shkolakz.ru 1 2 3 4
Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысы.
Тапсырма:
  1. Адам денесіндегі сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу.


  2. Буын құрылысымен танысып болғаннан кейін препараттар арқылы олардың түрлері мен пішіндерін анықтау.

  3. Буындардың біліктерден айнала өтетін жұмысын зерттеу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 3. Тұлға сүйектері және олардың байлансулы. Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы. Бас қаңқасы.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:

  1. Омыртқа жотасының құрылысы.

  2. Көкірек клеткасының құрылысы, маңызы.

  3. Қабырға құрылысы.

  4. Тұлға сүйектерінің байланысы мен жасқа сай өзгеруі.

  5. Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Тапсырма.

1. Бас сүйектері тақырыбының теориясына дайындалу.

2. Бас сүйектерінің өзара байланысымен танысу.

3. Бас сүйектерінің топографиясы, жас шамасына қарай өзгеруімен танысу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

19

Тақырып 4.
Қол және аяқ сүйектері, өзара байланысы.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:

  1. Қол және аяқ сүйектерінің құрылысы.

  2. Жауырынның ішкі және сыртқы көрінісі.

  3. Тоқпан жілік, білек сүйектерінің, қол басының сүйектерінің құрылысы.

  4. Қол және аяқ сүйектерінің байлынысы.

5. Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Тапсырма.

  1. Қол және аяқ сүйетері, олардың байланысы тақырыбына дайындалу.

  2. Қолдың және аяқтың байланысын салыстырып келу.

  3. «Тегіс табандылық» не себептен үлкен кемістік болып саналады?

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 5. Бұлшық еттер туралы ілім (миология).

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.


Сұрақтар:

1. Бұлшық еттің құрылысы және қызметі.

2. Бұлшық еттердің классификациясы.

3. Бұлшық еттің қосымша аппараттары.

Тапсырма:

1. Бұлшық ет құрылысын қарастырып оның суретін салу.

2. Әр бұлшық етті қарастыруда, оның 1) атын, 2) орналасуын, 3) басталуын, 4) бекінуін, 5) қызметін білу керек.

3. Бұлшық еттердің схемасын жасау.

Негізгі әдебиеттер 1-18.


Тақырып 6. Мойын мен бастың бұлшық еттері. Тұлғаның және арқаның бұлшық еттері.

Сұрақтар:


  1. Көкірек клеткасының бұлшық еттері.

  2. Құрсақтың бұлшық еттері.

  3. Арқаның терең және беткей бұлшық еттері.

20

4. Мойыннгың бұлшық еттері.

5. Бастың бұлшық еттері.

6. Ымдау еттері.

Тапсырма:

  1. Мойын мен бас бұлшық еттері тақырып теориясына дайындалу.

  2. Атлас пен таблицаны пайдаланып мойынның және бастың бұлшық еттерінің суретін салу.

  3. Тыныс алу бұлошық етінің маңызына талдау жасау.

4. Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 7.
Қолдың және аяқтың бұлшық еттері.

Сұрақтар:

  1. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары;

  2. Жамбас және аяқтың бұлшық еттері.

Тапсырма:

1. Кестелерді, атластарды, оқулықтарды қолдана отырып қол-аяқ бөлімдерінің бұлшық еттерін адам денесінен көрсете білу.

2. Буындарда жасалынатын қимылдарға қатысатын бұлшық еттерді көрсете білу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 8. Бұлшық еттің қызметіне ж алпы сиппатама. Бұлшық еттің жұмысы. Треқ қимыл аппаратының 1-ші, 2-ші, 3-ші тартылу турлері.


Сұрақтар:

1. Бұлшық ет күйі.

2. Бұлшық ет тонусы.

3. Бұлшық ет күші.

4. Бұлшық ет түрлері.

Тапсырма:

1. Оқу-әдістемелі нұсқауды, атластарды, муляждерді қолдана отырып бұлшық еттің түрлерін схема және сурет ретінде салу.

Әдебиеттер:1-18.

21

Тақырып 9. Ішкі мүшелер (спланхнология). Ас қорыту және тыныс алу жүйелері.

Сұратар:


  1. Ішкі органдар туралы жалпы түсінік;

  2. Ас қорыту жүйесі;

  3. Тыныс алу жүйесі.

Тапсырма:

1. Оқу-әдістемелі нұсқауды қолдана отырып ішкі мүшелердің құрылысының суретін салу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 10. Зәр шығару жүйесі. Аталық және аналық жыныс мүшелері.

