shkolakz.ru   1 ... 3 4 5 6
Күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілері


 


Код №

Күдікті операцияның белгілері

1

2

1.

Айқын экономикалық мәні жоқ операциялар (мәмілелер) жасасу

1001

Қаржы және өзге де қызметтер үшін нарықтың осы сегментінде жалпыға бірдей белгіленген мөлшерден айтарлықтай жоғары мәміледен төлемдер, комиссиялар

1002

Айқын экономикалық мәні жоқ үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді, аударымдарды жүзеге асыру немесе депозитке ақшаны есепке салу

1003

Бағалы қағаздар нарығында олардың нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың иеленушілері өзгермейтін бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу

1004

Ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша жасалатын бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі мәмілелер

1005

Ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан және/немесе ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатып алу (сату) туралы екі немесе бірнеше сауда-саттыққа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің келісімі


1006

Инвесторларды жария орналастырылатын және/немесе жария айналымдағы бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға итермелеу мақсатында жалған немесе дәйексіз ақпарат тарату

1007

Клиенттің бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы болып табылмайтын және (немесе) бағалы қағаздар клиент алдында контрагенттің қарызын өтеуге клиентке берілмеген жағдайда бағалы қағаздар мен қаржылық қызметтердің ұйымдасқан нарығында айналыста болатын бағалы қағаздардың көп мөлшерін біржолғы сатуы (сатып алуы)

1008

Сатып алу, көрсетілген бағалы қағаздарды іске асырудан түскен ақша бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыста болатын өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған жағдайда Ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналыста болмайтын және баға белгіленбеген бағалы қағаздарды кейіннен сата отырып сатып алу

 

бойынша тұрақты қаржы операциялары (тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналысатын бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінім қанағаттандырылған сәтте анықталады)

1009

Айқын экономикалық мәні жоқ үшінші тұлғаның пайдасына мүлік немесе өзге материалдық құндылықтар сатып алу

1010

Өзінің шаруашылық қызметінің негізгі сипатына және оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай қаражат төлемдері немесе түсімдері


1011

720 күннен асатын экспорттау немесе импорттау шарттары бойынша резидент репатриация мерзімін көрсету (Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс-монтажды жұмысты орындау және/немесе қызмет көрсету шарттарын қоспағанда)

1012

Қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді шарттарын елемеу, сондай-ақ әдеттегідей емес жоғары комиссия және (немесе) іс-қимыл тәжірибесінде қалыптасқан әдеттегіден өзгеше комиссияға ұсыну

1013

Осы ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның қызметі сипатына мәміленің сай келмеуі

1014

Тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайызсыз қарыз беруі, сондай-ақ дәл осындай қарызды алуы

1015

Қаржылық жалға беру (лизинг) шарты бойынша шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша мүлік алу және/немесе беру

1016

Мынадай объективті: мәселен, білікті персоналдың, жабдықтың, айналым қаражатының және материалдық қорлардың болмауы себептеріне байланысты төлеуші және (немесе) алушы көрсете алмайтын қызметтер үшін түсімдер және (немесе) төлемдер

1017

Қалыптасқан іскер тәжірибеден өзгеше есеп айырысулар жүргізу тәртібінде стандарттық емес немесе әдеттегідей емес күрделі нұсқаулықтардың болуы


1018

Клиенттің жоғары тәуекелді қаржылық операцияларды жүйелі жүргізуі, олардың нәтижесінде клиенттің тұрақты табысы немесе шығыны

1019

Егер оның негізгі қызметі үшін қолма-қол ақша нысаныңсыз есеп айырысу болып табылса, клиенттің шотына түсіп отыратын қолма-қол ақша үлесінің едәуір ұлғаюы

1020

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушымен және пайда алушыны ауыстыру жөніндегі операциялар жасасу

1021

Клиент оның денсаулығы жағдайы мен жасын ескере отырып, сақтандыру шартының қолайсыз талабын қабылдайды

1022

Бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың атына почталық ақша аударымдарын бірнеше дүркін жүзеге асыру

