shkolakz.ru   1 ... 2 3 4

Қорытынды


Отан, туған жер, туған ел алдындағы парызын өтеп жүру қазіргі күнгі әрбір жастың парызы. М.Шаханов жырлары жастардың есіне осы бір ұлы міндетті қондыра беруде ерекше маңызы бар.

Ақынның қай шығармасын оқып қарасақ та олардағы алтын өзек ой – жастарды ерлікке баулу, адалдыққа, отансүйгіштікке үндеу болып келеді. Ақын үш мың жылдық қор өмірден, үш күндік кісілік өмірді артық қоятындығын оның өлеңдер жинағындағы жырларынан мол кездестірдік. Отанын сүю, ізгілік, адалдық ақынның шығармаларының негізгі өзегі десек, артық айтқандық емес, мұның бәрін ақынның дара бойындағы таланты, білімпаздығы өз халқын шексіз сүйген ұлтжандығы деп қарауымыз керек. М.Шаханов өлеңдерінің өзгешелігі оның әрқайсысында терең мағына, терең ой жатуында және осындай тағлымды, ғибратты тарихтың терең қойнауында жатқан халықтың данышпандығынан ала білгендігінде. Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.

Қазіргі кезеңдегі дауылпаз ақын тұғырында М.Шахановтың тұрғанына ешкім екіленбейді. Ол халқымыздың ұлттық рухын қастерлеп, тәуелсіздікті ұлықтап жыр толғайды. Ақын ұлттық рухты жоғары көтеруге лайық даналарды тамсана жырлайтындығы бірнеше өлеңдері, соның ішінде әсіресе «Айбергенов шыңы» атты өлең арқылы пікірімізді дәлелдеуге әрекет еттік. Өз елінің асыл тұлпарларын ардақтап, олардың өмірі мен өнерін сүйіспеншілікпен жырлағандығын атақты өнер иесі Ш.Қалдаяқовқа арналған өлеңі арқылы көрсеттік. Ұлт рухын биікке көтергендердің есімі халық арасында алтын әріптермен жазылып, ұрпақтан – ұрпаққа мадақталып жете беретіндігін ақын Мұхтар нықтап айтады. Әрбір жанның да, жастың да ұлттық қасиетті қастерлеу міндеті екендігін таныта түскен ақын өзі оның алдыңғы шебіндегі үлгі тұтар биік тұлға.

«Өркениеттің адасуы» атты романы рухсыз білімнің зиянын даналықпен айтқан шығармалар қатарынан орын алады. Адам баласының өмір кешуімен бірге оның желбіреген жалауы болған ұлы қасиеттер, ар – намыс, әділеттілік, қайрымдылық, инабаттылық тағы басқа көптеген асыл қасиеттерді ескермеу адамзатты тұңғиыққа тірейді деп ақын одан сақтандырады. Ойы терең, талғамы биік ақын мұны халқымыздың ұлы жолға беттеген қағидаларынан алып отыр.


Біз жұмысымызды ұлттық рухтың жаңа биігіне көтеріліп отырған Мұхтар Шаханов не жазса да, шындықты ойып жазатындығын атадық. Ақынның бұл даралығы, халықтың даналығын қастерлей алатындығын көрсетеді.

М.Шахановтың ой тізбектері замандас ақындардың пікірлермен үндесіп, үйлесіп отырса да ой шашырата сөз саптаулары тың көркемдік бейнелілік жасай алуы ұқсамайтындығында өзге ақындардың өлеңдерімен салыстыру барысында айқындай түсуге әрекет еттік. Ақын толғанысы ел өмірімен өзектес екенідігі Мұхтар поэзиясына тән құбылыс деуімізге болады.

М.Шахановтың ақындық табиғаты өмірдегі шындықтың понарамасы десек болады. Өйткені, ол айтылған сөз өткір ақындық қаламынан тудырған мін берден сөйлеп, көтермеген мәселе жоқ десе болғандай. Біз ойымызша, ана тілінің айбары деп танып отырған ақын туған тіліміз үшін шырылдап жан күйдіріп жүргендігін газет, журнал, өлеңдер жинағынан сүйсіне оқумен бірге ақынның жұртшылықпен кездесулерінде көзіміз көріп, құлағымызбен тыңдап жүргенімізге хат етіп жазып аламыз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында талай тындырымды жұмыстар орындап келе жатқан М.Шахановтың тіл қоғамының жұмысына жанашырлығы, оны жандандыра түсуге жан сала қызмет етіп келе жатқандығын айтқан сөздері, жазған өлеңдері арқылы дәлелдеп көрсеттік.

Халық әрқашан достықты қадірлеп ұлылылаған. Мұның тамыры тереңде екендігін тілге тиек етіп, өзге ақындардан өзгешелеу суреттеген М.Шахановтың бірнеше өлеңдерін келтірдік. Достықтың сан – салалы қырларын танытумен бірге, оған адал болудың жайттарын оқушы алдына жайып салады ақын.

