shkolakz.ru 1 2 3 ... 5 6

1.6 Есептің мазмұны

Зертханалық жұмыстар орындалғаннан кейін есеп жазып, студент оқытушы алдында қорғайды.

Есепте болу керек:

1) өңделетін тетіктердің берілген тапсырма бойынша нобайлары (2 тетікке) және оларды өңдейтін графтары;

2) есептелген қозғалыстардың кестесі.

Нобайлар мен графтар сызбалары анық және сызба стандарттар бойынша жасалулары абзал. Қозғалыстар 1.1 кесте ретінде жасалады.


1.7 Техника қауіпсіздігі

Пән бойынша зертханалық жұмыстар алдында студенттер техника қауіпсіздігінің ережелерімен танысулары тиіс.


1.8 Бақылау сұрақтары

1) басқару бағдарламаны жасағанда өңдеу граф қандай роль атқарады;

2) өңдеу графта қыр және ұш реттерінде не есептеледі;

3) неден өңдеу граф тұйық және бағыталған;

4) графта қашықтық деген не және оның мағынасы қандай;

5) абсолюттік және қатыстық координат жүйелерді қолданғанда өлшемдік мәліметтер нені анықтайды;

6) абсолюттік және қатыстық координат жүйелерді қолданғанда өлшемдік мәліметтердің бағыт белгілерін қалай таңдайды.


2 зертханалық жұмыс. Басқару бағдарламаларда мәліметтерді кодтау


    1. Жұмыс мақсаты: бағдарламаны тасымалдаушы перфотаспамен танысып онымен жұмыс істеу тәжірибесін алу.




    1. Жалпы түсініктер

Басқару бағдарлама деп программалау тілінде жазылған бұйрық жиынтығын атайды. Бұл жинақтар білдектің тетікті өңдеуде жұмыс атқару алгоритміне сәйкес. Басқару бағдарламаларда түрлі көп мәліметтер жазылады: кесу құралдың қозғалу траекториясы, қозғалыстардың бағыттарымен мөлшерлері, қозғалыстар жылдамдығы, айналдырықтың айналу жылдамдығы, кесу құралдардың ауыстыру кезеңдері, сүытқышты қосу – тоқтату, түзетілмелерді енгізу-шығару тағы басқа.

Басқару бағдарламаның жалпы құрылымы 2.1 суретте көрсетілген.


Бағдарламаны жазу ережелерімен танысу символдарды кодтау әдісінен, олардың мағынасымен, сөздерді, кадрларды, кіші бағдарламаларды, бүкіл бағдарламаны құрастыру ережелерінен бастау жөн.


2.2.1 Символдар және оларды кодтау әдістері

Символ бағдарламаның бөлінбейтін-құрылым элементі ретінде есептеледі. Басқару бағдарламаларда мұндай символдар қолданылады:

1) цифрлер 0ден 9 дейін;

2) латын әріптері А, В, С, D...... жалғас;

3) ерекше графикалық символдар – «+», «-», «%», «/», және басқа.

Символдарды кодтау бағдарламаны тасмаулдауыштың жеті жолында биттерді қиыстыру арқылы жасалады (2.2 сурет). Бит – мәліметтер өлшем бірлігі.



Басқару бағдарлама

Кіші

бағдарламалар

Кадрлар

Сөздер

Символдар

2.1 сурет






2.2 сурет




Әрбір көлденең жолдардың және мәлімет жолдарының қиылысында бір бит мәлімет орналасады. Бір кодтау тесігі 1-ге тең, ал тесік болмаса, онда 0-ге тең. Бағдарламаны тасымаулдауышта жеті жолы бар сондықтан бит қиыстыруы.

26+25+24+23+22+21+20 = 127+1=128, (0-нольдік комбинация).

128 кодтау орынға кодтау кесте жасалды,онда .8 тік жол номірлері 0ден 7 дейін және 16 көлденең жол 0-ден 15 дейін. Олардың ішінде 0 және 1 жолдар 32 басқару символдарға арналған, 2-7 жолдар 96 графикалық символдарды орналастыруға арналған. Кодтау кестенің әрбір орны екі санмен көрсетіледі X/Y, мұнда X – тік жолдың нөмірі, Y – көлденең жолдың номірі (2.3 сурет).