Сұрақтар:

1. Зәр шығару жүйесі және органдары;

2. Аталық жыныс органдары;

3. Аналық жыныс органдары.

Тапсырма:

1. Кестелерді, оқулықтарды қолдана отырып зәр шышару мүшелерін қарастыру және оның суретін салу.

Әдебиеттер:1-18.


Тақырып 11. Тамырлар жүйесі (ангиология). Үлкен және кіші қан айналу шеңбері. Жүрек, оның құрылысы, қызметі.

Сұрақтар:

1. Жүрек қан тамырлар жүйесі.

2. Үлкен және кіші шеңберінің вена қан тамырлары.

  1. Жүректің құрылысы, қызметі. Жүректің дыбысы және физиологиясы.

  2. Өкізгіш жүйесі және жүрек қызметіне жүйкенің әсері. Қан қысымы. Пульс. Қолқа.

  3. Тұлғаның, қолдың артерия қан тамыры.

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолдана отырып жүректің ішкі және сыртқы құрылысының суретін салу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

22

Тақырып 12. Үлкен қан айналу шеңберінің артерия қан тамыры. Үлкен қан айналымның вена қан тамыры. Лимфа жүйесі. Иммунитет.


  1. Қолқаның артерия тамырлары.

  2. Вена қан тамырлары.

  3. Үлкен және кіші қан айналу шеңбері

Тапсырма:

1. Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары мен вена қан тамырларын қарастырып схемаларын жасау.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 13. Жүйке жүйесі (неврология).

Сұрақтар:

  1. Жүйке жүйесі. Жұлын.

  2. Рефлектор доғасының құрылысы.

  3. Ми қабықтары.

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолдана отырып жүйке жүйесін қарастыру, оның схемасын жасау.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 14. Ми. Ми бөлімдері. ОЖЖ өткізгіш жолдары және оның рефлектор доғасының түзілуіне қатысуы

  1. Үлкен ми сыңары.

  2. Сопақша ми, артқы ми, мишық, орталық және аралық ми бөлімдерінің құрылысы, қызметі.

  3. Ми қабықтары.

  4. Өткізгіш жолдарының жіктелуі

  5. Экстра пирамидалық жүйе

6. Қызыл ядролы жұлынның өткізгі жолыялық бездерге жалпы түсінік.

7. Аралық ми құрылысы

8. Үшінші қарынша

9. Үлкен ми жартышары

10. Ми негізінің базальды ядросы, оның орналасуы мен маңызы

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолданып ми бөлімдерін қарастырып суретін салу.

23

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 15. Ми және жұлын жүйкелері. Қозғылы жүйке жүйесі.

  1. Бас ми жүйкелері.

  2. Жұлын жүйкелері.

Тапсырма: Кестелерді, оқулықтарды, атластарды қолдана отырып тапсырманы орында:

Бас мидан 12 жұп жүйке шығады, 12 жұп жүйке қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді. Ол: қимылдық, сезгіш және аралас топтар. Адамнан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады. Ол 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкелері. Мойын өрімі сезім талшықтары 4 жүйке тармағына бөлінеді. Кеуде немесе иық өрімінің 5 жүйке тармағына бөлінеді. Бел өрімі 3 жүйке тармағына, сегізкөз өрімі қысқа және ұзын тармаққа бөлінеді.


Негізгі әдебиеттер: 1-18.


Тақырып 16. Эстезиология.

1. Көру мүшесіне жалпы сипаттама.

2. Көру жүйкесі.

Тапсырма:

1. Көздің құрылысының суретін салу.

2. Көру жүйкесінің қыртысты, қыртысасты орталықтарының схемасын салу.

Негізгі әдебиеттер 1-18.


Тақырып 17. Есту және тепе-теңдік мүшелері.

Сұрақтар:

1. Есту және тепе-теңдік мүшелері

2. Дәм сезу мүшесі


  1. Иіс сезу мүшесі

4. Тері

Тапсырма:

1. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ – есіту тепе-теңдік мүшесі.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есту мүшесі, ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелері


24

тепе-теңдік мүшесі. Сыртқы құлақ, дабыл жарғағы, ортаңғы

құлақ, дабыл қуысы, есту түтігі, есту сүйекшелері, ішкі құлақ, кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер. Естудің сенсорлық жүйесі. Дыбысты қабылдау.

