shkolakz.ru 1
ҚМЭБИ студенттерінің ата-аналары Жиналысында қабылданған


2009 жылғы 6 ақпан


ҚМЭБИ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫН

ҚҰРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ


2009 жылғы 6 ақпан Алматы қаласы, ҚМЭБИ


Бүгін Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында (одан әрі ҚМЭБИ) ҚМЭБИ Президенті доктор Чан Йан Бэнгтің, Студенттік Үкімет және Жастар Парламенті өкілдерінің, профессорлардың, оқытушылардың қатысуымен осында оқитын студенттердің ата-аналарының жиналысы болды.

Жиналысқа Қазақстанның он аймағынан – Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, содай-ақ Корея Республикасынан студенттердің ата-аналары қатысты.

Жиналыста ҚМЭБИ-де студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығын құру және Ата-Аналар Қауымдастығы Атқару Комитетін сайлау туралы мәселе талқыланды.

ҚМЭБИ Президенті доктор Чан Йан Бэнгтің жұмыс жағдайы туралы және институттың әрі қарайғы дамуы үшін қабылданатын шаралар жөнінде жасаған байыпты баяндамасы осы талқылауға тереңдік пен көкейкестілік рең берді.

Доктор Бэнг ҚМЭБИ Әкімшілігі студенттердің ата-аналарымен өзара ықпалдастыққа үлкен маңыз беріп, ата-аналарды жоғары білікті мамандар даярлаудағы міндеттерді шешудегі өздерінің маңызды серіктесі және сенімді тірегі ретінде қарайтынын атап өтті.

Осы байланыстарға мән бере отырып, Форумға қатысушылар оған оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, оқу сапасын жоғарлатуға және Қазақстан мен Орталық Азиядағы элиталық оқу орыны ретіндегі ҚМЭБИ туралы ақпарат таратуға көмектесетін біршама жүйелі және мақсатқа бағытталған сипат береді.

Жиналыста сөз сөйлеушілер осы істе студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығын құру елеулі роль атқаратынын атап өтті. Жиналысқа қатысқан студенттердің ата-аналары оқу үдерісіне байланысты тұтас мәселелер кешенін қозғап, бірқатар ұсыныстар енгізді, институттың қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін ҚМЭБИ әкімшілігіне тілектерін айтып, алғыс сезімдерін білдірді.


Ата-Аналар Қауымдастығын құру туралы мәселе әлдеқашаннан бері ұзақ уақыт бойы талқыланып келе жатыр, ал үлкен даярлық жұмысы келесі шешімдерді қабылдайтын осы жиналысты өткізумен аяқталып отыр, демек:


I


1. ҚМЭБИ студенттерінің Ата-Аналары Қауымдастығын құру (одан әрі Қауымдастық).

2. Қауымдастықтың Атқару органы құрамында 5 ата-ана бар Қауымдастықтың Атқару Комитеті болып табылады.

3. Ата-Аналар Қауымдастығы Атқару Комитетінің дербес құрамы Студенттік Үкіметпен ұсынылады. Атқару Комитеті ата-аналардың жиналысында сайланады.

4. Ата-Аналар Қауымдастығы Атқару Комитетінің өкілеттік мерзімі – бір жыл.


II


5. Ата-Аналар Қауымдастығының негізгі жұмыс бағыты мына мәселелер болып табылады:


  • ҚМЭБИ студенттерінің білім сапасы мен игілігіне ықпал етуші факторлар.

  • Коммерциялық мақсатты көздемейтін оқу орыны ретіндегі ҚМЭБИ салық салумен байланысты мәселелерді талқылау және сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.

  • ҚМЭБИ-ге оқуға түсу үшін жастарды тарту мақсатымен ҚМЭБИ туралы ақпарат тарату.

  • ҚМЭБИ бітірушілерін тартымды жұмысқа орналастыруға тікелей қатысу.

  • ҚМЭБИ-дің жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен байланыстарын орнатып-нығайтуға жәрдемдесу.

ҚМЭБИ оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және материалдық базасын нығайту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу.

III



Ата-Аналар Қауымдастығы мәртебесі мен өкілеттігі


  1. Ата-Аналар Қауымдастығы Қоғамдық Кеңес функциясын атқарады.

  1. Қауымдастықтың Атқару Комитеті ҚМЭБИ бас миссиясымен байланысты мүдделер мен студенттердің мүдделеріне қозғау салатын мәселелерді талқылауға қатысады, ҚМЭБИ Әкімшілігінің қарауына сәйкес ұсыныстарды әзірлеп-ұсынады.

IV


Қауымдастықтың Атқару Комитетін шақыру тәртібі, жұмыс регламенті және бағдарланған графигі.


8. Қауымдастықтың Атқару Комитеті өзінің мәжілісін қажет болған шамасына қарай өткізеді.


V

Қауымдастыққа мүшелікке алу тәртібі


9. Қауымдастық мүшелері осы Меморандумда баяндалған идеяларды бөлісетін және бұл жөнінде Ата-Аналар Қауымдастығының Атқару Комитетіне ресми түрде хабарлаған ҚМЭБИ студенттерінің ата-аналары (әкесі, шешесі немесе атасы, әжесі) бола алады.

10. Осы Меморандум мәтінін ата-аналарға ҚМЭБИ студенттерінің өздері жеткізеді.

11. Осы тәртіппен студенттер арқылы ата-аналар Атқару Комитетіне өзінің тілегі/ ҚМЭБИ Ата-Аналар Қауымдастығының мүшесі болуға келісімі туралы хабарлайды.


Жиналыс төрағасы П. И. Крепак