shkolakz.ru 1 2 3 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Жаратылыстану ғылымдары және экология институты

Анатомия және физиология кафедрасы


050108- «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған «Анатомия және спорттық морфология» пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Өскемен, 2005

Құрастырушы: Калиакперова Нұрлыхан Заманбековна, Анатомия және физиология кафедрасының аға оқытушысы


Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Кафедра отырысында талқыланған

№ хаттама «___»_____2005ж

Оқу-әдістемелік кешені

Жаратылыстану ғылымдары және

экология институтының әдістемелік кеңесінің бекітілген

№ хаттама «____»____2005ж


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ (ОӘК) қысқа мазмұны: Анатомия және спорттық морфология пәні «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған. ОӘК дәрістер тезистерінен, курстың тақырыптық жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізбегінен, мазмұндама тақырыптарынан оқытушымен бірге сабақта орындалатын және студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын, бақылау жұмыстарынан, емтихан сұрақтарынан, өзін бақылауға арналған тапсырмадан тұрады. ОӘК «Анатомия және спорт морфология» –пәні тірі тағзалардың жасушалық және ұлпалық деңгейдегі қызметін, тірек-қимыл аппаратын оқытатын ғылым. Анатомия және спорттық морфология жануар және өсімдік жасушалары, құрылымның негізгі заңдылықтары, ұлпаның дамуы, түзілу эволюциясы және атқаратын қызметі жайлы морфо-функционалды ұғым қалыптастырады. Спорттық морфология – адамның дене құрылысы спорттың қай түрінде қолайлы екенін және жаттығу кезінде оның өзгерістерін айтатын ілім.

Әрбір студент жасуша мен ұлпаның құрылысының негізгі заңдылықтары, атқаратын қызметі жайлы білім алып, болашақ мамандығы бойынша кәсіптік деңгейде қолдана білуі тиіс.

Құрастырушы: Қалиакперова Н.З. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005жыл


1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS


1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

1.1 Пән аты: Анатомия және спорттық морфология.

1.2 Анатомия және физиология кафедрасы

1.3
Аға оқытушысы: Калиакперова Нұрлыхан Заманбековна.

1.4 Анатомия және физиология кафедрасы №4-ші ғимаратта орналасқан, (Революционная 24 көшесі), кафедра телефоны 42-74-48 (жұмыс);

1.5 Өткізу орны: №4 оқу ғимараты, аудитория 12 (а).

1.6 Кредит саны: 3


1.7 Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредит

дәрістер

СОӨЖ

СӨЖ

Барлы-ғы

Бақылау түрі

Анатомия және спорттық морфология

1

1

3

45

45

45

135

Тест түрінде


1.8 Пререквизиттері: Оқылатын пәнді игеру үшін студент «Адам анатомиясы», «Зоология», «Ботаника», пәндерінің негізімен таныс болуы шарт. Сонымен қатар, жалпы биологияның, тәнтанудың мектеп курсында өтілетін негізгі ұғымдарын білуі тиіс.

1.9 Постреквизиттері: пәнді оқыту барысында алынған білімдерін «Жалпы физиологияс», «Биохимия» «Психология», «Спорттық физиология» пәндерін меңгеру барысында, сонымен қатар салауатты өмір салтын жүргізу және алғашқы көмек көрсету үшін қолдана алады.



3


  1. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

2.1 Пәннің мақсаты: студенттерді адам ағзасының негізгі құрылысымен, оның қоршаған ортамен қатынасының тарихи дамуымен, ағзаның адамның жасына байланысты және индивидуальды ерекшеліктерімен, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорттпен айналысудың ағзаға тигізетін әсерімен таныстыру.

2.2 Пәннің міндеттері:

  • Адам ағзасының формасын, құрылысын, дамуын және қоршаған ортамен қарым-қатынасын беру;

  • өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;

  • оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен т аныстыру;

  • анатомиядан алған білімдерін дене жаттығуларын ағза ерекшеліктеріне байланысты бере білуге үйрету;

  • болашақ мамандарды адам ағзасының ерекшеліктерімен және оған спорттың әсерін түсіндіру

  • курс бойынша алынған білімдерін студенттерге салауатты өмір салтын жүргізу үшін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.


