shkolakz.ru 1 ... 2 3 4 5 6

4.6 Тапсырылатын есептің мазмұны

Жасалған бағдарлама тиісті құжатқа толтырылып тапсырылу керек: мүмкіндік болса бағдарлама тасымалдаушыға жазылады.


4.7 Тексеру сұрақтар


  1. Z осіне қатысты түзету қандай қателікті қайырады;

  2. X және Y осьтерге қатысты түзетүлер қандай қателіктерді қайырады;

  3. жонғыштың радиусына қатысты түзету қандай қателік түрін қайырады;

  4. сандық бағдарламамен басқаратын құралдың тең қашықсыз бағдарламаны жасауға қандай мүмкіншіліктері бар;

  5. жонғыштың радиусына түзету енгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар қалай анықталады.

5 Зертханалық жұмыс. 2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған жону білдекке басқару бағдарламаны жасау


    1. Жұмыс мақсаты: 2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған жону білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.




    1. Жалпы түсініктер

2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғылар құрылымы электрондық есептеуіш машиналар тәрізді құрылғылар. Бұл құрылғының ерекшелігі – кеңейтілген мекен-жайлар саны, сөздің иілгіш форматы; тұрақты айналымдарды бағдарламалау мүмкіншілігі, түзетүлерді (коррекцияны) енгізуді бағдарламада жасалмауы және басқалар. Сондықтан осы аталған ерекшеліктер басқару бағдарламаны тетіктің сызбасынан жасауға мүмкіншілік берді.


      1. Мекен-жайлар және сөз форматтары

Сандық бағдарламамен басқарылатын 2Р22 құрылғыда келесі мекен-жайлармен сөздер форматтары қолданылады:

А11 – таза өңдеу әдіп, конусты бұранданың еңкіштігі, Z оське қатысты бунақ өлшемі;

В03 – белгілеген кадр номерінен бағдарламаны қайталау;

С043 – 45бұрышты қиықжиекті өңдеу;


D043 – уақытты төзу (өңдеуді кідірту);

Е – тез қозғалу;

Н3 – бағдарламаның белгіленген бөлігін қайталау саны;

L2 – өңдеу тұрақты айналым;

М2 – көмек функция;

N3 – басқару бағдарламаның кадр номері,

Р11 – кесу тереңдігі, бунақ кескіштің ені;

Q+043 – ойыңды өңдеу;

R+043 – шеңбер доғасын өңдеу;

G2 – дайындау функция;

S1 – 4 – басты қозғалыстың жылдамдығы;

T2 – кесу құралдың функциясы;

U+043 – өсімшемен бағаланатын X осіне қатысты қозғалыс (қатысты координаттық жүйе);

W+043 – өсімшемен бағаланатын Z осіне қатысты қозғалыс;

X+043, Z+043 – X,Z осьтерге қатысты қозғалыстар (абсолюттік өлшем);

F – беріліс функціиясы.


2Р22 сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғыда тұрақты айналымдарды программалағанда бекітілген пішімдер, өзгермелі ұзындықты кадрлар (тек тұрақты айналымдарсыз) қолданылады. Сөздер орналасулары әр түрлі (тек тұрақты айналымдарсыз).

Сандық мәліметтерді жазғанда маңызсыз нольдерді көрсетпеуге болады. Санның бүтін жағын ұсақ жақтан бөлетін бөлгіш тұрақты қолданылады.


      1. Дайындау функция

Өңдеу үрдістерін программалағанда келесі функциялар қолданылады:

G05 – кадр жұмысының соңында тежеу болмауы (берілісті бәсендету);

G10 – өңдеу диаметрдің өзгергенде тұрақты кесу жылдамдығын автоматты реттеу;

G11 – G10 функцияның әрекетін тоқтату.


      1. Көмекші функциялар

Өңдеу үрдістердің бағдарламаларын жазғанда мынадай көмек функциялар қолданылады:

М00 – шартсыз тоқтату;

М01 – нақтыланып тоқтау;

М02 – басқару бағдарламаның соңы;

М08, М09 – суықтаушы сұйықты қосу, ажырату;

М17 – L08, L09, L10 тұрақты айналымдарға тетіктің қарамын сипаттау соңы;


М18 – L11 айналыммен қайталанатын бағдарламаның бөлігінің соңы;

М20 – басқаруды роботқа тапсыру.


