shkolakz.ru 1 2 ... 5 6

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысы

 

«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары;

2) күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 қарашадағы

1484 қаулысымен


бекітілген

 

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру

қағидалары

 

1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) құжаттық тіркейді және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға береді.

3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді.


4. Қағаз тасығышта берілетін ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға тапсырылғаны туралы хабарламамен бірге пошталық жөнелтіліммен не жеткізу кезінде құжаттарға бақылаусыз қол жетімділікті болдырмау шараларын сақтай отырып, қолма-қол жібереді. Бұл ретте құжаттар конверттерге олардың бүлінуін немесе орамның тұтастығын бұзбастан ақпаратты алу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен қапталады.

5. Электрондық тәсілімен берілетін ақпарат қаржы мониторингі субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Қағаз тасығышта берілетін ақпаратқа қаржы мониторингі субъектісі немесе жауапты лауазымды тұлға (қаржы мониторингі субъектісінің бірінші басшысы тағайындаған оны алмастыратын тұлға) қол қояды және қаржы мониторингі субъектісінің мөрімен куәландырылады.

6. Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілері:

қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар нысанынан өзгеше;

осы Қағидалардың 5-тармағында жазылған талаптарды ескермей жасаған жағдайда ақпаратты өндеуге қабылдамайды.

7. Қаржы мониторингі субъектілері ақпаратты электрондық тәсілмен ұсынған жағдайда уәкілетті орган алған сәттен бастап 4 сағат ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпаратты қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы байланыстың электрондық арналарын пайдалану арқылы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) жібереді.

Қаржы мониторингі субъектілері ақпаратты қағаз тасығышта ұсынған жағдайда уәкілетті орган алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарламаны пошталық жөнелтіліммен жібереді.


8. Ақпараттың қабылданбағаны туралы хабарлама алынған жағдайда қаржы мониторингі субъектісі 1 жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген ақпаратты қабылдаудан бас тартудың себептерін жою жөнінде шаралар қабылдайды және уәкілетті органға түзетілген ақпаратты жолдайды.

9. Уәкілетті органға бұрын ұсынылған және қабылданған ақпаратқа қаржы мониторингі субъектілері өзгерістер немесе толықтырулар енгізген жағдайда қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынылған және қабылданған ақпаратқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілгендегі анықталған сәттен бастап бұрын ұсынылған ақпараттың орнына уәкілетті органға жаңа ақпаратты 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Жаңа ақпаратты уәкілетті органның қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы хабарлама қаржы мониторингі субъектілеріне осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес жіберіледі.

10. Осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес анықтамалық мәліметтер ақпаратты толтыру барысында қолданылады.

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің

қаржы мониторингіне жататын

операциялар туралы мәліметтер

 мен ақпарат беру қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың

нысаны (бұдан әрі - ҚМ-1 нысаны)

 

Деректеменің



Атауы

Мазмұны

1

2

3

1

ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер

1.1

ҚМ -1 нысанының нөмірі*

1. Нөмірі:

2. ҚМ-1 өзге нысанымен байланысы (бар болса):

2.1 ҚМ-1 байланыс нысанының нөмірі:

2.2 ҚМ-1 байланыс нысанының күні:

1.2

ҚМ -1 нысанының күні*

 

1.3

Құжаттың түрі (керегінің астын сызу керек)*

1. Жаңа хабар

2. Қабылданбаған хабарды түзету (түзетілетін хабардың № көрсете отырып)

3. Хабарды ауыстыруды сұрау (хабардың № көрсете отырып)

1.4

Операцияның жай-күйі (керегінің астын сызу керек)*

1. Жасалған (операцияның аяқталған уақыты)


2. Жалғасып жатыр (операцияның басталған уақыты)

3. Тоқтатылған (қаржы мониторингі субъектісінің операцияны тоқтата тұрған уақыты)

4. Жасалмаған


1.5

Хабар беру үшін негіздеме (керегінің астын сызу керек)*

1. Шектелген сомаға тең немесе одан асады

2. Күдікті операция:

2.1. айқын экономикалық мәні жоқ мәміле жасасу

2.2. қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау

2.3. терроризмді және/немесе экстремизмді қаржыландыру

2.4. заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру

2.5. резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті) импортауын (экспортауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтынрезидент емес ақшаны нетауарларды (жұмыстарды, қызметтерді,қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне арналған айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті алушы болып табылатын операциялар

2.6. тараптардың бірі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын операциялар

2.

ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектіcі туралы мәліметтер

2.1


Қаржы мониторингі субъектісінің коды*

 

2.2

Қаржы мониторингінің субъектісі*

1.1 Ұйымдастырушы нысан:

1.2 Атауы:

1.2.1 Тегі:

1.2.2. Аты:

1.2.3 Әкесінің аты (бар болса):

2.3

СТН

 

2.4

ЖСН/БСН *

 

2.5

Орналасқан жерінің

мекенжайы

1. Облысы (оның ішінде Алматы және Астана қалалары):

2. Ауданы:

3. Елді мекен (қала/кент/ауыл), Астана және Алматы қалаларын қоспағанда:

4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы:

5. Үйдің нөмірі:

6. Пәтердің/кеңсенің нөмірі (бар болса):

7. Пошталық индекс:

2.6

Жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін)*

 


2.6.1

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (жеке тұлғалар үшін)*

1. Нөмірі:

2. Сериясы (бар болса):

2.6.2

Жеке басын куәландыратын құжатты кім берген (жеке тұлғалар үшін)*

 

2.6.3

Жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген (жеке тұлғалар үшін)*

 

2.7

Жауапты лауазымды тұлға

1. Тегі:

2. Аты:

3. Әкесінің аты (бар болса):

2.7.1

Жауапты лауазымды тұлғаның лауазымы

 

2.8

Байланыс телефондары *

 

2.9

Электрондық пошта

 

3

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат


3.1

Операцияның нөмірі *

 

3.2

Операция түрінің коды *

1. Коды:

2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат:

1.     Мүліктің түрі:

2.2. Мүліктің тіркеу нөмірі:

3.3

Төлемдi тағайындау коды*

1. Төлемдi тағайындау коды:

2. Белгілеу мүмкін емес

3.4

Операцияға қатысушылар саны *

 

3.5

Операция валютасының коды*

 

3.6

Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*

 

3.7

Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*

 

3.8

Операцияны жасаудың негіздемесі*


 

3.9

Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі

1. Күні:

2. Құжат нөмірі:

3.10

Операция күдіктілігі белгісінің коды

 

3.11

Операцияның күдіктілігі белгісінің 1-ші қосымша коды (бар болса)

 

3.12

Операцияның күдіктілігі белгісінің 2-ші қосымша коды (бар болса)

 

3.13

Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтардың сипаттамасы

 

3.14

Операция туралы қосымша ақпарат

 

4

Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер

4.1

Қатысушы (керегінің астын сызу керек)*

1. Операция бойынша төлеуші


2. Операция бойынша алушы

3. Төлеушінің өкілі

4. Алушының өкілі

5. Атынан және тапсырмасы бойынша

6. Пайда табушы


4.2

Қаржылық мониторинг субъектісінің клиенті (керегінің астын сызу керек)*

1. Болып табылмайды

2. Болып табылады

4.3

Қатысушы түрі*

 

4.4

Резиденттігі

 

4.5

Операцияға қатысушының түрі (керегінің астын сызу керек)*

1. Заңды тұлға

2. Жеке тұлға

3. Дара кәсіпкер

4.6

Шетелдік жария лауазымды тұлға (керегінің астын сызу керек)*

1. Болып табылмайды

2. Болып табылады

3. Шетелдік жария лауазымды тұлғамен аффилирленген

4.7

Операцияға қатысушының банкі*


1.1 Банктің/филиалдың орналасқан жері:

1.2 Банктің атауы:

1.2.1 ААЖ атауы:

1.3 Банктің/филиалдың коды:

1.4 Қатысушы шотының нөмірі:

1.5 Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер:

1.5.1 Банктің мекенжайы:

1.5.2 Банктің атауы:

4.8

Операцияға қатысушының атауы (заңды тұлғалар үшін)

1. Қатысушы:

1.1 Ұйымдық нысаны:

1.2 Атауы:

2. Белгілеу мүмкін емес

4.9

Қатысушының құрылтайшылары (заңды тұлғалар үшін)

1.1 Ұйымдық нысаны:

2.1 Атауы:

2.1.1 Тегі:

2.1.2 Аты:

2.1.3 Әкесінің аты (бар болса):

3.1 Резиденттілігі:

4.10

Бірінші басшы (заңды тұлғалар үшін)*

1. Тегі:

2. Аты:

3. Әкесінің аты (бар болса):

4.11


СТН

 

4.12

ҚҰЖЖ

 

4.13

ЖСН/БСН

 

4.14

Т.А.Ә. (жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін)*

1.1 Тегі:

1.2 Аты:

1.3 Әкесінің аты (бар болса):

2.1 Белгілеу мүмкін емес

4.15

Жеке басты куәландыратын құжат

 

4.16

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы

1. Нөмірі:

2. Сериясы (бар болса):

4.17

Жеке басты куәландыратын құжатты кім берген

 

4.18

Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген

 

4.19

Туған күні (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін)


 

4.20

Туған жері (жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін)

 

4.21

Заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін - заңды мекенжайы, жеке тұлғалар үшін - тіркелген жерінің мекенжайы)

1. Облысы (оның ішінде Алматы және Астана қалалары):

2. Ауданы:

3. Елді мекені (Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, қала/кент/ауыл):

4. Көшенің/даңғылдың/ шағын ауданның атауы:

5. Үйдің нөмірі:

6. Пәтердің/кеңсенің нөмірі (бар болса):

7. Пошталық индекс:

4.22

Байланыс телефонының нөмірі

 

4.23

Электрондық пошта

 

4.24

Нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін - орналасқан мекенжайы, жеке тұлғалар үшін -тұрғылықты мекенжайы)

1. Облысы (оның ішінде Алматы және Астана қалалары):

2. Ауданы:

3. Елді мекені (Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, қала/кент/ауыл):


4. Көшенің/даңғылдың/ шағын ауданның атауы:

5. Үйдің нөмірі:

6. Пәтердің/кеңсенің нөмірі (бар болса):

7. Пошталық индекс:


4.25

Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат

 



следующая страница >>