shkolakz.ru 1 2 3 4


Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2012 жылғы «31» мамырдағы

№ 67 бұйрығымен бекітілген


Әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі нормативтер


1. Жалпы ережелер


  1. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер (одан әрі - Нормативтер) Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысына және Саптық жарғысына, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелері қызметкерлерімен қызметтік және дене дайындығын ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес әзірленді.

2. Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы оқу сабақтары, спорттық-бұқаралық жұмыстар, сондай-ақ әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің (одан әрі – әскери қызметшілер) өздік жаттығулары барысында ұйымдастырылады.

3. Әскери прокуратура органдарында дене дайындығын ұйымдастыру Бас әскери прокуратураның Штабына, аймақ және гарнизон әскери прокурорларына жүктеледі.

4. Дене дайындығы сабақтары үшін прокуратура, әскери басқару (келісім бойынша) органдарының спорттық залдары, алаңдары не дене шынықтыру және спортпен айналысуға жарамды өзге де орындар, сондай-ақ жалға алынатын спорт кешендері пайдаланылуы мүмкін.

5. Дене дайындығы сабақтары тақырыпқа, өтетін орынға және ауа райы жағдайына байланысты спорттық немесе әскери нысан киімдерінде жүргізіледі.

Киім нысаны: сабақтарда - жетекшімен, тексерулерде – тексеруді ұйымдастырушы тұлғамен айқындалады.

6. Дене дайындығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін әскери қызметшілер жас шамасына қарай осы Нормативтердің №1 қосымшасына сәйкес топтарға бөлінеді.

7. Әскери қызметшілер дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға және қойылған міндеттерді орындауға ұдайы әзір болуға міндетті.


Сабақтарда дәлелді себептерсіз болмауы қызметтік міндеттерін орындаудан жалтару ретінде қаралады.

8. Денсаулығына байланысты денеге ауыр салмақ түсіруге болмайтын әскери қызметшілер тиісті медициналық анықтамалары болған жағдайда дене дайындығы сабақтары мен бақылау нормативтерін тапсырудан уақытша босатылады.

9. Дене дайындығы сабақтарында жарақаттану жағдайлардың туындауын болдырмау оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

10. Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аймақ және гарнизон әскери прокурорлары бағыныстағылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге тікелей жауапты.


2. Дене дайындығының бөлімдері


11. Әскери қызметшілердің дене дайындығы осы Нормативтердің №2 қосымшасына сәйкес оқу жылына арналған тақырыптар және сағаттарға сай ұйымдастырылады.

12. Дене дайындығы бағдарламасына келесі бөлімдер міндетті түрде енгізіледі:

Гимнастика және атлетикалық дайындық. Гимнастика және атлетикалық дайындық жаттығулары ептілікті, күштілікті, күш шыдамдылығын, икемділікті, тербеліс пен ауыртпалықтарға төзімділікті, кеңістікке бейімділікті дамытуға, батылдық пен табандылықты тәрбиелеуге, тік сымбатты, саптық жинақылықты және ықшамдылықты жетілдіруге бағытталады.

Жеңіл
атлетика. Жеңіл атлетика сабақтары төзімділікті, жылдамдықты, жылдамдық-күштілік қасиеттерін дамытуға, жүру және жүгіру дағдыларын жетілдіруге, жігерлілік қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталған.

Спорттық қимыл ойын түрлері. Спорттық қимыл ойын сабақтары шапшаңдықты, ептілікті, жалпы және жылдамдық төзімділігін, кеңістікке бейімділікті дамытуға; ұжым болып іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыруға, табандылыққа, батылдыққа, бастамашылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеуге; ақыл-ой мен дененің жұмысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған.


13. Материалды-техникалық, климаттық және өзге де қажетті жағдайларға байланысты әскери прокуратура органдары бағдарламаға қосымша келесі бөлімдер қоса алады:

Шаңғы даярлығы
. Шаңғы даярлығы бойынша сабақ шаңғыда қозғалу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге, төзімділікті дамытуға, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге, ағзаны шынықтыруға бағытталған. Шаңғы даярлығы бойынша сабақ Цельсий бағамы бойынша 15 градустан төмен емес температурада жүргізіледі;

Жүзу. Жүзу сабақтары жүзу дағдыларын қалыптастыруға, су ішінде ұстамды болуға және сабырлылық сақтауға тәрбиелеуге, жалпы төзімділікті дамытуға және ағзаны шынықтыруға бағытталған. Жүзу сабақтары тек жабық су-спорттық кешендерінде міндетті түрде білікті инструктордың қатысуымен өткізіледі;

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері
. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйрену бойынша сабақтар қарсыластың шабуылынан өзін-өзі қорғауға, сондай-ақ батылдыққа, табандылыққа және өз күшіне сенімділікке тәрбиелеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Әскери қызметшілерді қоян-қолтық ұрыс тәсілдеріне осы Нормативтердің №3 қосымшасына сәйкес оқу жылына арналған тақырыптар және сағаттарға сай ұйымдастырылады.