      1. Технологиялық мәліметтерді программалау

Басқару бағдарламаға басты қозғалыстың жылдамдығымен, беріліс функцияларды енгізгенде тура бағдарлама әдісі қолданылады. Яғни; F адрестен кейін берілістің шамасы мм/айн көрсетілсе, S мекен-жайымен кейін айналдырықтың айналу жылдамдығы айн/мин жазылады.

F023 сөздің пішімін ұстанса, онда максималды бағдарламау беріліс 99.999 айн/об, әрине бұл сан білдектің техникалық сипатта масындағы шамадан едәуір көп.

Берілістің шектелген сандары:

1) бойлық беріліс – 0,01 – 40 мм/айн;

2) көлденең беріліс – 0,005 – 20 мм/айн.

Бағдарланған беріліс шамасы екі X және Z осьтерге жатады. Тез қозғалыс Е мекен-жаймен программаланады; бірақ оның сандық мәні көрсетілмейді. Тұрақты түрде Z ось бойынша тез қозғалыстың жылдамдығы 7500 мм/мин, X осьте ол жылдамдық 5000 мм/мин құрайды. Басты қозғалыстың жылдамдығын программалағанда мекен-жаймен кейін бірінші цифр айналу санның ауқымын көрсетеді:

  1. 12 – 318 айн/мин;

  2. 30 – 875 айн/мин;

  3. 80 – 218 айн/мин.

Бірінші цифрдан кейінгі «+» не «-» белгілер айналдырықтың айналу бағытын анықтайды:

«+» – айналдырық сағат бағытында айналуын көрсетеді («+» белгіні жазбауға болады);

«-» – айналдырық сағат бағытынан кері айналады.

«+» және «-» белгілердең кейінгі төрт дәрежелі сан бір минутта жасалатын айналым санын анықтайды.

Т мекен-жайдан кейінгі кесу құралдың коды оның револьверлі бастиектегі орнын көрсетеді. 12 орынды револьверлі бастиекте барлығы 12 кесу құралдың орналасуы мүмкін.


      1. Геометриялық мәліметтерді программалау

X+043, Z+043, U+043, W+043, C=043, Q=043, R+043 сөздердің пішімін еске алса, онда жұмыс мәрімдердің ең көп бағдарланатын қозғалыстарының мәні 9999.999 мм, осы мән әрине 16К20 жону білдектің геометриялық және техникалық сипаттамасынан едәуір көп. X және Z мекен-жайларды қолданып жұмыс мәрімдердің қозғалыстарын абсолюттік мәнде (абсолюттік координаттық жүйеде) не U, W мекен-жайлармен өсімше мәнде программаланулары мүмкін (қатыстық координаттық жүйеде). өлшемдер өсімше мәндерде программаланса, онда «+», «-» белгілер қозғалыстардың бағытын көрсетеді, егер өлшемдер абсолюттік мәнде программаланса, онда аталған белгілер өңдеу графтың ұшының координаттық жүйенің басы – ноліне қатысты орналасуын көрсетеді. Барлық тік сызық өлшемдер диаметрге есептеліп беріледі. Санның бүтін және ондық бөлшектерінің арасындағы бөлгішті бағдарлау міндетті.


Маңызсыз нольдер көрсетілмейді. 45 бұрыштылы өңделетін қиықжиектің мәліметтері осы қиықжиектің алдындағы өңделу бетпен бір кадрда бағдарланады, бірақ онда мыналарды ұстану керек:

– қиықжиектің өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;

– қалай да болса С мекен-жайдан кейінгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады (5.1 сурет).











5.1 сурет


Ойыңды өңделсе, онда онымен қосылып өңделетін беттің геометриялық мәліметімен бірге басқару бағдарламаның бір кадрында керек мәліметтер бағдарланады, бірақ мыналарды ұстану керек:

– ойыңдының өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;

– қалай да болса Q адрестең кейіңгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады;

– ойыңды өңдегенде Z координаты бойындағы қозғалыс тек қана теріс бағытта беріледі.

