдызға айырбастауларына болады. Лагерь ауысымының аяғында қорытынды шығарылады: экипаж ғарышкерлері ашқан ғаламшар саны есептеледі, сондай ақ тұтас алғанда барлық «жұлдыз» саны есептеледі. Қорытынды бойынша жеңімпаздар жүлделер мен сыйлықтар алады.


Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары.

Бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін бірнеше шарттарды орындау керек:


  1. Мақсат пен міндеттерді қою туралы анық түсінігі болу.

  2. Іс-әрекетті айқын жоспарлау.

  3. Бағдарламаны кадрлармен қамтамасыз ету.

  4. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету.

  5. Педагогикалық шарттар.

  6. Материалды-техникалық қамтамасыз ету.



Әдістемелік қамтамасыз ету.



Іс-әрекет мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік әдебиет іріктеу.

10 мамырға дейін

Кітапхана меңгерушісі

2.

«Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру формалары» сынып жетекшілері кафедрасы

3 мамыр


Кафедра жеткшілері

3.

Мектеп қарамағындағы лагерде жұмыс істеу үшін аға тәлімгер- жоғары сынып оқушыларымен курстар

20-30 мамыр

Аға тәлімгер

4

  1. Афанасьев С.П. Коморин С.В. Қала сыртындағы лагерьде балалармен не істеу керек?, М. 1998

  2. Мектеп директоры -журнал 2004жыл
  3. Қала сыртындағы лагерь /Құраст. С.И. Лобачёва, В.А. Великородная – М.: ВАКО, 2006


  4. Титов С.В. Қош келдің, жаз! Волгоград , Мұғалім, 2001

  5. Шмаков С.А. Ойындар- әзілдер, шағын ойындар. М., 1993.

  6. Мектеп кітапханасы материалдары .




  1. Лагерь жоспарының, отрядтардың жұмыс жоспарының, жоспар- сеткесінің болуы.

  2. Үрдіске барлық қатысушылардың лауазымдық нұсқамасы.

  3. Лагерь ауысымы бойы барлық жұмыс істеушілер үшін бекіту семинарын өткізу.

  4. Жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік әзірлемелерді іріктеу.

  5. Күн сайын шағын жоспарлау өткізу.

  6. Нәтижелерді бақылау жүйесі мен қорытынды шығару жүйесін жасау.



Педагогикалық шарттар.


  1. Жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, балалардың өзін- өзі табысты іске асыруына мүмкіндік туғызатын педагогикалық құралдарды іріктеу.

  2. Іс- әрекеттің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру.

  3. Лагерь өмірін ұйымдастыруға балаларды тартудың еріктілігі.

  4. Табыстылық жағдайын жасау.

  5. Өтілген күн нәтижелері туралы жүйелі ақпараттандыру.

  6. Ынталандырудың әр түрлі түрлерін ұйымдастыру.



Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.


  1. Әр түрлі шараларды өткізуге алаңқайлар мен оңтайлы жағдайлар таңдау.

  2. Рәсімдеу және балалар шығармашылығына қажет материалдар.

  3. Канцеляр тауарларының барлығы.

  4. Аудиоматериалдар және бейне техника.

  5. Ынталандыру үшін жүлделер мен марапаттаулар.


Бағдарламаның тиімділік критерийі

Бағдарлама жұмыс істеуі үшін әрбір үрдіске қатысушы өз орнын табатындай (үлкендер мен балалар), міндеттер мен тапсырылған іске ғанибетпен қарайтындай, сондай-ақ ұсынылған шараларға қуана қатысатындай жағдай жасау керек. Осы шарттарды орындау үшін тиімділіктің келесі критерийлері жасалды:


  • Шынайы мақсаттар қою және мен бағдарлама нәтижелерін жоспарлау;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруға деген педагогтар мен балалардың қызығушылығы, жайлы психологиялық ахуал;

  • Ұсынылған жұмыс формаларына балалар мен үлкендердің көңілі толғандығы;

  • Балалар мен үлкендердің шығармашылық ынтымақтастығы.


Бағдарламадан күтілетін нәтижелер.


КММ ЖОББ №53 МЛ «ЖАЗ 2013» бағдарламасын жүзеге асыру мақсат етеді:

Сапалы және әр түрлі тамақтандыру, күн тәртібін сақтау, мектеп қарамағындағы лагерьде спорт шаралары оқушыларды сауықтыруға көмегін тигізеді:

- балалар денсаулығын бекіту;
- мектеп оқушыларының дене шынықтыру және спорт сабақтарына қызығушылығын дамыту;
- қарым-қатынас, мәдениет, демалудың әлеуметтік тәжірибесін кеңіту;
- қол және қоғамдық-пайдалы еңбек дағдысын қалыптастыру;
- қоршаған орта бөлшегі ретінде өзіне саналы қарауды қалыптастыру.