2.3. Пән мазмұны: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша маманданатын студенттер үшін адам анатомиясы - медико-биологиялық цикл ішінен негізгі орын алады. Курста адам ағзасы – жасуша, ұлпа, мүше және жүйелердің ұйымдасқан құрылымдық компонент ретінде, біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Бұнда әсіресе тірек-қимыл аппаратына – дене тәрбиесі және спорттың әсерінің материалдық субстраты ретінде көп көңіл бөлінеді.. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуында, түрлі аурулардың алдын алудағы, еңбек қабілетін күшейтудегі, дене шынықтыру жолдарын анықтауға оқытады.

Пәннің маңызы – еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнеолі, талантты, сұлу, еңбекқор етіп тәрбиелеу мен оқыту.


4


Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:

  • микроскоппен жұмыс істеу біліктілігі;


  • гистологиялық препараттар, микрофотосуреттер мен электроннограммаларды оқу және сипаттай білу;

  • жасуша популяциясы иен ұлпа жүйесінің негізгі түрлерін анықтай білу;

  • жасуша мен ұлпадағы болған қалыпты және патологиялық өзгерістерді анықтай білу;

  • ағзаны шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы адам ағзасының ерекшеліктері.



3. ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі


Тапсырма-ның мақсаты және мазмұны.

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау

мерзімі

Бағалау балдары

Бақылау түрі

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

1

реферат

өз бетінше жұмысты ұйымдастыру бақылау

Ұсынылған әдебиет ішінен керектісін таңдап алу

2-3 апта

10

қорғау

6,10 апта

2

СОӨЖ құрамында; зерт ханалық сабақ.

Жасуша және ұлпа құрылыстарын микроскоп арқылы қарастыру.


Берілген әдебиет ішінен таңдап алу және дәрісті пайдалану. Әдістемелік нұсқауды қолдану.

Сабақ кестесі бойынша

5

Есеп беру

Сабақ кестесі сәйкес


5


3

Бақылау жұмысы

Тақырып бойынша білім тексеру

Зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқаулары, дәріс жазбаларын қолдану

Апта сайын сабақ кестесі бойынша

10

Зертханалық сабақ қорытындысын жасап тапсыру


Әр тақырып соңында


4

Аралық бақылау жұмыс №1

Модуль бойынша білім тексеру


Дәрістік және семинар сабақтарының жазба жұмыстары

1-5 апта

15

Тест түрінде

5 апта

5

Аралық бақылау жұмыс №2

Модуль бойынша білім тексеру


Дәрістік және семинар сабақтарының жазба жұмыстары

6-10 апта

15

Тест түрінде

10

6

Аралық бақылау жұмыс №3


Модуль бойынша білім тексеру


Дәрістік және семинар сабақтарының жазба жұмыстары

11-15 апта

15

Тест түрінде

15


3.6.Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Р.И. Смағұлов, Б,Н,Нәрібаев, Е.Б.Керімбеков, Тән тану (қызметтік анатомия)- Алматы. 1993.

  2. Р.И. Смағұлов, Б.Н.Нәрібаев, Е.Б.Керімбеков, Тән тану (қызметтік анатомия) 2-ші кітап –Алматы.1994.

  3. М.М.Дайырбекова Адам анатомиясының практикумы.–Алматы. нна тілі. 1992.

  4. Ә.Күзенбаева Адам анатомиясы. –Алматы. – «Арыс», 2001.

  5. В.И.Козлов Анатомия человека. – М., ФиС, 1978.

  6. Б.А.Никитюк, М.Ф.Иваницкий Анатомия человека. – М., ФиС, 1985.


6

  1. А.А.Гладышева Анатомия человека. –М., ФиС, 1984.

  2. М.Ф.Иваницкий Анатомия человека. –М., ФиС, 1965.
Қосымша

  1. М.Г.Привес Анатомия человека. –Л., «Медицина», 1969.

  2. М.Р.Сапин, З.Г.Брыксина Анатомия человека. –М., «Просвещение», 1995.