Ойыңды өңдегенде бірінші қозғалыс, Z координаты бойынша өтсе, онда ойың ойыстық болады, егер қозғалыс X координаты бойынша өтсе, онда ойың дөңесті болады (5.2 сурет).






5.2 сурет


Егер қисық сызықты өңделетін бет радиусы R шеңбердің доғасымен берілсе, онда басқару бағдарламаның кадрына мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) доғаның соңғы нүктесінің X, Z координаттарын не доғаның соңғы нүктесіне дейінгі U, W қозғалыстардың шамасын бағыт белгісімен;


2) R мекен-жай, доға радиусының өлшемі және бағыт белгісі. R мекен-жайдан кейін бағыт белгісі оң болады, егер кесу құралдың қозғалу бағыты сағаттың жүру бағытымен бірдей болса, ол бағыт кері болса онда белгі де теріс болады.

Шеңбердің доғасын Z осіне қатысты кез келген бағытта өңдеуге болады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бір квадрант мөлшерінде орналасқан ғана доғаның өңделуінің бағдарламасын жасауға болады (5.3 сурет).

N1 F0.2 S2810 T2

N2 X0 E

N3 Z-24 E

N4 Z-26

N5 X21.817 W-7 R12

N6 X38 W-36 R75

N7 X32.114 W-25 R75

N8 X25 W-20 R-58

N9 X27.51 W -12 R-58

2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғыда тұрақты айналымдарды бағдарламандыру мүмкіншілік бар.





5.3 сурет


    1. Зертханалық жұмысқа тапсырмалар

Берілген тапсырма бойынша (тетіктің сызбасы, оны өңдеу графы) мынадай жұмыстар өткізілулері керек:

– 2Р22 құрылғысымен жабдықталған 16К20П жону білдегінеи тапсырылған тетікті өңдейтін басқару бағдарламаны жасау. Басқару бағдарламаны жасағанда тұрақты айналымдарды және қозғалыстарды есептеу кестедегі мәліметтерді қолданбау керек;

– басқару бағдарламаны сандық бағдарламамен басқаратын құрылғының жадына басқару аспап бетінен енгізу керек.


    1. Әдістемелік нұсқаулар және жұмысты орындау реті

Зертханалық жұмысты орындағанда мұндай ерекшеліктерді ұстану керек:
  1. басқару бағдарламаны жасағанда тетіктің тікелей сызбасымен және бұрын салынған графты қолдану керек. Есептелген қозғалыстар кестенің қажеттілігі мұнда жоқ.. Себебі сандық бағдарламамен басқаратын құрылғының дамуы бағдарламанын жасап жазуын жеңілдетеді, әсіресе дайындалу кезін;


  2. басқару бағдарламаны тікелей сызбадан жасалу мүмкіншілігінің мынадай ерекшеліктері бар:

– сөздің иілгіш пішімі, маңызсыз нольмен «+» белгіні жазбауға болады;

– сандық мәліметтер бірнеше мекен-жайлардан кейін тікелей өлшемдері не код белгілері бар және сандар бүтін жағын бөлетін бөлгіштері бар;

– абсолюттік жүйеден қатысты жүйеге және кері ауысу X, Z, U, W мекен-жайларды қолданылуымен жеңілдетілген;

– қиықжиек пен ойыңды өңдеу тиісті мекен-жайларды қолданып өңдеу бағдарламаларын жасауға болады;

– интерполяцияның параметрі ретінде шеңберлі траекторияның радиусын бағдарламандыруға болады.

  1. басқару бағдарламаның жалпы құрылымы өзгермейді. 2Р22 сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғыда нольді ығыстыру қажет емес, оның себебі білдектің басқару бағдарламамен жұмыс істелуі бастапқы нүктеден басталады. Бастапқы нүктені тағайындау ережелері өзгермейді. Басқару бағдарламаның соңында жұмыс мәрімнің ноль нүктеге кайтуын бағдарламауға да мүмкіншілік бар. Сондықтан басқару бағдарламаның бірінші кадрларында тек технологиялық мәліметтер ғана бар;

  2. басқару бағдарламада түзетулерде енгізіліп кіргізілмейді. Оның себебі түзетулер геометриялық есептерден терминалдық есептерге ауыстырылған, сондықтан аталған түзетулер басқару аспап бетінен енгізіледі білдекті реттеген кезде;

  3. кесу құралды ауыстырғанда жұмыс мәрімнің бастапқы нүктеге қайтарылуы басқару бағдарламада жазылмайды, себебі жұмыс мәрім Т – кесу құралды ауыстыру бұйрықпен өзі орнына қайтарылады;

  4. басқару бағдарлама жазылып болғаннан соң тексеруден өтеді.




