shkolakz.ru 1
Қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі.

Жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға қаржы ұйымының ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін (бұдан әрі – өтініш беруші) иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы, тұрақты тұратын (болған) жері туралы, сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжалданып отырған қаржы ұйымы акцияларының санының мыналарға сәйкес проценттік арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысанда жасалған өтінішті береді:

банктің орналастырылған (банктің артықшылықты және сатып алынғандарын шегеріп) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына.

Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуды қалайтын қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.

Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі болуды болжалдап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлесі) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.

Өтініш беруші – жеке тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын өтініш беруші - жеке тұлғаның меншіктік құқық иелігіндегі мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

2) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);

3) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;

4) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

5) мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер;

6) жеке тұлғаның мекендеу елінің салық органдарымен немесе басқа уәкілетті тұлғаларымен расталған кірістер және мүлік туралы мәліметтер;

7) өтініш беруші туралы қысқаша деректер;

8) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы Қазақстан Республикасының резиденті емес – жеке тұлғаның мекендеу елінің тиісті мемлекеттік органының жазбаша растауы, не көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының өтініші.

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші – заңды тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жоғарғы органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

2) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

3) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);

4) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;

5) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

6) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

7) құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

8) басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;

9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру;

10) өтініш берушінің және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансымен қоса тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық талдауы, егер бар болса іс-шаралар жоспарымен және ұйымдастыру құрылымымен қоса өтініш берушінің тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату жөніндегі, қайта құру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметі немесе басқаруы жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

11) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жоғарғы органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

2) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

3) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);

4) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;

5) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

6) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

7) құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

8) басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;

9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру;

10) өтініш берушінің және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансымен қоса тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық талдауы, егер бар болса іс-шаралар жоспарымен және ұйымдастыру құрылымымен қоса өтініш берушінің тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату жөніндегі, қайта құру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметі немесе басқаруы жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.

11) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер;

12) өтініш берушінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш берушінің осы ел заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растау, не осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініші.

Қаржы ұйымының ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, тізбесін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 4139 тіркелген) 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 55 қаулымен белгілеген халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін барынша төмен рейтингінің берілгендігі туралы қосымша мәліметтерді береді.

Қаржы ұйымының ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1- бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.

Сақтандыру туралы заңның 26 бабының 8 тармағында және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1 бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингінің мәртебесін берумен бір уақытта тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.