2.2.2 Басқару бағдарламаның кадр сөзі

Сөз басқару бағдарламаның кадрының құрамындағы бір бөлігі, онда өңдеу үрдісіне тиісті параметрлер және басқаруға қажетті басқа мәліметтер бар.

Әр сөз құрамында

– мекен-жай (латын әрпі);

– математика белгілері – «+», «-» керек жағдайда;

– цифрлар.

Символдардың құрылымымен олардың сөзде орналасу реті сөздің форматы деп аталады.

Мысалы, N2, G2, M2, T3, X33, Z+0.4S03.1

Сөзде бірінші символ ол адрес. Екінші символ ол математика белгілері. Егер форматта математика белгілер көрсетілсе, онда олар міндетті түрде жазылады, егер форматта «+» көрсетілсе, онда оны көрсетпеуге болады; тек «–» бағдарламада жазылады.

Сөздің сандық бөлігі үш цифрдан болуы мүмкін. Егер бірінші цифр «0» болса, онда бағдарламада сандық мәліметтерді жазғанда маңызсыз нольдерді жазбауға болады. Формат бойынша бір ғана цифр болуы мүмкін.

Мысалдар:

Сөз форматы Бағдарламада жазу

G2 G01, G17, G80

X±33 X+046100, X-003450

Z+043 Z23.5, Z-486.35





2.3 сурет

Басқару бағдарлама кадрының сөзіндегі мекен-жай сол мекен-жайдың соңында тұрған сандардың мәнін білдіреді.

Әрбір мекен-жай - символдың стандартқа сәйкес белгілі мәні бар. Ол мәндер қатаң, сондықтан өзгермейді.

F – беріліс функциясы;

G – дайындау функциясы;

I, J, K – X, Y, Z осьтерге қатысты интерполяция параметрлері;

M – көмекші функция;

N – кадр номері;

S – басты қозғалыстың функциясы;

T – кесу құралының функциясы;

P, Q, R – X, Y, Z осьтеріне параллель үшінші қозғалыстардың ұзындығы;


U, V, W – X, Y, Z осьтеріне параллель екінші қозғалыстардың ұзындығы;

X, Y, Z – X, Y, Z осьтер бағытында бірінші қозғалыстардың ұзындығы.

Келесі мекен-жайлар төменде көрсетілген мағынада не сандық бағдарламамен басқаратын құрылғының жобалаушымен тағайындаған мағынаны атқаруы мүмкін:

А, В, С – X, Y, Z осьтеріне қатысты бұрылу бұрыштары;

D – кесу құралдың екінші функциясы (түзету);

Е – берілістің екінші функциясы (тез қозғалу);

H, I, O – резерв мекен-жайлар, олар әр мағынада қолданулары мүмкін.

Басқару бағдарлама кадрларының барлық сөздері екі топқа бөлінеді: өлшемсіз және өлшемді. Өлшемсіз сөздерге мекен-жайдан кейін номерді көрсететін цифрлер, код, не қозғалыстан өлшемдері басқа мәндер (беріліс жылдамдығының өлшемі, айналдырықтың айналуы және басқа) жатады. Жиі мына өшемсіз сөздер қолданылады:

– кадр нөмері (N001, N002 ….);

– дайындау функциясы (G01, G02 ….G39);

– көмекші функциясы (М01, М02 ….М99;

– басты қозғалыстың жылдамдығы (S12, S-250.5, S1-450 ….);

– кесу құралдың номері (Т03, Т15 ….).

Дайындау және көмекші функциялардын мағыналары стандартпен тағайындалған. Дайындау функция сандық бағдарламамен басқаратын құрылғының жұмыс режімін көрсетеді: түзету түрлері, нольді жылжыту, тұрақты айналымдарды жұмысқа қосу, басты қозғалыспен беріліс жылдамтықтарының өлшемдерін және басқа. Көмекші функциялармен білдектің әрбір жүйелері мен механизмдерінің жұмыстары басқарылады: тоқтау, бағдарламаны жұмысқа қосу және басқа.