    1. Бақылау сұрақтары

Сөздің иілгіш пішімі не

  1. қиықжиекті өңделуі қалай бағдарланады;

  2. ойың өңделуі қалай бағдарланады;
  3. абсолютті координат жүйесінен қатысты жүйеге жәнеткері қалай ауыстырылады;


  4. басқару бағдарламаны тікелей тетік сызбасынан жасауды қалай түсінесіз;

  5. кесу жылдамдығын қалай тұрақты түрде ұстауға болады және ол басқару бағдарламада қалай жасалады.

Әдебиеттер


  1. Балакшин Б. С. Основы технологии машиностроения. – М. : Машиностроение, 1982. – 559 с.

  2. Гжиров Р. И., Серебреницкий П. П. Программирование обработки на станках с ЧПУ. Справочник. – Л. : Машиностроение, 1990. – 592 с.

  3. Маталин А. Н., Дашевсий Т. Б., Княжицкий И. И. Многооперационные станки. – М. : Машиностроение, 1974. – 320 с.

  4. Проскуряков А. Ф., Никитина О. В. Геометрическая задача ЧПУ : учебное пособие. – Павлодар, 2005. – 235 с.

  5. Проскуряков А. Ф., Никитина О. В. Логическая и технологическая задачи ЧПУ : учебно-методическое пособие. – Павлодар, 2007. – 159 с.

  6. Проскуряков А. Ф., Никитина О. В. Терминальная задача ЧПУ : учебное пособие. – Павлодар, 2006. – 222 с.

  7. Сосонкин В. Л. Программное управление технологическим оборудованием. – М. : Машиностроение, 1991. – 510 с.

  8. Справочник технолога-машиностроителя / ред. Косиловой А. Г., Мещерякова Р. К. – М. : Машиностроение, 1986. – Т. 1. – 656 с.


Қосымша А

(ақпараттық)


