shkolakz.ru 1




«Іскерлік байланыс 2012» жобасы


Өтініш формасын толтыру жөніндегі нұсқаулар




Жобаға шолу жасау


Жобаның мақсаты мен міндеттері: «Іскерлік байланыс» жобасының мақсаты - АҚШ-та іскерлік байланыстар орнатуға көмек көрсету арқылы жобаны жаңғырту және кеңейту жолымен орта және кіші бизнестің (ОКБ) мүмкіндіктері мен бәсекеқабілеттілігін арттыру.


«Іскерлік байланыс» жобасы АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) жобасы болып табылады, оны International Executive Corps (IESC) компаниясы жүзеге асырады. «Іскерлік байланыс» жобасы қазақстандық орта және кіші бизнестің (ОКБ) басшылары/аға басқарушылары үшін төмендегі бизнес салалары бойынша АҚШ-та бизнес дамыту жөнінде іскерлік сапар шегуге мүмкіндік береді:


-Денсаулық сақтау - Ақпараттық технологиялар

-Ауыл шаруашылығы/Тамақ өнеркәсібі - Көлік және логистика

АҚШ-та бизнес дамыту бойынша іскерлік сапардың ұзақтығы үш аптаны құрайды, оның ішінде бір аптасы бизнес-сала ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды, және екі апта тиісті саладағы ОКБ-тің ықтимал американдық әріптестерімен кездесуді қамтиды. Іріктеу комитеті, USAID және IESC сапарға қатысушылар, оның ұзақтығы мен мазмұны жөнінде соңғы шешім қабылдайды. Іскерлік тағылымдама конкурсына тек Туран ПРОФИ немесе Назарбаев университеттерінде тренингті аяқтаған ОКБ өкілдері ғана қатыса алады. Қатысушылар бағдарлама аясында іскерлік сапарға бөлінген барлық үш апта бойы оларға таңдалған қалаларда барлық сабақтар мен іс-шараларға қатысулары тиіс. 50 шақты ОКК өкілдері 2012 жылы АҚШ-та өтетін тағылымдамаға қатысуға іріктелініп алынады. Қатысушылар өздері кездесуді қалайтын американдық компанияларды ұсына алады, және өзінің бұл компанияны таңдауын ұйымдастырушыларға түсіндіреді. Алайда, бұл іріктеу талабы немесе критериі болып саналмайды. Ұйымдастырушылар кез келген жағдайда да барлық топ үшін тиісті бағдарлама құрады, және жекелеген қатысушылардың әріптестер бойынша тілектерін қабылдауы, немесе қабылдамауы мүмкін.



Жоба шарттарына және «Іскерлік байланыс» жобасына қатысуға қажетті J-1 визасының міндетті ережелеріне сәйкес, қатысушылар сапар бағдарламасы аяқталған соң туған елдеріне қайта оралулары тиіс. Сапарға қатысушылар кез келген жағдайда да визаны ұзартуға немесе оны басқасына (мысалы, J1-ден F1-ге) ауыстыруға құқықсыз. Ешқандай артықшылықтар жасалынбайды.


Кәсіби тренингтер

Сала ерекшеліктеріне сәйкес тренингтік компонент: Бағдарламаға қатысушылар олардың кәсіби мүдделері және қажеттіліктерімен байланысты тренинг түріндегі бір апталық кәсіби дайындықтан өтеді.


Іскерлік байланыстарды дамыту жөніндегі тәжірибелік компонент: кездесулер, дөңгелек үстел аясындағы пікірталастар, көрмелер мен семинарларға қатысу қатысушыларға кәсіби тәжірибе алуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Қатысушыларға қазақстандық фирмалар мен американдық компаниялар арасында сату келісім-шарттарын; жабдық сатып алу және технологиялар ұсыну келісім-шарттарын, лицензиялық келісімдер жасауға немесе бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндіктер жасалынады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қатысушылардың кандидатуралары нәсілдігі, діні, ұлттық тәнділігі, физикалық шектеулері немесе жынысы ескерусіз қарастырылады.

«Іскерлік байланыс» жобасына қатысу конкурсы кез келген келесі тұлғалар үшін ашық:


  • Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған ықтиярхаты бар тұрақты тұратын резиденті;

  • Бағдарламаның басты салаларының ОКБ бас иегері/басшысы немесе аға менеджері/қазақстандық ОКБ-де шешім қабылдайтын тұлға;

  • Өтініш формасын қосымшаларымен бірге конкурстық құжаттарда көрсетілген мерзім ішінде электрондық түрде ұсынған;

  • АҚШ-қа 2012 жылдың көктемі немесе жазында баруға мүмкіндігі бар;
  • американдық J-1 визасын алуға және оның шарттарын орындауға мүмкіндігі бар.