Өлшеді сөздерге, мекен-жайдан кейінгі цифрлар білдектің жұмыс мәрімі қозғалыстарының өлшемін (мысалы, бұрылу бұрышы). Қозғалыс өлшемдері мм, градус, радиан, дюйммен көрсетіледі.

Әрбір сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғының сөздерді жазу: бағдарламаны жазу ерекше ережелері болады.


2.2.3 Басқару бағдарламаның кадры

Кадр басқару бағдарламаның құрамындағы бөлік, ол сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғыға біртұтас енгізіледі және жұмысқа қосылады. Кадр номермен басталады және соңында ПС кадр соңы деген символмен аяқталады. Кадр номері мен ПС символ арасында мәліметтер орналасады. Басқару бағдарламаларда жазылатын кадрлардың сөздерінің құрылымы, олардың орналасуы; және сөздер санын кадр форматы анықтайды. Әрбір сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғының форматы мен өлшемді және өлшемсіз сөздер жазылады.


Мысалы, N03 G2 X+043 Y+043 Z+043 F031 S04 T04 M02 ПС.

Кадр форматы сандық бағдарламамен басқаратын құрылғының техникалық сипаттамасы ретінде есептеледі. Басқару бағдарламада бас кадр болады, сол кадрда бағдарламаны қайта жұмысқа қосатын мәліметтер болады. Бас кадр «:» символымен белгіленеді. Кейде басқару бағдарламада кейбір кадрлар жұмысқа қосылмайды, ондай кадрлар «/» символмен белгіленеді, бұл кадрлар «жіберіп қойылатын кадр» деп аталады.

Сандық бағдарламамен бақарылатын құрылғыларда көпте ұзындықтары өзгеретін кадрлар қолданылады. Сирек басқару бағдарламаның кадры номерден тыс бір сөзден тұрады, максимумды кадр форматын анықтайды. Сондықтан басқару бағдарламада алдындағы кадрларға ғана қатысты өзгерген геометриялық, технологиялық. Және көмекші мәліметтер жазылады. Қатаң өлшемді кадрлар тұрақты айналымдарда қолданылады.


2.2.4 Басқару бағдарламаның жалпы құрылымы

Басқару бағдарлама «%» символмен басталады. Бағдарлама басы, осыдан кейін ПС символ жазылады – Кадр соңы. Кейінгі кадрлар номерленеді. Білдекте орындалмайтын символдар ( ) символдың аралығында жазылады. ( ) символдың аралығында «%» және «:» символдар жаылмайды. ( ) символ аралығында басқару бағдарламаның номері, жобалаушының аты-жөні, білдектің моделі, тетіктің коды және басқа. Осындай мәліметтер «%» және ПС символдар арасында жазылады. Деректі сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғының басқару бағдарламасының құрамы оның форматымен анықталады алда, аталған ережелрді ұстанып және қосымша:

1) ондық нүкте көрсетілсе, ол DS символмен бағдарламада жазылып белгіленеді;

2) одан кейін кадр форматы жазылады, содан кейін формат соңы символмен белгіленеді.

Мысалы:

% :/DS N03 G02 X+043 Z+043 F05 S04 T04 M02

2.3 Зертханалық жұмыстың тапсырмасы


Бастапқы мәлімет ретінде басқару бағдарламадан нұсқамен үзінділер беріледі. Осы тапсырылған үзіндіні:

1) декодтау;

2) үзіндіні синтаксис тексеруден өткізу;

3) жазылған мәліметтерге түсініктеме жасау.