Әдебиеттер(1-18)


Тақырып 18. Ішкі секрециялық бездер (эндокринология).

Сұрақтар:

1. Ішкі секрециялық бездерге жалпы түсінік.

2. Гормондар.

3. Топографиялық жағдайына байланысты топқа бөлінуі.

Тапсырма:

Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі бездер деп қызметіне байланысты 2-ге бөлінеді. Ішкі секрециялық бездің түтігі болмайды. Ол гормонын қанға бөліп отырады. Гуморальдық және нейро-гуморальдық реттелу жолдары. Гормон – активті зат. Эдокринді без топография жағдайына және шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді: 1-нейрогенді бездер; 2-бронхигенді бездер; 3-хромофинді бездер; 4-қарынасты безінің эндокринді бөлімі; 5-жыныс безінің эндокринді бөлімі жатады.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

2.5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ (СӨЖ):


Студент өзіндік жұмысты орындаудың алдында ұсынылатын әдебиеттермен танысуы жөн. Әр жұмыс бойынша студент назарына тақырыптың аты, қаралатын сұрақтар, әдебиеттер ұсынылады. Берілген тақырып бойынша студент жазбаша талдау жүргізеді. Тақырыпты схема немесе таблица, жазба, мазмұндама түрінде көрсетуіне болады. Әр берілген тақырып терең талдаудан өтуі қажет. Тақырыпқа талдау жүгізуде студент соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, соңғы ғылыми жаңалықтардан хабар беруіне болады. Берілген тапсырма студенттің жазба дәптерінде көрсетілуі тиіс. Өзіндік жұмысы

25

бойынша студент есеп береді.

Тақырып 1. Жүрек бұлшық еті, оның қаңқа бұлшық етінен айырмашылығы.

1. Миокардтың құрылысы.

2. Миокардттың көлденең дискілерінің құрылысы.

3. Миокардтың жиырылуы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 2. Эмбриогенез стадиясы. Ұрық жапрақшалары. Гистогенез. Органогенез.

1. Адам эмбрионының дамуы.

2. Ұлпаның дамуы.

3. Мүшелердің дамуы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 3. Сына сүйегі.

1. Сына сүйегінің құрылысы.

2. Сына сүйегінің өсінділері.

3. Сына сүйегінің орналасуы.

4. Сына сүйегінің жас ерекшелігі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 4. Сүйек үсті қабық.

1. Сүйек үсті қабықтың құрылысы.

2. Остеогенді қабаттың қызметі.

3. Сүйек үсті қабықтың жас ерекшелігі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 5. Буында жасалатын қимылдардағы тежеушілер және шектеушілер.

1. Буынның қосымша аппараттары.

2. Буын байламдарының қызметтері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 6. Самай төменгі жақ буыны.

1. Самай төменгі жақ буынының құрылысының ерекшелігі.

2. Буын байламдарының орналасуы.

3. Комплексті, құрама буын.

Әдебиеттер (1-18)


Тақырып 7. Самай сүйегі.

1.Самай сүйегінің құрылысы.

2. Самай сүйегінің орналасуы және қызметі.

26


3. Самай сүйегінің бөлімдері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 8. Бұлшық еттің қан тамырлары және жүйкелері.

1. Бұлшық ет қан тамырлары.

2. Бұлшық ет жүйкелері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 9. Антогонисті және синергисті бұлшық еттер.

1. Антогонисті бұлшық еттер.

2. Синегисті бұлшық еттер.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 10. Шайнау бұлшық еті.

1. Беткейлі жатқан шайнау бұлшық еті.

2. Терең жатқан шайнау бұлшық еті.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 11. Ымдау бұлшық еттерінің орналасуы және қызметі.

1. Ымдау бұлшық етінің орналасуы.

2. Ымдау бұлшық етінің қызметтік маңызы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырыбы 12. Құрсақ прессі және оның спортпен шұғылданатындардағы қызметтік маңызы.

1. Құрсақ бұлшық етінің прессі.

2. Диафрагма бұлшық еті.

3. Құрсақтың тік бұлшық еті.

4. Құрсақтың қиғаш бұлшық еті.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 13. Қол бас және аяқ бас бұлшық еттері.

1. Алақан бұлшық еттері.

2. Табан бұлшық еттері.

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 14. Табан көтеретін бұлшық еттер.

1. Аяқ басын жазатын бұлшық еттер.

2. Аяқ басын бүгетін бұлшық еті.