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйрену бойынша сабақтар осы саладағы білікті инструктордың қатысуымен өткізіледі.


3. Дене дайындығын тексеру және бағалау


14. Әр әскери қызметші оқу жылы бойында оқу бағдарламасының жаттығулары бойынша тексерілуі және бағалануы тиіс.

15. Тексеру лауазымды тұлғалармен не комиссиямен олардың өкілеттігіне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Бақылау сабақтарында, инспекциялау кезінде, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерде әскери қызметшілер дене дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес түрлі дене қасиеттері мен қолданбалы дағдыларды (күштілік, жылдамдық және төзімділік) сипаттайтын 3 жаттығу бойынша тексеріледі.

17. Әскери қызметшілерден дене дайындығы бойынша бақылау тестілері келесі нормативтерге сәйкес қабылданады:


осы Нормативтердің №4 қосымшасына сәйкес ерлер және әйелдерге арналған нормативтерге сай;

осы Нормативтердің №5 қосымшасына сәйкес жаттығуларды орындау шарттарына сай.

18. Дене дайындығы бойынша бағалар нормативтерді тапсыру ведомостарына қойылады.

19. VII топ ерлері (50 жас және одан жоғары), V топ әйелдері (40 жас және одан жоғары) осы Нормативтердің №6 қосымшасына сәйкес №1 және №2 жаттығулар бойынша бағаланады.

20. Тексеру үшін тағайындалған барлық жаттығуларды бөлімшенің жеке құрамы, әдетте, бір күн ішінде орындайды. Бөлімше құрамында 1 және 3 шақырымға жүгіру, тексерушінің шешімімен басқа күндері орындалуы мүмкін.

21. Жаттығуды орындау үшін бір әрекет мүмкіндігі беріледі. Жекелеген жағдайларда (орындай алмаған, құлаған және т.с. кездерде) тексеруші әскери қызметшіге жаттығуды қайтадан орындауға рұқсат беруі мүмкін. Жаттығуларды бағасын жақсарту мақсатында орындауға рұқсат берілмейді.

22. Тексеру барысында жаттығулар мынадай реттілікпен орындалады: шапшаңдықты тексеретін жаттығулар, күш жаттығулары, төзімділікті тексеретін жаттығулар. Жекелеген жағдайларда тексерушінің шешімімен жаттығулардың орындалу реттілігі өзгертілуі мүмкін. Ересек жас ерекшелігі топтарының әскери қызметшілеріне тексеру кезінде кіші жас ерекшелігі топтарына арналған жаттығуларды орындауға рұқсат етіледі.

23. Тағайындалған жаттығуды дәлелді себептерсіз орындамаған әскери қызметші «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

Сырқатына немесе жарақат алуына байланысты жаттығуларды орындау мүмкіндігі болмаған кезде тексеруші жаттығуды басқа жаттығулармен (төзімділікке арналған жаттығулардан басқа) ауыстыруы немесе әскери қызметшінің жеке дене дайындығын орындалған жаттығулар нәтижесімен бағалауы мүмкін.

Әскери қызметші төзімділікке арналған жаттығуларды орындаудан босатылған кезде оның дене даярлығы егер басқа жаттығулардан оң бағалары болса және кем дегенде бір бағасы «жақсыдан» төмен болмаса, «қанағаттанарлық» деп бағаланады.


Тексеруге дәлелді себептерсіз келмеген әскери қызметші тексеру аяқталғаннан кейін «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

24. Әскери қызметшінің дайындалғандығының бағасы тексеруге арналған 3 жаттығуларды (күштілік, жылдамдық және төзімділік) орындағаны үшін алған бағаларымен қосылып, мынадай бағалар анықталады:

«өте жақсы» – егер бағаларының екеуі «өте жақсы», ал біреуі – «жақсы»;

«жақсы» – егер бағалардың екеуі «жақсыдан» төмен емес, ал біреуі - «қанағаттанарлық»;

«қанағаттанарлық» – егер екеуі «қанағаттанарлықтан» төмен емес, бірақ бір бағасы «қанағаттанарлықсыз».

25. Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшесін, аймақ және гарнизон әскери прокуратураларын дене дайындығы бойынша бағалау әскери қызметшілердің дайындық деңгейін бағалаудан құралып былайша анықталады:

«өте жақсы» - егер 90 % жақсы бағалар, оның ішінде тексерілгендердің жартысы және одан көбі «өте жақсы» деген баға алса;

«жақсы» - егер 80 % жақсы бағалар, оның ішінде тексерілгендердің жартысы және одан көбі «жақсы» деген баға алса;

«қанағаттанарлық» - егер 70 % жақсы бағалар болса.

26. Бас әскери прокуратураның жалпы дене дайындығы деңгейі тексерілген бөлімшелердің алған бағаларынан құралып, анықталады:

«өте жақсы» – егер тексерілген бөлімшедердің жартысы және одан көбі «өте жақсы» деген баға алса, ал қалғандары – «жақсы»;

«жақсы» – егер тексерілген бөлімшедердің жартысы және одан көбі «жақсыдан» төмен емес баға алса, ал қалғандары – «қанағаттанарлық»;

«қанағаттанарлық» – егер тексерілген бөлімшедердің біреуден көп емесі «қанағаттанарлықсыз» бағасын алса.

4. Жоспарлау, есепке алу және есеп беру


27. Дене дайындығын ұйымдастыру мәселелері Бас әскери прокуратура, аймақ және гарнизон әскери прокуратураларының жұмыс жоспарында көрсетіледі.

28. Әскери прокуратура органдарында дене дайындығы бойынша келесі құжаттар жүргізіледі:


дене дайындығын және спорт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-өкімдік құжаттар (бұйрық, өкім, нұсқау және т.б.);

оқу жоспары және жылдық сағаттар есебі;

сабақ жүргізу жоспар конспектілер;

осы Нормативтердің №7 қосымшасына сәйкес әскери қызметшілердің дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосы;

оқу сабақ кестесі;

дене дайындығы бойынша сабақтарға қатысу және үлгерімді есепке алу журналы;

дене дайындығы және спорт жұмыстары бойынша хат алмасу құжаттары.

Қосымша дайындалған әдістемелік материалдар мен оқу құралдары ескеріледі.

29. Сабақ кестелерінде оларды өткізу күні, уақыты және орны, дене дайындығы бөлімінің атауы және тақырыбы, сабақ жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

30. Дене дайындығы және спорт жұмыстары қорытындылары жыл сайын 1 шілдеге дейін бекітілген нысанда, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстармен, Бас әскери прокуратураның Штабына жолданады.


1 қосымша

әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге


Әскери қызметшілердің жас шамасы бойынша топтары




Топтар

Жасы, жынысы


Ерлер

Әйелдер


1

I топ

25 жасқа дейін

25 жасқа дейін


2

II топ

25 - 29 жас


25 - 29 жас


3

III топ

30 - 34 жас

30 - 34 жас


4

IV топ

35 - 39 жас

35 - 39 жас


5

V топ

40 - 44 жас

40 жас және одан жоғары


6

VI топ

45 - 49 жас




7

VII топ

50 жас және одан жоғары





2 қосымша

әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге


Дене дайындығы бойынша оқу жылына

сабақтардың тақырыптары мен сағат есептері


р/с

Бөлімдер

Тақырыптары

Бір жылға сағаттардың жалпы саны

1

2

3

5



1


Гимнастика және атлетикалық дайындық


№ 1 еркін жаттығулар кешені



30 сағатқа дейін

№ 2 еркін жаттығулар кешені

Түрнекке тартылу

Кешенді-күштілік жаттығулары

Жалпы дене дайындығы



2



Жеңіл атлетика

Қысқа қашықтыққа жүгіру



30 сағатқа дейін

Орта қашықтыққа жүгіру

Ұзақ қашықтыққа жүгіру

Ұзындыққа секіру



3



Спорттық қимыл ойын түрлері

Футбол




30 сағатқа дейін

Волейбол


Баскетбол


Стол теннисі




4


Дайындықтың қосымша түрлері

(қажетті материалдық жағдайлар және инструктор мамандардың болуына байланысты)

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері




12 сағатқа дейін

Жүзу


Шаңғы



3 қосымша

әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге



следующая страница >>