Әдістемелік нұсқауда қолданылған қысқаша терминологиялық қазақша-орысша сөздік


автомат станок – станок – автомат

автобұғаттау – автоблокировка

автоматтандыру - автоматизация

автоматты тиеу – автоматическая загрузка

автоматтық цикл – автоматический цикл

агрегаттық станок – агрегатный станок

айналдырық басшасы – шпиндельная бабка

айналдырық қорабы – шпиндельная коробка

айналма интерполяция – круговая интерполяция

айлабұйым – приспособление


айналма үстелді жонғылау станогы – станок карусельно-фрезерный

айналу жиіліктерінің қатары – ряд частот вращения

айналым берісі – подача на оборот

айналыс жиілігінің ауқымы - диапазон частоты вращения

алдыңғы негізгі бұрыш – передний главный угол в плане

арақашықтық – расстояние, дистанция

асыпкеткіштік – перебег

ауқым – диапазон

аунақшалы бағыттауыш – роликовая направляющая

ауытқу – отклонение

әмбебап станок – универсальный станок

әмбебап құрал саймандар – универсальная технологическая оснастка

бастиек – головка

бағдарлану - ориентация

бағыттаушы төлке – направляющая втулка

баптау – наладка, настройка

басқару аспапбеті – панель управления

басқару жүйесі –система управления

бастапқы күй – исходное положение

бірыңғайлау – унификация

бекітуші-қысушы айлабұйым – крепежно-зажимное приспособление

белгі – признак

беріс жылдамдығы – скорость подачи

беріс қозғалысы – движение подачи

бос жүріс – холостой ход

бөлінген жетек – разделенный привод

бөлшектің сыртпішінін құру – формообразование детали

буын – звено

бұғаттау, бұғаттағыш – блокировка

бұйым – изделие

бүйіршіктейтін кескіш – подрезной резец

бұрандама – болт

бұрғылау – сверление

бұрғылайтын кезеулеткіш – кондуктор сверлильный

тік-бұрғылайтын станок – вертикально-сверлильный станок

гидорқыспақ – гидрозажим

тік-жонғылайтын станок – вертикально -фрезерный станок


граф – граф

дайындама – заготовка

домалау бағыттауыш – направляющая качения

есептелген өлшем – расчетный размер

езу – смятие, раздавливание

жабдық – оборудование

жад – память

жақындаушылық, өтушілік - доступ

жанама жону күші – касательная сила резания

жанасу қатандығы – контактная жесткость

жанасу орны – место соприкосновения

жаппай өндіріс – массовое производство

жасау дәлдігі – точность изготовления

жасаушы – образующая

жасаушы шеңбер – образующая окружность

жез – латунь

жеке өндіріс – единичное производство

жонғылау – фрезерование

жону станогы – токарный станок

жону күші – сила резания

жонып өңдейтін орталық – токарный обрабатывающий центр

жұмыс әрекеті – рабочий переход

жұмыс жүрісі – рабочий ход

жұмыстық қозғалыс – рабочее движение

жүз – лезвие

иін – плечо

иінтірек – рычаг

кезеулеткіш төлке – кондукторная втулка

кеңейжонғы кескіш – расточной резец

кертік кесу- прорезка

кесу құрал – режущий инструмент

кесу жылдамдығы – скорость резания

кесу көмекші жиегі – вспомогательная режущая кромка

кесу тереңдігі – глубина резания

кескіш жүздің ұшы – вершина режущей кромки

көлденең беріс – поперечная подача

көлденең күймеше – поперечная каретка

көлденең қозғалыс –поперечное движение

көлденең құралкүймешік – поперечный суппорт


көпмақсатты станок – многооперационный станок

көріністегі көмекші бұрыш – вспомогательный угол в плане

көріністегі негізгі бұрыш – главный угол в плане

кідіріс, тоқтау – останов, пауза

қадамды электроқоэғалтқыш – шаговый электродвигатель

қалдырма – пропуск

қалқымалы нөл -- -плавающий ноль

қаралтым өтпе – черновой проход

қарам – контур

қашықтық – расстояние

қисықсызықты қозғалыс - криволинейное движение

қыр – ребро

қыспақ – прижим, зажим

майлап-суытатын сұйық – смазочно-охлаждающая жидкость

мәрім – орган (маш)

негіздік жазықтық – базовая плоскость

нобай сызба – эскизный чертеж

нүктелі-үзілме сызық – штрих – пунктирная линия

орнату айлабұйымы – установочное приспособление

орнату орнығы – установочная база

орнық – база

орнықтандыру – базирование

осьтік жону күші –осевая сила резания

өлшем тізбесі – рахмерная цепь

өлшемнің шақтамасы – допуск размера

өңделетін бет – обрабатываемая поверхность

параллельдіктен ауытқу – отклонение от параллельности

перпендикулярлық шақтама –допуск перпендикулярности

пішім – формат

пішін -форма

радиаль ауытқыма – радиальное биение

режім - режим

реттеу – регулирование

салмақ күші – сила тяжести

сандық бағдарламамен басқару – числовое программное управление

сандық бағдарламалы басқару құрылғысы - устройство числового программного управления


саусақты жонғыш – пальцевая фреза

созуға беріктік шегі – предел прочности при растяжении

сүлбелі басқару – контурное управление

талап – требоавние

талдау – анализ

таңдау, талғау –выбор

тартқыш – тяга

тетік – деталь

теңқашықтық – эквидистанта

тепе-теңдік – равновесие

техникалық сипаттама – техническая характеристика

технология құжаттамасының бірынғай жүйесі – единая система технологической документации

техникалық шарт – техническое условие

технологиялық өлшем – технологический размер

технологиялылық – технологичность

тұғыр – станина

тұйықтаушы өлшем – эамыкающий размер

тұрақтандырғыш – позиционирование

тұрақты басқару – позиционное управление

тұрқы – корпус

үдемелі қозғалыс – ускоренное движение

үйкеліс коэффициенті – коэффициент трения

ұш – вершина

центраралық қашықтық – межцентровое расстояние

шағын сериялы өндіріс – мелкосерийное производство



<< предыдущая страница   следующая страница >>