shkolakz.ru 1 2 ... 14 15




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «8» желтоқсандағы

№ 429 бұйрығымен

бекітілген


Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары


1 – тарау. Жалпы талаптар


1. Бұл Талап байыту өндірісін жобалау, құрылысы, эксплуатациялау, қайта конструкциялауға таратылады.

2. Байыту өндірісінде мыналар әзірленеді:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) ұйымның техникалық басшысы бекіткен апатты жою жоспары.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.


2 – тарау. Өндірістік алаңдар, ғимараттар, құрылыстар және жайларға қойылатын талаптар



3. Кәсіпорын аумағы таза ұсталынуға және үнемі өндіріс қалдықтарынан тазартылып отырылады. Жаз мезгілінде жолдарға, аяқ жолдарына және өту жолдарына су себіледі, ал қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылады. Көктайғақ болғанда жолдар мен аяқ жолдарына құм, күл немесе басқа да ұқсас материалдар себіледі.

4. Кәсіпорын аумағында ашық және қоршалмаған шұңқырлар, орлар, ұзын орлар, құдықтар болуына жол берілмейді. Технологиялық мақсаттар үшін немесе құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты орнатылған шұңқырлар, орлар, ұзын орлар, жабық тесіктер, құдықтар, егер олар жұмыс жағдайлары бойынша ашық болса, онда олардың биіктігі 1,0 м-ден төмен емес қоршауы, ал тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады, «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.


Орлардан, ұзын орлардан және шұңқырлардан өтетін жерлерде сүйеніш тетігімен қоршалған өту көпірлері жасалады.

5. Кәсіпорын аумағындағы жағасына топырақ үйіп бекітілмеген су алаптары биіктігі 1,0 м-ден төмен емес сүйеніш тетіктермен қоршалады.

6. Жер жұмыстары наряд-шақтама арқылы жүргізіледі. Наряд-шақтамаға жұмыстар өндірісі жері көрсетілген атқарушы сызбаның көшірмесі қосылады.

7. Зиянды немесе улы заттардың қалдықтарын сақтау, тасымалдау және жою талапқа сәйкес жоба бойынша жүргізіледі.

8. Едендер былайша істелінеді:

1) технологиялық процестерде сұйық заттар қолданылатын жайларда ылғалды өткізбейтін таймайтын төсеніші және трап немесе зумпфқа қарай ағуды қамтамасыз ететін еңісті;

2) агрессивті заттар қолданылатын жайларда олардың ықпалдарына төзімді;

3) электролиз цехтарында электрді өткізбейтін, ылғал өтпейтін және жылуға төзімді;

4) металлургия агрегаттарының жұмыс алаңдары мен цехтардағы ыдысқа құю өткелдері беті тайғанақ емес, шұңқырлары мен шығыңқы жерлері жоқ берік тозбайтын материалдардан;

5) жайлардың жарылыс және өрт қаупі бар аймақтарында - ұшқынсыз.

9. Агрессивті ортаның ықпалындағы ғимараттар мен жайлардың барлық құрылыс құрылғылары тоттанудан қорғанылады.

10. Өндірістік жайлар мен қоймаларға темір жол составтары мен үлкен жүкті автомобильдер кіру үшін олардың ойықтары (қақпалары) көлік құралдары кіруі мен шығуына рұқсат ету немесе тыйым салу үшін жарық дабыл құралдарымен, сондай-ақ жайларда жұмыс істеп жатқан адамдарды хабардар ету үшін дыбыс дабыл құралдарымен жабдықталады және «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.

Қақпалардың ашу және жабу механизмі кіру (шығу) дабыл құралымен қатар жалғасады.

11. Өндірістік ғимараттардағы (жайлардағы) өтетін жерлер мен өткелдердің шекаралары қоршалады немесе көрінетін сызықтармен анық белгіленеді.

12. Төсенішті крандар жұмыс істейтін цехтар мен қоймалар ғимараттарындағы кран өткіндері мен кіретін қақпаларға адамдар өтуге арналған есіктер олардың және кіретін қақпалардың орналасқан жеріне қарамай крандардың жұмысы туралы ескертетін жарық дабыл құралдарымен жабдықталады. Кран өткіндері орындарына «Қауіпті аймақ» ескерту белгілері ілінеді.


13. Әрбір цехта өндірісті есепке ала едендер мен басқа да құрылыс құрылғыларын, жұмыс алаңдары жабдықтарын, сатыларын, өткелдері мен өтетін жолдарын жиыстырудың белгіленген тәртібі қалыптастырылады.

Жұмыс орындарын, өтетін жолдарды, жайлардан шығатын есіктерді, өртке қарсы жабдықтарды, өрт өшіретін және байланыс құралдарын ыбырсытуға тыйым салынады.

Өндіріс үшін қажетті жабдықтардың бөлшектері мен материалдар оларға арналған жерлерде және оларды сақтау ережелерін сақтаумен белгіленген мөлшерде ғана болады.

14. Технологиялық процестерде тез тұтанғыш ұнтақ материалдар мен олардың қоспаларын өндіретін және пайдаланатын жайларда шаңдарды жиыстыру жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

15. Ғимараттардың шатырлары шаңнан, мұздан және қардан тазартылады. Шатырларды тазарту жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

16. Ғимараттарды, жайларды және сыртқы құрылғыларды найзағайдың тікелей түсуінен және оның салдарынан қорғау ғимараттар мен жайларды найзағайдан қорғау құралдары мен жобалау жөніндегі талаптарға сәйкес орындалады. Тексеру қорытындылары еркін түрде актімен ресімделеді. Байқалған ақаулықтар жойылады.

17. Өндірістік ғимараттар мен жайларды жөндеу жұмыстары ғимараттар мен жайларға жоспарлы алдын ала ұйымның техникалық басшысы бекіткен жөндеу жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

18. Ғимараттардың құрылыс конструкцияларына түсетін салмақты өзгерту тек есебін тексергеннен кейін және жобалаушымен ғана рұқсат беріледі немесе осындай қызмет түріне құқығы бар ұйыммен келісілгенде ғана.



следующая страница >>