  3. Б.А.Никитюк, В.П.Чтецов Морфология человека. –М., Изд.Моск. ун-та, 1983.

  4. Атлас анатомии человека. В 3-х томах, -М., «Медицина», 1974.

  5. Ж.Д.Демеуов, Б.Я.Байназарова, З.М.Алиакбарова, А.М.Бекетаев Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. –Алматы. –«Білім», 1995.

  6. Қ.Дүйсембин, З.Алиакбарова Жасқа сай фиизиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.

15. Р.И. Исмагулов, Н.З. Калиакперова, Адам анатомиясы (ішкі мүшелер). Әдістемелік нұсқаулар. Өскемен. ШҚМУ Баспасы 2003.

16. Р.А.Аргингазина, Н.З.Калиакперова, Опорно-двигательный аппарат часть І, Остеология. Учебно-методическое указание. Усть-Каменогорск,1998.


17. Р.А.Аргингазина, Н.З.Калиакперова, Опорно-двигательный аппарат часть ІІ, Синдесмология. Учебно-методическое указание. Усть-Каменогорск, 1998.

18. Р.А.Аргингазина, Н.З.Калиакперова, Опорно-двигательный аппарат часть ІІІ, Миология. Учебно-методическое указание. Усть-Каменогорск,1998.

3.7 Рейтинг-шкала

Бақылау түрі

Балл

Ағымдық бақылау

30

Аралық бақылау

30

Қорытынды

40

Барлығы

100



7

3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалаудың критериилері мен шкаласы:



Бақылау түрі

Ба

лы

Апталар

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

0,2

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

3

2

Дәріс жазбалары

0,2

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

3

3

Сабақ уақытында СОӨЖ негіздері

0,3

*

*

*

*

*


*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

5

4

СӨЖ

0,7

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

10

5

Үй тапсырмас

0,4

*

*

*

*

*




*

*

*




*

*

*

*




4

6

Күнделікті контроль

5


*

*

*

*

*




*

*

*




*

*

*







10

7

Мазмүндама

1,4







*




*




*




*




*




*




*

10

8

Аралық бақылау

15












































15

9

Қортынды бақылау

60














































60

10

Емтихан

40














































40




Барлығы

100












































100


4. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

● студент барлық сабаққа міндетті түрде қатысуы қажет;

● үй тапсырмасын дер кезінде орындау;

● тапсырма берілген уақытында орындалмаса қабылданбайды;

● сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру;

● бақылау түрлерін тапсыру барысында оқылатын пәннің тақырыптарының бірізділігі сақталуы керек;

● сабаққа кешігуге болмайды;

● сабақ үстінде тақырыптан тыс әңгімелесуге, біреуге кедергі жасауға болмайды;

● байланыс құралдарын сөндіріп тастау қажет;


8

2. «Анатомия және спорттық морфология»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Лек

СОӨЖ

СӨЖ

1

Анатомия және спорттық морфологиясына кіріспе.

Жасуша туралы ұғым. Ұлпа, оның қызметі. Ұрық жапырақшалары.

2

2

3

2

Остеология. Қаңқа, оның қызметі. Сүйек мүше ретінде.

Сүйектің байланысу түрлері. Сүйектің жіктелуі.


1

4

5

3

Омыртқа жотасы. Көкірек клеткасы.

Бас сүйегі. Бас сүйегінің өзара байланысы. Контросфорсы.

3

4

2

4

Қол сүйектерінің құрылысы, байланысы. Аяқ сүйектерінің құрылысы, байланысы.

3

2

2

5

Миология. Тұлғаның және арқаның бұлшық еттерінің құрылысы, қызметі.

1

2

3

6

Мойынның және бастың бұлшық еттері. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттері.

3

2

4

7

Қолдың және аяқтың бұлшық еттері.

3

4

4

8

Бұлшық еттің қызметінің ерекшелігі, маңызы. Бұлшық еттің жұмысы.

2

2

2

9

Динамикалық морфология және оның басқа ғылым саласымен байланысы.

2

2

2

10

Спланхнология. Ішкі мүшелер жүйесі. Ас қорыту және тыныс алу мүшелеріне жалпы сипаттама.