1023

Сомалар мәні бойынша ұқсас бірдей және/немесе ағымдағы шотына кейіннен есептей (қайтара) отырып басқа банктегі меншікті шотқа ақша қаражатын аудару бойынша ағымдағы шотты пайдаланып жүйелі түрде жүзеге асыру

1024

Мәміленің бір мәні белгілі бір заттың сатылатын және сатып алынатын қаржы операцияларын жүйелі түрде жүзеге асыру

1025


Егер қолдағы ақпарат кредиттік берешекті қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі

1026

Кәдімгі іскерлік тәжірибеден елеулі түрде өзгешелігі бар мөлшерде пайыздарды (төлемді) және (немесе) өзге де сыйақыларды (төлемдерді) алуды көздейтін шарттарда қарыздың, кредиттің қаржылық операцияларға қатысушымен беру (алу)

1027

Тауарларды жеткізу шарты бойынша (жұмыстардың орындалуы, қызметтерді көрсету және т.б.) бұрын алынған авансты клиентпен қайтару бойынша жүйелі түрде операциялар өткізу

1028

Кәдімгі іскерлік тәжірибеден елеулі түрде өзгешелігі бар мөлшерде мәміле затын төлеуге байланысты емес өтемақы төлемдері мен өзге де төлемдер, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу

1029

Маркетингтік, консультациялық немесе зерттеу қызметтерін көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде ақшаны клиентке жүйелі түрде аудару (алу)

1030

Өзара жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған мәмлеге қатысушылар арасында мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және/немесе өзге де мүлікті сыйға беру

1031

Құмар ойындар және/немесе құмар ойындардың ставкалары бойынша ұтыс ретінде ойын мекемесінен ірі мөлшерде қаражатты бірнеше дүркін алу (төлеу)


1032

Мәміле мәнінің шартты және шын мәніндегі құнының анық сәйкес келмеуі (жылжымайтын мүліктен басқа)

1033

Мұндай жылжымалы мүліктің кәдімгі нарықтық құнынан жылжымалы мүлік құнының мәнді айырмашылығы

1034

Мәмілеге қатысатын басқа да тұлғалармен логикалық байланыстағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен операция

1035

ҚЖ/ТҚҚ халықаралық шарттары мен стандарттарын іске асыруға ынтымақтаспайтын елге/елден операцияларды тұлғамен өткізу

1036

Қаржы мониторингі субъектісінің олардың тәжірибелері мен білімдеріне сәйкес күдікті лауазымды тұлғалармен танылған мәмілелер

1037

Клиент есірткі заттарының контрабандасының халықаралық және өңіраралық арналарымен өтетін елде тіркелген тұлғалармен немесе компаниялармен операцияларды жүзеге асырады

1038

Клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты, егер бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, мерзімінен бұрын өтеуі

1039

Осы операцияның (мәміленің) айқын экономикалық мәні жоқ деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) мүлікпен операция (мәміле)


2.

Заңда көзделген қаржы мониторингі рәсімдерінен ауытқуға бағытталған іс-қимылдар жасау

2001

Клиенттің жоғалған не ұрланған жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша операция жүргізу әрекеті

2002

Жалған құжаттар бойынша операциялар жүргізуге әрекет ету

2003

Клиенттің тексеруге мүмкін емес немесе сондай тексеру тым қымбат болып табылатын күдіктілікті туғызатын ақпаратты ұсынуы, сонымен қатар операцияға қатысушымен клиенттің белгіленген мекенжайы мен телефондары бойынша хабарласудың мүмкін болмауы

2004

Клиенттің қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, сондай-ақ клиенттің мүддесін білдіретін тұлға туралы сұралатын қосымша ақпаратты беруден дәлелсіз бас тартуы және ақталмаған кідіртулер

2005

Өткізілетін операцияларға, оның ішінде клиент қажетті деректерді ұсынуда қойылатын талаптардан клиенттің қашуына ұмтылуын көрсете алатын сұрақтарды қоюына қатысты құпиялық мәселелерімен клиенттің тым қамкөңілділігі

2006

Клиенттің алынып тасталған терминалмен ғана дербес жұмыс істеуінің орындалмаған тілегі

2007


Клиенттің үшінші тұлғаның және/немесе операцияға қатысатын тұлғалардың басшылығымен операцияны өткізуі

