shkolakz.ru   1 2 3 4 5 6
4 «Қаржы мониторингіне жататын операцияларға қатысушылар

туралы мәліметтер»

 

4.1 «Қатысушы» деген деректемеде қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушының тиісті мәні көрсетіледі.

4.2 «Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті» деген деректемеде мынадай мағыналар бар:

«1. Болып табылмайды» - операция қатысушысы ҚМ-1 нысанын жолдайтын қаржы мониторингі субъектісінің клиенті болып табылмаған жағдайда көрсетіледі;

«2. Болып табылады» - операция қатысушысы ҚМ-1 нысанын жолдайтын қаржы мониторингі субъектісінің клиенті болып табылған жағдайда көрсетіледі.

4.3 «Қатысушының түрі» деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мәмілелер және қатысушылары түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес операцияға қатысушының түрі көрсетіледі.

4.4 «Резиденттік» деген деректемеде Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауштарының» «Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы» 22-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының резиденттігі көрсетіледі.

Деректеме 4.2-деректемесінің 2-тармағын көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

4.5 «Операцияға қатысушының түрі» деген деректемеде қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушысы түрінің тиісті мәні көрсетіледі.

4.6 «Шетелдік жария лауазымды тұлға» деген деректемеде 4.5-деректемеде 2 немесе 3-тармақтарды толтырған жағдайда тиісті мән көрсетіледі және мынадай мәндер болады:

«1. Болып табылмайды»;

«2. Болып табылады» - 4.25 деректемесінде толық сипаттама қосымша көрсетіледі;


«3. Шетелдік жария лауазымды тұлғамен аффилиирленген тұлға» - 4.25 деректемесінде қосымша толық сипаттамасы көрсетіледі.

Деректеме 4.2-деректемесіндегі 2-тармақ көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.7 «Операция қатысушысының банкі» деген деректемеде банктің өткізілу операциясы туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

«1.1 Банктің/филиалдың орналасқан жері» - банк Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жағдайда 4.4-деректемеде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес ел көрсетіледі. Банк/филиал Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жағдайда елді мекен көрсетіледі;

«1.2 Банктің атауы» - банктің толық атауы көрсетіледі;

«1.2.1 ААЖ атауы» - ААЖ арқылы операция жүргізілген жағдайда ақша аударымы жүйесінің (бұдан әрі - ААЖ) атауы көрсетіледі және «1.4 Қатысушы шотының нөмірі» жолағында аударымның бақылау нөмірі (MTCN немесе басқасы) көрсетіледі.

«1.3 Банктің/филиалдың коды» - мәселен, резиденттер үшін және SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) резидент еместер және басқалар үшін БСК көрсетіледі;

«1.4 Қатысушы шотының нөмірі» - қатысушы шотының нөмірі, мәселен, IBAN немесе басқасы көрсетіледі;

«1.5 Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер» мынадай мәндерге ие болады:

«1.5.1 Банктің орналасқан жері» - 4.4-деректемесінде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес банк-корреспондент орналасқан ел көрсетіледі;

«1.5.2 Банктің атауы» - банк-корреспонденттің толық атауы көрсетіледі.

«1.4 Қатысушы шотының нөмірі» жолағында шот нөмірі болмаған жағдайда «шот нөмірсіз» көрсетіледі.

Деректеме 2.1-деректемесінде 011, 012 немесе 101 қаржылық мониторинг субъектісінің коды көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.


4.8 «Операция қатысушысының атауы (заңды тұлғалар үшін)» деген деректеменің 4.5-деректемесінің 1-тармағында көрсетілген жағдайда көрсетіледі және мынадай мәнге ие болады:

«1. Қатысушы»:

«1.1 Ұйымдық нысаны» жолағында - АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) немесе операцияға қатысушының өзге де Ұйымдық нысаны көрсетіледі;

«1.2 Атауы:» жолағында - тырнақшасыз құрылтайшы құжаттамаға сәйкес операцияға қатысушының атауы көрсетіледі.

«2. Белгілеу мүмкін емес» - егер операцияға қатысушының атауын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.

Деректеме 4.5-деректемесінің 1-тармағын көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

4.9 «Қатысушының құрылтайшылары (заңды тұлғалар үшін)» деген деректемеде 10 пайыздан кем емес қатысу үлесі бар операция қатысушысының барлық құрылтайшыларының деректері 4.5-деректемесінің 1-тармағында көрсетілген жағдайда көрсетіледі:

«1.1 Ұйымдық нысаны» жолағында - АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) немесе операцияға қатысушының өзге де ұйымдастырушылық құрылтайшы нысаны көрсетіледі. Егер қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға болып табылса, онда осы жолақ толтырылмайды.

«2.1 Атауы:» - құрылтайшы құжаттарға сәйкес операцияға қатысушы құрылтайшысының атауы тырнақшасыз көрсетіледі:

«2.1.1 Тегі:» - тегі,

«2.1.2 Аты:» - аты,

«2.1.3 Әкесінің аты:» - әкесінің аты (бар болса);

«3.1 «Резиденттігі:» - 4.4-деректемеде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес операцияға қатысушы құрылтайшының елі көрсетіледі.