3

2

2

11

Зәр шығару жүйесі және аталық, аналық жыныс мүшелері.

2

2

2

12

Ангиология. Тамырлар жүйесіне жалпы шолу. Жүрек.

3

2

2

13

Қан айналу шеңбері. Аорта, оның бөлімдері. Үлкен қан айналу шеңберінің веналары.

Лимфа жүйесі және иммундық жүйе.

2

2

2

14

Неврология. Жүйке жүйесінің жіктелуі.Жұлын. Рефлекс доғасының құрылысы.

2

2

2

15

Ми. Бас миының бөлімдері, жүйкелері.

3

2




16

Шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі.

Вегетативті жүйке жүйесі.

3

2




17

Эстезиология. Көру мүшесі. Көру жүйкесі.

1

3

2


18

Есту және тепе-теңдік мүшелері.

2

2

2

19

Эндокринология.

2




3

20

Спорттық морфология.

2

2







Барлығы (сағат):

45

45

45


9

2.2 ДӘРІСТІК САБАҚТЫҢ ТЕЗИСТЕРІ:

Тақырып 1. Анатомия және спорттық морфологияға кіріспе. Жасуша, оның құрылысы. Ұлпа, оның құрылысы. Ұрық жапырақшалары.

Адам анатомиясы мен спорттық морфологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен қатынасын зерттейді. Анатомия мен спорттық морфология бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жалпы анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттеп, дене тәрбиесі және спортқа қажетті ақпараттар береді.

Анатомия және спорттық морфология ғылымының дамуына сипаттама. Пәннің негізгі бөлімдері, басқа ғылымдармен байланысы. Анатомия және спорттық морфология физиология, гистология, цитология, биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Курстың болашақ мамандар дайындауға тигізетін маңызы. Жасушаға жалпы сипаттама. Органоидтар. Жасушаның негізгі қызметі, көбеюі, тіршілігін жоюы.

Адам ағзасындағы ұлпаның құрылысы, дамуы және қызметі. Тірек-қимыл аппаратын түзетін мүшелер ұлпасына сипаттама.


Жыныс жасушаларының дамуы (гаметогенез). Сперматогенездің 4 кезеңі. Овогенездің 3 кезеңі.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4)

Қосымша әдебиеттер: (7,8,9,10,18)


Тақырып 2. Остеология. Қаңқа, оның қызметі. Сүйек мүше ретінде. Сүйектердің байланысу түрлері және жіктелуі.

Сүйек дененің негізгі тіреуіші ретінде. Сүйек ұлпасы. Сүйек майы қан жасап шығарушы мүше, сүйекті қоректендіруші. Сүйектің қызыл майы. Сүйектің химиялық құрамы. Қаңқа –адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Қаңқаның биологиялық маңызы. Қаңқаның негізгі бөліктері. Омыртқа жотасы. Мойын, кеуде, бел, сегізкөз омыртқалары. Құйымшақ, төстік, Қабырғалар. Кеуде қуысы. Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын сүйектері. Аяқ сүйектері.


10

Мықын, отырықшы, шат, жамбас асты, жамбастың үлкен және кіші астаулары.

Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері. Сан сүйегі, тізе тобығы, балтырдың үлкен және кіші жіліктері, аяқ басының сүйектері. Сүйектің тікелей және үзіліп бірігуі. Омыртқа жотасының бірігуі. Иық белдеуі мен қолды еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары. Иық белдеуінің буындары. Иық буыны. Шынтақ буыны. Жамбас астауының буындары. Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары. Ұршық буындары. Тізе буыныы. Тілерсек буыны.

Негізгі әдебиеттер: (1, 2, 3, 4, 5, 6.)

Қосымша әдебиеттер: (7, 8, 9, 10.)


Тақырып 3. Омыртқа жотасы. Төстік. Қабырға. Бас қаңқасы. Ми сауытының сүйектері, жіктері. Бет сүйектері.