Келесі тұлғалар «Іскерлік байланыс» жобасына қатыса алмайды:


  • АҚШ азаматтары және АҚШ-та қоныстануға арналған ықтиярхаты бар тұлғалар;

  • АҚШ азаматтарының және АҚШ-та қоныстануға арналған ықтиярхаты бар тұлғалардың жұбайлары;

  • Жақын арада АҚШ-та өткізілген академиялық, зерттеу және оқыту бағдарламаларына қатысқан тұлғалар;

  • Жақын арада Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұрған немесе жұмыс істеген тұлғалар;

  • Соңғы 6 ай ішінде АҚШ үкіметі (соның ішінде, АҚШ елшілігінің ақпараттық агенттігі/қоғамдық қатынастар бөлімі немесе АҚШ-тың өзге мемлекеттік агенттіктері) қаржыландырған немесе құрған бағдарламаларға қатысқан және бағдарламаға қатысқан соң тұрақты тұратын елде екі жыл тұру міндеттемесін орындамаған тұлғалар;

  • Соңғы үш жыл ішінде АҚШ-та қоныстануға арналған ықтиярхатқа құжаттар тапсырған тұлғалар;

  • GIZ жүзеге асырған «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша Германияға барған немесе 2012 жылы баруға іріктелген тұлғалар (назар аударыңыз: егер сіз қатысуға өтініш беріп, өтпей қалсаңыз, өтіп, бара алмасаңыз, немесе өтініш беріп, оның нәтижесін білмесеңіз, сіз USAID бағдарламасына да өтініш бере аласыз – сізге шектеу болмайды). Кезекті GIZ іріктеу нәтижелерін 2012 жылғы қаңтар айының ортасында жариялау жоспарлануда. Егер Сіз Германияға баруға іріктелгендердің тізімінде болып, қатысатыңызды растасаңыз, сіз USAID жоспарына қатысудан шығарыласыз.



ЭДСМ/кәсіпкерлікті дамыту комитеті және IESC өтініш формасына енгізілген барлық мәліметті тексеруге құқықты. Мәліметтер сәйкес келмеген немесе сенімді емес мәлімет ұсынылған жағдайда, өтініш дереу жарамсыз болып саналып, өтініш берушінің конкурсқа қатысуы тоқтатылады.


Жоғарыда көрсетілген қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтініштер іріктеуге қатысуға жіберілмейді

«іскерлік байланыс» жобасы қатысушыларға көмек көрсетіп, келесі шығындарын өтейді:




  • J-1 визасын алуға қолдау көрсету (назар аударыңыз: соңғы шешімді АҚШ консулдығы қабылдайды және ол жобаға тәуелді емес);

  • Бағдарламаның күн тәртібімен байланысты АҚШ аумағында сапар шегу;

  • Қайғылы жағдай және кенеттен ауруға қатысты сақтандыру;

  • Сапар алдында бейімдеуді ұйымдастыру;

  • Кәсіби желі мен әріптестік құру мүмкіндіктерін ұйымдастыру;


Өтінеміз, жобаның келесі шығындарды өтемейтінін ескеріңіз:

  • Қазақстаннан АҚШ-қа және кері бағыттағы авиаұшулар (халықаралық авиаұшулар Қазақстан үкіметімен қаржыландырылады);

  • Іріктеу сұхбатына және Астана қаласында өтетін кету алдындағы бейімдеуге қатысу шығындары (Астанада тұрмайтын қатысушылар Астанаға өздері жетіп, кету алдындағы бейімдеуге қатысу үшін бір немесе екі күн өз есептерінен Астанада болулары тиіс).


«Іскерлік байланыс» жобасы отбасы мүшелеріне/асырауындағы адамдарға қаржылық көмек көрсетпейді және отбасы мүшелерінің/асырауындағы адамдардың қатысушыларға еріп жүрулеріне мүмкіндік бермейді.