Әдебиеттер)

Тақырып 15. Тістер. Сүт және тұрақты тістер, олардың құрылысы.

27


1. Тістің құрылысы.

2. Тістің формуласы.

3. Тісті таза ұстау.

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 16. Көкбауыр, оның орналасуы, ішкі және сыртқы құрылысы.

1. Көкбаурдың құрылысы және қызметі.

2. Көкбаурдың қан айналысуындағы ролі.


Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 17. Бас миы және жұлынның қабықтары.

1. Менингиальді қабық.

2. Торлы қабық.

3. Жұмсақ қабық.

4. Қабық аралық кеңістік.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 18. Гипофиз.

1. Аденогипофиз.

2. Нейрогипофиз.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 19. Әйел және еркектердің морфологиялық айырмашылықтары.

1. Дене пішіні.

2. Дене салмағы.

3. Трек-қимыл аппараты.

Әдебиеттер (1-18)


2.6. Жазбаша жұмыс тақырыптары:

Адам анатомиясы пәні бойынша реферат тақырыптары:

1. Адамның даму кезеңдері.

2. Қан оның құрылысы және қызметтері.

3. Мимикалық бұлшық еттер оның қызметтері.

4. Конституциялық морфология.

5. Жыныстық диморфизм.

6. Бауыр оның құрылысы.

7. Іштік оның құрылысының ерекшелігі.

8. Мұрын қуысының құрылысы.

28

9. Бүйректің ішкі құрылысы.

10. Стресс ол спорттағы морфофункциональді бейімделу механизімі.

11. Спортшы ағзасының дене әлеуетіне бейімделуінің жалпы

биологиялық негізі.

12. Спортшы ағзасының құрылым – қызметтік ерекшеліктерін зерттеу әдістері.

13. Денеге күш түсуден сүек жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер.

14. Жыныс жасушаларының дамуы.

15. Қан жасалатын мүшелер және иммунды мүшелер.

16. Иіс және дәм сезу мүшелері.

17. Тері және оның туындылары.


Рефераттық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау: Рефераттық жұмысқа қажетті материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 2-3 апта беріледі.

Жұмыс компьютерлік нұсқа түрінде өткізіледі. Парақ көлемі А4, жұмыстың барлық көлемі 15-20 бет. Жұмыстың мазмұны тақырыпты толық ашуы тиіс.

Рефератты дайындау және мазмұны:


1. Алғашқы парақ, (жұмыстың тақырыбы, кім орындады, қабылдайтын оқытушының аты-жөні, мекеменің толық мәліметі.)

2. Реферат жоспары.

3. Кіріспе, жұмыстың маңызы және мақсаты.

4. Негізгі бөлім.

5. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Бақылау жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқасы.

Бақылау жұмысын орындау кезеңінде (1-6, 7-10, 11-14)-апталар аралығында өткен дәріс тақырыптарын, лабораториялық сабақтардың мазмұнын, зерттеу тәсілдерін жүргізу жолдарын, бағалау сипат межесін білу қажет. Бақылау жазба түрінде жүргізілетін болғандықтан студент тақырыпты толық машықтауы жөн.

Ұсынылған әдебиеттер: Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерді қараңыз. Ұсынылған әдебиеттер болмаған жағдайда оқытушыны алдынала ескерту қажет.

29

2.7. Өзін бақылауға арналған тестік тапсырма:

Сұрақтар:

1. Балтыр сүйегінің қайсысы ортан жілікпен байланысады?

A) қайықша сүйек;

B) текше сүйек;

C) балтырдың үлкен жілігі;

D) балтырдың кіші жілігі;

E) өкше сүйек;

2. Қандай сүйектер бас сүйегінің ми сауытына жатады?

A) тор,сына,шүйде сүйектері;

B) сына, шықшыт,төбе сүйектері;

C) таңдай, төбе,самай сүйектері;

D) шықшыт, самай, төбе сүйектері;

E) көз жас сүйегі, соқаша сүйегі;

3. Сына сүйегінің жоғарғы бөтінде қандай ерекшеліктер бар?

A) түрік ерісі және оның арқасы;

B) өсінді, төмпешік;

C) шұңқыр, емізікше;

D) қуыс, жолақтар;

E) жалбырауық;

4. Самай сүйегі қандай қызмет атқарады?

A) қан түзуші;

B) гуморальдық;

C) жасуша түзуші;

D) ми сауытын түзуге қатысады;

E) өткізгіш;

5. Самай сүйегінің дабылдық қуысында не орналасқан?