Омыртқа жотасы 33 омыртқадан, 5 бөлімнен тұрады. Омыртқа серпімді шеміршек арқылы біріккен. Огмыртқаның өсінділері. Мойын омыртқалары. Мойын омыртқасының саны – 7. Мойын омыртқасының басқалардан ерекшеліктері. Мойын омыртқасының құрылысы. Кеуде омыртқасы. Құрылысы. Бел омыртқасы –5 омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен тығыз байланысқан. Сегізкөз омыртқасы. Орналасуы. Құрылысы. Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Оның атқаратын қызметі. Мойын және бел омыртқасы. Кифоз. Атқаратын қызметі. Төстік – кеуек, кемікті сүйек болып табылады. Оның негізгі бөліктері. Қабырғалар –12 жұп, иілген, ұзын сүйектер. Қабырғаның құрылысы. Орналасуы. Негізгі бөліктері. Атқаратын қызметі. Кеуде қуысының құрылысы. Бас қаңқасында үлкен ми, көру, есту, тепе-теңдік, иіс сезу мүшелері және ауыз, мұрын қуыстары орналасқан. Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады. Ми сауытының сүйектері: екі жұп, төрт тақ жалпақ сүйек. Олардың жіктері. Шүйде сүегі. Шүйде сүйегінің құрылысы. Сына сүйек. Құрылысы. Оның өсінділері. Самай сүйегі. Құрылысы. Орналасуы. Төбе сүйегі. Маңдай сүйегі. Торша сүйек. Құрылыстары. Бет сүйектеріне алты жұп, үш тақ сүйектер кіреді.



11

Жоғарғы және төменгі жақтар. Таңдай сүйегі. Таңдай сүйегі. Бет сүйегі. Көзжас сүйегі.

Мұрын сүйегі. Төменгі жақ. Тіласты сүйегі. Бас қаңқасының бірігуі. Оның түрлері. Самай. Бас сүйегінің адамның жасына және жынысна байланысты ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 9-18


Тақырып 4. Иық белдеуі мен қолдың еркін қөимылдайтын сүйектері, буындары. Жауырын. Аяқ қаңқасы. Жамбас белдеуінің сүйектері.

Қол қаңқасы: иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуінің орналасуы. Қолдың қаңқасының құрылысы. Иық белдеуінің сүйектері. Бұғана сүйегі. Құрылысы. Жауырын – жазық үшбұрышты сүйек. Жауырынның құрылысы. Орналасуы. Қолдың еркін сүйектерінің негізгі бөлімдері. Қар сүйегі. Оның құрылысы. Білек сүйектері нің құрылысы: шынтақ сүйегі, кәрі жілік. Шыбық сүйегі. Құрылысы, орналасуы. Қол басын сүйектерінің негізгі бөлімдері. Білезіктің ұсақ сүйектері. Алақан сүйектері. Саусақ сүйектері. Иық буынының негізгі бөлімдері. Буындағы қимыл бағыттары. Шынтақ буындары. Орналасуы. Аяқ сүйектері – жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуінің сүйектері. Мықын сүйегі. Отырықшы сүйек. Жамбас астауы. Жамбастың үлкен және кіші астауы. Олардың өлшемдері. Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері. Сан сүйегі, ортан жілік. Тізе тобығы. Балтыр сүйектері. Балтырдың үлкен және кіші жіліктері. Аяқ басының сүйектері.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 9-18.


Тақырып 5. Бұлшық еттер жүйесі (миология). Тұлғаның бұлшық еттері. Арқаның бұлшық еттері.

Адам денесіндегі түрлі қимылдар қеңістікте денені белгілі бір қалыпта ұстап тұрубұлшық еттердің қызметі нәтижесінде іске асады. Бұлшық ет қызметінің адам ағзасында атқаратын ролі. Адам денесіндегі бұлшық ет саны.

12

Бұлшық ет - өзіне тән пішіні, атқаратын қызметі бар дененің мүшесі.

Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Бұлшық ет ұлпасының түрлері. Қаңқаның бұлшық еті. Бұлшық ет жүйелерінің атқаратын қызметі. Бұлшық еттің пішіні. Тұлғаның бұлшық еттері арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып үш топқа бөлінеді. Арқаның бұлшық еттерінің сипаттамасы. Арқаның өте жалпақ бұлшық еті. Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттер. Жауырынгды көтеретін бұлшық ет. Жоғарғы және төменгі артқы тісті бұлшық ет. Арқаның терең орналасқан бұлшық еттері. Арқаның шандырлары. Кеуденің бұлшық еттері мен шандырлары. Кеуденің үлкен және кіші бұлшық еттері. Кеуде шандырлары. Іштің бұлшық еттері. Іштің сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттері. Іштің көлденең, тік, шаршы бұлшық еттері. Іштің шандырлары.


Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 6. Бастың, мойынның және тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер.

Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді:шайнау және ымдау. Шайнау бұлшық еті. Самай бұлшық еті. Атқаратын қызметтірі. Латеральды қанатша бұлшық ет. Орналасуы, атқаратын қызметі. Медиальды қанатша бұлшық ет. Орналасуы. Атқаратын қызметі. Ымдау бұлшық еттері. Артықшылығы. Ми сауытының бұлшық еттері: ми сауытының сіңірлі жапқышы, қасты бір-біріне жақындатушы, оны бір-біріне түйетін бұлшық еттер, көз аймағының бұлшық еттері: көздің дөңгелек бұлшық еті. Ауыз аймағының бұлшық еттері: ауыздың дөңгелек, жоғары ерінді көтеретін тоөменгі ерінді түсіруші, иек, ұрт, күлкі, мұрын құлақ бұлшық еттері, атқаратын қызметі, орналасуы. Мойынның бұлшық еттері. Мойынныңғ беткейдегі бұлшық еттері: мойынның тері асты, бұғана-төс, емізік бұлшық еттері. Тіл асты сүйегінің төмендегі және жоғарысындағы бұлшық еттері. Тіласты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер. Мойынның тереңдегі бұлшық еттері.

Негізгі әдебиеттер: 1-10.

Қосымша әдебиеттер 11-18.

13


Тақырып 7. Қолдың және аяқтың бұлшық еттері.

Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынның айналасын қоршап, оны түрлі қимылға келтіреді. Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып қар сүйегіне жабысады. Дельта тәрізді, қыр үсті және асты, кіші домалақ үлкен домалақ, жауырын асты, бұлшық еттері: орналасуы, атқаратын қызметі. Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері: тоқпан жілік, екі басты, құстұмсық иық, иық бұлшық еттері. Артқы топтағы бұлшық еттер: үшбасты, білектің шыбығының бұлшық еттері. Білектің бұлшық еттері. Тоқпан жілік, шыбық бұлшық еттері. Дөңгелек пронатор. Атқаратын қызметтері. Орналасуы. Алақанның ұзын бұлшық еті. Шынтақтың білезікті бүгетін бұлшық еті. Саусақтарды бүгуші беткейдегі бұлшық ет. Білектің тереңдегі бұлшық еттері. Атқаратын қызметтері. Білектің артқы топтағы бұлшық еттері. Қол басы бұлшық еттері. Алақанның латераль топтағы бұлшық еттері. Қол басының орта топтағы бұлшық еттері. Иық пен қолдың шандырлары. Жамбас және аяқтың бұлшық еттері. Мықын белдеуінің бұлшық еттері. Жамбастың үлкен, орта және кіші бұлшық еттері. Аяқтың еркін сүйектерінің бұлшық еттері. Санның бұлшық еттері. Балтырдың бұлшық еттері. Аяқ басының бұлшық еттері.


Негізгі әдебиеттер: 1-10.

Қосымша әдебиеттер: 11-18.


Тақырып 8. Бұлшық еттің қызметіне жалпы сиппатама. Бұлшық еттің жұмысы. Треқ қимыл аппаратының 1-ші, 2-ші, 3-ші тартылу турлері.

Бұлшық ет – ерекше күрделі мүше. Бұлшықеттердің жұмысына негіз болатын бұлшық ет тканінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады. Бұлшық ет жиырылғанда қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Осылай әрекет ете бұлшық ет белгілі бір күшпен тартадыда, жүкті қозғалтып, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Буындарда бұлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар дейді.

Әдебиеттер 1-18.


14

Тақырып 9. Динамикалық морфология және оның басқа ғылымдармен байланысы.