Іріктеу процесі және іріктеу критерийлері


«Іскерлік байланыс» жобасына қатысу тең құқықты және ашық сайыс негізінде өтеді. Конкурс шарттарына сәйкес келетін барлық өтініштер тиісті бизнес саланың сарапшылары, Вашингтондағы, Колумбия округі, IESC волонтерлері тобымен қарастырылады. Іріктеліп алынған жартылай финалистер құрамына USAID, ЭДСМ/Кәсіпкерлікті дамыту комитеті, VEGA/IESC өкілдері, тренингтік бағдарламалар (Туран ПРОФИ, Назарбаев Университеті) мамандары, ұлттық банктер мен сала мамандары кіретін комиссиямен Астана қаласына сұхбатқа қатысуға шақырылады. Конкурс финалистері мен альтернативті кандидаттар өтініш-формаларға шолу жасау нәтижелері, сұхбат нәтижелері және конкурсқа қатысушылардың сапардан күтілетін нәтиже жөніндегі презентациялары негізінде іріктеліп алынады.

IESC қызметкерлері әкімшілік қолдау көрсетеді және конкурстың ақырғы жеңімпаздарын таңдамайды. Барлық өтініш берушілерге іріктеу нәтижелері 2012 жылғы көктемнің басында хабарланады. Жобаға қатысушылардың 2012 жылғы наурыз-сәуір айларында сапарға қатысуға мүмкіндіктері болуы тиіс. Алынған өтініштердің көлеміне байланысты, IESC бағдарламаға қатысуға іріктеуден өтпеген қатысушыларға дербес түсіндірмелер жіберуге мүмкіндігі болмайды.



Іріктеу комиссиясы өтініштерді бағалау үшін келесі критерийлерді (кезектілігі маңызды емес) қолданады:


  • өтініш берушінің АҚШ-та бизнес мәмілелер жасау бойынша әлеуетін көрсететін бизнес-жоспар;

  • ұйымдастыру қабілеті;

  • тиісті тәжірибе;

  • көшбасшы әлеуетін көрсету;

  • бағдарлама аяқталған соң Қазақстанға оралу міндеті және өз қауымдастығымен бағдарлама нәтижелерімен бөлісуге дайын болу;

  • халықаралық іскерлік байланыстарға және өнім, қызмет, технологияларды сатып алуға/сатуға дайын болу;

  • әріптестікті дамыту үшін инвестиция тартуға дайын болу және қабілетті болу;

  • компанияны дамыту жоспарының болуы;

  • компанияның іскерлік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы түсіну және хабарлы болу;

  • компанияның оң даму динамикасы;

  • «Іскерлік байланыс» жобасын АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі мен Қазақстан үкіметі қаржыландыратын болғандықтан, Германия немесе АҚШ-та іскерлік тағылымдама өту тәжірибесі жоқ қатысушыларға басымдылық берілетін болады.



ӘЛЕУЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР: өтінеміз, назар аударыңыз, өтініш формасында әлеуетті бизнес байланыстарды көрсетпеген финалистер жоба ұсынған бизнеспен байланысын дамытуға мүмкіндік алады. IESC талапкердің кәсіби қызығушылықтарын, саласы мен даму әлеуетін ескере отыра ең үздік әріптесті таңдауға тырысатын болады. Әр өтініш беруші үшін жоба аясында тиісті сала бойынша артықшылықты/кемшіліксіз әріптес таңдау мүмкін емес, сондықтан өтініш берушілер жоба ұсынған бизнесті дамыту сапары бағдарламасын қабылдауға дайын болулары тиіс.

«Іскерлік байланыс» жобасы сапар бағдарламасын өтініш берушілердің өтініштерде көрсеткен ақпараттары, бағдарламаға қатысуын негіздеу, сондай-ақ топтың жалпы құрамы бойынша құратын болады.


ӨТІНІШ ФОРМАСЫНА ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
  • Өтініш формасының БАРЛЫҚ сұрақтарына Ағылшын, Қазақ немесе Орыс тілдерінде жауап берулеріңізді өтінеміз;


  • Өтініш формасының екінші бетінен бастап әр беттің жоғарғы бөлігінде (жоғарғы колонтитул) өзіңіздің толық атыңыз бен туған күніңізді жазыңыз;