Деректеме 1.5-деректемесінің 2-тармағы мен 4.2-деректемесінің 2-тармағын бір мезгілде көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.10 «Бірінші басшы (заңды тұлғалар үшін)» деген деректемеде4.5 деректемесінде 1-тармақ:

«1. Тегі:» - тегі,

«2. Аты:» - аты,

«3. Әкесінің аты:» -әкесінің аты (бар болса) толтырылған жағдайда операцияға қатысушы бірінші басшының деректері көрсетіледі.

Деректеме 4.2-деректемесінің 2-тармағын көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.11 «СТН» деген деректемеде операцияда қатысушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

4.12 «ЭҚЖЖ» деген деректемеде «Экономикалық қызмет түрлерінің (5 мәнді ЭҚЖЖ) номенклатурасы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2008 жылғы 20 мамырдағы № 67 бұйрығына сәйкес операцияға қатысушының ЭҚЖЖ коды 4.5 деректемесінде 1-тармақты толтырған жағдайда көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақ көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.13 «ЖСН/БСН» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.Деректеме 4.2 деректемесінде 2 -тармақ көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.14 «Т.А.Ә.» деген деректемеде операцияға қатысушы дара тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің деректері көрсетіледі және мынадай мәндер болады:

«1. Тегі:» - тегі,

«2. Аты:» - аты,

«3. Әкесінің аты:» -әкесінің аты (бар болса)

«2.1 Белгілеу мүмкін емес» - егер операцияға қатысушының тұлғасын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.


4.15 «Операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжат» деген деректемеде құжаттар түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат түрінің цифрлық коды 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.16 «Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.17 «Жеке басты куәландыратын құжатты кім берген» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.18 «Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) форматында 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі.Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.19 «Туылған күні» деген деректемеде операцияға қатысушысының туылған күні жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) форматында 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.

4.20 «Туылған жері» деген деректемеде операцияға қатысушысының туылған жері 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда 4.4 деректемесінде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес көрсетіледі. Деректеме 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті.


4.21 «Заңды мекенжайы» деген деректемеде заңды тұлғалар үшін заңды мекенжайы немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушының тіркелген мекенжайы облыс (оның ішінде Алматы, Астана қалалары), аудан, елді мекен (Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/кеңсенің нөмірі (бар болса) форматында көрсетіледі.

4.22 «Телефон нөмірі» деген деректемеде операцияға қатысушының телефон нөмірі, қаланың коды/телефон нөмірі/ішкі телефон нөмірі (бар болса) форматында көрсетіледі.

4.23 «Электрондық пошта» деген деректемеде операцияға қатысушының Интернетте тіркелген электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі.

4.24 «Нақты мекенжайы» деген деректемеде заңды тұлғалар үшін орналасқан жері немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушының тұратын жерінің мекенжайы облыс (оның ішінде Алматы, Астана қалалары), аудан, елді мекен (Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/кеңсенің нөмірі (бар болса) форматында көрсетіледі.

4.25 «Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат» деген деректемеде 4-бөлімдегі деректемелерді толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушысына қосымша ақпарат көрсетіледі.

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің

 қаржы мониторингіне жататын

 операциялар туралы

мәліметтер мен ақпарат

 беру қағидаларына

2-қосымша


 

Нысан

 

 

ҚМ-1 нысанының қабылданғаны (қабылданбағаны) туралы хабарлама

 

___________________________________________________________________

(уәкілетті орган)

___________________________________________________________

(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

 

__________ №_____ ҚМ-1 нысаны____________________________________________________________________ туралы хабарлайды.

(қабылданғаны/қабылданбағаны)

Қабылданбағанындың себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі) ________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

Осыған байланысты__________________________________________________________________________________________________

(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

мыналар:

1. Бұрмаланған түрде немесе толық емес көлемде ұсынылған ақпаратты___________________________________жіберу себептерін жою.

(уәкілетті орган)

2. Осы хабарламаны алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде ______________________________________________________________

(қаржы мониторингінің субъектісі)

қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы қабылдамаған хабарламаны түзету________________________________________,


(уәкілетті орган)

оы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларының ережелеріне сәйкес оны қайтадан ұсыну қажет.

 

______________________________________ _____________ _____________________

(ішкі бақылауға жауапты адамның Т.А.Ә.)           (қолы)               (қолды таратып жазу)

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің

 қаржы мониторингіне жататын

 операциялар туралы

мәліметтер мен ақпарат

 беру қағидаларына

3-қосымша

 

 


Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығы

 


Коды

Атауы

1

2

011

Банктер

012

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

021

Биржалар

031


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

032

Сақтандыру брокерлері

041

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

051

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар

052

Орталық депозитарий

061

Ақшамен және (немесе) басқа да мүлікпен нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын нотариустар

071

Мынадай:

жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу;

клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару;

банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару;

компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру;

заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайдағы адвокаттар

072

Мынадай:


жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу;

клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару;

банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару;


 

компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру;

заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайда заңды мәселелер жөніндегі тәуелсіз мамандар

081

Аудиторлық ұйымдар

091

Ойын бизнесін ұйымдастырушылар

092

Лотереяларды ұйымдастырушылар

101

Ақша аударымы бойынша қызмет көрсететін пошта операторлары

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің

 қаржы мониторингіне жататын

 операциялар туралы

мәліметтер мен ақпарат

 беру қағидаларына

4-қосымша

 

 



<< предыдущая страница   следующая страница >>