2008

Клиенттің айнымас талап-тілегі бойынша операцияны жүргізуде негізсіз асығушылық

2009

Қысқа мерзім ішінде бірнеше рет клиенттің ұқсас қаржылық операцияларды жүргізу сомасы асатын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, бірақ қосу нәтижесінде белгілеген сомадан асатын болады (клиенттің қызметі міндетті немесе өз еркімен төленетін төлемдер, тұрғындарға қызмет көрсетумен байланыссыз болған жағдайда)

2010

Клиенттің жүзеге асыратын ұқсас қаржы операциялары сомаларын негізсіз бөлшектеу

2011

Клиенттің алдында келісілген қаржы операция схемасына, оның жүзеге асырылудың басталар алдында, әсіресе ақша немесе басқа мүліктің қозғалысының бағытына қатысты маңызды өзгерістерді енгізуі

2012

Меншік шотқа немесе осы мәмілені жасау үшін шоттан басқа бастапқы қаражат түскен банкте үшінші тұлғаның атына ашылған шотқа бұзылған мәміле бойынша клиенттің тиесілі соманы қайтаруды жүзеге асыру ұсынысы

2013

Айырбастау операцияларын жүргізу кезінде зақымданған және/немесе ұсқынсыз банкноттарды жиі ұсыну


2014

Осы қызмет оның кәсіби қызметінің аясына енетін жағдайларды қоспағанда, қымбат металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар сынығын жаппай сатып алу-сату

2015

Мәмілені жасау кезінде клиентте қобалжу байқалса, оның салдарынан анық жалған ақпарат көрінеді

2016

Мәмлені жасау үшін немесе жоқ мәміле үшін құжаттар беру кезінде клиент қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерін материалды түрде қызықтыруға тырысады

2017

Осы операция (мәміле) Заңмен көзделген қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция (мәміле)

3.

Осы операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп ұйғаруға негіздері бар операцияны жасау

3001

Терроризмді қаржыландырудың жоғары тәуекелі бар елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау

3002

Қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалмен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау

3003


Діни бағыттағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау

3004

Осы операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция (мәміле)

4.

Заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп айтуға негіз бар операциялар жасау

4001

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің және ұйымның оны тікелей орындау алдындағы қолма-қол ақша алуға арналған өтінімге (өтінілген сомадан 50% және одан да көп) бұрын бағытталған елеулі өзгерістерді клиенттің енгізуі

4002

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын жекелеген операциялар сомасынан аспайтын, бірақ қосу нәтижесінде көрсетілген сомадан асатын шағын уақыт кезеңі ішінде клиенттің бірнеше дүркін ақша алуы

4003

Есептегеннен кейін қысқа уақыт ішінде банктік шоттан ақшаның барлық не елеулі бөлігін алу немесе аудару

4004

Оның шаруашылық қызметінің сипатына байланысты болмаған жағдайда қолма-қол ақшаны заңды тұлғаның шотынан алу немесе аудару


4005

Қызметтердің және (немесе) тауарлардың әртүрлі түрлерінің кең спектрін көрсеткені үшін алынған банк шотынан ақшаның барлық не елеулі бөлігін алу немесе аудару

4006

Клиенттің бұрынғы атына немесе отбасы мүшелеріне (сол әрекет заңды тұлғаларға да) кейіннен жаңа шоттарды аша отырып, шоттарды жабу

4007

Клиентпен (жеке тұлғалардан басқа) шоттарды, осы клиент үшін 6 айдан аса елеусіз болған немесе өтпеген қаржылық операцияларды пайдалана отырып, қаржылық операциялар жасау

4008

Сол бір адаммен не топпен ақшаны банктік шоттан (шоттардан) жүйелі түрде алу

4009

Жағымсыз сыртқы келбеті (нашар киінген, нашақорлық және ішімдік белгілері), банктік шоттан ақшаны жүйелі түрде алуды жүзеге асыратын тұлға

4010

Кәсіпорынның шаруашылық мұқтаждығына арналған шығыстарды үш ай ішінде болмаған кезде ақша алу немесе аударуды жүзеге асыру (коммуналдық қызметтер, жалдау, бюджетке міндетті төлемдер және т.б.)