  • Өзіңіздің толық ресми атыңызды жазыңыз. Өз фамилиянызды алдымен өзіңіздің халықаралық төлқұжатыңызда жазылғандай етіп жазыңыз. Төлқұжатқа қойылатын талап: виза алу үшін кем дегенде үш таза беттің болуы, төлқұжаттың мерзімі виза күні аяқталғаннан кейін 6 ай бойы әрекетте болуы тиіс (сапардың 2012 жылдың көктемі немесе жазында болатынын ескере, төлқұжаттың жарамдылық мерзімі кем дегенде 2012 жылдың қысына дейін болуы тиіс), Егер Сіздің төлқұжатыңыз осы талаптарға сәйкес келмесе, Сіз Сіздің құжатыңыздың уақытылы жаңартылуына жауаптысыз. Егер Сіз өтініш формасын ағылшын тілінде толтырсаңыз, өз атыңызды аудармаңыз, оны Сіздің төлқұжатыңызда латын әрпімен жазылғандай етіп жазыңыз (мысалы, төлқұжатыңызда Mariya деп жазылса, Mary деп емес, Mariya деп жазыңыз);

  • Толық байланыс ақпаратыңызды көрсетіңіз (мекен-жай индексі мен әр телефон нөмірі үшін қала/аймақ кодын көрсетіп). Егер Сіз өтініш формасын ағылшын тілінде толтырсаңыз, көше, қала атауларын ағылшын тіліне аудармаңыз, тек ағылшын транскрипциясында жазыңыз (мысалы, Проспект Мира Peace Avenue деп емес, prospect Mira деп жазылуы тиіс);

  • Өтініш формасының графаларын толтырусыз қалдырмаңыз. Егер сұрақтың сізге қатысы болмаса немесе оған қажетті ақпарат/жауап болмаса, МӘЛІМЕТ ЖОҚ деп жазыңыз;

  • Барлық формалар мен қосымша материалдар басылып шығарылған болуы тиіс (егер бұл мүмкін болса) және өтініш формасына қоса берілуі тиіс. Қолмен жазылған материалдар қара сиямен баспа әріптермен мұқият жазылған және сканерленген болуы тиіс. Өтініш формасы компьютерде басылуы тиіс. Өтініш формасы тек электрондық пошта бойынша MS World форматында қабылданады.



Өтініш формасы бойынша қосымша сұрақтар мен нұсқаулар:



• Барлық сұрақтарға жауап берулеріңізді және барлық қажетті құжаттарды қоса берулеріңізді өтінеміз.


ЕСКЕРТУЛЕР:


  • Жартылай финалға шыққандар интервью кезінде өтініш формасының түпнұсқаларын компания басшысы қол қойған және мөр басылған қосымшалармен бірге ұсынуға міндетті;

  • Жартылай финалға шыққандар интервью кезінде олардың бизнестерінің тіркеу құжаттары мен халықаралық төлқұжаттарының куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті.




ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ФОРМАСЫ

«Іскерлік байланыс» жобасына мәлімдеме берудің соңғы мерзімі 2012 жылғы 15-шы қаңтар, жексенбі, сағат 23:00. Өтініштер электрондық нысанда жасалынып, электрондық пошта бойынша IESC-дың Астанадағы өкілдігінің Kazakhstan@iesc.org мекен-жайына жіберілуі тиіс. Өтініштерді IESC-дың Вашингтон, Колумбия округындағы кеңсесіне немесе Қазақстандағы ЭДСМ-не жібермеңіздер. Пошта немесе факс арқылы жіберілген өтініштер – қабылданбайды. Өтініштер өтініш берушіге қайтарылмайды.


Претенденттер өтінішті электрондық форматта жіберуі тиіс. Претенденттер өтініштің көшірмесін өзінде сақтап қоюы тиіс. Әр өтініш тек бір рет және келесі тәртіпте ұсынылуы тиіс:

  • Өтініш формасы (интервьюде қол қойылған және мөр басылған құжат);

  • Түйіндеме/CV

  • Бизнес туралы ақпарат;

  • Бизнес-жоспардың қысқаша мазмұны (қазақ және орыс тілдерінде 2 бет, сондай-ақ олардың ағылшын тіліне аудармасы);

  • Халықаралық төлқұжаттың көшірмесі, егер болса (интервьюге);

  • Компанияның тіркеу құжаттарының көшірмесі (интервьюге).