A) тас тәрізді өсінді;


B) дыбыс сүйектері;

C) сыртқы есту каналы;

D) ұлу;

E) перилимфа.

6. Қолдың еркін қимылдайтын сүйектеріне қандай сүйектер жатады?

A) жауырын,тоқпан жілік;

B) бұғана, жауырын;

C) кәрі жілік және шынтақ сүйегі, жауырын;

30

D) тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ, қол басының сүйектері;

E) қол басының сүйектері,білек және бұғана сүйектері;

7. Арқа омыртқалары басқа омыртқалардан қалай ерекшеленеді?

A) денесі, буын беттері және көлденең өсіндісінің қабырға бұдырымен байланысатын буын беті;

B) массивті дене және емізікше өсінділері;

C) қуысты және буын шеміршекті;

D) сары байлам және бүйір айдаршалары;

E) денесі және өсінділері болмайды;

8. Сегізкөздің кеңейген бөлігін қалай атайды?

A) негізі;

B) жотасы;

C) бүйір қырлары;

D) көлденең сызықтар;

E) каудальды;

9. Төс алқасының жоғарғы қырында қандай ойыстар бар?

A) буын беттері;

B) өсінділер, ойыстар;

C) дөңгестер, мүйістер;

D) мойындырық, бұғаналық ойыстар;

E) сызықтар, сайлар;

10. Тоқпан жіліктің денесінің ортаңғы бөлігінің латеральді бетінде не орналасқан?

A) төмпешіктер;

B) ұяшықтар;

C) өсінді;

D) дельта етінің бұдыры;

E) тәждік шұқыры;

11. Сына сүйектері қандай бөлімдерден тұрады?

A) дене, мойын, төмпешіктер;

B) дене және екі өсінді;

C) үлкен және кіші бақайшақ;

D) дене және үш жұп өсінді;

E) өсінді, мүйістер;

12. Тоқпан жіліктің төменгі бөлімінде не орналасқан?

A) айдарша, айдарша үсті төмпек, шығыр, тәж және шынтақ ойысы;

31

B) ойыс, мойыны, тоқпан жілік бүдірі;


C) домалақ басы, мойны және денесі;

D) үлкен және кіші төмпек;;

E) мойыны және қыры;

13. Білек сүйектеріне қандай сүйектер жатады??

A) тоқпан жілік, жауырын;

B) бұғана, жауырын;

C) шынтақ, бұғана;

D) кәрі жілік, шынтақ;

E) бұғана, қолбасының сүйектері;

14. Жамбас белдеуі қандай сүйектерден тұрады?

A) сегізкөз, бұғана;

B) жауырын, құйымшақ, тізе сүйегі;

C) сегізкөз, шап, отырғыш, мықын сүйектерінен;

D) отырғыш және шыбық сүйектерінен;

E) мықын және сына сүектерінен;

15. Жамбас сүйектері қандай сүйекпен жалғасады?

A) бұғанамен;

B) жауырынмен;

C) ортан жілікпен;

D) сына сүйегімен;

E) құйымшақпен;

16. Топай сүйегінің басы қандай сүйекпен байланысады?

A) ортан жілікпен;

B) тізе сүйегімен;

C) үлкен жіліншектің ішкі тобығымен;

D) саусақ сүйектерімен;

E) бақайшалармен;

17. Сына сүйегінің кіші және үлкен өсінділерінің арасында қандай саңлаулар бар?

A) дөңгелек тесік;

B) дөмпек;

C) қыры;

D) жоғарғы көз саңлауы;

E) жоғарғы құлақ;

18. Самай сүйегі қандай бөлімдерден тұрады?

A) сына сүйек, шықшыт, мүрын сүйектері;

32

B) қабыршақты, тасшы, дабыл;

C) шүйде, көз, кеңсірік сүйектері;

D) жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт, самай;;

E) мұрын, шүйде, самай, сына сүйектері;

19. Бас қаңқасының қандай сүйектерінде қуыс болады?

A) төбе, маңдай, сына;

B) шүйде, самай, шықшыт;

C) маңдай, сына, жоғарғы жақ, тор;

D) самай, маңдай, шықшыт;

E) мұрын, төменгі жақ;

20. Синдесмозды байланыс қандай байланысқа ауысады?

A) синостозға;

B) синхондрозға;

C) синсаркозға;

D) байламдарға;

E) сүйектерге;




<< предыдущая страница   следующая страница >>