2.4 Зертханалық жұмысты орындау нұсқаулары

1) тапсырманы әр тәлімгер не тапсырмалар жинағынан өз нұсқасын дәптерге қолмен сызып түсіріп алады не мүмкіншілік болса, көшірмесін түсіруге болады;

2) перфотаспадағы – перфолентадағы мәліметті оқып декодтау керек. Перфотаспадағы мәліметтерді оқығанда мына ережелерді ұстануға болады:

– 5 және 6 жолдардағы орналасқан тесіктер цифрлар кодталғанын белгілейді;

– 7 жолда не 5 және 7 жолдарда орналасқан тесіктер латын әріптерінің кодталғанын, яғни мекен-жайлар кодталғанын белгілейді;

– 6 жолда орналаскан тесік ерекше графикалық символдың кодталғанын белгілейді;

3) декодталған мәліметтерді әрбір кадрды бөлек жазу керек. Жазу түрі:

N047 F10200 S029 T108 M104 N048 дайындайтын 01 әрі қарай.

Декодталған мәліметтерді оқып түсінік беру керек;

4) оқылған мәліметтерді синтаксистік тексеруден өткізіп барып, қателіктерді табу керек.

Қателіктер түрі:

– қолданылмайтын символ;

– сөздің форматынан тыс шығу;

– кадр форматында қателік;

– кадр соңында қателік , ПС символ жоқ;

– символдардың орналасуында қателік;

– бір кадрда үйлеспейтін дайындау G функциялардың жазылуы;

– дайындау G функцияның форматындағы (кодта) қателік;

– жұпсыз тесіктер саны.

Басқару бағдарламаның үзіндісін декодтағаннан кейін жалпы түсінік беру не өңдеу графты сызуға болады.


2.5 Тапсыратын есептің мазмұны:


    1. декодталған басқару бағдарламаның үзіндісі;

    2. табылған синтаксистикалық қателіктер;
    3. өңдеу графы.



2.6 Тексеру сұрақтары

  1. КОИ 7 кодтау кестенің жалпы құрылу принципін түсіндіріңіз;

  2. басқару бағдарламаның сөзбен кадрдың форматтары не;

  3. басқару бағдарламаның кадрларының қатаң және ауыспалы форматтары не, олар қайда пайдаланылады;

  4. G, M, T, S, F мекен-жайларға түсінік беріңіз;

  5. X/Y позицияларды кодтау кестеде қалай анықталады;

  6. өлшемді және өлшемсіз сөздер не.


3 зертханалық жұмыс. СББ Н22 – 1М құрылғысы бар жону станоктары үшін ББ жасау


3.1 Жұмыс мақсаты: СББ Н22 – 1М құрылғысымен жабдықталған жону топтағы станоктар үшін басқару бағдарламаларын жасау бойынша тәжірибелік дағдыларды алу.


3.2 Жалпы мәліметтер

СББ Н22 – 1М құрылғысы төртінші буындағы құрылғыларға жатады және СББ құрудың аппараттық құрылымынан ЭЕМ құрылымына әрекетті болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін осы СББ құрылғылар пайдалануда болады, осы құрылғылардың сипаттық ерекшеліктері: сөздің қатты форматы; бас қозғалыс жылдамдығы мен беріліс жылдамдығын программалаудың кодтық әдістері; өлшемдік ақпаратты программалау кезінде координаттың салыстырмалы жүйесін артық пайдалану; орын ауыстыру, аспап өлшемдеріне түрлі түзетулерді енгізу әдістері; ББ бағдарлама тасушы – перфолентадан артық енгізу және т.б. Бірақ ББ жалпы құрылымдық құруы мағыналы дәрежеде СББ құрылғыларының кейінгі буындарға сәйкес келеді, және де СББ құрылғының түрі мен станок түріне тәуелді емес. Сол уақытта да станоктық құрылымдық ерекшеліктері, оның технологиялық мүміндіктері, СББ құрылғының сәулет құрылуы басқару бағдарламасында түрлі ақпаратты көрсетудің ерекшеліктерін ғана анықтайды. Сондықтан осы ерекшеліктерді тез оқу мен меңгеру мақсатында келесі жүйелілікті ұстану жөн:

1) пайдаланатын мекен-жайлар, олардың тағайындалуы, сөздер форматтары мен ББ кадрының форматымен танысу;

2) пайдаланылатын даярлау және қосымша функциялармен; оларды ББ енгізу ерекшеліктерімен танысу;


3) жалпы ББ құрылу ерекшеліктерімен танысу.