Лагерьдің таңдалған жұмыс формасы Қазақстандық ұлтжандылық сезімін, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың көзқарасын кеңітеді. Жөндеу бригадаларында және «Жасыл патруль» бірлескен еңбек іс- әрекеті оқушыларға қарым-қатынастың практикалық шеберлігі мен дағдысын игеруге көмектеседі; «тәуекел тобындағы» жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруға, КІТ –мен ынтымақтастық құқықбұзушылыққа жол бермеуге, мектеп оқушылары арасында қаңғыбастық пен сұраншақтық жайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны жүзеге асыруға балалар мен үлкендердің белсене қатысуымен әрбіреуінде үлкен пікірлестер ұжымына жаны ашырлық сезімін тудырады деп күтіліп отыр.

Әр түрлі шаралардағы балалардың табыстылығы олардың әлеуметтік белсенділігін көтереді, өз күштері мен таланттарына сенімділік береді.

Тамақтандыруды жақсы ұйымдастыру, медициналық бақылау және дұрыс ұйымдастырылған спорт шаралары балаларды сауықтырады және уақытылы, егер олар болатын болса, денсаулық мәселесіне көңіл аударуға мүмкіндік береді деп күтіледі.


Экскурсияларға, саяхаттарға, сапарларға баруды жүзеге асыру балаларға туған өлкесі туралы жаңа білім алуға көмектеседі және өз кіші Отанына ұқыпты және сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді деп күтіледі.

Лагерьде өткізілген уақыт үлкендер үшін де, балалар үшін де ізсіз өтпеуі тиіс және келесі жылы лагерь жұмысына ғанибетпен қатысады деп күтіледі.


Жүзеге асыру тәжірибесінің барлығы.


Өткен жылғы тәжірибені есепке ала отырып, ойын түрінде ұйымдастырылған жазғы сауықтыру алаңқайы бағдарламасы оң нәтиже береді деп сенімділікпен айтуға болады. Өткен жылы жазғы лагерьге қатысқан балалар қарым –қатынаста белсендірек, денелік төзімді болды, өздерінің жасырын таланттарын ашты, мектеп өмірінде белсендірек болды. Осы жылы лагерьге қатысқысы келгендер саны көбірек, бұл жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатқандығының куәсі. Биыл «Үлкен ғарыштық саяхат» Бағдарламасы өткен жылғы нәтижені бекітеді деп күтілуде және жаңа шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі болады деп күтіледі. Бағдарлама оқу жылы барысында жеке алынған сыныптың тәрбие жүйесі ретінде толығымен қолдануға мүмкін етіліп құрастырылды. Сондай-ақ осы бағдарламаны кез келген балалар ұйымы өз жұмысында қолдана алады.


pe02278_

  • 8.30 - 9.00 Жиын. Ғарыштық жаттығу


Кеңістікте жаттығу оңай болмас,

Таң ата, күн шыға тұрайық біз сапқа.

Күні бойға күш жинасақ –crctr328

Ұшу бізге қиын болмас

  • 9.00 - 9.15 Таңғы тексеріс

Экипаждар, тексеріске тұрыңдар!

ҒБО тапсырма үлестірмек:

Не істейміз, не қыламыз,

Қалай ойнап, не жинаймыз!


  • 9.15 - 10.00 Ғарыштық таңғы асpe02282_

Ғарыш тамақ ойыншық емес

Ол асқазан толтыру.

  • 10.00 - 11.30 Отрядтың лагерлік істері

Күн сайын біз достарым,

Ашық ғарышқа шығамыз!

Ойынсыз және қозғалыссызbd08911_

Корабльде күн көре алмаймыз.

  • 13.00 - 13.30 Астрономиялық түскі ас

Штурмандар мен командирлер,

Инженерлер мен дәрігерлер

Қазір істі тоқтатамыз - Жүгіреміз тамаққа!

  • 13.30-14.00 Қызығушылығы бойынша сабақтар

Сурет салғың келе ме, pe00542_

Сөз сөйлегің келе ме,

Кітап оқығың келе ме,

Армандағың келе ме,

Ойнағың да келе ме

Ерік сенің өзіңде.

  • 14.00 - 14.30 Еңбек десанты

Экипажда тапсырма бар-

Жинау керек бірлесе

Тапсырманы орындайық

Бірлесе, тырыса, барынша!

  • 15.00 Ал енді біз қоштасарда

«Сау бол» дейміз бәріңе