Адам денесіндегі сүйектер мен бұлшық еттер – тірек-қимыл аппараты. Бұлшық еттің тыныш күйі – тонус деп аталады. Бұлшық еттің динамикалық қызметі. Адам денесі әр түрлі жағдайларда бола алады. Олардың ішінде дененің белгілі күйде қозғалдырмайтын (статикалық) және қозғалтатын (динамикалық) болады.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 10. Ішкі мүшелер (спланхнология). Ас қорыту және тыныс алу жүйелері.

Ішкі органдарға ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс органдары мен ішкі секрециялық бездер жатады. Бұл органдар жүйелері көкірек, құрсақ және жамбас қуысында жатқандықтан, оларды ішкі органдар деп атайды. Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Ас қорыту жүйесінің негізгі топтары: ас қорыту жолдары және ас қорыту бездері. Ас қорыту жолының құрылысы. Ас қорыту жолдарының негізгі қабаттары. Ауыз қуысы. Қызыл иек, ұрт. Қатты және жұмсақ таңдай. Тіл. Оның құрылысы. Атқаратын қызметі. Тістер. Түрлері. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Жұтқыншақ: құрылысы, атқаратын қызметі. Өңеш: құрылысы, түрлері, атқаратын қызметі. Асқазан: негізгі бөліктері, құрылысы, атқаратын қызметі. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Бауыр. Атқаратын негізгі қызметі. Бауырдың ішкі құрылысы. Өт қуығы, құрылысы, атқаратын қызметі. Ұйқы безі: құрылысы, атқаратын қызметі. Жіңішке ішек. Тоқ ішек. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Тыныс алу жүйесі. Оның негізгі сипаттамасы. Тыныс алу процесінің жүруі. Мұрын. Мұрын қуысы. Көмекей, құрылысы, атқаратын қызметі. Кеңірдек. Бас бронхтар, құрылысы, атқаратын қызметі. Өкпе. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Тыныс алу физиологиясы. Тыныс алу түрлері. Ерекше жағдайдағы тыныс алу.


Негізгі әдебиеттер: 1-18.

15

Тақырып 11. Зәр шығару жүйесі. Аталық және аналық жыныс мүшелері.

Бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп түтігі құрылысы, қызметі. Зәрдің пайда боуының 2 сатысы. Зәрдің құрамы, мөлшері.

Аталық ішкі – жыныс бездері, оның қосымшасы, шәует көпіршігі, қуық асты безі, бульбоуретал бездер, шәует шығарушы жолдарының құрылысы, қызметі. Аталық сыртқы - - ұма, жыныс мүшесі, шат аралығының құрылысы, қызметі.

Аналық ішкі – жыныс безі, жатыр, қынап, жатыр түтігінің құрылысы, қызметі. Аналық сыртқы – үлкен және кіші жыныстық ерін, клитор, сүт безінің құрылысы, қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 12. Ангиология. Қан айналу жүйесіне жалпы шолу. Жүрек, оның құрылысы, қызметі. Жүректің өткізгіш жолыдары.

Қан тамырлар жүйесіне жүрек, қан және сарысу тамырлары, иммунды жүйелер жатады. Тамырлар жүйесінің қызметі зат алмасу, газ алмасу,гормондар тасымалдау т.б. Жүрек орталық мүше болып есептеледі. Жүрек миокардының ерекше жиырылғыштығыны, оның өткізгіш жолдарына байланысты.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 13. Үлкен және кіші қан айналу шеңбері. Қолқа.

Жүректің қан тамырлар жүйесіндегі жүрек, қан, лимфа тамырларының құрылысы, қызметі. Артерияның ішкі, орталық және сыртқы қабаттарының құрылысы, қасиеті. Коллатерал қан тамырлары, анастомоздар. Қан тамырына жүйкенің әсері. Үлкен және кіші қан айналым шеңбері. Қолқаның көкірек бөлігі, іш қолқасы, оның қабырғалық артерия қан тамыры. Үлкен қан айналыс шеңберінің вена қан тамыры. Бас пен мойынның вена қан тамыры. Қолдың вена қан тамырлары. Қолдың беткейдегі және тереңдегі вена қан тамыры. Кеуде қуысының вена қан тамыры. Төменгі қуыс вена жүйесі. Аяқтың вена тамыры және қақапа венасы. Лимфа жүйесі, тамырлары және түйіндері мен бездері. Аяқтың лимфа бездері. Иммунитет, оның түрлері.