Өтініш формалары

Kazakhstan@iesc.org

электрондық поштасы бойынша жіберілуі тиіс

және егер өтініш берушінің кез келген сұрақтары болса,

мына байланыс ақпаратына жүгінуіне болады:



International Executive Service Corps

Астана, Қазақстан, 010000

Иманов к-сі, 13

202 кеңсе

Тел/факс: +7 (7172) 73-12-33

Эмейл: Kazakhstan@iesc.org


DAMU

Қонаев даңғылы, 12/1

010000, Астана, Қазақстан

Тел: + 8 (7172) 576-332

Факс: + 8 (7172) 500-820

Email: Aibek.Akhanov@fund.kz



«іскерлік байланыс» бағдарламасы аясында 2012 жылғы іріктеу және іскерлік тағылымдама күндері


15 қаңтар Іріктеуге қатысуға өтініш беру мерзімі


2012 қаңтар Түскен өтініштерді қарастыру және жартылай финалға шығатындарды іріктеу


Қаңтардың соңы Жартылай финалға шыққандарға хабарлау, интервью күнін белгілеу


Қаңтардың соңы/ақпан Жартылай финалға шыққандармен интервью жүргізу


Ақпанның екіншісі жартысы Финалға шыққандар мен альтернативті кандидаттарды жариялау


Наурыз Тағылымдама алдында бейімдеу, Астана


Наурыздың ортасы/сәуір Вашингтондағы жұмыс кездесуі, тренинг аптасы


Наурыздың ортасы/сәуір Екі апталық тағылымдама/әлеуетті әріптестермен жолығу


салалар мен әлеуетті әріптестердің суреттемесі

Әр басымдықты саланың жалпы суреттемесі төменгі мәтінде көрсетілген. Бұл ақпарат анықтама ретінде ұсынылады.




Қатысушылар келесі жәйттерге назар аударуы тиіс:



  • АҚШ-тағы әлеуетті қабылдаушы бизнес-компаниялар Қазақстандағыдан өзгеше\әртүрлі салалардан болуы мүмкін;

  • Бірқатар жағдайларда бизнес саланың/ішкі саланың атауы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығы/мал шаруашылығы саласы бойынша өтініш берген талапкерлер, егер олардың мүдделеріне сәйкес болса, ауыл шаруашылығындағы логистика бойынша қызығушылық танытуы мүмкін;

  • Бизнесті дамыту сапарына қатысушылар мен АҚШ-тағы әлеуетті әріптестердің мүдделері арасында дәлдікті қамтамасыз ету көптеген факторлар бойынша, соның ішінде қатысушының өтініш формасында ұсынған бағдарлама күн тәртібінің құрылуына ықпал етуі мүмкін ақпарат бойынша, мүмкін болмауы ықтимал.


Егер өтініш берушілер әлеуетті әріптестері мен олардың мүдделерін интернеттегі ақпарат, баспа материалдары немесе өзге ақпарат көздері арқылы жете зерттейтін болса, құпталады.


Өзіңізді қызықтыратын сала мен дәлірек ішкі саланы (мүмкін бірнешеуін) таңдаңыз және өтініште қажетті жерде оны көрсетіңіз. Іріктеу комиссиясы таңдалған бизнес ішкі салаларын, өтініш берушінің мүдделері мен оның таңдалған салада табысқа жету қабілетін өте мұқият қарастырады.


«Денсаулық сақтау»

соның ішінде, медициналық қызметтер/консультациялар/диагностика, дәрі-дәрмектер өңдірісі, фармацевтика, қашықтық диагностика, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және өзгелер.


«Ауыл шаруашылығы»

соның ішінде, фермерлік шаруашылықтарды дамыту, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, май шығару; үй ірі-қарасы; нан өнімдері; дәнді-дақылдық өнімдер, биотыңайтқыштар, паразиттермен күрес, жылдық бағбаншылық; тұрақты бағбаншылық, ауыл шаруашылығын басқару, агрономия, егінді жинаудан кейінгі өңдеу, ветеринарлық және өзгелер.


«Тағам индустриясы»

соның ішінде, тағам өнімдерін өңдіру, орау, сапасын сақтау және тағамдарды сақтау, жаңа тағам өнімдерінің түрлерін дамыту, ет-сүт өнімдері, нан-тоқаш/дәнді өнімдер, жемістер және көкөністерді өңдеу, және т.б.


«Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар»

соның ішінде, ақпараттық қауіпсіздік, жаңа медиалар, желісіз байланыс, қашықтан оқыту технологиялары, ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету, электрондық коммерция жүйелері және өзгелер.


«Көлік және логистика»

соның ішінде, в т.ч. көліктік қауіпсіздік, теңіз/теміржол және авиа тасымалдар, жеткізу қызметі, пошта қызметі, қоймаландыру, жүктерді алып жүру, жолаушылар және жүк тасымалдары, жеткізу тізбектерін басқару жүйелері және өзгелер.

Тарату және көшiрмесiн алу үшiн өтініштiң формасы тегiн


Тапсыру мерзiмi: 2012 жылғы 15-шы қаңтар, жексенбi, сағ.23.00 дейін