Байыптай қарасақ, достық пен махаббат егіз сияқты. Жоғарыда сөз еткеніміздей, ақынның баспаған жері, бармаған тауы жоқ сияқты. Махаббатты дәріптеуші алдына жан салмайтын тарландардың бірі екенін көрсеттік.

М.Шахановтың шығармаларына тән кейбір көркемдік, бейнелілік жайттарды сөз етіп, оны қазіргі күнгі ақындардың кейбір шығармаларымен салыстыра отырып, Мұхтар ақынның өзіндік өрнектерін атап өттік.



Пайдаланылан әдебиеттер.


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана; 2006 жылғы 1 наурыз.

  2. Айбергенов Т. Аруана - бауыр дүние. - Алматы; Атамұра, 2003. - 208 б.

  3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі - (Құрастырған Ахметов 3, Шаңбаев Т) Алматы; Ана тілі, 1998. -384 б.

  4. Байтұрсынов А. Шығармалар. - Алматы; Жазушы, 1989. - 320 б.

  5. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. -Астана; Елорда, 2001.-312 6.

  6. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы; Қазақ Университеті, 2002.-352 б.

  7. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедия - Алматы; Білік, 1999. - 750 б.

  8. «Қазақ әдебиеті» газеті №26, 28.06.2002 ж.

  9. Мырзалиев Қ. II томдық шығармалар жинағы. - Алматы; Балауса,

1995.-400 6

10. Мақатаев М. Аманат. - Алматы; Атамұра, 1999. - 304 6.

  1. Молдағалиев Т. «Мұхтар Шахановқа хат» Жас қазақ үні № 27-28.

  2. «Рух-дария» газеті. № 3, 2005 ж

  3. Шаханов М. Ғасырларды безбендеу. -Алматы; Жазушы, 1988.-301 б.

  4. Шаханов М. Таңдамалы жырлар. - Алматы; Дэуір, 1992.-61 б.

  5. Шаханов М. Жаңа қазақтар. - Алматы; Білім, 2000.-224 б.

  6. Шаханов М. Эверестке шығу. - Алматы; Атамүра, 2003.-272 б.

  7. Шаханов М. Компьютербасты жарты адамдар. (Рухсыз күш формуласы) - Алматы; Атамұра. 2003.-301 б.

  8. Шаханов М. «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» - Алматы; Атамұра, 2004.-310 6.

19.Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ, 1–кітап–Алматы: Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы. 1967. – 586 бет.

20 Кәкішев Т. Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы. –Алматы: мектеп, 1961. – 341 б.

21. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. –Алматы: Жазушы, 1971. – 280 б.

22. Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар. – Алматы: Жалын, 1980. – 360 б.


23. Әбдірахманов Т. Қасым Аманжолов поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 285 бет.

24. Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын. – Алматы: Рауан, 1973. – 370 б.

25. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы: Мектеп, 1966. – 370 б.

26. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 371 б.

27. Бербдібаев Р. Әдебиет және өмір. - Алматы: Жазушы, 1964. – 341 б.

28. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Рауан, 1981. – 375 б.

29. Егеубаев А. Сыр мен сымбат. - Алматы: Жазушы, 1981. – 341 б.

30. Жәмішев Ә. Жыр жанары. - Алматы: Рауан, 1970. – 401 б.

31. Ибрагимов Т. Өлең өрісі. - Алматы: Рауан, 1979. – 280 б.

32. Кәкішев Т. Дәуір суреттері. - Алматы: Жазушы, 1967. – 370 б.

33. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе – бет. – Алматы: Жазушы, 1972. – 301 б.

34. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. – Алматы: Мектеп, 1968. – 370 б.

35. Қирабаев С. Шындық және шеберлік. - Алматы: Рауан, 1983. – 301 б.

36. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1998. – 224 б.

37. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-Алматы: Білім, 1995.–288 б.

38. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. - Алматы: Білім, 1982. – 280 б.

39. Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы. - Алматы: Рауан, 1979. – 380 б.

40. Нұрғалиев Р. Телағыс. – Алматы: Мектеп, 1986. – 301 б.

41. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. - Алматы: Рауан, 1982. – 320 б.

42. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. - Алматы: Мектеп, 1980. – 280 б.

43. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 1968. – 320 б.

44. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1992. – 320 б.

45. Тәжібаев Ә. Ойлар, толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1977. – 280 б.

46. Шәріпов Ә. Сырбай Мәуленов творчествосы.-Алматы: Рауан, 1985.–301 б.

47. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. - Алматы: Мектеп, 1962. – 315 б.

48. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы: Жазушы, 1973. – 301 б.

49. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы: Ғылым, 1990 – 280 б.

50. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Мектеп, 1977. – 280 б.

51. Мақатаев М. Жырлайды жүрек. - Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

<< предыдущая страница