4011

Заңды тұлғаның банктік шотынан қолма-қол ақшаны алу көлемінен аталған тұлғаның қолма-қол емес нысандағы төлемдер мен ақша аударымдарының елеулі асып кетуі


4012

Кейіннен қолма-қол ақша нысанында алу не бір шотқа салымдар (депозиттер) мерзімі аяқталғаннан кейін есептеу және (немесе) кейіннен басқа банкке аудару шағын уақыт кезеңі ішінде бір клиенттің атына шекті мән сомасынан аспайтын сомаға жедел депозиттік шоттардың бірнешеуін ашу

4013

Қолма-қол ақша нысанында, оның ішінде кіріс кассалық ордер негізінде кейіннен соманың барлық немесе көп бөлігін аудара отырып, тіпті егер сома шекті мән сомасынан аз болғанда да, бір операциялық күн ішінде немесе клиент есебінен онан кейінгі күні немесе үшінші тұлғаның пайдасына, оның ішінде резидент емеске ақша қаражатын тұрақты есептеу

4014

Қолма-қол ақшаға есептеу жүргізуге арналған клиенттің табанды ниеті

4015

Шығыс операциялары салық органымен тоқтатылған тұлғада жаңа банктік шоттың (шоттардың) ашылуына өтінімнің болуы

4016

Заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп айтуға негіз бар операциялар жасау

5.

Резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті) импорттауын (экспорттауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес ақшаны не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне арналған айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті) алушы болып табылатын операциялар;


5001

Операция бойынша алушы-резидент емес пен шарт бойынша алушы-резидент еместің атауының/аты-жөнінің сәйкес келмеуі

5002

Шарт бойынша тарап болып табылмайтын операция бойынша алушы-резидент емес шарт бойынша тарапшы болып табылмайтын, сондай-ақ алушы бола отырып өзге операцияларға қатысады

5003

Шарт бойынша тарап болып табылмайтын операция бойынша алушы-резидент емес кейіннен ақша қаражатын Қазақстан Республикасына аударады

5004

Сыртқы экономикалық қызмет немесе ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелерді және/немесе халықаралық ережелерді жүзеге асыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің жалпы қабылданған тәжірибесінен оның орындалу тәртібі бойынша шарттың негізгі талаптарының мәнді айырмасы

5005

Шот ашылған сәттен бастап қысқа уақыт кезеңі ішінде тұлғамен импорттау/экспорттау бойынша мәнді операциялар жүргізу

5006

Тауарлардың не ақша қаражатының қабылдап алушысы (жұмыс, қызмет,қорғалатын ақпарат, зияткер қызметінің нәтижесіне арналған айрықша құқықтарды, мүліктік жалға (жалдауға) берілетін мүлік резидентпен тауарларды (жұмыс, қызмет, қорғалатын ақпарат, зияткер қызметінің нәтижесіне арналған айрықша құқықтарды, мүліктік жалға (жалдауға) берілетін мүлікті импортауды (экспортауды) шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес болып табылады


6.

Тараптардың бірі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын операциялар

6001

Бір тараптан тікелей немесе жанама, өзге тұлғалар арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарының деректеріне және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасында террористік және (немесе) экстремистік қызметте қатысумен байланысты деп танылған тұлғалардың Тізбесіне сәйкес енгізілген тұлғалар және (немесе) ұйымдар болып табылатын операция (мәміле) және (немесе) бірқатар байланысқан операциялар

6002

Бір тараптан заңды тұлға, құрылтайшылардың (меншік иелері) құрамына Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарының деректеріне және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасында террористік және (немесе) экстремистік қызметте қатысумен байланысты деп танылған тұлғалардың Тізбесіне сәйкес енгізілген тұлғалар және/немесе ұйымдар кірген операция (мәміле) және (немесе) бірқатар байланысқан операциялар

6003

Тіркелу мекенжайы тіркелу орнымен, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген немесе алынып тасталған тұлғалар мен ұйымдардың орналасқан жерімен сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен операциялар

6004

Осы операция (мәміле) тараптарының бірі терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірі болып табылатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция (мәміле)

 

 

<< предыдущая страница