Негізгі әдебиеттер: 1-10.


16

Тақырып 14. Жүйке жүйесі (неврология). Жұлын.

Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы. Рефлекс доғасы. Рефлекестің жіктелуі. Жүйкенің басты қасиеттері. Свинапс туралы ұғым. Жүйке орталығы. Жұлын, оның сұр заты. Жұлынды қоректендіретін қан тамырлары. Жұлынның өткізгіштік қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 15. Ми. Ми бөлімдері.

Үлкен ми сыңарының дамуы. Адамның үлкен миының 3 бөлімі: 1.үлкен ми сыңары; 2. Ми діңгегі; 3.мишықтың құрылысы, қызметі, бөлімдері.Сопақша мидың құрылысы, қызметі, орналасуы. Оның ақ және сұр заттары. Артқы мидың 2 бөлігінің құрылысы, қызметі. Мишық бөлімінің құрылысы, ромб тәрізді шұңқыр. Орталық мидың ми аяғы мен 4 төмпешігі. Көрудің және естудің қыртыс асты орталығы. Орталық мидың атқаратын қызметі. Аралық мидың таламус (көру төмпешігі), эпиталамус, метаталамус, гипоталамус бөлімдерінің атқаратын қызметтері. Жұлын ми сұйықтығының негізгі атқаратын қызметі. Миқабықтары сыртқы қатты қабық, ортадағы торлы және ішкі тамырлы қабықтардың құрылысы, қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 16. Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке жүйесі.

Бас мидан 12 жұп жүйке шығады. 12 жұп жүйке қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді. Ол: қимылдық, сезгіш және аралас топтар. Адамнан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады. Ол 8мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкелері. Мойын өрімі сезім талшықтары 4 жүйке тармағына бөлінеді. Кеуде немесе иық өрімінің 5 жүйке тармағына бөлінеді. Бел өрімі 3 жүйке тармағына, сегізкөз өрімі қысқа және ұзын тармаққа бөлінеді. Бас миы және жұлында орталықтағы жүйке жүйесінің ядролары орналасқан. Шеткі жүйке жүйесіне жүйке талшығы және түйін (ганглия) жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің соматикалық жүйкеден айырмашылығы. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметі. Жұлынның құрылысы, қызметі.

17

Негізгі әдебиеттер: 1-18.



Тақырып 17. Эстезиология. Көру мүшесіне жалпы сипаттама

Көру мүшесі – көз. Көз алмасы және оны қоршаған мүшелері. Көз алмасының қабықтары: сыртқы тығыз ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық, тор қабықтың құрылысы, қызметі. Көз оптикалық жүйе. Көру жүйкесі. Көрудің бұзылуы: алыстан және және жақыннан көре алмаушылық. Қабақ. Көз жас безі.

Әдебиеттер (1-18)


Тақырып 18. Есту және тепе-теңдік мүшелері.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ – есіту тепе-теңдік мүшесі.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есту мүшесі, ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелері тепе-теңдік мүшесі. Сыртқы құлақ, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ, дабыл қуысы, есту түтігі, есту сүйекшелері, ішкі құлақ, кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер. Естудің сенсорлық жүйесі. Дыбысты қабылдау.

Әдебиеттер(1-18)


Тақырып 19. Ішкі секрециялық бездер (эндокринология).

Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі бездер деп қызметіне байланысты 2-ге бөлінеді. Ішкі секрециялық бездің түтігі болмайды. Ол гормонын қанға бөліп отырады. Гуморальдық және нейро-гуморальдық реттелу жолдары. Гормон – активті зат. Эдокринді без топография жағдайына және шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді: 1-нейрогенді бездер; 2-бронхигенді бездер; 3-хромофинді бездер; 4-қарынасты безінің эндокринді бөлімі; 5-жыныс безінің эндокринді бөлімі жатады.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.



следующая страница >>