Мұндай жүйелілікте осы және келесі зертханалық жұмыстарда сәйкес материал мазмұндалады.


3.2.1 Мекен-жайлар мен сөздердің форматтары

СББ Н22 – 1М құрылғыда келесі мекен-жайлар мен сөздердің форматтары пайдаланылады:

N3 – ББ кадрының номері;

G2 – даярлау функциясы;

M3 – қосымша функция;

F5 – беріліс жылдамдығы;

S3 – айналдырықтың бас қозғалысының жылдамдығы;

T3 – аспап номері;

L2 – түзетушінің номері;

– X, Z осьтері бойынша орын ауыстыру;

– X, Z осьтері бойынша интерполяция параметрлері;

D6 – кесілетін бұранда қадамы.

X, Z, І, К мекен-жайлары бар сөздерде үш форматтарды пайдалануға болады: қысқартылған – төрт дәрежелі саны; қалыпты – бес дәрежелі сан және ұзартылған – алты дәрежелі санмен.

ББ кадры форматының түрі келесідей болады:

N3 G2 X ± 4..6 Z ± 4..6 I + 4..6 K + 4..6 D6 F5 S3 T3 M3 L2


3.2.2 Даярлау функциялары

СББ Н22 – 1М құрылғыларда келесі даярлау функциялары пайланылады:

G01, G10, G11 – сызықтық интерполяция режімі;

G02, G20, G21 – сағат тілі бойынша шеңберлік интерполяция режімі;

G03, G30, G31 – сағат тіліне қарсы шеңберлік интерполяция режімі;

G04 – өңдеудегі үзіліс;

G25 – станоктың жұмыс органын (құралкүймешік, күймеше) нольдік күйге қайтару;

G26, G27 – өлшемдік ақпаратты сәйкесінші салыстырмалы және абсолютті координаттар жүйелерінде программалау;

G33 – бұранданы кескішпен кесу режімі;

G40 – басқару пультынан енгізілген түзетуді жою;

G58 – станок «нолінің» жылжуы, оның шамасы басқару пультынан енгізіледі.


G10, G20, G30 даярлау функциялары өлшемді сөздердің ұзартылған форматтарды пайдалануды белгілейді; G11, G21, G31 – қысқартылған форматтар, ал G01, G02, G58 функциялары – қалыпты өлшемдер.

G25, G33, G58 функциялары сөздердің тек ұзартылған форматтарын пайдалануды жібереді.

ББ даярлау функцияларын енгізу кезінде олардың әрекет ету уақыты мен енгізу тәсілін ескеру қажет:

1) сызықтық және шеңберлік интерполяция режімін анықтайтын даярлау функциялары бағдарламаға жеке кадрмен немесе M, T, S, F мекен-жайлары бар сөздерді құрайтын кадрмен, сонымен бірге геометриялық ақпаратпен X, Z, I, K енгізіле алады. ББ енгізілген қандай да бір даярлау функцияның әрекет ету уақыты ББ басқа G функцияны – осы топтың функциясын енгізуге дейін таралады. Осы G функцияларының қайта енгізуін G25 және G33 функцияларынан соң жасау жөн;

2) G04 және G25 функциялары ББ кадрының кез-келген жерінде енгізіледі, ал олардың әрекет ету уақыты осы кадрды өңдеу уақытымен шектелген;

3) G33 функциясы ББ әрбір кадрында бұранда кесудің геометриялық ақпаратымен бірге енгізілед;

4) G40 функциясы жеке кадрмен L мекен-жайы бар сөздің алдында енгізіледі;

5) G58 функциясы жеке кадрмен енгізіледі;

6) G26 және G27 функциялары ББ бірінші кадрында технологиялық ақпаратпен бірге енгізіледі.



<< предыдущая страница   следующая страница >>